Бағдарламасы Жосалы кенті, 2015 жыл Мазмұны



жүктеу 1.55 Mb.
бет1/9
Дата07.10.2017
өлшемі1.55 Mb.
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




2011-2015 жылдарға арналған Қармақшы

ауданының даму бағдарламасы


Жосалы кенті, 2015 жыл



Мазмұны


1.

Бағдарламаның төлқұжаты

2.

Ағымдағы жағдайға талдау

2.1

Қармақшы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының жағымды және жағымсыз жақтарын бағалау

2.2

Қармақшы ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау.

Негізгі өзекті мәселелердің кешенді мінездемесі



2.3

Қармақшы ауданының орта мерзімді қамтитын болашақтағы тұрақты әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктері мен бәсекелестік басымдығына кедергі болатын негізгі қиындықтары, тәуекелділіктеріне кешенді сипаттама

2.4

Қармақшы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеумен айналысатын қолданыстағы саясатын талдау

3.

Өңір дамуының көрінісі

4.

Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар мен нәтиже көрсеткіштері. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу жолдары




1. бағыт: Экономика




2. бағыт: Әлеуметтік салу




3.бағыт: Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіп




4. бағыт:Инфрақұрылым




5. бағыт:Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы




6. бағыт:Экология және жер ресурстары




7. бағыт: Мемлекеттік қызметтер

5.

Қажетті ресурстар

6.

Бағдарламаны басқару


























  1. БАҒДАРЛАМА ТӨЛҚҰЖАТЫ





Бағдарлама атауы

Қармақшы ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама).

Бағдарламаны дайындауға негізі

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымындағы №827 «Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы №931 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесін мұнан әрі құрылымдаудың кейбір мәселелері туралы» Жарлығы.

Өңірдің негізгі сипаттамасы

Қармақшы ауданының аумағы 31,0 мың шаршы шақырым, немесе облыс аумағының 13,7% алып жатыр. Қармақшы ауданы–Қызылорда облысындағы жеті ауданның бірі, 1927 жылы құрылған. Оңтүстік шығысында Жалағаш, солтүстік батысында Қазалы ауданымен, оңтүстік батысында Өзбекстан Республикасымен, солтүстік шығысында Қарағанды облысымен шектеледі. Аудан халқы 53,8 мың адамды құрайды, халықтың орналасу тығыздығы әрбір 1 шаршы шақырымға 1,6 адамнан келеді. Аудан орталығы – Жосалы кенті.

Бағыттары

- Экономика

- Әлеуметтік даму

-Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіп

- Инфрақұрылым

-Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы

- Экология және жер ресурстары

- Мемлекеттік қызметтер


Бағдарламаның мақсаттары

Ауданның дамуы және тиімді әлеуметтік-экономикалық әлеуеті негізінде тұрғындардың ахуалын жақсартуды қамтамасыз ету.

Бағдарламаның мақсаттары

- аудан экономикасын тұрақты өсу қарқынын қамтамасыз ету;

- өңірдің өнеркәсіп саласын дамыту және бәсекеге қабілетті өнеркәсіп өнімдерінің өндірісі;

- нарықтың ішкі қажеттілігін жабу үшін қажетті көлемде ауыл шаруашылығы өнімінің тиімді өндірісін өндіру негізінде ауданның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

- шағын және орта кәсіпкерліктің тиімді қызметін қамтамасыз ететін нарықтық инфрақұрылымды дамыту;

- инвестициялық ахуалды заманауи технологияларды қолдана отырып, қолданыстағы өндірістерді кеңейту және жаңарту арқылы және қолданыстағы инновациялық өндірістерді сақтау және жаңадан өндірістерді ашу арқылы жақсарту;

- білім беру сапасын, қол жетімділігін жақсарту және балалар құқығы мен заңды мүдделерін қорғау жүйесінің тиімділігін жоғарылату;

- медициналық көмектің тиімді жүйесін қалыптастыру;

- аудан халқының ахуалын және өмір деңгейін арттыру;



ңірдің тарихи-мәдени мұрасын сақтау, отандық мәдениетті кеңінен дамыту;

- бұқаралық спортты және дене шынықтыру-сауықтыру қозғалысын және туризмді дамыту;

-туристік имиджді қалыптастыру және ұсынылатын қызмет сапасын жоғарылату;

- мемлекеттік тіл саясатын тиімді іске асыру, халықтарды біріктіруші фактор ретінде толерантты тіл аясын қалыптастыру;

- қоғамдық тәртіпті нығайту, қауіпсіздікті, азаматтардың өмірін, денсаулығын, құқығын қажетті деңгейде қолдау, азаматтық қорғаныс жүйесін дамыту, табиғи, техногенді төтенше жағдай пайда болған жағдайда азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайларға дайындығының деңгейі;

-телекоммуникация және байланыс саласында сапалы қызмет көрсету;

-сәулет қызметі мен тұрғын үй құрылысын дамыту;

-ауданның дамылған көліктік инфрақұрылымын қалыптастыру;

-тұтынушыларға коммуналдық қызметтерді сапасын арттыру, сумен ,жылумен жабдықтау;

-ауылдық аумақтарды тұрақты дамытудың негіздерін құру және экологиялық жағдайды жақсарту;

-мемлекет саясатын жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді жақсарту.


Бағдарламаның міндеттері

-жалпы өңірлік өнімнің тұрақтылығын қамтамасыз ету және инфляциялық процестерді тұрақтандыру;

-ЖӨӨ өндіруші өнеркәсіптің үлесін ұлғайту;

- агроөнеркәісіп кешені өнімін өндіру және экспорттаудың тұрақты өсуінің есебінен ауданда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

-қазақстан республикасында агроөнеркәсіп кешенінің дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы;

-шағын және орта кәсіпкерліктің динамикалық дамуын қамтамасыз ету;

-инвестициялық қолайлы климат құру, ынтымақтастықты нығайту және дамыту, қаржы салу үшін жағдай жасау;

-білім беру жүйесінде сапалы көрсеткіштерге қол жеткізу;

-бәсекеге қабілетті кадрларды дайындау үшін жағдайлар жасау;

-халықтың денсаулығын жақсарту және әлеуметтік мәні бар ауру зардаптарын төмендету;

Аудан халқын тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету және аудан тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсету;

-мәдениет саласындағы отандық өнімдеріне сұранысты арттыруға ынталандыру;

-бұқаралық спортты және дене шынықтыру-сауықтыру обьектілерін, салауатты өмір салтын және туризмді дамыту;

-жергілікті деңгейде мемлекеттік тіл саясатын тиімді жүзеге асыру;

қауіпсіздікті, азаматтардың өмірін, денсаулығын, құқығын қажетті деңгейде қолдау және қоғамдық тәртіпті нығайту, қылмыстың алдын алу;

-тұрғын үйдің құрылысы және тапсырылуы;

-аудан тұрғындарының көлікке жүру қажеттілігін қамтамасыздандыру және жол инфрақұрылымын дамыту;

-коммуналдық жүйелерді дамыту және жаңарту, нормативтік пайдалану бойынша кондоминиум нысандарын қамту;

-даму әлеуеті жоғары ауылдық елді мекендерді көбейту және экожүйені қалпына келтіру және сақтау бойынша жағдай жасау;

-ауданның ауылдық елді мекендерін дамыту;

-халықтың әлеуметтік маңызы бар қызметтерін көрсету сапасымен қанағаттандыру деңгейін көтеру;

- сәулет қызметі мен тұрғын үй құрылысын дамыту;

- ауданның дамыған көліктік инфрақұрылымын қалыптастыру;

- тұтынушыларға коммуналдық қызметтерді ұсыну сапасын арттыру, сумен, жылумен жабдықтау;

- Ауылдық аумақтарды тұрақты дамытудың негіздерін құру және экологиялық жағдайды жақсарту.



Мақсатты индикаторлар

жалпы өңірлік өнімінің нақты көлемінің индексі;

-өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі

-ішкі өңірлік өнімнің энергия сыйымдылық көрсеткіші;;

-ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (көрсетілетін қызметтердің) нақты көлемінің индексі;

-шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығарылымының жалпы көлемінің индексі;

-бөлшек сауданың нақты көлемінің индексі;

-басқа өңірлерге жөнелтілген өндірілген өнім көлемі;

-жалпы өңірлік өңімнің негізгі капиталына инвестициялар үлесі;

-жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың ішіндегі инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесі;

-өткен жылмен салыстырғанда үш ауысымдық және авариялық мектептер санының төмендеуі;

-мектеп бітірушілердің арасында білім беру бағдарламаларын табысты (өте жақсы/жақсы) меңгерген оқушылардың үлесін;

-мүмкіндіктері шектеулі балалардың жалпы санының ішінде балалардың инклюзивтік біліммен қамтылуы;

--балаларды (3-6 жас) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту;

- 15-28 жастағы жастардың жалпы санындағы NEET үлесі, % (NEET – англ. Not in Education, Employment or Training);

-оқуды бітіргеннен кейінгі бірінші жылы техникалық және кәсіптік білім беретін орындары түлектерінің жұмысқа орналастырылғандардың үлесі;

-халықтың туған кездегі күтілетін өмір сұру ұзақтығы;

-жұмыссыздық деңгейі;

-1000 жұмыскерге шаққанда, еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендердің саны;

-жұмыскерлердің тізімдік санының жалпы құрамындағы тартылған шетелдік жұмыскерлердің үлесі;

-ең төменгі күнкөріс шамасынан төмен табысы бар халықтың үлесі;

-арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсетумен қамтылған адамдардың үлес салмағы (оларды алуға мұқтаж адамдардың жалпы санының ішінде);

-ауданда өткізілген әлеуметтік маңызы бар және мәдени іс-шаралар саны;

-дене шынықтырумен және спорпен жүйелі түрде айналысатын барлық жэастағы тұрғындарды қамту;

-орналастыру орындарында қызмет көрсетілген келушілердің саны;

-мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі;

-көшелерде жасаған қылмыстардың үлес салмағы;

-жол- көлік оқиғаларынан қайтыс болғандар санын төмендету;

-жергілікті маңызы бар тасқындар мен су басулар, көшкіндер, жер сілкінулер, селдер, өрттерден болған адам шығының төмендету;

-байланыс көлемінің нақты көлемінің индексі;

-құрылыс жұмыстарының нақты көлемінің индексі;

--жақсы және қанағаттанарлық күйдегі облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі;

- Нормативтік пайдаланумен қамтамасыз етілген кондоминиум нысандарының үлесін ұлғайту;

-орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділігі бар халықтың үлесі;

-су бұру қызметтеріне қолжетімділігі бар халықтың үлесі;

-жалпы ұзақтықтан жаңғыртылған желілердің үлесі;

-толық биологиялық тазарту арқылы сарқынды сулар тазартылды;

- стационарлық көздерден шығатын анықталған зиянды заттарды азайту;

-мемлекеттік орман қорының орманды алқаптарының алаңы;

-ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің ауыл шаруашылығы айналымына тартылған үлесін ұлғайту;

-ауыл шаруашылығы айналымына тартылған жерлерде ауыспалы егіс жүйесін қолдану;

-жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына қанағаттанушылық деңгейін арттыру.


Қаржыландыру көздері мен көлемі

Қаржыландыру көздері: республикалық және облыстық бюджеттер, инвесторлардың жеке қаражаты, қарыздық қаражат.

Бағдарламаны қаржыландыру көлемі республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту барысында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржылық жылға нақтыланатын болады.




2. Ағымдағы жағдайға талдау
1) Қармақшы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының жағымды және жағымсыз жақтарын бағалау.
Салалық мамандандыру есебінен Қармақшы ауданы ағрарлық аймақ болып табылады.

Ауданда өнеркәсіп саласы дамымай әлсіздік танытып келеді. Осыған байланысты, аудан экономикасы өндірісті өңдеу өнеркәсібі жағына қарай әртараптандыруға мәжбүр, бұл аудан экономикасының шикізатқа және оның бағасына тәуелділігін төмендетуге мүмкіндік береді, сонымен қатар өндірісте қосымша жұмыс орындары ашылады.

Бүгінде, өңірлік экономиканы әрі қарай дамыту мақсатында, өңдеуші сектор үлесінің ұлғаюы қажет.

Қармақшы ауданының аумағы 31,0 мың шаршы шақырым немесе облыс аумағының 13,7 % алып жатыр Қармақшы ауданы–Қызылорда облысындағы жеті ауданның бірі, 1927 жылы құрылған. Оңтүстік шығысында Жалағаш, солтүстік батысында Қазалы ауданымен, оңтүстік батысында Өзбекстан Республикасымен, солтүстік шығысында Қарағанды облысымен шектеседі. Ауданда 2 кент, 12 ауылдық әкімшілік округтер бар, онда 29 елді мекен орналасқан. Аудан халқы 53,8 мың адамды құрайды, халықтың орналасу тығыздығы әрбір 1 шаршы шақырымға 1,6 адамнан келеді. Аудан орталығы – Жосалы кенті.

Экономикалық әлеует. Қармақшы ауданының күріш өсіру әлеуеті жоғары өңірлердің бірі болып саналады. Қызылорда құрамында Қармақшы ауданы көлемі 14,0 пайыз жерді құрайды және Қызылорда облысы бойынша 20,0 пайыз сапалы күрішті өндіреді.

Ет, сүт бағытында мал шаруашылығы дамып келеді. Жайымдылық жерлер мал басын көбейтуге және мал шаруашылығы өнімін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Бірақ әлсіз жем базасы, оның салдарынан мал мен құс өнімділігінің төмендеуі, сонымен қатар шалғайдағы жайылымдықтарды суландыру жағдайының төмендігі, ауылшаруашылық кешенінің толыққанды дамуына кері әсерін тигізуде.

Өсімдік шаруашылығы дақылдарын өсіруге негізгі су ресурсының жетіспеушілігіне қарамастан ауданда мал шаруашылығын дамытуға жақсы мүмкіндіктер және перспективалар бар. Мал шаруашылығы сапасын тиімді дамыту мақсатындағы атқарылатын жұмыстар:

-асыл тұқымды малдың базасын дамыту және малдың генетикалық потенциялын жоғарылату;

-тұрақты жем базасын жасау, мал азықтық егіс алқаптарын көбейту, мал азақтық тұқым себу айналымын енгізу, жайылымдарды және шөп шабуды рациональды түрде пайдалану.

Транспорттық әлеует. Қолданыстағы транзиттік әлеует Азиат аймағы, жақын және орта Шығыс, Еуропа мемлекеттермен өзара байланыстыратын аудан аумағында орналасқан экономикалық тиімділікпен айқындалады. Аудан арқылы оның негізгі су күре жолы өтіп жатыр – Сырдария өзені, ал оны бойлай теміржол және автомагистраль орналасқан. Осы көлік инфрақұрылымды бойлай елді мекеннің 85% орналасқан.

Аудан аймағынан "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" автомогистраль жолының бөлігі өтіп жатыр. Қармақшы ауданының барлық аймағынан өтіп жатқан Еуропадан Батыс Қытайға бағытталған халықаралық автомагистраль жолдың ұзақтығы - 163 шақырымды құрайды. Көліктік инфрақұрылымды құру бағыты шағын және орта бизнесті дамытуға, қосымша салықтырдың түсуіне және жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Аталған «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көліктік коридорының құрылуы арқасында Еуропа мен Азия арасында алдағы уақытта көліктік байланыстың жақсаруы жоспарлануда. Потенциалды пайдаланудағы стратегиялық міндет аудан территориясы арқылы өтетін автомобиль және теміржол торабтарын дамыту, тасымалдың инфрақұрылымын дамыту.

Жосалы төбелерінің атымен үлкен бригадалық станцияның аты «Жосалы» болып аталады. Қазіргі кезде осы Қармақшы ауданының территориясынан өтетін ұзындығы 110 шақырым теміржолдың бойында 2 теміржол вокзалы және 8 теміржол бекеттері орналасқан.

Алайда, ауданда бірқатар экономикалық және әлеуметтік мәселелері бар. Ауданның әлеуметтік саласындағы жағдайды бағалап отырып, жалпы мәселе, бұл материалдық-техникалық базасың әлсіздігінде. Білім және мәдениет саласындағы индустрия баяу дамуда. Көптеген ауылдық клубтары күрделі жөндеуді қажет етеді. Ауданда ірі өнеркәсіп мекемелердің жоқтығы.

Ауданның еңбек рыноғы жағдайындағы бұл мәселелердің ең бастысы: еңбек рыноғындағы көп сұраныс пен ұсыныстың сай келмеуі, білікті жұмысшылар және техникалық кадрларға деген сұраныс, жұмысшы күші сапасының төмен болуы, ауданның агротехникалық колледжінің материалдық-техникалық базаның әлсіз болуы.

Жұмыссыздық сақталуда, әсіресе жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі ерекше жоғары. Кіші бизнес белсенділігі жеткіліксіз, аудан экономикасын және әлеуметтік саланы дамытудағы оның үлесі өте аз.

Құрылымды кадр тапшылығы байқалады. Жоғары жұмысбастылықпен қамтамасыз етуде техникалық мамандық және ауыл шаруашылығы саласында жұмыс жасайтын кадрлар тапшылығы байқалады.

Атмосфераға ласзаттек қалдықтары көлемінің өсуі. Арал теңізінің кебуі және Байқоңыр кешенінің қызметін, автокөлік сандарының көбеюі, автокөлік жанар-жағар май сапасының төмендігі, қоршаған ортаны қорғау стандарттарының, өндіріс қалдықтарын қадеге жарату шарттарының сақталмауынан орын алып отыр.



2) Қармақшы ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау

1 бағыт. Өңірлік экономиканың дамуы .


Өнеркәсіп

Өнеркәсіптің өзгеру динамикасы млн теңге



Өнеркәсіп

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2014 жылдың 2013 жылға %

Барлығы

3287,0

2962,0

5799,0

2613,2

45,1

Оның ішінде:
















Кен өндіру өнеркәсібі

93,0

41,0

81,0

67,1

82,8

Өңдеу өнеркәсібі

3004,0

2654,0

5342,0

2132,5

40,0

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау

86,0

85,0

100,0

104,3

104,3

Сумен жабдықтау: кәріз жүйесі, қалдықтардың жинақталуын және таратылуын бақылау

104,0

182,0

277,0

309,2

111,6

2011 жылы ауданның өнеркәсіп кәсіпорындары өндірген өнім көлемі 3 287,0 млн теңгені құрайды. 2010 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіп өнімінің көлемі 116,5 пайызға өсті. Кен өндіру өнеркәсібінің үлесі жалпы өнеркәсіп өнімнің ішінде 3,2 пайызды, өңдеу өнеркәсібі 91,8 пайызды, электр энергиясын, газ бен суды өндіру және бөлуде 5,0 пайызды құрады. Өңдеу өнеркәсібінің дамуында өсу қарқыны байқалып, 2010 жылмен салыстырғанда 24,9 пайызға өсті. Ал кен өндіру өнеркәсібі 2010 жылмен салыстырғанда 86,5 пайызға орындалды.

2012 жылы ауданның өнеркәсіп кәсіпорындары өндірген өнім көлемі 2 962,0 млн теңгені құрайды. 2011 жылмен салыстырғанда өнеркәсіп өнімінің көлемі 89,2 пайызды құрады. Кен өндіру өнеркәсібінің үлесі жалпы өнеркәсіп өнімнің ішінде 3,2 пайызды, өңдеу өнеркәсібі 89,3 пайызды, электр энергиясын, газ бен суды өндіру және бөлуде 7,5 пайызды құрады.

2013 жылы ауданның өнеркәсіп кәсіпорындары өндірген өнім көлемі 5 799,0 млн теңгені құрайды. 2012 жылмен салыстырғанда өнеркәсіп өнімінің көлемі 191,8 пайызды құрады. Кен өндіру өнеркәсібінің үлесі жалпы өнеркәсіп өнімнің ішінде 2,0 пайызды, өңдеу өнеркәсібі 88,6 пайызды, электр энергиясын, газ бен суды өндіру және бөлуде 2,0 пайызды, басқа салалар 7,4 пайызды құрады. Өңдеу өнеркәсібінің дамуында өсу қарқыны байқалып, 2012 жылмен салыстырғанда 95,0 пайызға, кен өндіру өнеркәсібі 97,8 пайызға өсіп отыр.

2014 жылы ауданның өнеркәсіп кәсіпорындары өндірген өнім көлемі 2 613,2 млн теңгені құрайды. 2012 жылмен салыстырғанда өнеркәсіп өнімінің көлемі 45,1 пайызды құрады. Кен өндіру өнеркәсібінің үлесі жалпы өнеркәсіп өнімнің ішінде 2,6 пайызды, өңдеу өнеркәсібі 81,6 пайызды, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау 4,5 пайызды, сумен жабдықтау: кәріз жүйесі, қалдықтардың жинақталуын және таратылуын бақылау11,8 пайызды құрады.

Көрсеткіштін төмендеудін басты себебі аудан аумағындағы қазіргі таңда атқарылып жатырған ірі жобалар жоқ, соған байланысты өнімге сүраныс азайған. Сонымен қатар машина жасау саласы бойынша «ППС Ойл трэйд» ЖШС мекемесі қазіргі уақытта өз жұмысын тоқтатып тұр.

Аймақтық үйлестіру кеңесіне «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» бағдарламасы бойынша 539,0 млн теңгенің 4 жобасы ұсынылып, кеңес шешімімен мақұлданды. 1. «Мир-2001» ЖШС-нің «Заманауи технология ендіру арқылы бетон бұйымдары цехы» - жалпы құны 64,0 млн.теңге. Қазіргі уақытта серіктестік «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 64,0 млн. теңге көлемінде жеңілдетілген несие алып, жаңа үлгідегі қуаттылығы ауысымға 150 шаршы метрлік бетон тротуарлық плитка, бордюр шығаратын Германиялық зауытты іске қосты.

2. Ақай ауылдық округінен құны 23,0 млн. теңге құрайтын жеке кәсіпкер Ф.Шенеусізованың «Автоклавтық емес газобетоннан блок дайындау цехын құру» жобасы. Жоба бойынша жер телімін алу және құрылыс жұмыстарын жүргізуге әзірлік жасалуда.

3. Жеке кәсіпкер Г.Бертлеуованың «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автодәлізі бойынан «С» категориялы сервистік қызмет көрсету кешені» жобасы. Жоба құны 287,1 млн. теңге.

Кешенде кафе, дүкен, автокөлік жөндеу орталығы, май құю бекеті, шағын және ірі көлемді автокөліктерге арналған автотұрақ жұмыс жасайтын болады. Құрылыс кезінде 45 адам, іске қосылғанда 15 адам жұмыспен қамтылады.

4. Жеке кәсіпкер Ш.Қарбаевтың «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автодәлізі бойынан «С» категориялы сервистік қызмет көрсету кешені» жобасы. Жоба құны 164,9 млн. теңге.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде ұсынылған 3 жоба кеңестің шешімімен мақұлданып, қаржыландырылды. Олар:

1. «Мир-2001» ЖШС-гі «Бетон өндірісін жаңғырту және кеңейту» жоба құны-23,0 млн. теңге:

2. Жеке кәсіпкер Ниязбаев Серіктің «Балалар ойын алаңының құрылысы» жобасы құны-18,0 млн. теңге;

3. «Асет Транс-Сервис» ЖШС-нің «Жолаушылар тасымалы» жобасы құны-6,2 млн.теңге;

Қазіргі уақытта екінші деңгейлі банктерде «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында 3 жобаның құжаттары қаралуда.


Өнеркәсіп саласының өзекті мәселелері:

- аудан көлемінде ірі өнеркәсіп өнімдерін шығаратын және өңдейтін кәсіпорындар жоқтығы;

-аудан экономикасы негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған, сонымен қатар кен өнеркәсібінінің даму қарқынының төмендігі;

-кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің төмендігі;

-тамақ және жеңіл өнеркәсіп өнімдерін шығаратын өндірістің жоқтығы;

-инновациялық технологияны дамытуға мүдделі, қаржы құюға дайын отандық және шетелдік инвесторлардың жоқтығы;

-өнімдердің бәсекеге қабілеттілігінің төмен болуы;


Каталог: assets -> files -> pravo
files -> Конверттерді ашу хаттамасы
files -> Конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттама
files -> «севказэнерго»
files -> Акционерное Общество «Северо-Казахстанская Распределительная Электросетевая Компания»
files -> «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» мм, 141200, Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 45-үй, анықтама телефондары/факс: 340856, электрондық мекенжайы: aitkeshova
files -> «Фармацевтикалық қызметке лицензиялар беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет