Бағдарламасы химия тілдік дайындық деңгейін арттыру бойынша жоғары оқу орындарының дайындық бөлімі тыңдаушылары үшін



жүктеу 138.2 Kb.
Дата14.02.2018
өлшемі138.2 Kb.
түріБағдарламасы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Республикалық оқу-әдістемелік кеңес


ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

ХИМИЯ
тілдік дайындық деңгейін арттыру бойынша жоғары оқу орындарының дайындық бөлімі тыңдаушылары үшін

6 несие (270 сағат)

Қарағанды 2016



АЛҒЫ СӨЗ
1. Типтік оқу бағдарламасы дайындық бөлімі бойынша оқу-әдістемелік бірлестікпен әзірленген.

2. Типтік оқу бағдарламасы орта білім беру оқу бағдарламасының «Химия» пәні бойынша ҚР СТ.1.4.002-2012 жалпыға міндетті стандарты негізінде әзірленген.

3. Типтік оқу бағдарламасы Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің мәжілісінде бекітілген. ҚР БҒМ 30 маусым., 2016 ж. № 2 хаттама.

ТҮСІНІКТЕМЕ ХАТ

Қазақстан Республикасы әртүрлі табиғи шикізат қорына бай мемлекеттердің бірі болғандықтан экономиканың дамуы көп жағдайда осы шикізатты өндірумен және өңдеумен өте тығыз байланысты екені айқын. Яғни химия саласындағы мамандарды дайындау бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Химия пәнін жоғары оқу орнына түсе алатындай деңгейде меңгеру үшін тыңдаушыларды оның негізгі ұғымдарымен, түсініктерімен, анықтамаларымен таныстыру қажет болады. Бейорганикалық және органикалық химия бөліктері бойынша орта мектеп деңгейіндегі тақырыптарды түсіндіру және химиялық теңдеулер мен реакциялар бойынша есептер шығара алуды үйрету де осы пәнді дайындық бөлімінде оқытудың негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

Орта мектептiң қазiргi даму кезеңдерiнде әр түрлi бағытты таңдаған оқушылардың кәсiби құзыретін қалыптастыру негізгі білім даярлығын жалпы жүйеге келтіру болып табылады. Ғаламдану және Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа белсене кiруi жағдайында шет елдермен қарқынды дамып келе жатқан ғылыми байланыстар жағдайында химия саласы кәсіби мамандық ретінде орта мектеп түлектерінде көптеген қызығушылық тудырады.



Ұсынылған типтік оқу бағдарламасына химия пәнін меңгерудің негізгі бөлімдері енген.

Тақырыптық жоспар




Тақырып атауы

1.

Атом-молекулалық ілім. Негізгі химиялық түсініктер мен заңдар.

2

Атом құрылысы. Периодтық заң және Д.И.Менделеевтің химиялық элементтердің Периодтық жүйесі.

3.

Химиялық байланыс және валенттілік.

4.

Бейорганикалық қосылыстардың кластары

5.

Термохимия заңдары және термодинамика элементтері

6.

Химиялық реакциялардың жылдамдығы. Химиялық тепе-теңдік

7.

Ерітінділер. Электролиттер және бейэлектролиттер. Тұздар гидролизі. .

8.

Тотығу-тотықсыздану реакциялары.

9.

s, p,d элементтер химиясы

10.

Органикалық химия негіздері

11.

Көмірсутектер

12.

Ароматты көмірсутектер

13.

Спирттер. Фенолдар. Жай эфирлер.

14.

Карбонилді қосылыстар

15.

Карбон қышқылдары

16.

Нитроқосылыстар

17.

Аминдер. Оксоқышқылдар. Аминқышқылдар. Ақуыздар

18.

Көмірсулар.

19.

Гетероциклді қосылыстар. Полимеризация және поликонденсация реакциялары.




Барлығы



Пәннің мазмұны

  1. Атом-молекулалық ілім. Негізгі түсініктер мен заңдар.

Материя және оның түрлері, заттар және оның қасиеттері. Атом, молекула, моль эквивалент, молярлық масса. Авогадро заңы, зат массасының сақталу заңы, құрам тұрақтылық заңы, эквиваленттер заңы. Жай және күрделі заттар. Химиялық элементтер. Таза заттар және қоспалар. Қоспаларды тазарту әдістері. Физикалық құбылыстардың химиялық реакциялардан айырмашылығы. Химиялық процестердің жүру белгісі.

  1. Атом құрылысы. Периодтық заң және Д.И.Менделеевтің химиялық элементтердің Периодтық жүйесі.

Химиялық элементтердің периодтық жүйеде орналасу ерекшеліктері. Электрондардың атомдардағы орналасуы. Энергетикалық деңгейлер. Атом ядросының құрылысы. Топтар, периодтар. Олардың жіктелуі. Үлкен және кіші периодтар, негізгі және қосымша топшалар. Элементтердің кестеде орнасау реті мен олардың химиялық қасиеттері арасындағы байланыс. Химиялық элементтердің валенттілігі және валенттіліктің периодтық жүйедегі элементтің орнымен байланысы.

  1. Химиялық байланыс және валенттілік

Химиялық байланыс туралы классикалық көзқарастар, химиялық байланыс теориясы. Атомдағы орбитальдардың гибридтенуі. Химиялық байланыс түрлері: иондық, коваленттік, металдық, сутектік, донорлы-акцепторлы. Химиялық байланыстардың түзілу принципі. Коваленттік байланыстың түрлері.

  1. Бейорганикалық қосылыстардың кластары

Химиялық қосылыстардың жіктелуі мен номенклатурасы: оксидтер, қышқылдар, негіздер, тұздар

  1. Термохимия заңдары және термодинамика элементтері

Химиялық реакциялардың жылу эффектісі. Экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар. Гесс заңы

  1. Химиялық реакциялардың жылдамдығы. Химиялық тепе-теңдікХимиялық кинетика тепе-теңдігі.

Реакцияның жылдамдығы, механизмі және реттілігі. Реакция жылдамдығына әсер ететін факторлар. Температура, қысым, концентрация. Химиялық тепе-теңдік, оның ығысуы. Ле-Шателье принципі.

  1. Ерітінділер. Электролиттер және бейэлектролиттер. Тұздар гидролизі.

Заттардың ерігіштігі. Ерітінділерде жүретін реакциялар. Ерітінділердің жіктелуі, ерітінділердің концентрацияларын өрнектеу әдістері. Қаныққан және қанықпаған ерітінділер. Ерітінділердің концентрациясын есептеу жолдары. Оларды бір-біріне айналдыру принциптері. Молярлық, молялдық концентрация, зат мөлшері, титр. Электролиттік диссоциациялану. Күшті және әлсіз электролиттер. Диссоциациялану дәрежесі. Электролиттердің иондық реакциялары. Молекулалық және иондық реакция теңдеулері. Тұздар гидролизі. Электролиз.

  1. Тотығу-тотықсыздану реакциялары.

Тотығу дәрежесі, күшті тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштар. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының жіктелуі. Реакция теңдеулерін құрастыру әдістері. Тотықтырғыш, тотықсыздандырғыш. Тотығу-тотықсыздану реакцияларын электрондық баланс әдісімен теңестіру.

  1. s, p,d элементтер химиясы.

Химиялық элементтер жіктелуінің негізгі принциптері: s-, p-, d- элементтер. Олардың периодтық кестеде орналасу ерекшеліктері. Химиялық және физикалық қасиеттері. Табиғатта таралуы және алыну әдістері. Тотығу дәрежесі. Оттегі, сутегі, сілтілік металдар, сілтілік жер металдары, алюминий, темір, галогендер, азот, фосфор, күкірт, инертті газдар. Олардың адам өміріндегі, жалпы тіршіліктегі ролі.



  1. Органикалық химия негіздері.

Жалпы сипаттамасы. Органикалық қосылыстардың жіктелуі, олардың құрылысы. А.М.Бутлеровтың органикалық қосылыстардың құрылыс теориясы. Газ тәріздес заттардың формулаларын салыстырмалы тығыздық және элементтердің массалық үлестері бойынша анықтау әдістері.

  1. Көмірсутектер.

Жіктемесі, номенклатура бойынша атаулары. Гомологтық қатарлары, изомерлер. Тізбектелген және тармақталған алкандар. Физикалық және химиялық қасиеттері.

Алкендер. Алкиндер. Алкадиендер. Алынуы, физикалық, химиялық қасиеттері, қолданылуы. Изомерлері мен гомологтары. Тұйықталған көмірсутектер.



  1. Ароматты көмірсутектер

Бензол. Құрылысы, қасиеттері.

  1. Спирттер. Фенолдар. Жай эфирлер.

Алынуы, физикалық, химиялық қасиеттері, қолданылуы. Изомерлері.

  1. Карбонилді қосылыстар

Карбонил тобының құрылысы. Нуклеофилдермен реакциялар. Кето- және енолды таутомерия. Алу әдістері. Физикалық, химиялық қасиеттері, Қолданылуы.

  1. Карбон қышқылдары

Қаныққан және қанықпаған карбон қышқылдары. Этерификация реакциясы.

  1. Нитроқосылыстар

Алкандарды нитрлеу. Бензолды нитрлеу. Физикаық, химиялық қасиеттер. Қолдану.

  1. Аминдер. Оксоқышқылдар. Аминқышқылдар. Ақуыздар

Аминқышқылдары, химиялық қасиеттері, қолданылуы. Ақуыздар, ақуыздар құрылысы, олардың ағзадағы биологиялық функциясы. Денатурация.

  1. Көмірсулар.

Глюкоза, сахароза, крахмал, целлюлоза.

  1. Гетероциклді қосылыстар. Полимеризация және поликонденсация реакциялары.

Пиррол. Пиридин. Нуклеин қышқылдары, құрылысы, алу әдістері, химиялық, физикалық қасиеттері. Қолдану.

САРАМАНДЫЛЫҚ САБАҚТАР ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ҮЛГІ ТІЗІМІ

  1. Лабораториялық жұмыстардың техникасы. Химиялық лабораторияда жұмыс істеу ережелері. Реактивтерді пайдалану ережелері. Лабораторияда жұмыс істегенде қолданылатын сақтық шаралары. Таразы және таразыда өлшеу. Жанарғылар мен қыздырғыш приборлар. Химиялық ыдыстар және оларды пайдалана білу. Тығындар және оларды қолдану ережелері. Сүзу. Қатты заттарды кептіру. Газды пайдалана білу. Шыныны қолдану. Түтіктерді кесу.

  2. Заттарды тазарту әдістері. Қатты заттарды тазарту. Қайта кристалдану. Калий дихроматын тазарту. Возгонка. Иодты возгонкамен тазарту. Сұйықтық заттарды тазарту. Айдау. Дистилденген су алу.

  3. Газ күйіндегі заттарды тазарту. Көміртек (IV) оксидін тазарту. Газдарды алу әдістері. Газдарды жинау әдістері.

  4. Атомдар және молекулалар, өлшемдері мен массалары, Салыстырмалы атомдық және молекулалық масса.

  5. Авогадро саны. Моль – зат мөлшерінің бірлігі. Молярлық маса және молярлық көлем. Газдың молярлық көлемі.

6. Химиялық қосылыстардың қарапайым және шынайы формулаларын анықтау. Химиялық формулалар мен теңдеулер бойынша есептеулер.

7. Электронның ашылуы. Радиоактивтілік, α-, β-, γ-сәулелері, олардың сипаттамалары. Томсонның атом моделі. α-бөлшектердің шашырауы бойынша Резерфорд тәжірибелері. Атомның планеталық моделі, артықшылықтары мен кемшіліктері.

8. Бас (n), орбиталь (I), магниттік (m) квантты сандар. Спин квант саны. Электрондық бұлт жайлы түсінік. Атомдық орбитальдарды толтыру реті.

9. Электрондық формулалар. Элементтердің периодтық кестедегі орнының атомдардың электрондық құрылысымен байланысы.

10. Элементтердің қасиеттерінің периодты өзгеруі атомдардың электрондық конфигурациясының өзгеруінің периодтылығы ретінде.

11. Ядролық реакциялар және химиялық реакциялардың ауысулары.

12. Электртерістілік. Коваленттік байланыстың қазіргі заманғы теориясы – ВБ әдісі.

13. Химиялық байланыстың негізгі сипаттамалары: энергия, ұзындық, бағытталуы.

14. Коваленттік байланыс түзілу механизмі: жұптастаған электрондар арқылы (алмасу) және донорлы-акцепторлық.

15. Коваленттік байланыс қасиеттері: қаныққандық, бағытталу, σ- және π-байланыстың полюстенуі.

16. Атомдық орбитальдардың гибридизациясы. Гибридизация типтері және молекулалар геометриясы.

17. Байланыс полюстігі және молекула полюстігі. Диполь моменті.

18. Валенттілік жайлы заманауи көзқарастар. Атомдардың валенттік мүмкіншіліктер. Коваленттік байланысы бар қосылыстардағы атомдардың тотығу дәрежелері.

19. Ішкі және молекулааралас сутектік байланыс.

20. Иондық байланыстың қанықпағандығы және бағытталмағандығы.

21. Кристалл торлар түрлері: атомдық, молекулалық, иондық.

22. Заттардың қасиеттерінің химиялық байланыс және кристалл тор түрінен тәуелділігі.

23. Химиялық реакциялардың жылу эффектілерін анықтау. Термохимиялық заңдар.

24. Термохимиядық теңдеулер бойынша есептер шығару.

25. Химиялық реакция жылдамдығы. Математикалық өрнектелуі.

26. Әрекеттесуші заттардың концентрациясынан реакция жылдамдығының тәуелділігі. Әрекеттесуші массалар заңы. Реакция жылдамдығына катализатордың әсері. Катализаторлардың биологиялық процестердегі ролі.

27. Химиялық процестердің қайтымдылық және қайтымсыздылық жағдайлары. Ле-Шателье принципі.

28. Әрекеттесуші заттардың концентрациясы, қысым немесе температура өзгерістеріндегі химиялық тепе-теңдіктің ығысуы.

29. Суспензиялар, эмульсиялар, коллоидты жүйелер, шынайы ерітінділер.

30. Сольватация (гидратация). Ерітінділердің концентрация түрлері.

31. Электролиттік диссоциация теориясы бойынша қышқылдар, негіздер, тұздар.

32. Сутегі. Су.

33. Хлор және оның қосылыстары.

34. 6А топ элементтерінің жалпы сипаттама. Оттегі мен күкірт. Аллотропиялық модификациялары, бинарлы қосылыстары.

35. Азот, құрылысы, қасиеттері. Аммиак – құрылысы және қасиеттері. Фосфор, аллотропиялық модификациялары. Бинарлы және күрделі қосылыстары.

36. 4А топ элементтерінің жалпы сипаттамасы. Аллотропиялық модификациялары.

37. 3А топ элементтерінің жалпы сипаттамасы. Жай заттардың қасиеттері.

38. 2А топ элементтерінің химиясы. Судың кермектілігі.

39. 1А топ элементтерінің химиясы.

40. d-элементтердің жалпы сипаттамасы. Скандий топшасының элементтерінің химиясы. Титан топшасының элементтерінің химиясы. Титан, физикалық, химиялық қасиеттері. Ванадий, ниобий, тантал. Хром топшасының элементтерінің қосылыстары. Марганец химиясы. Темір үштігінің элементтері, электрондық құрылысы, жай заттардың қасиеттері.

41. Органикалық қосылыстардың классификациясы мен номенклатурасы. Гомология және изомерия. Органикалық қосылыстардың реакцияларының механизмдері мен ерекшеліктері.

42. Көмірсутектер, ароматты көмірсутектер, спирттер, фенолдар, жай эфирлер, карбон қышқылдар, нитроқосылыстар, аминдер, оксоқышқылдар, аминқышқылдар, ақуыздар, көмірсулар, гетероциклді қосылыстардың физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы, алу әдістері.

43. Полимеризация және поликоденсация реакциялары.



Оқытушының жетекшілігімен орындалатын тыңдаушылардың өзіндік жұмыстарының үлгі тізімі


  • Салыстырмалы атомдық және молекулалық массалары. Авогадро саны. Моль – зат мөлшерінің бірлігі.

  • Есептер шығару: газ заңдары, газдар және қатты заттардың салыстырмалы массасын табу.

  • Есептерді шығаруда химияның стехиометриялық заңдарын қолдану. Есептерді шығаруда Бойль-Мариотт, Гей-Люссак, Шарль, Авогадро заңдарын қолдану.

  • Элементтің массалық үлесін анықтау, берілген мөлшерде элементтіңм массасын анықтау формулалары бойынша типтік есептер шығару.

  • Қарапайым және шынайы формулаларды табу.

  • Химиялық реакциялардың теңдеулері дбойынша есептер шығару. (реакция өнімінің шығуы, қоспалар тақырыбы).

  • Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары: оксидтер, қышқылдар, негіздер, тұздар. Номенклатура. Химиялық қасиеттері.

  • Атомның электрондық құрылысының элементтің Периодтық жүйедегі орнымен байланысы. .

  • Атомдық орбитальдарды толтыру реті (Клечковский ережесі). Электрондық формулалар.

  • Гиббс энергиясының өзгеруі, химиялық процестің бағытына температураның әсері. Есептер шығару.

  • Гомогенді және гетерогенді жүйелерде жүретін реакциялардың жылдамдығын есептеуге арналған формулалар.

  • Реакция жылдамдығы. Температура өзгерістерінде жылдамдықтың өзгеруіне есептер шығару.

  • Химиялық процестерді басқару үшін реакция жылдамдығы мен химиялық тепе-теңдік жайлы ілімнің маңызы.

  • Температура, қысым, концентрация өзгерістерінен тепе-теңдіктің ығысуы.

  • Ерітінділердің концентрацияларының түрлері.

  • Ерітінділердің концентрацияларын есептеу. Концентрацияның бір түрінен екінші түріне ауысуға есептер шығару.

  • Бейэлектролиттердің ерітінділерінің қасиеттеріне есептер шығару.

  • Күшті және әлсіз электролиттер. Ионды алмасу реакциялары.

  • Гидролиз теңдеуі. Аниондар мен катиондардың гидролизденуге қабілеттілігі.

  • Тотығу-тотықсыздану реакция типтері. ТТР теңдеулерін құру. Электрондық баланс әдісі.

  • Реакция теңдеуін құру. Коэффициенттерді жартылай реакциялар әдісімен анықтау.

  • Тотығу-тотықсыздану реакцияларының тірі және тірі емес табиғатта маңызы. Өндірістегі тотығу-тотықсыздану реакциялар.

ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Негізгі :

1. Химия: Учебники для 8-11 классов естественно-математического направления общеобразовательных школ. Нұрахметов, и др.-Алматы: «Мектеп» баспасы, 2004. –215б.

2. А. Темiрболатова. Химия/Сборник упражнений и задач. -Алматы: «Мектеп» баспасы.- 2013. -115с.

3. Хомченко Г.П. Пособие по химии для поступающих в ВУзы. 4-е изд., испр. и доп. - М.: Новая волна, 2002. - 480с.

4. Максименко О.О. Химия/Учебное пособие для поступающих в Вузы.- М. Изд. Эксмо.2003.-638 с.

5. Хомченко И.Г. Cборник задач по химии. Издание: М.: 2010 - 256 с.

6. Кузьменко Н. Е. , Ерёмин В. В., Попков В. А. Начала химии. Современный курс для поступающих в вузы.- М.: Экзамен, -2001.


Қосымша:

7. Ерёмина Е. А., Рыжова О. Н. Глава 14. Щелочные металлы // Справочник школьника по химии.- М.: Экзамен, 2009.- С.224-231..

8. Лидин Р. А., Андреева Л. Л., Молочко В. А. Справочник по неорганической химии.- М.: Химия, 2004.

9. Ахметов Н. С. Общая и неорганическая химия.-М.: Высшая школа, 2001.

10. Глинка Н.Л. Задачи и упражнения по обшей химии. Л.:Химия.1989.272с.



Авторы: Кокибасова Г.Т.– х.ғ.к., Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ, бейорганикалық және техникалық химия кафедрасының доценті.



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет