Бағдарламасы лисаков, 2016 жыл мазмұны паспорт



жүктеу 2.28 Mb.
бет6/12
Дата26.02.2018
өлшемі2.28 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Ішкі саясат


Азаматтық қоғам институттарымен мемлекеттік серіктестік және жастар саясатын іске асыру қоғамдық ұйымдармен және бiрлестіктермен өзара іс-әрекет жүзеге асырылуда, олардың қатарында: 3 – саяси партиялардың облыстық филиалдары, 8 – дiни бiрлестiктер, үкiметтiк емес ұйымдар (ҮЕҰ) - 27 бар.

Азаматтық қоғамның сапалы өсуiн және мемлекет пен ҮЕҰ арасында әлеуметтiк әрiптестiкті әрі қарай iске асыруды қамтамасыз ету шеңберiнде тұрақты жұмыс істейтін диалогтiк алаңдар, араларында қоғамдық тыңдаулар дәстүрлі болып табылатын үнемі қызмет ететін сұхбаттасу алаңдарының жұмысы қалыпқа келтірілді.

Қазақстанның жаһандық халықаралық ұйымдардағы көшбасшылығын мойындаудың жетекші факторларының бiрi облыстағы мемлекеттiк саясатты, Мемлекет басшысының жыл сайынғы жолдауларының негiзгi бағыттарын және оларды іске асыру барысын түсiндiру мен насихаттау жөніндегі жұмыстар қолдайтын iшкi саяси тұрақтылық болып табылады. Тұрғындардың арасындағы ақпараттық-насихаттау жұмысы басты тетік болып табылады. Мемлекет басшысының жолдауына сүйене отырып, облыстық ақпараттық-насихаттау тобының (ОАН) құрамы қалыптасуда.

2012-2015 жылдары облыс аумағында 6 бұқаралық ақпарат құралдары, оның iшiнде 3 баспа және 3 электрондық БАҚ-тар жұмыс iстедi. Барлық БАҚ жеке болып табылады.

2010 жылы облыстың бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттiк ақпараттық саясатты iске асыру бойынша мемлекеттiк тапсырыстың жалпы сомасы 18,3 млн. теңгені, 2012 жылы - 21,3 млн. теңгені, 2013 жылы – 25,2 млн. теңгені, 2014 жылы – 24,8 млн. теңгені, 2015 жылы – 20,8 млн. теңгені құрады.

Қалада тұрғындардың жалпы санынан 22,8% құрайтын 14 пен 29 жас аралығындағы 9 мыңнан астам жастар тұрады.

Мемлекеттiк жастар саясатын iске асыруда жастардың қызығушылығы мен қажеттiлікктерiн iске асыруды, мемлекеттік органдардың, жастар ҮЕҰ-ның және бизнес-құрылымдарының іс-әрекетін біріктіруді қамтамасыз етуге шақырылған мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бірлестіктердің өзара іс-әрекетін үйлестiру мақсатында қалада әкімдік жанында Жастар ісі жөніндегі кеңес жұмыс iстейдi.

2012 жылы осы мақсаттарға 2,2 млн. теңге, 2013-2014 жылдары – жыл сайын 9,7 млн. теңге шығындалды. 2015 жылы осы мақсаттарға деген қаржыландыру сомасы 3,3 млн. теңгені құрайды.


Саланың дамыту жағдайының Swot-анализ:

Күштi жақтары:

1. Мемәлеуметтік сала бойынша әлеуметтік – маңызды жобаларды іске асыруға тартатын ҮЕҰ сандық және сапалық өсіміне жағдай жасалды.

2.Қалалық ақпараттық-насихаттау топтарының жұмыс қорытындалары бойынша қызмет және кері байланыс түзетілді.

3. Жастардың үкіметтік емес ұйымдар саны 4-ке дейін өсті.

4. Жастар жұмысына қатысатын жастар үлесі артты.


Әлсiз жақтары:

1. Бейінді ҮЕҰ үшiн әлеуметтiк тапсырысты салалық қаржыландырудың жеткiлiксiз деңгейi.

2. Азаматтық қоғамдық институттарды кадрлық қамтамасыз ету.

3. Ақпараттық-насихаттау жұмыстарын өткiзу кезiнде жаңа ақпараттық технологияларды, коммуникативтік технологияларды қолданудың жеткiлiксiз жоғары деңгейi.

4. Қазiргi ақпараттық нарықтың талаптарын сай кәсіпқой-мамандардың тиiстi санының жоқтығы.


Мүмкiндiктер:

1.Әр түрлi сұхбаттық алаңдарда, кездесулерде талқылаудың нәтижесiнде, заңнамалық нормативтiк-құқықтық базаға ұсыныстар енгiзу.

2.Мемлекет пен ҮЕҰ әлеуметтiк әрiптестiгiн әрі қарай тереңдету.

3. Мемлекеттік органдардың БАҚ өзара қатынасын күшейту.

4. Жастар саясаты саласында түрлі форматтағы іс-шараларды өткізу.

5. Жастар арасында мәдени-бос уақыт жұмысын, ақпараттық түсіндірмелі жұмысты қолдау.



Қауіп – қатерлер:

1. Қоғамдық – саяси жағдайды тұрақсыздандыратын факторларды қалыптастыру.

2.Халықтың өмір деңгейі сапасының төмендеу нәтижесінде әлеуметтік шиеленісушілікті күшейту.


Негізгі мәселелер:

бейінді ҮЕҰ үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қаржыландыру көлемінің жеткіліксіздігі;

жаңа ақпараттық нарық талаптарына сәйкес кәсіптік-мамандар санының жеткіліксіздігі, журналист кадрлардың құқықтық сауаттылықтары төмен;

жастар саясатын іске асыруға кадрлық, ғылыми және ақпараттық қамсыздандырудың жеткіліксіздігі.



Даму беталысы:

Мемлекет және ҮЕҰ әлеуметтік серіктестікті болашақта тереңдету.

Мемлекеттік ақпараттық саясатты қаржыландыру көлемін арттыру.

Меморгандардың БАҚ әрекеттесуін күшейту.

Мемлекеттік жастар саясатын ойдағыдай іске асыру үшін патриоттық өз сезімін, азаматтық жауапкершілікті арттыруға, белсенді қоғамдық позициясын қалыптастыруға, бәсекеге жарамдылықты арттыруға бағытталған жас буынмен арақатынастың тиімді моделін дайындау қажет.

2.1.3. Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

Өңірдегі криминогендік жағдай тұрақтылықпен сипатталады, және құқық қорғау органдарының бақылауында.

2012-2015 жылғы кезеңде Лисаков қалалық ішкі істер бөлімімен құқық бұзушылық пен қылмыстықты алдын алу бойынша, қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша анықталған ұйымдастыру-практикалық жұмыс жасалды.

2012-2015 жылғы статистикалық мәліметтерді талдау жалпы тіркелген қылмыстың саны 307 немесе 1,2 есе артқанын көрсетті (2012ж.-489, 2015ж.-796), оның ішінде аса ауыр қылмыс түрлері 7 жағдай (2012г.-9, 2015г.-2), ауыр қылмыстар 4,4% (45-тен 47-ге дейін).

2012-2015 жылғы ауыр қылмыс түрлердің өсуі байқалады, олардың ішінен:

Сонымен қатар кішігірім ауырлықпен тіркелген қылмыстардың 67% (272-ден 453-ке дейін) өсуі белгіленді, оның ішінде:



  • адам өлтіру 2 есе (1-ден 2);

  • денсаулыққа ауыр зиян келтіру себеп фактілер бойынша 33,3% (6-дан 8-ге дейін).

2012 жылмен салыстырғанда біреудің мүлігін тонау бойынша өсу 1,6 есеге төмендеді (282-ден 450-ге дейін), ашылу 26,6% (2014 – 26,7%) құрды.

2012 жылмен салыстырғанда пәтерлерді тонау бойынша 41,7% есеге төмендеді (2012ж.-45,14%).

2014 жылы қаланың ІІБ күшімен 44 есірткі қылмысы(2012 жылы - 15), оның ішінде есірткіні сатуға байланысты 2 (2012 жылы - 10) анықталды.

2015 жылғы 11 айда 40 есірткі қылмысы, оның ішінде есірткіні сатуға байланысты 1 және 43 есірткілік құқықты бұзу (2013 жылы - 16) анықталды.

Осыған байланысты барлық мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының әлеуетін пайдалану арқылы іскерлік ақпараттық-насихаттау шараларының кешенін қабылдау қажет.

Қылмысты ескерту және құқық бұзушылықты алдын алу мақсатында мынадай іс-шаралар жоспарланып іске асырылды:



  • криминогендік жағдайды талдау есебімен күзетубағыты қайта қарастырылып, полицияның кешендік күштерінің бірыңғай дислокациялау жоспарына өзгерістер енгізілді;

  • жаяу қатарлардың қызметтік әрекеттерінің аса тиімділігіне қол жеткізу үшін полицейлер мен әскери қызметшілердің бірлесе күзетуі ұйымдастырылды.

2015 жылы облыстық автожолдарында 14 жол-көлік апаты тіркелді, адам өлімі жоқ, 43 адам жарақат алды. 2013 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда барлық үш көрсеткіш бойынша 12,5% өсу (2013г 32-1-41) белгіленеді. 2015 жылғы 11 айда осы көрсеткіштер бойынша төмендеуі белгіленеді – 15 жол-көлік апаты тіркелді, адам өлімі 1, 16 адам жарақат алды.

2015 жылы жол қауіпсіздігінің желілері бойынша әкімшілік полиция бөлімшесімен жол жүру ережесінің 1618 (2012ж. - 828) бұзушылығы анықталды, өсу 2 есе.

Құқық бұзушылықты алдын алу мақсатында қала бойынша 2011-2015 жылдары бақылаудың 6 бейнекамерасы орнатылды, оның 5 жылжымалы, 1 камера стационарлық, барлық камералар 2015 жылға дейін орнатылған. 2014 жылдың соңында Лисаков қаласына кіреберісте бейне бақылаудың интеллектуалды камерасы орнатылған, ол автокөлікті тіркеу нөмірі бойынша тіркейді.

2015 жылдың қорытындылары бойынша бейнебақылау арқылы ІІБ 15 түрлі қылмыстар (2014ж.-15) анықталды.

Сонымен қатар, бейнебақылау арқылы ІІБ 41 құқық бұзушылық (2013ж.-67) анықталды. Барлық құқық бұзушылар әкімшілік жауапқа тартылды.
Саланың дамыту жағдайының Swot-анализ:


Күшті жақтары (S):

1. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды қызығушылықтарын қорғау бойынша жағдайлар жасалды.

2. Қылмыстар туралы барлық өтініштер мен хабарламаларды толық тіркеу және есептеу.

3. 2015-2017 жылдарға арналған біреудің мүлкін ұрлауға қарсы тұру бойынша Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің бағдарламасын іске асыру.

4. Полиция қызметкерлердің қызметтік және әскери дайындық, соғысқа жарамдылық және кәсіптік деңгейін арттыру.


Әлсіз жақтары (W):

1. Ішкі істер органдардың негізгі қызметінде кәсіби кадрлардың кетуі және тұрақтамаудың өсуі.

2. Отбасы-тұрмыс саласында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша шаралардың жеткіліксіздігі.

3. Тұрмыстық маскүнемдік мәселелердің шешілмеуі, араққұмарлық және есіртікінің алдын алу.

4. Өмірдің қиын жағдайына тап болған тұлғалардың әлеуметтік бейімделуі және оңалту деңгейінің жеткіліксіздігі.

5. Полиция бөлімшелердің қажетті материалдық – техникалық қамсыздандыру деңгейінің жеткіліксіздігі және оқу базасының жоқтығы.

6. Жол қозғалыс ереже бұзушылықтардың өсуі.


Мүмкіндіктер (O):

1.Ақпараттық жүйе және мәліметтердің электрондық базасын жаңғырту және құру.

2. Террористік және экстримистік ұйымдардың мүшелерін айқындау және ұстау бойынша іс-шараларды өткізу.

3. «мектеп» полиция инспекторлардың институтын дамыту.

4. Полиция жасақтардың іс – әрекет жылдамдықтарын арттыру.

5. Қалада бейнебақылау жүйесін дамыту.




Қауіп-қатерлер (T):

1.Бірыңғай экономикалық кеңістік аумағында қылмыс топтардың белсенді нығаю қаупі өсуде.

2. Қазақстанмен іргелес мемлекеттерде тұрақсыз әлеуметтік – саяси жағдай көші-қон легінің өсуіне және олар жасаған қылмыстың ілесуіне мүмкіндік туғызады.

3. Экстримистік бағыттағы дәстүрлі емес ағындарды ұсынатын шетел дін таратушылар мен діни одақ қызметтер.

4. Халықтың түрлі топ арасындағы есірткіні және психотроптық заттарды пайдаланудың өсуі.


Негізгі мәселелер:

қоғамдық орындарда және далада қылмыстардың жоғары салыстырмалы салмақ;

жол қозғалыс қатысушылардың мінез-құлық мәдениетінің төмендігі;

бас бостандығынан айыру орындардан шыққан тұлғалардың әлеуметтік бейімделуі және оңалту толық жүйесінің жоқтығы.



Даму беталысы:

қоғамдық тәртіп саласында салауатты өмір салтын насихаттау, жол қозғалыс ережесін және заңнаманы сақтау мақсатында халық арасында түсіндірме жұмыстарын өткізу;

дүкендердің, кәсіпорындардың және ұйымдардыңтехникалық нығайту мәселелері бойынша жұмысты өткізу;

тәулік режиминде жол қозғалыс ереже бұзушылығының бақылау және автоматтық белгілеу жүйесін дамыту;

есірткеге қарсы насихаттауды дамыту, нашақорлықтың ерте алдын алу жүйесін құру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет