Бағдарламасы Үлестірмелі материал



жүктеу 71.82 Kb.
Дата26.10.2017
өлшемі71.82 Kb.
түріБағдарламасы

Астана қаласы

«Көлік және коммуникация колледжі»МКҚК

Пәні: Информатика

Мамандығы:информатика және арнайы пәндер оқытушысы

Сванова Гүлназ Бақытжанқызы
Қабатпен жұмыс және арнайы эффекттерді қолдану. Суреттерді орнату мен редакциялау.
Мақсаты: Adobe Photoshop бағдарламасында қабатпен жұмыс жасай білу және арнайы эффекттерді қолдана білу, суреттерді орнату мен редакциялай білу

Білімділік: Студенттердің Adobe Photoshop бағдарламасында қабатпен және арнайы эффекттерді қолданып, суреттерді орнату мен редакциялау дағдыларын қалыптастыру және дамыту;

Дамытушылық: Студенттердің бүгінгі ақпараттық қоғам жайлы, озық компьютерлік технологияларда пайдаланылатын сапалы, жоғарғы деңгейлі графикалық бағдарламаларды тиімді пайдалана білу мүмкіндігін дамыту.

Тәрбиелік: Студенттерді мақсаттылыққа, мұқияттылыққа, өз - өзіне сенімді болуға баулу, ұжымда бірлесе жұмыс істеу қабілеттілігін арттыруға тәрбиелеу.   

Педагогикалық технологиялары: АКТ

Сабақтың түрі: Жинақтау және жүйелеу сабағы

Оқыту әдістері: Түсіндіру, сұрақ – жауап, білімді тексеру әдісі

Көрнекі құралдары:


Пәнаралық байланыс: Инженерлік графика
Сабақтың барысы
I Ұйымдастыру кезеңі. 2 мин.

II Үй тапсырмасын сұрау. 18 мин.



  1. Берілген терезе элементтерінің атын атау. 5 мин.

2) Сурет бойынша құрал-саймандардың атын жазу. 13 мин.

III Тәжірибелік жұмысты орындауды түсіндіру. 50мин.

1) Тәжірибелік жұмыс жасау 25 мин.

2) Өзіндік жұмыс жасау 25 мин.

IV Сабақты бекіту: 15 мин.

Сұрақ-жауап арқылы білімдерін тексеру

Тест сұрақтары

VI Сабақты қортындылау және қойылған бағаларды талдау – 3 мин.

VII Үйге тапсырма – 2 мин.

Сабақтың құрылымы

I Ұйымдастыру кезеңі.

Топпен сәлемдесу, журнал бойынша қатысып отырғандарды тексеру. Сабақ жоспарымен таныстыру.


II Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Берілген терезеге сәйкес терезе элементтерінің атын атау.


0 – Программа терезесінің атауы;

1 – Меню жолы;

2 – Құралдар панелі;

3 – Қасиеттер панельі;

4 – Бейнелермен жасалатын операциялар;

5 – Безендіруге қолданылатын құралдар.


  1. Таратпа карталар тарату арқылы құрал-саймандардың атын жазу.

1. Ағымдағы форма облыстарын ерекшелеп алуда қолданылатын құралдар 


2. Облыстарды ерекшелеп алуда қолданылатын құралдар 
3. Шеттер бойынша қиып алу құралдары. Кадрлау
4. Ретуш операциясына қажетті құралдар:
5. Бейне бөліктерін көшіру құралдары 
6. Өшіруге арналған құралдар:
7. Дәлдікті басқару құралдары
8. Векторлық контурларды салу және өңдеу үшін құралдар
9. Векторлық контурларды бөліп алу құралдары
10. Комментарий құруға арналған құралдар
11. Қол (Hand) терезесінде бейнелердің орнын ауыстыру үшін құралдар
12. Активті түстерді басқару үшін қолданылатын құралдар 
13. Жылдам маскілеу режимінде редакторлайтын батырманы қосу 
14.Бөлінген облыстардың орнын ауыстыру (Move) үшін қолданылатын құралдар
15. Бір түсті облыстарды бөліп алуда қолданылатын құрал
16. Бейнені фрагментке кесуде қолданылатын құралдар 
17. Сурет салуда қолданылатын құралдар
18.Бейнелердің алдында болған жағдайына келтіретін құралдар
19. Бөлініп алынған облыстарды бояу құралдары
20. Жарықтылықты басқару құралдары
21. Мәтін енгізу үшін қолданылатын құралдар
22.Векторлық фигураларды салуда қолданылатын құралдар
23. Қашықтық пен бұрыштарды өлшеуде, түстерді өлшеу және көшірмесін алатын құралдар 
24. Бейнені әртүрлі масштабта қарап шығу құралы 

25. Алдынғы және артқы қабаттың түсі


III Тәжірибелік жұмысты орындауды түсіндіру.

  1. Adobe Photoshop бағдарламасын іске қосамыз.

  2. Файл-Создать командасын орындау арқылы жаңа қабат ашамыз.

  3. Өзімізге қажетті форматты таңдаймыз.





  1. Қабаттармен, эффектілермен және суретті орнату мен редакциялау жұмыстарын жүзеге асырамыз.




  1. Тәжірибелік жұмыс жасау:




  1. Adobe Photoshop бағдарламасын іске қосамыз.

  2. Өзімізге қажетті суретті ашамыз: Файл-Открыть

  3. Жаңа қабат ашамыз: Слои-Новый-Слой...







  1. Суретті екі бөлікке бөліп алу үшін Құралдар панелінен "Прямоугольная область  тандап аламыз (немесе M-ді басамыз). Оң жақ екінші бөлікті белгілеп аламыз.





  1. Белгілеп алған аймақты Ctrl+C – көшіру арқылы, оны екінші қабатқа орналастырамыз - Ctrl+V.




  1. Екінші қабатты жасырып қоямыз.





  1. Батырмамен бірінші қабаттың үстінен басамыз.





  1. Келесі қадамды орындаймыз: Изображение – Коррекция - Кривые:




  1. Изображение - Коррекция - Цветовой баланс қадамдары арқылы кезекпен үш шартты тандай отырып, суретте көрсетілгендей орындаймыз:«Средние тона», «Света» және «Тени»







  1. Келесі қадамдарды орындаймыз: Изображение - Коррекция - Цветовой тон/Насыщенность.


Мынадай нәтиже аламыз:





  1. Жасырып қойған екінші қабатымызды ашамыз.


Мынадай нәтиже аламыз:





  1. Енді екінші қабатпен жұмыс жасауға көшеміз. Ол үшін ең алдымен екінші қабаттың үстінен шертеміз.Содан кейін келесі қадамдарды орындаймыз: Изображение - Коррекция – Кривые:





  1. Келесі қадамдарды ретімен орындаймыз: Изображение - Коррекция - Цветовой баланс. 






Изображение - Коррекция - Фотофильтр. Түске 48% береміз:

Изображение - Коррекция - Выборочная коррекция цвета. Түсі "красные". Коррекция "Относительная". «Пурпурный» және «черный» 0% - деп қалдырамыз да, «голубой» +39%, «желтый» +24%. "Да" батырмасын басамыз.



  1. Екі қабатты біріктіру үшін Shift + Ctrl + E батырмаларын бірге басамыз. Сонда алатын нәтижеміз:





  1. Өзіндік жұмыс жасау:

Компьютерде Жұмыс үстеліндегі «Фотошоп» деген бумадағы суреттермен жұмыс жасау.
V Сабақты бекіту:


  1. Сұрақ-жауап арқылы білімдерін тексеру

  1. Сөздердің алғашқы әріптерінен сабақтың тақырыбын анықтау

Жауабы: ҚАБАТ
2. Қабат дегеніміз не?

Қабат – кескіннің әртүрлі бөліктері орналасқан мөлдір парақтағы
компьютерлік метафора.


3. Суреттерді жасауда қандай қабаттар болады? (фон, нақты объект)

2) Тест сұрақтары

1. Adobe Photoshop - да жаңа беттен жұмыс бастау үшін ... таңдау керек?

  1. New

  2. Open

  3. New From Template

  4. Save

  5. Save as

  1. Құжаттарды ашу, жабу, сақтау, импорттау қай менюде орналасқан?

  1. View (Вид) 

  2. Edit (Правка)

  3. Print (Печать)

  4. File (Файл)

  5. Дұрыс жауабы жоқ

  1. Жұмыс терезесінде сурет орналасқан. Shift+Ctrl+U (Desaturate) батырмалар жиынын басқанда не өзгереді?

  1. сурет қара түске өзгереді

  2. сурет ақ түске өзгереді

  3. сурет қара - ақ түске өзгереді

  4. Hue & Saturation терезесі ашылады

  5. Дұрыс жауабы жоқ

  1. Қай батырманы басып тұру арқылы Brush Tool құралының көмегімен түзу сызық жүргізуге болады?

  1. Tab

  2. Ctrl

  3. Alt

  4. Home

  5. Shift

  1. Компьютер жадында нүктелер тізбегі түрінде сақталған графика?

  1. Растрлық

  2. Векторлық

  3. Үшөлшемді

  4. Фрактальді

  5. Дұрыс жауабы жоқ

  1. Элементарным объектов растровой графики является растрлық графикадағы қарапайым объект болып ... саналады?

  1. Бір құралмен ғана салынған объект

  2. Пиксель

  3. Символ

  4. Примитив

  5. Дұрыс жауабы жоқ

  1. Пиксельдер көмегімен элементтерге орналасқан бейне қалай аталады?

  1. Фрактальді

  2. Үшөлшемді

  3. Растрлық

  4. Векторлық

  5. Дұрыс жауабы жоқ

  1. Графикалық редактордың негізгі функциясының бірі?

  1. Бейне енгізу

  2. Бейне кодын сақтау

  3. Видеожадыдағы сақталғандарды көру және шығару

  4. Дұрыс жауабы жоқ

  5. Бейне құру

  1. Қылқалам өлшемін қандай батырмалармен үлкейтіп кішірейтуге болады?

  1. ]”, “[”

  2. “1”,”2”

  3. “>”, “<”

  4. “)”, ”(”

  5. Дұрыс жауабы жоқ


VI Сабақты қортындылау және қойылған бағаларды талдау

VII Үйге тапсырма: Топтың винеткасын фотошоп арқылы жасау.

«Adobe Photoshop» оқу әдістемелік құралы. 4-54 беттер



Оқытушының қолы: ____________

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет