Бағдарламасы лисаков, 2016 жыл мазмұны паспорт



жүктеу 2.28 Mb.
бет5/12
Дата26.02.2018
өлшемі2.28 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

мәдениет қызметкерлерін дайындау орталықтардың жоқтығы; тар көлемді мамандардың, сонымен қатар маркетинг және арт-менеджментті білетін жаңа түрдегі шығармашылық көшбасшы мен басқару кадрлардың жетіспеушілік мәселесі өзекті;


мәдениет саласындағы қызметкерлердің ең төмен жалақылары және ведомстволық тұрғын үйдің жоқтығы (білікті мамандарды тарту үшін негізгі шектеулер);

әлсіз материалдық – техникалық жабдықтау (музыка аспаптардың, жаңа жабдықтардың, сахналық костюмдердің жетіспеушілігі), қызмет көрсету сапасында қамтып көрсетіледі;

іскерлік тілдесу, бизнес, ғылым саласында және халыққа қызмет көрсету жүйесінде, мемлекеттік қызметтерді ұсынуда мемлекеттік тілді пайдаланудың дәрежесі төмен.

Даму беталысы:

облыстық филармония, театрлардың, хореографиялық ансамблдердің ойын көрсетулерін ұйымдастыру жолымен халықтың мәдениет деңгейін арттыру;

жұмыстың жаңа формаларын егізу, облыстық көркем өнерпаздық байқауларға қатысу;

коммуникация, бос уақыт және ойын-сауық салаларда мемлекеттік тілді белсенді пайдалану саласын кеңейту, отбасы құндылығы ретінде мемлекеттік тілді қолдану және әйгілеу беделін арттыру, мемлекеттік тілде балалар танымдық және оқытатын радио- мен телебағдарламаны қалыптастыруда БАҚ рөлін күшейту.



Дене тәрбиесі және спорт

Спорттық инфрақұрылым, халықтың көпшілік қатынасқан дене тәрбиесі және спортпен шұғылдануға қол жетімділікті қамтамасыз ету үшін қалада 2015 жылдың соңында 91 спорттық ғимарат, оның ішінде 2 алаң, 2 спорттық кешен, 1 жүзетін бассейн, 19 спорттық залдар, 3 атыс тирі, 42 жазықтық құрылыстар, 1 хоккей корты, 5 теннис корты және 11 салынған спорт залдар жұмыс атқарады.

Жыл сайын 400-ден астам спорттық іс-шаралар өткізіледі, онда 33,0 мыңнан астам адам қатысуды қабылдайды.

2015 жылға спорт базаларында 15 облыс Чемпионаты өтті, онда Қазақстан Республикасының бес чемпионаты қатысушылардың жалпы құрамы 1200 астам спортшылар және баскетбол бойынша Халықаралық турнирде жалпы саны 310 спортшы 29 команда қатысуымен 1700 адам қатысты.

Балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің жұмысы қамтамасыз етілді, оларда 888 оқушы оқиды. Жасөспірімдер клубының жүйесі мектеп жастағы балаларды қамтумен 9 клубы бар деп есептеледі.

2015 жылы 1 – Қазақстан Республикасының спорт шебері, 25 – спорт шеберлігіне үміткерлер дайындалды; спорт дәрежелері берілді: 1 дәреже – 37 адам, 2 дәреже – 31 адам, 3 дәреже – 14 адам.

2012 жылы қаланың бір тұрғынына спорт бойынша қалалық бюджеттің шығындары 357 теңге құрды 2010 жылмен салыстырғанда 169 теңге (211,2 %), орташа облыстық көрсеткіште 81 теңге.

2015 жылы 2012 жылмен салыстырғанда 1 тұрғынға шығын 1,2 есе өсті немесе 22,7% және 438 теңге құрды.

Болашақта көпшілік спортты дамыту мен әйгілеу үшін қалалық алаңын қайта жөндеу бойынша жұмыс өткізіліп жатыр (2013 жылы қалалық алаңын қайта құруға жобалық-сметалық құжаттама дайындалды), жыл сайын қаланың шағын аудандарында жасанды жабынмен жаңа спорттық алаңдар түзеліп жатыр.

2015 жылы алтыншы «а» шағын ауданда және Октябрь кентінде шағын футбол ойынына аранлаған жасанды гүлзардан спорт алаңдары ашылды. «№1 орта мектебі» ММ (1 шағын аудан) аймағында тартандық жабынмен баскетболдық және волейболдық алаңдар ашылды.

Саланың дамыту жағдайының Swot-анализ:


Күшті жақтары

1.Қала халқының спорт объектілеріне баруды арттыру.

2.Спорт объектілердің санын арттыру.


Әлсіз жақтары

1.Спорт ұйымдардың әлсіз материалдық – техникалық базасы.

2. Қалалық алаңын қайту құруға жергілікті бюджетте қаражат жоқ.


Мүмкіндіктер:

1.Дене тәрбие және спортпен айласу үшін қалалық инфрақұрылымда жағдайлар жасау.

2. Жаңа дене тәрбие – сауықтыру кешендерін құру.

3. Бар спорт объектілерін қайта құру және күрделі жөндеу.

4. Қызметтің барлық салаларында қызметкерлердің кәсіптік деңгейлерін арттыру (дайындау, қайтадаярлау және біліктілікті арттыру).


Қауіп-қатерлер:

1. Халықаралық деңгейде ресми жарыстарда жоғары спорт нәтижелерін көрсететін спортшылар мен жаттықтырушыларды әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету бойынша нормативті құқықтық актілердің жетілмегендігінен осы сектордан кадрлардың кетуі болып жатыр және осы бағатта жоғары білікті мамандардың жеткіліксіз қызығушылықтары байқалады.




Негізгі мәселелер:

спорт ұйымдардың материалдық-техникалық жабдықтау деңгейінің жетіспеушілігі;

дене тәрбиесі және спорт секторынан кадрлардың кетуі.

Даму беталысы:

қаланың шағын аудандарынада спорт алаңдарын орнату;

қалалық стадионды қайта құру бойынша жұмыстарды өткізу;

қаланың спорт базаларында әртүрлі деңгейдегі спорт жарыстарын өткізу.



Туризм

2012 жылғы 1 қаңтардағы қалпы бойынша қалада туризм саласында 8 туристік ұйымдар ұйымдастырылды, олардың ішінде 2 турфирма, туристік қызметпен айналысатын 2 жеке кәсіпкер, 2 - орналастыру объектілері, келушілерді жайғастырумен айналысатын 6 жеке кәсіпкер.

2016 жылғы 1 қаңтарға келушілерді жайғастырумен айналысатын объектілердің саны 5 бірлік құрды, 2015 жылмен салыстырғанда 1 бірлікке төмен.

2015 жылға жайғастыру орындарымен келушілерге қызмет көрсетілген саны 2012 жылмен салыстырғанда 36,2 % көбейді және 17874 адам құрды (2012 ж. -13118 адам). Жайғастыру орындармен көрсетілген қызметтердің көлемі 56,2 % артты және 51,4 млн. теңге құрды (2012 ж. – 32,9 млн. теңге).

Осы секторды дамытуға негізгі бағыт – ішкі туризмді дамыту. Бар артықшылықтарды есептеумен: табиғи-климаттық (аң аулау, балық аулау, өте сирек кездесетін жартас), археологиялық (өте сирек кездесетін мұра)оларды туризмді дамыту үшін пайдалану қажет. Сонымен іскерлік, медициналық, спорттық және оқиғалық туризмге қызығушылықты ұсынады.

Осы жоспарларды іске асыру зө кезегінде қонақүй бизнесінің, бос уақыт қызметтерінің, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының дамуына, қызмет көрсету саласында жұмыспен қамтылған кәсіпкерлер санын ұлғайтуға ықпал етеді.

Туризм объектілерінің бірі Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы болып табылады. Мұражайдың негізгі қорының экспонаттар саны 2012 жылы 12050 бірлікті құрған, олардың ішінен жыл ішінде 2588 көрмеге қойып көрсетілді. 2012 жылы 17571 астам адам мұражайға келді. Мұражай қызметшілерімен 252 экскурсия өткізілді, 22 дәріс оқылды.

2015 жылы мұражай экспонаттары мен көрмелеріне 17582 адам барды, 255 экскурсия өткізілді, 22 дәріс оқытылды. Экспонаттар саны 12934 бірлікке дейін (2012 жылға 107%) ұлғайды.

Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайының сайтын толықтыру жұмыстары жүргізіледі.

Саланың дамыту жағдайының Swot-анализ:



Күшті жақтары:

1. Табиғи және мәдениет-тарих қорлардың бар болуы.

2. Көлік қатынасында қолайлы басқа облыс және мемлекет аймақтармен байланыс.

3. Спорт объектілердің бар болуы және спорт туризмін дамыту.

3. Туристік игеру үшін жарамды су қоймалардың бар болуы.

4. Ландшафттардың әртүрлілігі.

5. Қала аймағында емдеу-сауықтыру объектілердің бар болуы.


Әлсіз жақтары:

1. Табиғат аумақтарында әлеуетті тартымды туристік объектілердің маңында туризм инфрақұрылымның дамымауы.

2. Мәдениет – тарихи объектілерді қорғау, қалпына келтіру және консервациялау бойынша қолданатын шаралардың жоқтығы.

3. Табиғат аумақтарында туристік орындарға апаратын жолдардың қалпы жаман.

4. Көпшілікке қатынасқан туризм үшін қала объектілердің төмен қызықтырғыштығы.

5.Туристік сұранымның ауысымы.



Мүмкіндіктер:

1.Туристік инфрақұрылымды дамыту және жақсарту.

2.Ішкі және кірмелік туризмін дамыту.

3.Этнотуризмін және экотуризмін дамыту.

4. Тарихи ескерткіштер мен естелік орындарды ( объектілерді) қалпына келтіру, қорғау және тиімді пайдалану.

5. Табиғат қорғау іс-шаралар және абаттандыру есебінен табиғат-ландшафтық аймақтарын және қоршаған ортаны қорғауын сақтау.



Қауіп - қатерлер:

1. Қалақұрастыратын және жүйеқұрастыратын кәсіпорын қызметінің тоқтау нәтижесінде жалпы экономикалық жағдайдың нашарлауы, іскерлік туризмнің төмендеуіне тартады.

2. Жаңадан құру және әлеуметтік – мәдениет объектілерін қайта құруға инвестицияларды төмендету.

3. Қорғау шараларын пайдаланбаған жағдайда бар объектілер мен қорларды жоғалту мүмкіндігі.

4. Туристік сұранымның ауысымы.


Негізгі мәселелер:

көпшілікке қатынасқан туризм үшін қала объектілердің төмен қызықтырғыштығы.

табиғат аумақтарында әлеуетті тартымды туристік объектілердің маңында туризм инфрақұрылымның жоқтығы.

халықаралық туристер үшін тұру орындардың сәйкессіздігі.

облыс, республика деңгейінде мәдениет-тарихи және табиғат орындары бойынша насихаттау және туристік маршруттың қозғалу деңгейінің төмендігі.

Даму беталысы:

іскерлік, әлеуметтік-сауықтыру, спорттық, танымдық туризмін дамыту.

орналастыру орындармен қызмет көрсету сапасын жақсарту.

туристік маршруттарды дайындау және насихаттау.

Әкім аппаратының ресми сайтында туристік контентті құру жолымен ақпараттық қол жетімділікті арту.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет