Бағдарламасы бойынша қосылу туралы келісім «Альфа-Банк»



жүктеу 92.97 Kb.
Дата14.03.2018
өлшемі92.97 Kb.
түріБағдарламасы

АЛЬФА-БАНК» ЕБ АҚ PRIORITY PASS ӘУЕЖАЙЛАРЫНЫҢ VIP-ЗАЛДАРЫНА КІРІП ШЫҒУ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ҚОСЫЛУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ
«Альфа-Банк» Еншілес Банк Акционерлік Қоғамы (бұдан ары – Банк) «Альфа-Банк» ЕБ АҚ Priority Pass әуежайларындағы VIP-залдарға кіріп-шығу бағдарламасы бойынша қосылу туралы осы келісіммен (бұдан ары- Келісім) әуежайлардағы күту VIP-залдарына кіріп-шығу бағдарламасына (бұдан ары Priority Pass бағдарламасы) Клиенттерді-жеке тұлғаларды (бұдан ары - Тараптар) қосу және алып жүрудің стандарттық талаптарын анықтады. Клиентті осы Келісімге қосу, осы Келісімнің талаптарына сәйкес, Priority Pass Клубтық картаны шығаруға Клиенттің тиісті өтінішті Банкке ұсынуы жолымен жүзеге асырылады. Осы Келісімге қосылған Клиент және Банк Келісімде белгіленген төменде көрсетілген барлық талаптар мен міндеттемелерді қабылдайды.

1. Терминдер мен қысқартулар

Бағдарлама – Priority Pass Ltd компаниясы ұсынатын, барлық әлемдегі әуежайлардың күту VIP-залдарына басымды қол жеткізу бағдарламасы. Priority Pass бағдарламасы Анықтамалық ақпаратта көрсетілген артықшылықтар мен қызмет көрсетулерді алуға құқық береді.

Клубтық карта – Клиенттің Visa Platinum/Visa Infinite негізгі төлем карточкасына қосымша Клиенттің атына Банк шығаратын Priority Pass төлемдік емес картасы. Карта әуежайлардағы күту VIP-залдарында Клиентті сәйкестендіру үшін тағайындалған.

Клиент –Төлем карточкасын ашу және қызмет көрсету жағынан Банкпен шарттық қатынастары бар және Негізгі Төлем карточкасының ұстаушысы болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті немесе бейрезиденті, жек тұлға.

Төлем карточкасы – осындай карта ұстаушыға төлемдерді жүзеге асыруға, қолма қол ақша алуға, валюта айырбастауды жүргізуге және Банк анықтаған және оның талаптарындағы басқа операцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ақпараты бар электронды терминалдар немесе басқа қондырғылар арқылы ақшаға қол жеткізу құралы.

Негізгі Төлем карточкасы –Ұстаушысы Клиент болып табылатын Төлем карточкасы.

Анықтамалық ақпарат – Priority Pass бағдарламасына қатысушыларға атауы, орналасқан орны, кіру талаптармен және күту барлық VIP-залдары бойынша пайдалану талаптары көрсетілгене, әуежайлардың күту VIP-залдарының тізімі. Маңызды тізім веб-сайтта орналастырылған http://www.prioritypass.com.

Пайдалану талаптары – Priority Pass Ltd компаниясынан Priority Pass клубтық картасын пайдалану талаптарының тізімі. Маңызды тізім веб-сайтта орналастырылған http://www.prioritypass.com
2. Келісімнің мәні

2.1. Клиент Бағдарламаға қосылып «Анықтамалық ақпарат» және «Пайдалану талаптарымен» келіседі және оларды қабылдайды.

2.2. Клиент Клубтық картаны осы Келісімге сәйкес пайдалануға міндеттенеді.

2.3. Клиент Банктің барлық тарифтерімен, комиссияларымен танысты және келісті.

2.4. Клиент Клиенттің VIP-залға кіруіне қатысты VIP-зал операторының шешіміне, VIP-залдың сыйымдылығына, ұсынылған қызметтер мен қолайлылықтарға, жұмыс уақытына, Клиенттің VIP-залда болуының ең көп ұзақтығына, сондай-ақ VIP-залдың қызметкерлеріне Банк әсер ете алмайтындығымен келіседі.

3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері


  1. Клиенттің құқығы:

  1. Келісімнің талаптарына, Анықтамалық ақпаратқа және Пайдалану талаптарына сәйкес Клубтық картаны пайдалану;

  1. Клиент міндеттенеді:

  1. Клубтық картаны үшінші тұлғаларға пайдалануға бермеу;

  2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Келісім жасағанда Клиенттің Банкпен ерекше қатынастармен байланысқан тұлғаларға жататындығы туралы ақпарат беру;

  3. Клубтық картаны пайдалануға байланысты Банктің барлық шығындарын өтеу;

  4. Клиенттің кінасы бойынша Банкке келген барлық шығындарды және соттық шығындарды өтеу;

  1. Банктің құқығы:

  1. Бір жақты тәртіпте Клиентті ескерте отырып, Банктің ғаламтор ресурсында (www.alfabank.kz) ақпаратты орналастыру жолымен келесілерді өзгерту:

  • Келісімнің талаптары;

  • Банктің тарифтері мен комиссиясы.

  1. Клиент Негізгі Төлем картасын жойғанда/Клиентке Негізгі Төлем картасы бойынша қызмет көрсету тоқтатылғанда Клубтық картаны жою;

  2. Келісім жасағанда Клиенттің Банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғаларға жататындығы туралы ақпаратты беруді талап ету.

  3. Клубтық картаны пайдалануға байланысты Клиент шығындарды өтемеген жағдайда Клубтық картаның әрекет етуін тоқтату;

  4. Негізгі төлем карточкасы бойынша Клиентке қызмет көрсету тоқтатылған жағдайда осы Келісімді бұзу және жоюға тиісті Өтінішсіз Клубтық картаны жою.

  1. Банк міндеттенеді:

  1. Клиенттен Өтінішті алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Клубтық карта шығару. (Алматы қ. үшін, басқа аймақтар үшін жеткізу мерзімін ескеру қажет);

  2. Priority Pass Ltd компаниясынан талаптардың өзгергені туралы хабарлама алған күннен бастап 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде Банктің (www.alfabank.kz) ғаламтор ресурсында ақпаратты жариялау жолымен, Бағдарлама талаптарындағы барлық өзгерістер туралы Клиентке хабарлау.


4. Бағдарлама бойынша қызметтерді төлеу талаптары

4.1. Әуежайлардың күту VIP-залдарына кіріп шығу, әр кіру үшін бір адам есебінен төленеді. Банк барлық осындай кіріп шығуларды, қонақтарға ілесіп жүрушілердің кез-келгенінің кіруін, Клиенттің Негізгі Төлем карточкасының шотын тікелей дебеттеу жолымен есептен шығарады. Негізгі несие карточкасы шотында талап етілген сома болмаған жағдайда, Банк талап етілген соманы Клиенттің Банктегі кез-келген басқа банктік шотын тікелей дебеттеу жолымен есептен шығаруға құқылы. Егер банктік шот валютасы валюта шотынан басқа болған жағдайда, айырбастау есептен шығару күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің нарықтық бағамы бойынша жүргізіледі.


5. Тараптардың жауапкершілігі
5.1. Банк келесілер үшін жауап береді:

  • VIP-залға кіріп шығу үшін қате есептелген комиссия. Бұл жағдайда Банктің жауапкершілігі қате есептелген комиссияны алып тастаумен шектеледі.

5.2. Банк келесілер үшін жауап бермейді:

  • Клиентке және/немесе оның қасындағы тұлғаларға әуежайлардың күту VIP-залдарында қызмет көрсетуден бас тартуы;

  • Әуежайлардың күту VIP-залдарында ұсынылатын қызметтің сапасы;

  • Аталған қолайлылықтар мен қызметтердің қандай-да біреуінің ұсынылғаны немесе ұсынылмағанының (толық көлемде сондай-ақ ішінара) әсерінен туындаған Клиенттің және/немесе оның қасындағы тұлғалардың қандай-да бір шығыны;

  • Клиенттің және/немесе оның қасындағы тұлғалардың рейске (терге) кешігуінің нәтижесінде келген тікелей немесе қосымша шығындары; Клиент нақты бір елге шығу тәртібімен танысу және өзінде қажетті құжаттардың болуы талаптарымен танысуы тиіс.

  • Клиенттің және/немесе оның қасындағы тұлғалардың VIP-залға кіріп шығуы кезіндегі әрекеттері үшін және Клиенттің және/немесе оның қасындағы тұлғалардың VIP-залға алып келген қандай-да бір заттары үшін жауап бермейді.

  • Клиенттің және/немесе оның қасындағы тұлғалардың және/немесе қонақтардың және күту залының операторының арасында туындауы мүмкін кез-келген даулар мен талаптары үшін; осындай дауларға байланысты кез-келген шығын, зиян, залалға қатысты міндеттемелерді Банк өзіне қабылдамайды.

5.3. Клиент келесілер үшін жауап береді:

  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Келісім жасағанда Клиенттің Банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғаларға жататындығы туралы ақпаратты ұсыну.

5.4. Тараптар осы Келісім бойынша міндеттемелерін ішінара немесе толық орындамағанда, егер ол орындамау Келісім жасағаннан кейін туындаған, тараптар саналы шаралармен алдын ала болжай алмаған, алдын алмаған еңсерілмейтін күш жағдайларының себебінен болған жағдайда, жауапкершіліктен босатылады. Бұндай төтенше сипаттағы жағдайларға: су басу, өрттер, жер сілкінісі және басқа табиғи құбылыстар, сондай-ақ әскери іс-қимылдар, осы Келісім бойынша Тараптардың міндеттемелерді орындауына тікелей немесе жанама кедергі келтіретін заңнамалық актілердің, мемлекеттік органдардың өкімдері, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің күшіне енуі, компьютерлік жүйелердің жұмыстан шығуы және Талаптардың саналы бақылауынан тыс кез келген жағдайлар.

5.5. Осы Келісім бойынша Тараптар өз міндеттемелерін орындамаған немесе дұрыс орындамаған жағдайда, Тараптар осы Келісім және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікте болады.


6. Дауларды шешу тәртібі
6.1. Келісімді орындау барысында туындаған барлық даулар мен келіспеушіліктер мүмкіндігінше Тараптар арасындағы келіссөздер жолымен шешіледі.

6.2. Келісімге келмеген барлық даулар, Банктің/ Банк филиалының/ банктік филиалының қосымша жайының орналасқан орны бойынша Қазақстан Республикасының соттарында, Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған тәртіпте шешіледі.

6.3. Жазбаша ескерту, егер ол қол қоя отырып берілсе немесе Негізгі Төлем карточкасын алу Өтінішінде көрсетілген мекенжай бойынша тапсырыс хатпен жіберілсе екінші Тарап оны алды деп есептелінеді. (пошта түбіртегі болғанда)
7. Басқа шарттар, Келісімнің әрекет ету мерзімі, оны бұзу, тоқтату және өзгерту талаптары

7.1. Клиенттің осы Келісімге қосылған күнінен бастап Келісім күшіне енеді. Келісім Келісімнің талаптарына сәйкес бұзылады, тоқтатылады.

7.2. Банктің Төлем карточкалары Клубтық картаның орнына пайдаланылмайды.

7.3. Осы Келісімге қосылып, әуежайлардың VIP-залдарына кіріп-шыққаны үшін, Клиент осы Келісім бойынша Банкке қажетті сома мөлшерінде Банкте ашылған Клиенттің кез-келген банктік шотын тікелей дебеттеу жолымен комиссия алуға өзінің шартсыз толық келісімін береді.

7.4. Келісімге кез келген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Банктің (www.alfabank.kz) ғаламтор-ресурсында оларды орналастырған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде күшіне енеді.

7.5. Клубтық картаға қызмет көрсету бойынша Банктің Тарифтеріне кез-келген өзгерістер мен толықтырулар туралы Банк Клиенттерге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Банктің (www.alfabank.kz) ғаламтор-ресурсында ақпарат орналастыру жолымен хабарлайды.

7.6. Клиент Келісім бойынша орындалмаған мігндеттемелер болмаған жағдайда, Келісімді болжалды бұзу күніне дейін 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын Банк белгілеген нұсқа бойынша Банкке алып тастауға тиісті жазбаша Өтінішті ұсыну жолымен, бір жақты тәіртіпте Келісімнен бас тартуға құқылы.

7.7. Келісім Тараптар осы Келісім бойынша өз міндеттемелерін толық орындағаннан кейін өзінің әрекет етуін тоқтатады. Келісімнің әрекет етуін тоқтату және бұзу Клубтық картаны жою үшін негіз болып табылады.

7.8. Клубтық картаны жоғалту, ұрлату немесе зақымдау фактілері туралы Клиент 8 (727) 244-75-75, 8-8000-8000-75 (стационарлық телефондармен Қазақстан бойынша тегін) 2051 (ұялы телефондармен Қазақстан бойынша тегін ) телефондары бойынша Банктің Call Center қоңырау шалу арқылы Банкті тез арада ескертуі тиіс.

7.9. Егер Клубтық картаның жоғалу, ұрлану немесе зақымдану фактілері туралы Клиент Банкке уақытылы хабарламаған жағдайда, Банк Клиенттен Клубтық картаның жоғалуы, ұрлануы немесе зақымдануы фактілері туралы хабарлама алған кезге дейін осы Келісімнің талаптарына сәйкес әуежайлардың күту VIP-залдарына үшінші тұлғалардың кіріп- шыққанына төлем алғаны үшін жауап бермейді.

7.10. Егер Клиент мерзімі өткеннен кейін өзінің Негізгі Несие карточкасының әрекет ету мерзімін жоймаса немесе қайта қалпына келтірмесе, Негізгі Несие карточкасының әрекет ету мерзімі тоқтаған күннен бастап оған қосымша шығарылған Клубтық карта өз әрекетін тоқтатады.

7.11. Клубтық картаны жоюға Банк Клиенттен Өтініш алған күннен бастап 90 (тоқсан) күнтізбелік күн өткен соң, Клубтық карта бойынша есептесулер жабылды деп саналады. Клубтық картаны жоюға Банк Клиенттен Өтініш алған күннен бастап 90 (тоқсан) күнтізбелік күн ішінде Priority Pass компаниясы тарапынан шот берілген жағдайда, Клиенттің берешегін Банк Келісімнің 4.1. тармағының талаптарына сәйкес шотты тікелей дебеттеу арқылы алады, оған Клиент Банкке осы Келісімге қосылу жолымен өзінің алдын-ала келісімін береді.

7.12. Егер Клиент Негізгі Төлем карточкасы бойынша операцияларды жүзеге асырмаса және Негізгі Төлем карточкасы бойынша 1(бір) жылдан астам мерзімде қалдық болмаған жағдайда, онда Клубтық картаның әрекет етуі тоқтатылады және Банк бұл Клубтық картаны жою туралы Priority Pass компаниясына ресми хат жіберуге құқылы.

7.13. Клубтық картаның әрекет ету мерзімі 2 (екі) жыл. Клубтық картаны автоматты түрде қайта шығару қарастырылмаған.



7.14. Келісіммен қарастырылмаған қалған басқа жағдайларда, Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
Каталог: up files
up files -> О проведении Научно-технического совета
up files -> «саят жолши и партнеры» бикебаев а. Ж. Конкурентное
up files -> «kegoc» АҚ Директорлар кеңесінің 2009 жылғы «11» желтоқсандағы №12 хаттамасымен бекітілген
up files -> «sat & Company» АҚ «Отан» ажзқ» АҚ акцияларының бақылаушы пакетін сатып алуды аяқтады «sat & Company»
up files -> Положение
up files -> Сборник текстов на казахском, русском, английском языках для формирования навыков по видам речевой деятельности обучающихся уровней среднего образования


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет