Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды. Бұл жолы айлакер LinkedIn әлеуметтік желісін пайдаланып, адамдарды құрығына түсірмек болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Гүлім Рақымқызы Facebook парақшасынан

Журналист Гүлім Рақымқызы Facebook парақшасында алаяқтардың енді LinkedIn әлеуметтік желісі арқылы алаяқтыққа көшкенін хабарлады. Айтуынша, олар аталған желі арқылы тұлғаның жеке деректерін көшіріп алуға әрекет ететін көрінеді. 

"Күні кеше WhatsApp-қа осы хабарлама келді. Хабарлама келгенін ұмытып кетіппін. Кейіннен жауап бермегенімді байқап қандай компания екенін, неге мұндай нөмірден жазғанын тексеріп көрейін деп шештім. Олардың LinkedIn-дегі парақшасына өттім. Ол жерде бұл хабарлама жалған деген жазба ғана бар. Жарияланған бос жұмыс орындары да жоқ. Алаяқтар осындай хабарламамен сізді еліктіріп, содан кейін деректеріңізді алу үшін өз сілтемелерін жібереді. Әрі қарай не болары айтпаса да түсінікті”, – деп жазды журналист.

Журналист бос орынға конкурсқа шақыру алған кезде, алдымен оның қандай компания екенін тексеру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ ол әуелі олардың жеке парақшалары мен сайтына өтіп, бос орынға шақыру бар-жоғын анықтаған жөн екенін жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда интернет-алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын хабарлаған едік.

Киберполицияның хабарлауынша, айлакерлер жәбірленушінің WhatsApp мессенджерін пайдаланып, барлық контактілерге әртүрлі сылтаулармен ақша сұрайтын мәтін жіберіп, үшінші адамдардың жалған шоттарын көрсетеді. Осылайша күдіктілердің қауіпті сілтеме арқылы жәбірленушінің WhatsАpp аккаунтына қолжеткізетіні айтылған еді.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.