Бағдарламасы лисаков, 2016 жыл мазмұны паспорт



жүктеу 2.28 Mb.
бет7/12
Дата26.02.2018
өлшемі2.28 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарларының ауыртпалықтарын төмендету және алдын алу


Қала аумағында су тасқыны, тұрмыстық, өндірістік және ландшафтық өрттер және қыс мерзіміндегі төтенше жағдайлар болып тұрады.

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің қызмет көрсету радиусынан Лисаков қаласының аумағы ғана орналасқан. Октябрь кенті мен Красного селосының аумағында мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ. Олардағы өртке қарсы қорғау осы елді мекендерде орналасқан («Алюминий Казахстана» АҚ КБКБ мен «Шаймерден» АҚ сәйкесінше) қаланың ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының сәйкесінше қызметтері есебінен қамтылады.

2012 жылға Лисаков қаласының аумағында 2 төтенше жағдай тіркелді.

2010 жылы қалада өрттің 45 жағдайы, 50 аппаттық-құтқару жұмыстары, 153 жану жағдайы тіркелді. Өрттен адам өлімінің жағдайы тіркелмеген, 1 адам зақымданды. Өрт сөндіру қызметтері мен апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметшілері 6 адамды аман алып қалды, эвакуацияланды – 5.

Өрттен тиген алынған материалдық шығын 0,2 млн. теңге құрды, 2,0 млн. теңге сомасына мүлік құтқарылды.

2014 жылы өрттің 29 оқиғасы, апатты-құтқару жұмыстарының 29 оқиғасы, жанудың 144 оқиғасы тіркелді. Өрттен қаза болған адамдар жоқ. Өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлерімен 2 құтқарылды, 15 адам эвакуацияланды.

Өрттен тиген материалдық шығын 468,4 мың теңгені құрды, 442,0 мың теңге сомасына мүлік құтқарылды.

Мемлекеттің орман қорының 694 мың гектардан астамы орман өрттеріне шалдықты, жазық дала алқаптарында өртке шалдығу қауіп-қатерлері бар. 2010 жылы жалпы 3,4 гектар аумақта 2 орманды алқаптарда ормандар және 104 даланың өртену жағдайы тіркелді.

2014 жылы жалпы ауданы 1,2 га орман өртінің 1 оқиғасы тіркелді, даланың өртенуі тіркелмеді.

2015 жылы Лисаков қаласының аумағында табиғи және техногенді сипаттағы 4 төтенше жағдай тіркелді.

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың қаупін минимализациялау, өрттерді алдын алу, қала мен елді мекенде боран мен автодолдардың кептелу

жағдайында адамдарды эвакуациялау, сонымен қатар қыс маусымында қазандық құралдары мен өмірді қамтудың басқа объектілерінің үздіксіз жұмыс істеу мақсатында Лисаков қаласының төтенше жағдайларын жою жөніндегі іс-қимыл жоспары әзірленіп бекітілді.

Қала әкімдігінің басшылығымен және жедел әрекет ету жасақтарының, 13 қызметтің, ТЖ ҚБ ұйымының тікелей қатысуымен республикалық команда-штабтық оқу жүргізілді.

Тобыл өзеңінің ауданында төтенше жағдайларға жол бермеу мақсатында су-құтқару станциясы жұмыс істейді. Штатта 7 адам: басшы, 5 құтқарушы – сүңгуір, 1 медициналық бике. Нақты уақытта су-құтқару станциясында бес қайық бар: 4 моторлы, оның біреуі металлдан жасалған, үшеуі – резеңке, біреуі еспелі қайық. Құтқарушылар адамдарды құтқару үшін сүңгуір костюмдермен және құралдармен қамтылған, бейімделген жайларда орналасады, қызметті тәулік бойы атқаруға қажетті жағдайлар жасалған.

Төтенше жағдайлардың барлық спектріне төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдың аумақтық қалалық кіші жүйесі күштерінің шұғыл әрекет жасау деңгейі құтқару жүйесінің, оның ішінде: апаттық-құтқару қызметінің құрылымдарының хабарлау, ақпараттық қамтамасыз ету, техникалық жарақтандырылу талаптарына сәйкес.

Апаттар мен апаттық жағдайларға қарсы іс-әрекеттер және жою жөніндегі шаралардың кешені жеткілікті көлемде іске асырылмайды.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар мониторингінің жүйесі жеткілікті түрде дамыған.

Саланың дамыту жағдайының Swot-анализ:



Күшті жақтары (S):

1.Смс-хабарлама, теле және радио каналдарды пайдаланумен төтенше жағдайлар қаупі туралы қала халқын уақытылы хабарлау.

2. Тобыл өзені ауданында су құтқару станциясы бар.


Әлсіз жақтары (W):

1.Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қаупі және пайда болу кезінде халыққа толық көлемде жедел ақпаратты жеткізуде бар жүйенің қабілетсіздігі.

2. Апат және табиғи апат аймақтарда жергілікті орындаушы органдардың қалыптасуында және азаматтық қорғау қызметтерде төтенше құтқару жұмыстарын өткізу үшін қажетті жабдықтармен, құралдармен және саймандармен жабдықтау жеткіліксіз.


Мүмкіндіктер (O):

1. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы азаматтық қорғау және төтенше жағдай саласында білімді насихаттау бойынша кең ауқымды жұмысты өткізу, түрлі төтенше жағдайлар кезінде әрекет ережелер бойынша көрнекті құралдарды тарату.

2. Тасқын қауіпті учаскелерді инженерлік қорғау бойынша іс-шараларды өткізу.


Қауіп-қатерлер (T):

1. Қаланың ұйымдары мен мекемелерін өртке қарсы қорғау деңгейінің жеткіліксіздігі.

2. Төтенше жағдайлар болған кезде өзін ұстау ережесі бойынша халықтың әрекетсіздігі.


Негізгі мәселелер:

халықтың өрт қауіпсізідік ережелерін, суда өзін ұстау ережелерін сақтамау;

қала ұйымдары мен кәсіпорындарда өртке қарсы қорғаныс деңгейінің жеткіліксіздігі.

Даму беталысы:

табиғи сипаттағы төтенше жағдай мониторингінің даму жүйесі;

Лисаков қаласының төтенше жағдайларды жойдыру бойынша әрекет жоспарын дайындау;

республикалық командалық-штабтық оқуларға қатысу;

су құтқару станциясының тәулік бойы жұмыс істеуін және материалдық – техникалыұқ жабдықтау үшін жағдайлар жасау.

2.1.4 Лисаков қаласының инфрақұрылымдық кешенінің дамуын талдау

Байланыс пен коммуникация

Қазақстан Республикасы Президентінің «Орталық мемлекеттiк органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайынғы бағалау жүйесi туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына сәйкес Лисаков қаласында мына бағыттар бойынша іс-шаралар орындалды:

техникалық жарақтандыру;

Лисаков қаласы әкімі аппаратының ресми интернет сайтын жаңарту;

Жергілікті басқарушы органдардың компьютерлік техникалармен техникалық жабдықталуы 95%, Интернет желісіне кіру орташа өткізу қабілеті 1 Мb/s байланыс арналарында ұйымдастырылған.

Қалада Лисаков қаласы әкімі аппаратының www.lsk.kostanay.gov.kz ресми сайты қызмет істеуде. Порталда ақпараттық бөлім және интерактивтік қызмет (виртуалдық қабылдау, жаңалықтарға жазылу) бар.

Мемлекеттік электрондық қызметтер бөлімі жұмыс істеуде, қызмет көрсету спектрі – 9 ақпарттық-анықтамалық қызметтер көрсететін мемлекеттік органдардың қызметтің әртүрлі салалары бойынша 83 бөлім бар.

Әкімінің ресми порталына кіру– 57062 кіру (2010 – 2015 жж. аралығында).

2011 жылдың қарашасынан бастап қолданысқа Лисаков қаласы әкімінің ресми блогы енгізілді, ол Қостанай облысы әкімдігінің ресми порталында жұмыс істейді. 2015 жылдың аяғына 505 өтініш келіп түсті, олар бойынша барынша толық жауап берілді.

2011 жылдың қыркүйегінде аппаратта Электронды Құжатайналымының Бірыңғай Жүйесі (ЭҚАБЖ) енгізілді, ол электронды түрдегі құжатайналымын 100% ауыстыруға мүмкіндік берді.

2014 жылдың аяғына мемлееттік қызметшілермен ҚР Ұлттық куәландыратын орталықтың 11 электрондық сандық қолтаңбалары (ҚР ҰКО ЭСҚ) алынды.

Қойылған міндеттерді шешу үшін мынандай негізгі іс-шаралар іске асырылатын болады:

1. Қала деңгейде БТС ұйымдастыру және дамыту;

2. Компьютерлік, серверлік, желілік жабдықтарды және бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңарту, ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес облыс әкімдігінің серверлік торабын құру;

3. Лисаков қаласы әкімідігінің құрылымдық бөлімшелерінің электрондық құжатайналымын дамыту;

4. «Электрондық үкімет» компоненттерімен өзара әрекет;

5. Тұрғындарының арасында компьютерлік сауаттылық деңгейін арттыру;

6. Тұтастық және қол жетімділік өлшемдері бойынша АҚ жүйесінің тиімділігін бағалау әдісіне және ақпараттық қауіпсіздігі саясатына сәйкес қала әкімдігі мемлекеттік органдарында нормативтік-құқықтық актілерді бекіту;

7. ҚР Ұлттық куәландыру орталығының электрондық сандық қолтаңбаларын (ҚР ҰКО ЭСҚ) мемлекеттік қызметшілердің алуын ұйымдастыру.

Саланың дамыту жағдайының Swot-анализ:



Күшті жақтары:

Телекоммуникациялық қызметтердің дамыған жүйесі.



Әлсіз жақтары:

Халықтың сандық сауаттылық деңгейінің жеткіліксіздігі.



Мүмкіндіктер:

1. Интернет пайдаланушылардың үлесін арттыру.

2. Халықтың сандық сауаттылық деңгейін арттыру.


Қауіп-қатерлер:

1. Сымсыз байланыс түрлерімен ауыстыруға байланысты байланыс желілері белгіленген абоненттер санының төмендеуі.




Даму беталысы:

қаланың телекоммуникациялық инфрақұрылымды модернизациялау және дамыту;

мемлекеттік секторда ақпараттық технологияларды қабылдау тиімділік деңгейін арттыру.

Құрылыс

2012 жылы қалада 16 құрылыс кәсіпорын қызмет атқарды. 2012 жылдағы құрылыс жұмыстарының көлемі 2750,0 млн. теңгеге құрды.

2012 жылы барлығы тұрғын үйлердің қолданысына жалпы көлемі 2591 ш. метр енгізілді.

2012 жылы тұрғын үй құрылысына 201,0 млн. теңге инвестициялар, соның ішінде бюджеттік қаражат– 91,0 млн. теңге, халық есебінен – 110,0 млн. теңге бағытталды. Негізгі капиталға инвестициялар көлемінде тұрғын үй құрылысына жұмсалған инвестициялардың үлесі 1,8 құрайды.

2012 жылда тұрғын үй ғимараттарының жалпы көлемінің 1 шаршы метрінің нақты орташа құрылыстық құны 42,4 мың теңгені құрады.

2015 жылы орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 2801,6 млн. теңгені құрды, ол 2014 жылға 114,8.

Тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар 369 млн. теңгені құрды. 5007 шаршы метр тұрғын үй (2014 жылы 86,6) енгізілді.

2015 жылғы 11 айға құрылыс жұмыстардың көлемі 2288 млн. теңгеге орындалды. ИФО орындалған құрылыс жұмыстар 103,9% құрды. Тұрғын үй құрылыс саласында пайдалануға 5 мың шаршы метр тұрғын үй енгізіледі, 2014 жылғы кезеңіне сәйкесінше 775 ш.м. немесе 13,4 % төмен. Төмендеуі былай түсіндіріледі 2015 жылы тек қана жеке тұрғын үй құрылысы жүзеге асырылады, сондай ақ 2014 жылы жеке тұрғын үй құрылысынан басқа жеке 5 қабатты үй ауданы 4462 ш.м. енгізілген.

Құрылыс нарығында бәсекелестіктің дамуына кедергі жасайтын көптеген кедергілер бар, соның ішінде - халықтың салынған обьектілерге төмен төлеу қабілеттілікті сұраныс.

Саланың дамыту жағдайының Swot-анализ:



Күшті жақтары:

1. «Аймақтардың дамуы 2020» бағдарламасы аясында термомодернизация элементтермен көп қабатты тұрғын үйлердің жөндеуін өткізу.



Әлсіз жақтары:

1. Салынған объектілерге халықтың төмен төлем қабілеттіктері.

2. Жеке тұрғын үй құрылысына бөлінетін жер учаскелердің жеткілікті инфрақұрылымның қамсыздандырылмауы.


Мүмкіндіктер:

1. Жалға үйлерін салуға республикалық бюджеттен қаражат бөлу және оларға инженерлік коммуникацияларды жеткізу, өйткені екі жоба дайындалды.

2. Мемлекеттік-жеке серіктестік аясында жобаларды іске асыру.

3. Халықтың орташа тобын тұрғын үймен қамсыздандыру үшін тұрғын үй құрылысын және жалға үйлерді салуды дамыту.



Қауіп-қатерлер:

1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді алуға кезекте тұрған азаматтардың сандарының өсуі.

2Қаржы-кредиттік жүйенің тұрақсыздық күшіне құрылыс саланың стагнациясы.

3. екі жалғалық үйлерді салу бойынша (қаланың 7 ша.ауд. №10, №17) жобалық-сметалық құжаттама және үйлерге инженерлік инфрақұрылым 2012 жылғы желтоқсанда дайындалған болатын, жобалардың әрекет ету мерзімі 2016 жылы аяқталады, осыған байланысты жобаларды сапалы және толық іске асыру тәуекелі бар.



Негізгі мәселелер:

тұрғын үйдің жоғарғы бағасы массалық тұрғын үй құрылысының өсуін тежейтін фактор;

салынған объектілерге халықтың төмен төлем қабілеттігінің сұранымы;

мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді алуға кезекте тұрған азаматтардың сандарының өсуі;

екі жалғалы үйлерді (қаланың 7 шағын ауданында №10, №17) салу бойынша дайындалған жобаларды іске асыруға және оларға деген инженерлік инфрақұрылымға қаражат жоқ;

құрылыс индустрияның спецификалық мәселелерін есептемейтін «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының жетілмегендігі.



Даму беталысы:

«Аймақтардың дамуы 2020» бағдарламасы аясында термомодернизация элементтермен көп қабатты тұрғын үйлердің жөндеуін өткізу;

мемлекеттік-жеке серіктестік аясында жобаларды іске асыру.

Жолдар мен көлік

Лисаков қаласы Қостанй-Жітіқара трассасынан төрт килиметрде орналасқан.

Оның әкімшілік аумағында екі елді мекен бар: қаладан солтүстік-шығысқа 7 километрден орналасқан Октябрь кенті және Лисаков қаласынан 100 километрде Қамысты ауданының аумағында орналасқан Красногор селосы.

Октябрь кенті қаламен № 30 тұрақты қалалық марштур автобусымен байланысқан. Күнде жұмыс істейтін «Лисаков-Красногор» автобус хабарламасы бар. Тасымалдау жеке кәсіпкермен жүзеге асырылады. Бау бақша маусымында «Сады-1» және «Сады-2» маршруттарын ЖК Кинев М. көрсетеді. Белгіленген жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру конкурсы 2016 жылы 5 жыл кезеңіне өтті.

Жол ұзындығы 80,84 километр құрады, қала жолдарының 44% қанағаттандырмайтын жағдайда.

2010 жылы жолдардың ағымды жөндеуіне, квартал ішіндегі жолдарды жөндеуге, жаңа жол белгілерін, жаяу жүретін жол белгісін даярлауға және орнатуға жергілікті бюджеттен 45206 мың теңге бөлінді. Одан басқа, Ленин көшесі бойындағы (15 нүкте – 18 нүкте) жолды күрделі жөндеуді жалғастыруға 76007,5 мың теңге бөлінді. 13, 13а-шағын аудандарының ішкі жолдарын салу жүзеге асырылды. Құрылыс облыстық бюджеттен жалпы 150496,8 мың теңге сомасында дамуға бөлінген нысаналы трансферттер есебінен (2008-2010 жж) жүзеге асырылды.

2012 жылы Комсомольская көшесі бойындағы жолды реконструкциялау аяқталды, 47,2 млн. теңге (облыстық бюджеттен берілген трансферттер) игерілді.

Ауданы 2718 шаршы метрлік ішкі орам жолдары ағымды жөнделді, 12,6 млн. теңге игерілді. Жалпы 7,4 млн. теңге сомасына жолдар, жүріс, жаяу жүру жолдары ағымды жөнделді.

2014 жылы Моноқалаларды дамыту бағдарламасының шеңберінде 11183 мың теңге сомасына Лисаков қ. квартал іші жолдарының 2,2 мың ш. метрі және 5000,0 мың теңгеге Октябрь к. көшелерінің 1,1 мың ш.м. жөнделді. Одан басқа, жалпы 444835 мың теңге сомасына Мир көшесі бойындағы 1,2 км жолды реконструкцияланды және Сәтбаев көшесінің 0,6 км реконструкцияланды.

2015 жылы 3 жолдың орташа жөндеуі орындалды: Банковская, Парковая, Больничная көшелері және жалпы ауданы 16,9 мың.ш.м. астам квартал ішіндегі жолдарды жөндеу (республикалық бюджеттен берілген трансферттер). Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2.9 мың ш.м. қалада жолдарды ағымды жөндеу туындалды.

Саланың дамыту жағдайының Swot-анализ:


Күшті жақтары:

1. Республикалық маңыздағы жолдан 4 км. орналастырылған.

2. Моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында 2014 жылы қала жолдарын реконструкциялау, 2015 жылы үш жолды орташа жөндеу бойынша екі жобаны іске асыру.


Әлсіз жақтары:

1. Инфрақұрылымның негізгі тәсілдердің айтарлықтай табиғи және моральдық тозуы.

2. Үрдістердің инновация және автоматизацияны енгізудің төменгі деңгейі.


Мүмкіндіктер:

1. Мемлекеттік-жеке серіктестік механизмін дамыту.

2. Автомобиль жолдардың көлік-эксплуатациялық көрсеткіштерін жақсарту және олардың пайдаланушылық қажеттіліктерін арттыру.

3. Автомобиль жолдардың учаскелерінде реконструкциялау және күрделі жөндеуден кейін жөндеу аралық мерзімдерін сақтау.



Қауіп-қатерлер:

1. Лисаков қаласының 14 шағын ауданында квартал ішіндегі жолдарды салу, Коммунистическая, Пионерская, Темирбаева бойынша жобалық-сметалық құжаттама 2013 жылы дайындалған, жобалардың мерзімі 2016 жылы аяқталады, осыған орай жобаларды сапалы және толық іске асыру тәуекелі бар.

2. Бюджеттік қаржыландырудың қысқаруы.

3. Баға тәуекелдері.

4. Заңнамалық тәуекелдер.

5. Техногенді және экологиялық тәуекелдер.



Негізгі мәселелер:

жергілікті маңыздағы автомобиль жолдардың тозуы;

жергілікті маңыздағы жолдарды қалпына келтіру және оны ұстау бойынша ағымдағы шығыстарды қамсыздандыру үшін қаржыландырудың жеткіліксіздігі.

Даму беталысы:

жыл сайын жолдардың ағымдағы жөндеулерін өткізу;

жолдардың орташа жөндеулерін өткізу;

қала жолдарын салу, реконструкциялау бойынша инвестициялық жобаларды іске асыруға жоғары тұрған бюджеттен қаражатты бөлу мәселесін анықтап алу.



Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

Газбен жабдықтау

Қаланың газбен жабдықталуы ресейлік газ тасымалданатын магистралдық «Бұхара-Орал» магистральдік газ құбырынан, Қарталы – Рудный – Қостанай бұрылысы бойынша жүзеге асырылады. Бұл газ құбыры Ресей аумағында орналасқан және ішінара Қостанай облысының аумағы бойынша өтеді.

Қаланың елді мекендеріндегі таратушы газ құбырлары мен құрылыстар «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамының Қостанай өндірістік филиалының Лисаков газ шаруашылығының қызметінде орналасқан.

Қаланың әкімшілік аумағындағы газ құбырының ұзындығы 69,6километрді құрайды, соның ішінде жер асты газ құбыры – 39,6 км, жер үсті – 30,0 км. Қаланың бірінші, төртінші және он бірінші, он екінші шағын аудандарында тұрғын үйлерді газбен қамтамасыз ететін 4 газ тарату орны бар. 2016 жылғы 1 қаңтардағы абоненттердің саны 20601 құрды.

Қаладағы газ құбырларын жүзеге асыратын желі бүгінгі күні тек Лисаков қаласын табиғи газбен қамтуға мүмкіндік береді.

2014 жылы табиғи газды тұтыну көлемі 2013 жылмен салыстырғанда 4,5% ұлғайды және 61598,7 мың м.кубты (2013 жылы – 58956,8 мың м.куб.) құрды.

Октябрь кенті мен Красного селосы газдалмаған, тұрғындар коммуналдық-тұрмыстық қажеттілікке төмендетілген газды қолданады.

2015 жылы 2012 жылмен салыстырғанда таратушы газ құбырының ұзындығы 2,6 км ұлғайып 69,6 км құрды.

№3 өнеркәсіп аймағы (ЛЗЖБИ, ЖК Часовников, ЖК Ловицкий), 20-шағ.аудандағы бильярдная, «Кит» кафесі, «Алина» ЖШС, «Орда» кафесі, жылыжайлар, ЖК Салыкова, газдандырылды. 2016 жылы газбен қамту жүйесіне 4 абонент коттедждер қосылды:


  • 1-шағ.ауд. 17-үй (67 абонент)

  • 1-шағ.ауд. 71-үй (16 абонент)

  • коттедждер – 18 абонент.

2015 жылы қалалық бюджет қаражаты есебінен қаланың 6-шағын ауданындағы №11 тұрғын үйін (90 пәтер) газдандыру жұмысы жүріп жатыр.

Қостанай облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен 2015 жылы Октябрь кентін газдандыруға ЖСҚ әзірлеу жұмысы басталды. Болашақта облыстық бюджеттен газ желілерін құруға қаражат бөлу мәселесін бастамашылыққа алу жоспарланады.

Қаланың газбен жабдықтайтын кәсіпорындары тұрақты жұмыс істейді, алайда ресей газын жеткізу тәуелділігі коммуналдық қызмет тарифтерінің болдамдалмаған өсімі үшін шарт жасалады.

Саланың дамыту жағдайының Swot-анализ:



Күшті жақтары:

1. Пайдаланушыларды табиғи газбен қамсыздандыру мүмкіндігімен газ инфрақұрылымның дамуы.



Әлсіз жақтары:

1. Квартал ішіндегі желілерді газ таратушы орнытқылардың техникалық қалпының жеткіліксіздігі халықтың денсаулығы мен өмірлеріне қауып болып табылады.



Мүмкіндіктер:

1. Мемлекеттік-жеке серіктестік механизмін дамыту.

2. Октябрь к. жаңа абоненттердің қосылу мүмкіндігімен газ құбыры желілерін салу.

3. Осы оттың түрін пайдалануға жылыту қайнарын ауыстыру аймақтың экологиялық жағдайын айтарлықтау жол береді.



Қауіп-қатерлер:

1. Ресейлік газын жеткізу тәуелділігі коммуналдық қызметтерге болжамдалмайтын тарифтердің өсуі үшін жағдайлар жасайды.



Негізгі мәселелер:

Октябрь кентін, Красногор а. газбен жабдықтаудың болмауы;

Ресейлік газын жеткізіп беру тәуелділігі, коммуналдық қызметтерге болжамдалмайтын тарифтердің өсуі үшін жағдайлар жасайды.

Даму беталысы:

Октябрь кентін газдандыру;

Мемлекеттік-жеке серіктестік механизмін дамыту.

Электр энергиясы

Қаланың әкімшілік аумағын элетрмен қамтуды Лисаков қаласы әкімдігінің «Лисаковқалакоммунэнерго» ӨШБ МКК жүзеге асырады.

Электр энергияны тасымалдау KEGOK ұлттық желі бойынша шамамен 1500 км аралығында Екібастұз энергокешенмен жүзеге асырылады.

Қала бойынша электр энергиясын беру Лисаков қаласы әкімдігінің «Лисаковқалакоммунэнерго» ӨШБ МКК тығыздығы 10-6/0,4 кв электр берудің жеке желілері бойынша жүзеге асырылады, және тасымалдау көлемінің 10% «Межрегионэнерготранзит» ЖШС желілері бойынша жүргізіледі.

Электр желісінің жалпы ұзындығы – 218,379 км, соның ішінде кабельді желі – 91,71 км., әуе желісі – 126,6 км. Қала аумағында барлық үлгідегі ПС, РП, ТП, КТП 76 кіші станциясы бар.

01.11.2016 жылғы қалпы бойынша электр энергиясының желілері мен негізгі құралдарының тозу орташа пайызы – 28,13%, оның ішінде желілер 23,36%, бұл ретте – 11,8%, электр жабдығының тозуы 100%, құралдың 5%-ы 10% және кем де тозуы бар. Қолданыстағы электр шаруашылығының тозуы құралдар мен желідегі техникалық шығындардың апаттық тоқтау санын ұлғайтуға алып келеді. Желілер мен құралдарды одан әрі қолдану кәсіпорынның апаттарды жою бойынша маңызды шығыстарға алып келеді. 2012-2016 жылдар кезеңінде бір жылда желілердің жалпы ұзындығының шамамен 1,2% жөнделді, 2014 жылы электр беру желілерінің жалпы ұзындығының 5% жөнделді. Электр беру желісін қалпына толық келтіру және ЛЭП жақсы күйде қолдау мақсатында жыл сайын ұзындығынан кем дегенде 8,34% жөндеу қажет. Жүз пайыздық тозуы бар құралдарды ауыстыру қажет, себебі электр желі шаруашылығында моральды және табиғи ескірген құралдарды пайдалану құралдардың апатты тоқтануы мен желідегі техникалық шығындар санының ұлғаюына алып келеді.

Жыл сайын жоспарлы алдын ала жөндеу кестесіне сәйкес жарықтандыру желілерінің ең проблемалы учаскелерінің ағымды жөндеуін жүзеге асырады, бірақ жөндеудегі толық қажеттілікті қанағаттандыруға жеткіліксіз.

2014 жылы инвестициялық жобалар іске асырылған:

1. Лисаков қ. 12, 13, 13а шағын аудандарындағы көше жарықтындырудың сыртқы желісін салу.

2. Лисаков қ. КС-11-ден «Промплощадка» БТС-на дейін, КС-11-ден КС-4-ке дейін ЖЖ-10 кВ реконструкциялау.



Энергияны сақтау

2014 жылы облыстық мәслихаттың шешімімен «Қостанай облысының 2015-2020 жылдарға арналған энергия сақтау» өңірлік бағдарламасы әзірленді және бекітілді.

Қаланың электр энергияны тұтыну құрылымы тұтынудың негізгі үлесі өнеркәсіп кәсіпорындарын 70% астам келетінін, және электр сақтаушының маңызды шамасы орналасқан энергияны аса көп қажеттілік ететін сала болып табылатынын көрсетті.

2013 жылы Лисаков қаласы әкімдігінің «Лисаковқалакоммунэнерго» ӨШБ МКК электр энергиясын автоматтандырылған есебін және тарату мен тұтынуын бақылауды ұйымдастыру үшін электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматталған жүйесі (ЭКЕАЖ) енгізілді. Оның негізгі мақсаты электр энергиясын тарату және тұтынудың электрлік тәртіптерін тиімді басқаруды арттыру болып табылады.

Кәсіпорында электрді сақтау және өндірістік өнімнің нақты шығының төмендетудің тұрақты жұмыстары жүргізіледі. Электр ресурстарының шығынын төмендету іс-шараларының жоспары әзірленген.

Лисаков қаласы әкімдігінің «Лисаковқалакоммунэнерго» ӨШБ МКК электр сақтауды қамту бойынша шаралардың бірі есептеу құралдарын орнату болып табылады. Есептеу құралдарын орнату жұмыстары тұрақты жүргізіледі.

Солай, 2016 жылғы 1 қарашаға арналған жағдай бойынша коммуналдық қызметтерді жеке есептеу құралдарымен қамту келесі: ыстық сумен қамту бойынша – 96,3% (көрсеткіш 95,1% өсті), ауыз су бойынша – 94,0% (көрсеткіш 92,5% өсті).

Жалпы үйді жылу есеп құралдарымен қамту 24,6% (көрсеткіш 5,7% өсті), оның ішінде Лисаков қаласы бойынша – 49,2%, Октябрь кентінде 1,4 %.

Иесіз мүлікті коммуналдық меншікке беру жұмысы жалғасады. Солай, 2012 жылы Октябрь кентінде мемлекеттік коммуналдық меншікке 4,1 км иесіз электр желілері берілді.

2015 жылы кәсіпорында энергоаудит өткізілді. Электр мен жылу-жабдықтаудың тиімділігін арттыру іс-шаралары әзірленіп жатыр. Бөлек позициялар бойынша, мысалы жанар майды жағуды ұйымдастыру бірлестік тиімді болып танылды.

Саланың дамыту жағдайының Swot-анализ:


Күшті жақтары:

1. 220-500-1150кВ кернеулікпен дамыған электр беру желілерінің жүйе құрушы үлгісі. 2.Жедел диспетчерлік басқарманың орталықтандырылған жүйе.

3. Электр энергияның көтерме-бөлшек нарығының тиімді жұмыс атқару үшін нормативті-құқықтық базасы қалыптасқан.

Әлсіз жақтары:

1.Экономикалық жағдайдың нашарлау нәтижесінде даму бағдарламаларын бұрғылау, саланы қаржыландыруды қысқарту.




Мүмкіндіктер:

1. Жаңартылатын қайнарлардың болашақ дамуы.

2.Электрмен жабдықтау объектілерді жаңғырту.


Қауіп-қатерлер:

1. Электрмен жабдықтау желілердің тозуын арттыру.



Негізгі мәселелер:

экономикалық жағдайдың нашарлау нәтижесінде даму бағдарламаларын бұрғылау, саланы қаржыландыруды қысқарту.



Даму беталысы:

энергияны үнемдеу саясатын насихаттау;

электроэнергия шығының автоматтандырылған есептейтін жүйені дайындау және енгізу, жүйені реттеу.

Жылумен жабдықтау

Лисаков қаласында жылумен қамту қызметін Лисаков қаласы әкімдігінің «Лисаковқалакоммунэнерго» ӨШБ МКК көрсетеді.

Қала мен Октябрь кентінде орталықтандырылған жылумен қамту жүзеге асырылады. Қалада электрмен жабдықтау қуаттылығы 413,4 Гкал/сағ және Октябрь кентінде қуаттылығы 90 Гкал/сағ қазандық орталықтандырылған жылу орталығы бар. Сондай-ақ Октябрь кентінде пеш жылыту– 312 үй, немесе жалпы үй санынан 22,9% қолданылады.

Красногор селосында орталықтандырылған жылумен қамту жоқ, тұрғындар пеш жылытуын қолданады. Красногор негізгі мектеп ғимараты мектеп қазандығымен жылытылады.

Біріктіру балансында тұрған жылу желілердің жалпы ұзындығы 111,53 км, соның ішінде: магистралдық – 38,2 км, таратушы – 73,3 км құрайды.

Желілердің орташа тозу пайызы және жылу энергиясын өндіру және тапсыру бойынша негізгі құралдың барлық кешені – 47,88% (58% деңгейінен төмендеу), оның ішінде жылу желілері – 48,82% (деңгейінен төмендеу 77%), бұл ретте жабдықтың 1,7% 100% тозған (77%төмендеу).

Қазандық құралының орташа тозу пайызы 35,5% құрайды (төмендеу 52,4%). Барлық қазандар Лисаков қаласы қазандығы бойынша 2021 жылға дейін және Октябрь кенті қазандығы бойынша 2018 жылға дейін қызмет мерзімін ұзарту арқылы арнайы ұйымдардың тексеру рәсімінен өтті. 2016 жылы мамандырылған ұйымды қатыстырумен стац.№1, 2, 4 үш су жылытқыш қазандықтарға жоспарланған толық куәландырулар өткізілді (ішкі қарау және гидравликалық сынау). Алайда, қазандықтың жұмыс қабілетін қолдау және сенімді жұмыспен қамту үшін су жылытатын қазандарға кесте бойынша жылыту үстін және коллекторларды ауыстыру арқылы күрделі жөндеу қажет.

2012 жылы Моноқалаларды дамыту бағдарламасының шеңберінде ПТВМ-100 №4 қазандық күрделі жөнделді, 20,3 млн. теңге жұмсалды.

2013-2014 жылдары Моноқалаларды дамыту бағдарламасының шеңберінде ПТВМ-100 №3 қазандық күрделі жөнделді, 80 млн. теңге жұмсалды.

Лисаков қаласы, Октябрь кенті қазандықтарының жылу көздері үшін жылытудың негізгі түрлері Ресейден алып келінетін табиғи газ болып табылады. Табиғи газдың бағасы әрқашан өседі, ол жылумен қамтитын кәсіпорындардың қаржылық жағдайын қауіпке төмдіреді. Табиғи газды шектеген немесе тоқтатқан жағдайда қазандықтар резервті жылыту-мазутқа ауысады. Алайда, мазутты алып келуге қажетті темір жол учаскесі апаттық жағдайда. Осы уақытта қазандықтағы мазут қоры жоқ, оны жеткізудің балама әдісі жоқ. Нақты уақытта қазандықта мазут қоры жоқ, оны жеткізудің балама әдісі жоқ.

Қазіргі уақытта жылыту қорының өлшемі Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің электрэнергетика департаментінде орнатылған тәртіпте бекітілген және 10 күнде 973 тонна құрайды. Кәсіпорында барлығы 1199,961 тонна сақтауда олардың ішінен меншік қоры 531,638 тонна құрайды, мемматқоры – 668,323 тонна.

Саланың дамыту жағдайының Swot-анализ:



Күшті жақтары:

1. Күрделі жөндеуді талап ететін желілердің үлесін төмендету.





Әлсіз жақтары:

  1. Саланы қаржыландыруды қысқарту экономикалық жағдайдың нашарлау нәтижесінде даму бағдарламаларын тұжыру.

  2. Үлкен энергия тұтынумен ескірген жабдық.

Мүмкіндіктер:

1. Болашақта дәстүрлі емес жылыту қайнарларын дамыту.

2. Бір орталықтан жылыту саласында жаңа технологияларды енгізу (алдын ала оқшаланған құбырлар). Энергияны пайдалану үшін энергия сыйымды жабдықты орнату.

3. Мемлекеттік қолдау («2020 жылға дейін аймақтарды дамыту» бағдарлама).

3. Жылумен қамтамасыз ету объектілерді жаңғырту.

4. Энергияны үнемдеу саясатын насихаттау.



Қауіп-қатерлер:

1. ЖЭО орнатылған және қолдағы қуаттылықтың жаппай қысқару мүмкіндігі, қазандықтардың қуаттылық шығуы, негізгі қорлардың жоғары дәрежелі тозумен байланысқан апатты жөндеуде жылыту қайнар агрегаттардың бос тұруы.



Негізгі мәселелер:

желілердің жеткіліксіз жаңғыртылуы және жылыту энергетикалық кәсіпорындарды жабдықтау; (Энергоаудитті жасау бойынша жылыту желілерінде оқшауланған құбырды пайдалану ұсынылды, бірақ бағасы жоғары болғандығынан осы жоғары тиімді материалдарды пайдалану мүмкін емес).

табиғи газ бағасының өсуі – негізгі қазандықтардың жылыту қайнары;

объектілерді жөндеуге бағытталған мемлекеттік инвестициялардың қысқарылуы.



Даму беталысы:

бір орталықтан жылыту саласында жаңа технологияларды енгізу;

қазандықтарды күрделі жөндеу;

Сумен жабдықтау

Қала тұрғындары толық орталықтандырылған сумен жабдықталумен қамтылған. Октябрь кентінде орталықтандырылған сумен жабдықталған және шамамен үйлердің 17% ішінара – лицензияланған (алып келінетін газ).

Красногор селосында орталықтандырылған сумен жабдығы жоқ, тұрғындар жеке құдықтардағы суды пайдаланылады. Құдықтырдағы су сапасы санитарлық нормаларға сәйкес келеді, құдықтағы су таусылып келеді.

Сумен жабдықтау көзі Лисаков қаласы үшін Жоғарғы-Тобыл су қоймасы және Октябрь кентінде Козырев су қоймасының скважиналары болып табылады.

Су құбыр жүйелерінің жалпы ұзындығы 154,2 км құрайды, олардың ішінде магитралды желі – 84,2 км.

Негізгі инженерлік коммуникациялық және ауыз суды даярлау және жеткізудің техникалық құрал пайызының негізгі тозуы 30,62% құрайды (көбеюі 30,2%- норматив шамасындағы көбеюі). Су құбыры желілердің орташа пайызы - 38,11%. Тозу деңгейінің төмендеуі 2013-2015жж. Лисаков қаласы әкімдігінің «Лисаковқалакоммунэнерго» ӨШБ МКК балансына басқа ұйымдардың - 4928,6 қ.м. желісін, сондай-ақ жаңадан салынған (Октябрь кенті – 6,336 қ.м. – 2013 жыл) желілерді берумен белгіленді.

Қолданыстағы желілер жыл сайын жалпы ұзындығының 6% жөнделді (алға шығумен), олардың ішінен бюджет есебінен 4,4%. Негізгі жабдықтар мен желілердің тозу пайызы 100% одан 1,1% (төмендеу 6,8%).

Осындай техникалық күйдегі су құрыбыры мен канализация желісін одан әрі қолдану жеке апаттар мен екпініне алып келеді. Су құбырының магистралдық және таратушы желілерінің аппаттық растау одардыжою бойынша кәсіпорынның маңызды қаржылық шағындарына алып келеді.

Қолданыстағы техника (көлік, арнайы техника) мен жабдықтар пайдаланудың қолданыстағы нормаларын жинақтады, ол инженерлік коммуникацияларда апаттарды жедел жоюға мүмкіндік бермейді. Жаңа УАЗ – апатты машина, Газ 3307 базасында вакуумды машина сатып алынды, пісіру генераторларын, экскаваторларды және с.т. ауыстыруды қажет етеді.

Кәсіпорынның жабдықтары мен арнайы көліктерді қалпына келтіру және жаңартудың күрделі жөндеуінің өткір қажеттілігі шешілмеді.

2007-2010 жылдары республикалық бюджет есебінен қаланың 20-шағын аудандағы су құбырының, канализацияның, байланыс, электрмен жабдықтаудың сыртқы желілерін салу жүзеге асырылады, игерілу – 43,3 млн. теңге.

Жергілікті бюджет есебінен қаланың 13, 13а-шағын аудандарындағы су құбыры мен канализация желілерін қалыптастыруға, салуға 2006-2007 жылдары – 29,3 млн. теңге игерілді.

«Ақ Бұлақ» бағдарламасы бойынша 2011 жылыЛисаков қаласының 12, 14, 24-шағын аудандарында су құбырының сыртқы желілері салынды, шығыстар 72,5 млн. теңгені құрды.

2012 жылы 3 жоба іске асырылды:

Лисаков қаласы Октябрь кентінің шығыс бөлігінде ауыз су құбырын тарату салу – 93,3 млн. теңге;

Лисаков қаласы Октябрь кентінде су құбырының тарату желісін реконструкциялау – 46,5 млн. теңге;

Лисаков қаласының (Мир, Темірбаев, Больничная көшелері бойында) су құбырының тарату желісін реконструкциялау – 21,2 млн. теңге.

Шығыстардың жалпы сомасы 161 млн. теңгені құрды.

2016 жылы бюджеттік қаражат есебінен жобалар басталды.

2016 жылы Лисаков қаласы Октябрьский ауылының бірінші көтермелеу сорғысы мен екінші көтермелеу сорғысы арасындағы ішуге жарайтын су таратқышта Тобыл өзені арқылы дюкерді реконстукциялау;

Жобаны аяқтау мерзімі 2017 жылы тоннелдерді жөндеуменЛисаков қаласындағы Верхнетобольский гидроторабының су қабылдайтын мұнарасын реконструкциялау

Жобаны аяқтау мерзімі 2017 жылы Октябрьский ауылының су құбырларын реконструкциялау;

2012-2015 жылдардың кезеңінде кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің қорытындылары бойынша табыс – 14247,9 мың теңге алынды.

2013 жылы кәсіпорын– 21944,3 мың теңгеге шығынды жұмыс істеді.

2014 жылдағы жұмыс қорытындылары бойынша – Лисаков қаласы әкімдігінің «Лисаковқалакоммунэнерго» ӨШБ МКК 7225,1 мың теңге сомасында табыс алынды. 2015 жылы пайда – 4619,0 тыс.теңге.

Кәсіпорында төмен еңбекақыға сәйкес кадрлардың тұрақтамаушылығы байқалады, орта буынды жұмыскерлер мен білікті жұмысшылардың үлкен қажеттілігі бар, бұл ретте техникалық және кәсіби мамандық оқу орындарының түлектері, ТҮКШ саласындағы реңсіз, төмен еңбекақы түрінде экономиканың басқа салаларына орналасуға келеді.

Саланың дамыту жағдайының Swot-анализ:


Күшті жақтары:

1. 2020 жылға дейін аймақтарды дамыту бағдарламасы аясында сумен жабдықтау бойынша жобаларды іске асыру.

2.Бір орталықтан сумен жабдықтауға халықтың қол жетімділігін арттыру.


Әлсіз жақтары:

1.Сумен жабдықтау объектілер мен желілердің үлкен тозуы және салдары ретінде – апаттар, жоғалулар.

2.Бар сумен жабдықтау жүйелерін реконструкциялауда мемлекеттік және жеке инвестициялардың жеткіліксіздігі.

3. Сумен жабдықтау қызмет көрсететін коммуналдық кәсіпорындардың көбісі қызметтерге бар тарифтер жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары үшін қажетті шығындарды өтемейді.

4. Сумен жабдықтау және су тарту жүйелерінің қызмет көрсету бойынша кәсіпорындардың жеткіліксіз материалдық-техникалық жабдықталуы.


Мүмкіндіктер

1.Аумақ халқын сапалы ішетін сумен қамсыздандыруды арттыруға жол беретін 2020 жылға дейін Аймақтарды дамыту бағдарламасын болашақта іске асыру.

2. Тұщы жер асты сулардың жаңа кен орның игеру.

3. Сумен жабдықтау жүйелерінің техникалық қалпын жақсарту.



Қауіп-қатерлер

1. Табиғи тозу себебі бойынша жабдықтың мүмкін істен шығуы.

2. Қаржыландырудың жеткіліксіздігі, ұзақ мерзімді эксплуатация нәтижесіндегі болған сумен жабдықтау объектілердің қанағатсыз техникалық қалпы..


Негізгі мәселелер:

сумен жабдықтау желілердің жоғарғы деңгейлі тозуы;

төмен жалақыға байланысты кадрлардың тұрақтамауы;

«Лисаковқалакоммунэнерго» МКК ӨШБ кәсіпорнында жабдықтарды және арнайы көлікті күрделі жөндеу, реконструкциялау және жаңарту қажет.



Даму беталысы:

жаңа тиімді технологияларды енгізу;

Аумақ халқын сапалы ішетін сумен қамсыздандыруды арттыруға жол беретін 2020 жылға дейін Аймақтарды дамыту бағдарламасын болашақта іске асыру.

Электрэнергияны пайдалушылар үшін тараптар бойынша АСКУЭ 0,4 енгізу

жылу бойынша АСКУЭ енгізу

қазандық агрегаттарын газо газоанализаторлармен қамтамасыз ету.


2.1.5 Экология и жер ресурстары.


Жер ресурстарын қорғау

Қаланың жер қоры жер қатынастары бөлімінің деректері бойынша 14505 гектарды, немесе Қостанай облысы аумағының 0,07 % құрайды. Жер қорының құрамына Лисаков қаласы мен Октябрь кентінің жерлері қосылған. Красного селосы әкімшілік Лисаков қаласының құрамына кіреді, алайда аумақтық Қамысты ауданының жерінде орналасқан.

Жер қорының құрылымы жер санаттары бойынша мынандай түрде көрсетіледі:

елді мекендердің жерлері – 7465 га;

өндіріс, көлік, байланыс, қорғау және басқа ауыл шаруашылық емес белгідегі, жерлердің негізгі санатын құрайтын жерлер – 3778 га;

мемлекеттік қор жерлері – 1980 га.

Тау-кен саласы кәсіпорындарының қызметтері тасталған, бұзылған жерлердің үлкен аумағына, аршынды жыныстар, үйінділер, сусымалы заттар және атмосфераны ластаушы тастанды заттар сияқты басқалар түрінде қалыптасқан қалдықтардың үлкен көлеміне байланысты.

Сонымен қатар қала кәсіпорындарында жыл сайын өндірістік қалдықтар пайда болады, олардың көбісі тау-кен кәсіпорындарынан қалыптасады.

Бұзылған жерлердің құнарлығын қалпына келтіру, сондай-ақ жердің басқа да пайдалы ерекшелігін қалыптастыру және арттыру және оны уақытында шаруышылық үрдісіне тарту жер ресурстарын қорғауға себепші болады.

Тау-кен өнеркәсібінің кәсіпорындарында кестеге сәйкес жерлердің құнарлығын техникалық қалпына келтіру орындалып жатыр, ол жерді айналымнан шығаруға жол бермеуді қамтиды және бұзылған жер ауданың қысқартады.

Су жинайтын-буландырғыштарға, су бөгеттеріне, қоқыс үйінділеріне байланысты жерлердің құрғауының алдын алу үшін және су астындағы, жер бетіндегі суларды ластаудан сақтау үшін «Өркен» ЖШС ЛФ кәріздік суды сору және апаттық су бөгеттері жөнінде шаралар қабылданды. «Алюминий Казахстана» КБКБ АҚ кәсіпорны және «Шаймерден» АҚ тосқауыл суларын бұру және сору бойынша жұмыстары жүргізіледі.

Атмосфералық ауаны қорғау.

Атмосфералық ауа қоршаған ортаның маңызды және басты құрамдауышы болып табылады, оның жағдайы айтарлықтай өңірлік климаттық жүйеге әсер етеді.

Ауаның ластануын төмендету үшін жасыл отырғызулардың айтарлықтай рөлі бар. Жыл сайын ағаштардың бұталарын отырғызу жүзеге асырылады. Қаланың орман аладары мен саябақтары ауаның температурасына, ауа ылғалдылығына және жел жылдамдығына ықпал етеді, ауаның шаңдық ластануын тоқтатады.

Ірі қазандықтармен отын ретінде табиғи газ қолданылады.

Лисаков қаласының атмосфералық ауасын ластаудың негізгі көзі тау-кен саласының кәсіпорны болып табылады.

Тосқауылдар, үйіндер, қалдықтар қоймасы, тосқауыл жолдары, сусымалы материалдар қоймасы шаңның пайда болу көзі болып табылады.

Одан басқа, «Оркен» ЖШС ЛФ өндірілген кенді байытады, оларға ұсақтау және құрғату процессі кіреді. Кәсіпорын шығарымын төмендету мақсатында аспирациялық құралдарды жөндеу және жаңарту жұмыстары көзделген, сондай-ақ шаң қосуды тосқауыл жолдарына су құю және кенжарларды суғару жолымен төмендету.

Атмосфераны ластайтын заттардың шығуын төмендету мақсатында кәсіпорынмен ауа қорғаудың бір қатар іс-шаралары әзірленді, соның ішінде газ тазарту құралын жөндеу. Дөңгелектелген өндіруде шағын күкіртті кенді кен қолдануды өзіне қосатын өнім жаңартылады, ол да ластайтын заттарды шығаруды төмендейді.

Лисаков қаласының өзіндік желдері, негізінде қыс кезеңінде оңтүстік-бағыт және батыс бағыты – жазғы кезеңде. Желдер атмосфераның табиғи желдеткішінің рөлін орындайды. Қала құрылыстары көбінесе ауа айналымына бейімделген: көшелер оңтүстік-батыс және солтүстік-батыс бағытына бағдарланған. Өнеркәсіптік кәсіпорындар негізінде қаланың солтүстік және солтүстік батысында орналасқан. Олардың шығулары қаланың селитебті бөліктерінің ауа бассейінің аз-маз ластайды.

Қалада жоғары немесе төтенше жоғары ластану жағдайы тіркелмеген.



Су ресурстарын қорғау

Қала жеткіліксіз түрде ылғалданбаған аймақта орналасқан және атмосфералық жауын-шашынның орта жылдық мөлшері 240-280 мм құрайды. Өңірдің басты сумен жабдықтау көзі Тобыл өзеңі болып табылады Гидробиологиялық талдаулар Тобыл өзеңі, су бөгеттері мен көлдер өздерінің ластану деңгейі бойынша екінші сыныпқа жатады, яғни таза болып табылады.

Қалада жылына 1973 мың текше метр қуаттылығы бар 2 тазартатын құрылыстар қызмет етеді. Олардан тазарған ағын сулар биологиялық тазалау станцияларына түседі. Тазалау құрылыстары қолданысқа 1970 жылы енгізілген және күрделі жөндеу жүргізуді талап етеді.

Өндірістік қалыптасқан ағын судың көлемі жыл сайын өнеркәсіптік кәсіпорындарының қуатылықтары ұлғаюға байланысты өседі. Өнеркәсіптік кәсіпорындарынан су қоймауына шығарылатын барлық сулар нормативті-таза болып табылады, жалпы салмақта шектеулі жол берілетін түсірілімдерден аспайды және су қоймасының сапалы құрамына шағымсыз әсер етпейді.



Өндіріс қалдықтарын пайдалану және тұтыну.

Қоршаған ортаның сапасын жақсарту үшін қалдықтарды жинау деңгейін тұрақтандыру қажет. Ол үшін Лисаков қаласында шағын, орта және ірі бизнес кәсіпорындарында өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды есепке алу қажет. Негізгі тұрмыстық қалдықтардың салмағы, компоненттерге бөлусіз, шығарылады және ашық қоқыс тастайтын жерде жиналады. Лисаков қаласының әкімшілік аумағында ҚТҚ 2 полигоны (Лисаков қаласында 1 және Октябрь кентінде 2) жұмыс істейді. ҚТҚ орналастырудың алатын аумағы – 49,8 га.

Тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығаруды 6 кәсіпорын жүзеге асырады. Қалдықтарды жинау бірыңғай орталықтандырылған жүйе бойынша арнайы автокөліктер арқылы жүргізіледі, бұл қоршаған ортаны қорғау қызметтеріне қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару және орналастыру, олардың қоршаған ортаға әсерін қадағалауға мүмкіндік береді.

Алайда, тұмыстық қалдықтарды жинау, сақтау, қолдану және қайта өңдеу жүйесін жетілдіру атмосфераның, жер бедерінің, су үст мен астының ластануына алып келеді. Оның нәтижесінде стихиялық қоқыс тастайтын жерлер пайда болу және ұйымдастырылған қоқыс тастайтын жерде техникалық көмулерді сақтамау есебінен жағымсыз санитарлық-гигиеналық жағдай пайда болады. Қалада салдарды жою үшін жыл сайын айлық санитарлық тазалау мен абаттандырулар жүргізіледі.

2009 жылы 2 рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жер жойылды.

Қызмет ететін ҚТҚ санитарлық және экологиялық талаптарға сәйкес келеді.

2012 жылы 2 рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерді жою жұмыстары жүргізілді, 10480 м3 қоқыс жойылды, 7,9 млн. теңге игерілді.

2013 жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Красногор селосынан қоқысты шығаруға 280 мың теңге бөлінді, 90 м3 қоқыс жойылды.

Лисаков қаласында «Илин» ЖШС кәсіпорын базасында қатты тұрмыстық қалдықтарды іріктеу жұмыстары жүргізіледі. Пластмасса қалдықтарын ұсақтау құралдары сатылып алынды, соның ішінде: мемлекеттік мекемелердің өңдірілген шприцтері. Келешекте алынған пластмасса полимер тас төсеуіштерді өңдіруде қолданылады. ҚТҚ полигон алаңы – 26,1 га.

Қалдықтар сипаты улы емес, ұшпалы емес, ерімейтін. Жылдық көлем - 8000 м3.

Красногор селосында ҚТҚ полигоны жоқ. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын қайта құрудан кейін оларды ұстауға Экологиялық талаптар мен нормативтік-санитарлық ережелерді бұзу рұқсат етілмеген жерлерлі қоршаған ортаны ластау көздеріне қалдық жинау орындарына айналдырады. Ауылдық жерлерде қоқыс үйінділері жер, су, ауа, ауаны ластау және өрт ошақтарының көздері болып табылады.

Рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерді жою, бұдан әрі олардың пайда болуына жол бермеу, қатты тұрмыстық және басқа да қалдықтармен ластау нәтижесінде бұзылған жерлердің топырақ құнарлығын уақытында қалпына келтіру жұмыстары жалғастырылады.

По результатам текущих инструментальных замеров радиационную обстановку в городе можно квалифицировать как относительно спокойную.

Радиациялық қауіпсіздік.

Ағымдағы инструменталдық өлшемдер нәтижесінде қалада радиациялық жағдайды жайлы деп айтуға болады.

Радиациялық фон норма шеңберінде, экспозиция өлшемінің қуаттылығы (ЭӨҚ) ұйырымды 0,60 мкЗв/сағ орташа 0,12 мкЗв/сағ (сағатына микрозиверт) құрайды.

Өңірдің радиациялық фонының төмен деңгейі алғашқы қолайлы геологиялық жағдайларға, уран өндіру өнеркәсібінің, уран мен тау-кен химиялық өнеркәсібінің жоқтығына байланысты.

Қызметшілерді өлшеммен жүктеуді бақылау және ортаға ортада радиациялық ластанудың болуы тау-кен өнеркәсібі кәсіпорындарының радиациялық қауіпсіздік қызметтері жүзеге асырады.

Сынап құрайтын шамдарды (бұдан әрі – СҚШ) өндіруді және «Экосфера» ЖК пен «Альтернитива» ЖК Әбдіхакімов Р.Ұ. кәсіпорнымен өнімдерді жинау, сақтау және қайта өңдіру жалғасады.

2015 жылы қала кәсіпорындары мен мекемелерден 4017 істен шыққан СҚШ жиналды және демеркурилирленді, соның ішінде: мемлекеттік мекемелерден – 300 бірлік. Нақты бағыттағы жұмыстар жалғасады.

Флора мен фаунаны қорғау.

Қаланың орманды жер қорының жалпы аумағы 694 гектарды құрайды, орманды жерлер 334 гектар. Қаланың негізгі орман қоры (694 га) Таран орманшылығында орналасқан.

Ауа ластауын төмендету үшін маңызды рөлді жасыл екпелер атқарады. Орман жолақтары мен парктер ауа температурасына, ауа дымқылдығы мен жел жылдамдығына әсер етеді, ауаның шаңнан ластануынан қорғайды.

2012 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен 2,0 млн. теңге сомасына ағаштар мен бұталардың 435 бірлігі отырғызылды. «Уста плюс» ЖШС қаражаты есебінен көшеттердің қосымша 1967 бірлігі отырғызылды.

2015 жылы «Уста плюс» ЖШС, үй-жай иелерінің кооперативтерімен және қала кәсіпорындарыменағаштар мен бұталардың 1390 бірлік көшет отырғызылды.

Қала аумағында ауданы 9,7 млн.м.куб Тобыл өзені, Қызыл-Жар су қоймасы бар

Жануарлар әлемін жануарлардың 334 түрі: оның ішінде сүтқоректілер – 44, құс – 261, амфибиялар – 3, рептилиялар – 3 және балықтар – 23 түрі қамтиды.

Саланың дамыту жағдайының Swot-анализ:



Күшті жақтары:

1.Өнеркәсіптік өндіріс көлемінің өсу жағдайында тұрақты экологиялық жағдай.

2.Жыл сайын табиғат – пайдаланушы – өнеркәсіптермен табиғат қорғау іс-шараларын орындау.

3.Сынап бар құралдар мен бұйымдарды жыл сайын жинау және демеркуризациялау (қайта өндеу).



Әлсіз жақтары:

1.Қалдықтарды өндеудің аз көлемі.

2. Өндірістік кәсіпорындардан ластайтын заттардың қалдықтарын тазарту бойынша тазартқыш құралдардың жеткіліксіз тазарту тиімділігі.


Мүмкіндіктер:

1.Қалдықтарды екінші қайтара өндеу және кәдеге жаратуды енгізу.

2.Азаматтарда табиғат қорларын пайдалануға саналы қарым-қатынасты қалыптастыру.

3.Кәріз тазалау құрылғыларын реконструкциялау, жаңғырту, күрделі жөндеу.

4.Қаланың аймағында энергия тиімділігі мен энергеяны үнемдеу саясатын іске асыру.

5.Аумақтың жас көшеттер ауданың ұлғайту және табиғат эко жүйесін сақтау.



Қауіп – қатерлер:

1.Өнеркәсіптік, улы және тұрмыстық қалдықтардың жиналуының жалғасқан тенденциясы, сонымен қатар екінші қайтара өндеу және кәдеге жарату технологиялардың жоқтығы.

2. Тазартқыш құралдардың жеткіліксіз жаңғырту жағдайында экологиялық жағдайдың нашарлауы.

3. Өндірістік қалдықтарды шығару атмосфералық ауаны ластайды.

4.Дала өрттері.


Негізгі мәселелер:

өндірістік кәсіпорындардан зиянды заттардың қалдықтарын тазарту бойынша тазартқыш құралдардың жеткіліксіз тазарту тиімділігі;

қалдықтарды өндеудің аз көлемі;

дала өрттері.



Даму беталысы:

жас көшеттерді отырғызуды арттыру;

өндірістік кәсіпорындармен тазартқыш ғимараттарды күрделі жөндеу және реконструкциялауға шығындарды арттыру;

кәріз тазалау құрылғыларын жаңғырту, реконструкциялау, күрделі жөндеу.


2.1.6 Мемлекеттік қызметтер


Мемлекеттік қызмет көрсетуде қол жетімділікті қамтамасыз ету және сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың артықшылық бағыттарының бірі болып қалады.

Жоғары сапалы мемлекеттік қызметке барлығы үшін ашық және тен қол жетімділік мемлекеттік органдардың алдында мемлекет Басшысымен қойылған негізгі міндеттердің бірі болып табылады.

2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызмет тізімдемесіне сәйкес Лисаков қаласы әкімідігінің мемлекеттік мекемелермен қызметтің 85 түрі көрсетіледі.

«Бірі терезе» принципі бойынша мемлекеттік қызметті қол жетімді алу үшін қалада Халыққа қызмет көрсету филиалы жұмыс атқарады.

2015 жылға Лисаков қаласы әкімдігінің мемлекеттік мекемелерімен 13 873 мемлекеттік қызмет көрсетілді, олардың ішінен:

- 7 753 (55,8%) мемлекеттік қызметтер мемлекеттік органдарда қағаз түрінде көрсетілді.

- 5 464 (39,3%) мемлекеттік қызметтер мемлекеттік органдармен халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілді.



- 656 (4,7%) мемлекеттік қызметтер «электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілді.

2015 жылға ресми мәліметтер бойынша білім беру саласында мемлекеттік қызмет көрсетуде орнатылған мерзімді бұзу 3 фактқа жол берілген, мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар түспеді.

Мемлекеттік қызметке халыққа тен қол жетімділікті қамтамасыз ету мақсатында Лисаков қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік қызмет» бөлімінде Лисаков қаласы әкімдігінің мемлекеттік мекемелермен жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Мемлекеттік қызмет тізімдемеге, тізбеге, мемлекеттік қызмет стандарттарға және регламентке сілтеме орнатылған.

Жергілікті атқарушы органдардың тиімді қызметін бағалау әдістеме талаптарына сәйкес ауданда мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мониторинг өткізіледі.

Саланың дамыту жағдайының Swot-анализ:


Күшті жақтары:

1.Жергілікті атқарушы органдарды инфокоммуникациялық инфрақұрылыммен жабдықтау. 2.Сапалы мемлекеттік қызмет көрсету мониторингін өткізу үшін негіздің болуы.

3.Бірыңғай электрондық құжатайналым жүйесі, Интернет-ресурстар, «Электрондық әкімдік» жүйесінің бар болуы.

4. Мүмкін қысқа мерзімде «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету.




Әлсіз жақтары:

1.Электрондық мемлекеттік қызмет тұтынушымен жауапты мемлекеттік органмен өзара әрекет тәртібін реттеу үшін нормативті – құқықтық базаның жетілмегендігі.

2. Халықаралық тәжірибенің жаңа үздік практикасын есептеумен мемлекеттік қызмет көрсету мониторингтің және сапа мен тиімділігін бағалау методологиясының жетілмегендігі.

3. Мемлекеттік органдардың әлсіз бағдарламалық және материалдық-техникалық қамсыздандыру.

4. ХҚКО «электрондық үкімет» порталы (қызмет алушылар білмейді қай жерден қызметті алуға болады ХҚКО немесе меморганда) арқылы балама негізінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жеке немесе заңды тұлғадар арасында талап етілген үлестің төмендігі

5. «электрондық үкімет» порталымен жұмыстың қиындығы.



Мүмкіндіктер:

1. Мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуда өңір тұрғындардың мүдделілігі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қанағаттанарлық деңгейін қамсыздандыру үшін инфрақұрылымның жеткілікті даму деңгейі бар.


Қауіп – қатерлер:

1. Ақпараттық жүйе және е-үкімет базалық компоненттер арасында дұрыс интеграциялық шинаның құрылуының жоқтығынан электрондық мемлекеттік қызметтерді ұсынуға ЖАО дайындықсыздығы.

2.Халықтың цифрлік сауаттылығы төмен. 3.Интернет желісіне шектеулі қол жетімділікке байланысты электрондық мемлекеттік қызметтердің сұрауы жоқ.


Негізгі мәселелер:

мемлекеттік органдардың әлсіз бағдарламалық және материалдық – техникалық қамсыздандыру;

халық үшін «электрондық үкімет» порталымен жұмыстың қиындығы;

Интернет желісіне шектеулі қол жетімділікке байланысты электрондық мемлекеттік қызметтердің сұрауы жоқ.



Даму беталысы:

Жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қанағатанарлық деңгейін арттыру.



Қала бюджеті

Қазақстанның әлем елдерінің аса серпінді дамып келе жатқандардың қатарын жылжу басымдықтарының бірі, Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында қаржыны басқарудың айқын және түсінікті жүйелерін жасаудың қажеттілігі анықтылған.

Осы уақытта, қойылған міндеттерге жету үшін жергілікті атқару органмен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджетті орындау бойынша бюджетке деген түсімдерді толық және уақытылы аударуды, нысаналы және бюджеттік қаражатты уаұытында орындауды қамту бойынша кешенді іс-шаралар қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет