Бағдарламасы «Білім берудегі инновациялар: бағдарлар мен үрдістер»



жүктеу 101 Kb.
Дата09.09.2017
өлшемі101 Kb.
түріБағдарламасы

Ақпараттық хат

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Сіздерді 2016 жылы 12 қараша күні Алматы қаласында өтетін



ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

АКАДЕМИЯСЫНЫҢ СЕССИЯСЫНА

қатысуға шақырамыз.


Қазақстан ПҒА-ның сессиясына ғалымдар Академияға мүшелілігіне қарамастан шақырылады.
ҚАЗАҚСТАН ПҒА СЕССИЯСЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ


  • «Білім берудегі инновациялар: бағдарлар мен үрдістер» тақырыбында IХ жыл сайынғы ғылыми-әдістемелік конференция өткізу. Қатысу түрі: сырттай (Қосымша №1).

  • Академия мүшелерін сайлау.

  • Білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылау. Модератор: А.Қ. Құсайынов

Академия мүшелерін сайлау Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясына сайлану туралы Ережесіне сәйкес жүзеге асырылады (Қосымша №2).

Сесcия мәжілісі әл-Фараби ат. ҚазҰУ-дің «Философия және саясаттану» факультетінің мәжіліс залында (123-аудитория) 12 қараша күні сағ.10:30-да өткізіледі.

Мекен-жайы: Масанчи, 39 (Бөгенбай батыр көшесі қиылысы).


Қосымша №1

«Білім берудегі инновациялар: бағдарлар мен үрдістер»

тақырыбында ІХ жыл сайынғы халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция

2016 ж. 12 қараша күні өтеді


КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

  • Салыстырмалы педагогика және салыстырмалы зерттеулердің әдіснамасы.

  • Жаңа білім беру мазмұнын жүзеге асырудың әдіснамалық негіздері.

  • Педагог кадрларды кәсіби даярлаудың проблемалары.

  • Азаматты рухани-адамгершілік дамыту және тәрбиелеу.

  • Заманауи оқулықтарды жасау.

  • Дуальді білім берудің даму перспективасы.

  • Заманауи білім берудегі үштілділік.


Конференцияға қатысу түрі: сырттай, мақала конференция материалдары жинағында жарияланады.

Материалды рәсімдеу ережесі: 5 беттен аспайтын WORD редакторында жазылған мәтін, 12 кегль, жоларалық – 1,5, қаріп түрі – Times New Roman, парақтың параметрі – барлық жағынан – 2 см. Баяндаманың тақырыбы бас әріптермен, кіші әріптермен автордың тегі, аты-жөні жұмыс орны мен қызметі жазылады, содан кейін баяндаманың толық мәтіні беріледі. Мәтін соңында мақала жазылған тілде және ағылшын тілдерінде түйіндеме (2-3 сөйлем) жазылады. Әдебиеттер тізімі мәтінде пайдалану ретіне қарай рәсімделеді.

Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс және ағылшын. Конференцияға қатысу үшін 2016 ж. 31 қазанға дейін ұйымдастыру комитетіне мынадай материалдар жіберу қажет:

1) қатысушының өтініші (ұсынылған үлгі бойынша);

2) қағазға шығарылған және электронды түрде баяндама мәтіні;

3) тіркелу жарнасын төлегенін растайтын түбіртектің көшірмесі.

Ең жақсы баяндамалар мен мақалалар Қазақстан ПҒА Хабаршысында (Қазақстандық импакт факторы бар, педагогика саласындағы негізгі қорытындыларды жариялау үшін ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған), сонымен қатарАкадемия президенті, профессор А.Қ. Құсайынов редакциялық алқа мүшесі болып табылатын ресейлік ғылыми басылымдарға (Отечественная и зарубежная педагогика, ИCРО РАО, г. Москва; Казанский педагогический журнал, г. Казань; Ценности и смыслы, ИТИП РАО г. Москва; Известия Южного федерального университета. Педагогические науки, г. Ростов-на-Дону; Сибирский педагогический журнал, г. Новосибирск; Духовно-нравственное пространство современного мира, Южно-Российский научно-образовательный центр духовно-нравственного воспитания детей и молодежи; Вестник психологии и педагогики Алтайского госуниверситета, ФГБОУ ВПО «Алтайский государственный университет») жолданады.

Тіркелу жарнасы 3 000 тенге. Жинақты поштамен жіберу 800 теңге, Сертификат – 500 теңге. Тіркелу жарнасын міндетті түрде 1 қарашаға дейін төмендегі банкілік реквизитке төлеу керек:

«Педагогикалық Ғылымдар Академиясы» ҚБ

СТН 600700537343; БСН 040340015818

ИИК KZ138560000000419866; «БанкЦентрКредит» АҚ

БИК KCJBKZKX, кбе 18

Төлем тапсырысында: «Конференцияға қатысу үшін ұйымдастыру жарнасы, аты-жөні» жазылуы керек. Қосымша құн салығы салынбайды.



Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Мұнарбаева Ақторғын Орынбекқызы, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясы, 050000, Алматы қ., Желтоқсан к-сі, 185, 1-қабат, 117 каб. тел.: +7 727 262-42-07, +7 727 262-42-76, e-mail: apnkaz@mail.ru. Веб-сайт: www.apnk.kz

Конференцияға қатысу үшін

ӨТІНІШ
Автордың тегі, аты-жөні (толығымен) ____________________________________________

Мақаланың аты _______________________________________________________________

Жұмыс орны, қызметі __________________________________________________________

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы _________________________________________________

Пошталық мекен-жайы (индексімен) _____________________________________________

Байланыс телефоны и электронды поштасы ________________________________________

Телавтор туралы мәлімет (БАР, саны / ЖОҚ) ______________________________________

Конференция қатысушысының сертификатының қажеттігі (ИӘ /ЖОҚ) ________________



Қосымша №2
Қазақстанның Педагогикалық Ғылымдар Академиясына

сайлану туралы ЕРЕЖЕ

Бұл Ереже Қазақстанның Педагогикалық Ғылымдар Академиясына Академияның толық мүшелерiн (академиктерiн), корреспондент-мүшелерiн, шетелдік мүшелерін, құрметтi академиктерiн, сондай-ақ Академия мүшелерін және ұжымдық мүшелерiн сайлаудың ретiн анықтайды

1. Қазақстанның Педагогикалық Ғылымдар Академиясының (әрі қарай мәтінде - Академия) толық мүшелерін (академиктерiн), корреспондент-мүшелерiн, құрметтi акаде-миктерiн және шетелдік мүшелерін сайлау Академияның Жарғысы мен осы Ережеге сай Академияның жалпы жиналысында жылына бір рет, Академия Президиумы белгілеген уақытта өткiзедi.

2. Академия мүшелерін және ұжымдық мүшелерiн сайлау өтініш түсуіне қарай Ака-демия Президиумының кезекті мәжілісінде өткізіледі.

3. Академия Президиумы жыл сайын атақтардың әрқайсысы бойынша бос орындарды анықтайды.

4. Академияның толық мүшелерi (академиктер), корреспондент-мүшелерi, құрметтi академиктерi, шетелдік мүшелерімен мүшелерi өмiр бойына сайланады.

5. Академияның толық мүшелерiн, корреспондент-мүшелерiн және құрметтi ака-демиктерiн сайлау туралы хабар республикалық баспасөзде сайлау өтетiн күннен бiр ай бұрын жарияланады.

6. Академияның толық мүшесі болып ғылым докторы ғылыми дәрежесi және өзінің ғылыми мектебі бар, елімізде және шет елдерде кеңінен танымал бiлiм, ғылым, мәдениет салаларының көрнектi қайраткелерi, Академияның корреспондент-мүшелерi, ерекше жағдайларда Мемлекет және қоғам қайраткерлері сайланады.

7. Академияның корреспондент-мүшесі болып ғылым докторы және кандидаты ғы-лыми дәрежесi бар, бiлiм, ғылым, мәдениет салаларының көрнектi қайраткерлерi сайланады.

8. Академияның құрметтi академигi болып ғылым докторы ғылыми дәрежесi бар көрнекті ғалымдар, еліміздің білім беру жүйесінің дамуына ерекше мол үлес қосқан ғылым, білім, мәдениет салаларының ұйымдастырушылары сайланады.

9. Академияның мүшесі болып бiлiм, ғылым және мәдениет салаларының қыз-меткерлері, бiлiм беру жүйесін ұйымдастыру мен дамытуда мол тәжiрибе жинақтаған жаңашыл мұғалiмдер, зерттеушi мұғалiмдер, әдiскер-мұғалiмдер сайланады.

10. Академия Жарғысы ұжымдық мүшелiктердi де қарастырады. Академияның ұжым-дық мүшелiгіне бiлiм мен тәрбие мекемелерi (мектептер, кәсiптiк-техникалық мектептер, колледждер, жоғары оқу орындары және т.б.), Республикалық ғылыми-практикалық, ғылыми-зерттеу және басқа да институттар мен орталықтар, Академияның мiндеттерiн iске асыруға бағытталған бiлiм, ғылым мен мәдениеттi дамытуды өзiне мақсат етiп қойған қоғамдық ұйымдар мен бiрлестiктер сайланады.

11. Академияның толық мүшелігіне, корреспондент-мүшелігіне және құрметті ака-демигіне сайлануға кандидаттарды ұсыну құқығы жоғары оқу орындарының, білім беру және ғылыми мекемелердің, республикалық және облыстық (қалалық) білім беру саласы қызметкерлерінің білімін жетілдіру институттарының ғылыми кеңестеріне беріледі.

12. Академияның мүшелігіне сайлануға кандидаттарды ұсыну құқығы облыстық, қа-лалық, аудандық білім басқармалары мен педагогикалық ұжымдарға беріледі.

13. Академияның толық мүшесі және корреспондент-мүшесі болып сайлану мақса-тында конкурсқа қатысу үшiн Академия Президиумына төменде көрсетілген құжаттарды тапсыруы керек:

- Академия президентi атына конкурсқа қатысуы жөнiндегi өтiнiш;

- өмiрбаяндық анықтама;

- ұсынылғаны жөніндегі Ғылыми кеңестің шешімі;

- жеке iс парағы (үй және қызмет орнының мекен-жайы, телефондар, факстер, e-mail мiндеттi түрде көрсетілуі қажет);

- негізгі ғылыми еңбектерiнiң тiзiмi;

- жоғары бiлiм, ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар берілгені туралы дипломдар көшiрмесi;

- ғылыми-педагогикалық жұмысы жөніндегі қысқаша есебi;

- педагогика ғылымы мен білім сапасын көтерудің маңызды проблемаларына арналған, қортындылар мен ұсыныстар айтылған баяндама;

- 3 дана сурет (3х4 көлемiнде).

Академияның ұжымдық мүшесiне сайлану үшін төмендегi құжаттарды тапсыруы керек:

- Академияның президентi атына өтiнiш;

- бiлiм беру қызметiн атқаруға берiлген лицензия көшiрмесi;

- соңғы 3 жылда жасалған бiлiм беру қызметi туралы қысқаша анықтама.

14. Академияның мүшесі болып сайлану үшiн Академия Президиумына төменде көр-сетілген құжаттарды бір данадан тапсыру керек:

- Академия президентi атына өтiнiш;

- өмiрбаяндық анықтама;

- ұсынылғаны жөніндегі педагогика ұжымының шешімі;

- жеке iс парағы (үй және қызмет орнының мекен-жайы, телефондар, факстер, e-mai мiндеттi түрде көрсетілуі қажет);

- негізгі ғылыми және методикалық еңбектерiнiң тiзiмi;

- жоғары бiлiм туралы дипломның көшiрмесi;

- педагогикалық жұмысы жөніндегі қысқаша есебi;

- 3 дана сурет (3х4 көлемiнде).

15. Академияның толық мүшесі, корреспондент-мүшесi және мүшесi болып сайлан-ғандар белгiленген көлемде бiр рет кіру жарнасын төлейдi. Академияның құрметтi ака-демиктерi мүшелiк жарна төлеуден босатылады.

16. Академияның толық мүшесі, корреспондент-мүшесi болуға үміткер Академияның жалпы жиналысына мүмкіндігінше қатысып, ғылыми баяндама жасағаны жөн. Академияға сайлану әр үміткерге жеке жабық дауыс беру тәртiбімен өткiзіледi. Жалпы жиналысқа қатынасқан Академия мүшелерінің көпшілігі қолдап дауыс берген жағдайда үміткер Академияға мүшелікке қабылданады.

Академия Президиумында қаралуы үшін барлық үміткерлер құжаттарын және баяндамаларынын тезисін Сессия отырысынан 10 күн бұрын тапсыруы қажет.

17. Академияға сайланған адамдарға арнайы куәлік пен диплом тапсырылады. Олар Академияның жарғысына сәйкес оның мүшелерiне белгiленген құқықтарды пайдалана алады.

18. Академия мүшелiгiнен шығу Президиумға берiлген өтiнiш арқылы iске асырылады. Президиум шешiмiнiң бұл ретте қажетi жоқ. Академиядан өз еркiмен шыққан адамдарға мүшелiк жарна қайтарылмайды.

19. Жарғының талаптарын бұзу және Академия қызметiне зиян келтiрiп, оның мақсаттары мен мiндеттерiне қайшы әрекет жасау Академия Президиумы шешіміне орай оның құрамынан шығаруға соқтыруы мүмкiн. Бұл жағдайда Академия Президиумының шешімі ең соңғы шешім болып есептелінеді. Академиядан шығарылған адамдарға мү-шелiк жарналар қайтарылмайды.



Академия мүшелерiнiң құқықтары:

- Академия өткiзетiн шараларға қатынасу;

- Академияның басқару орындары мен құрылымдық бөлімдерін сайлау және оларға сайлану;

- Академияның негізгі жұмыс бағыттарын, жобалары мен бағдарламаларын анықтау, жасау және оларды іске асыруға қатынасу;

- Академияның Президиумының қарауына ғылыми және ұйымдастырушылық ұсы-ныныстар жасау;

- Академияның жалпы жиналысына ғылыми және ғылыми-өнiдiрiстiк мәселелердi тал-қылауға ұсыныс жасау, ол үшін Академия Президиумын жазбаша түрде алдын-ала ха-бардар ету;

- Академияның секцияларын, бөлiмдерiн, филиалдарын, институттарын, ғылыми-прак-тикалық орталықтарын, ғылыми-әдiстемелiк және басқа авторлық ұжымдарды құру туралы өтініш жасау;

- Академия өткiзетiн түрлi конкурстарға қатынасу;

- Академияның толық мүшелігі мен корреспондент мүшелігіне үміткерлерді ұсына алу;

- Академиядан еркiн шыға алу;

- Заң және Академия Жарғысы талаптарындағы, сондай-ақ Академияның жалпы жи-налысы мен Академия Президиумы шешiмдерiне байланысты берілген құқықтарды пайдалану.

Академия мүшесiнiң мiндеттерi:

- Академияның жарғы талаптарын іске асыру мақсатында жүргізілетін ғылыми-әдіс-темелік, баспа, көрме және басқа да жұмыстарды іске асыруға қатынасу;

- мұғалiм және ғылыми-педагог кадрлардың біліктілігін көтеруге ат салысу;

- Академияның және оның мүшелерiнiң педагогика, үздiксiз бiлiм мен тәрбие беру салаларындағы жетістіктерін насихаттау;

- Әр жыл сайын қаңтар айында жыл бойында атқарған ғылыми және педагогикалық жұмысы жайында Академия Президиумына есеп беріп отыру.

- Академияның әрекет аясын кеңейту және ұлғайту мақсатында оның қаржысын және материалдық мүмкiндiктерiн көбейтуге атсалысу;

- Академия Жарғысына сай басқа да мiндеттердi, сондай-ақ Академияның жалпы жиналыстары мен Президиум шешiмдерiн iске асыру.
Академия Президиумы хаттамасының көшірмесі

28 қаңтар 2012 ж. №1

Тыңдалды: Академияның мүшесіне өту үшін төленетін кіру жарнасы мөлшері туралы.

Шешім қабылданды: Кіру жарнасының мөлшері төменде көрсетілген шамаларда белгіленсін:

- толық мүше - 50 000 теңге;

- корреспондент мүше - 40 000 теңге;

- Академия мүшесі - 7 000 теңге;



- ұжымдық мүше, оның ішінде:

зерттеу және басқа да институттар мен орталықтар;

    • колледждер, облыстық ғылыми-әдістемелік, - 40 000 теңге;

зерттеу және басқа даинституттар мен орталықтар

    • КТМ, КТЛ - 30 000 теңге;

    • мектептер, лицей, - 10 000 теңге.

    • гимназиялар



Бас ғалым хатшы А. Булатбаева
Каталог: downloads -> materials
materials -> Бақылау күндері: 3-28 қазан – жоо-ның үздік оқытушысы – 2016 байқауының факультетішілік кезеңін өткізу. 31 қазан
materials -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты АҚпараттық хат павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
materials -> Ақпараттық хат құрметті әріптестер!
materials -> Iii халықаралық Ғылыми форум «ххі ғасырдағы филология ғылымы: мәселелері мен болашағы»
materials -> 6D020500 – Филология
materials -> Атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді. Конференцияға әдебиеттану, тілтану саласының кәсіби мамандары, мектеп мұғалімдері, магистрант-ізденушілер шақырылады. Конференция барысында талдау нысаны болар мәселелер
materials -> Емтихан өткізудің мақсаты мен міндеттері


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет