Абай облысында банк қызметкері клиенттерінің атына несие рәсімдеп, ақшаны өз шотына аударып отырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: freepik.com

Абай облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, банкте жұмыс істейтін 24 жастағы Аягөз қаласының тұрғыны 29 адамды алдаған. Қызметкер клиенттерге сауда несиесін алуға онлайн өтінім беріп, ақшаны өз шотына аударып отырған.

"Қала тұрғындарының атынан 200 мыңнан 2 миллион теңгеге дейін сауда несиесін рәсімдеген", – делінген хабарламада. 

Әйелдің Аягөз қаласының 29 тұрғынын алдап кеткені, келтірілген шығынның жалпы сомасы 35 миллион теңгеден асатыны анықталды. Сот оны “алаяқтық" бабы бойынша кінәлі деп танып, үш жыл алты айға бас бостандығынан айырған.

"Сотталған әйелдің кәмелетке толмаған үш баласы бар екенін ескере отырып, үкімнің орындалуы бір жыл алты айға кейінге қалдырылды", – делінген департамент хабарламасында.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.