Бағдарламасы мазмұны бағдарлама паспорты 1 II. Ахуалдың АҒымды талдауы 3



бет1/7
Дата27.04.2019
өлшемі1 Mb.
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7


МҰҒАЛЖАР АУДАНЫНЫҢ 2016-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН АУМАҚТАРДЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ
МАЗМҰНЫ


Бағдарлама паспорты 1

II. АХУАЛДЫҢ АҒЫМДЫ ТАЛДАУЫ 3

1.1 Аумақ экономикасы 5

1.1.2 Индустриалды - инновациялық даму 5

Инновациялар 5

Бағдарлама паспорты




Бағдарламаның атауы

Мұғалжар ауданының 2016-2020 жылдарға арналған аумақтарды дамыту бағдарламасы

Бағдарламаны әзірлеу үшін негіздеме

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығымен бекітілген «Елді аумақтық-кеңестікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасы, 2015-2019 жылдардағы үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы», ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1434 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасының негізгі Ережелері» ҚР Президентінің «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Жолдауы

Аймақтың негізгі сипаттамалары

Мұғалжар ауданы облыстың оңтүстік бөлігінде Елек өзенінің ағысында орналасқан. Аймақ облыс көлемінің 9,3 % болып табылатын 27,9 мың шаршы шақырым аумақты құрайды, халықтың 1 шаршы шақырым бойынша орташа тығыздығы-2,39 адам. Өңір облыстың 5 ауданымен атап айтқанда, оңтүстік-батысында Шалқар, Байғанин, Темір аудандарымен және солтүстік-шығысында Алға, Хромтау аудандарымен шектеседі. Ауданның 2015 жылғы 1 желтоқсандағы халық саны 67149 адам. Аудан орталығы – Қандыағаш қаласы, тұрғын халқы 32,9 мың адам. Ауданның әкімшілік құрылысы аудан орталығын қоса алғанда 3 кіші қалаға, 12 ауылдық округтерге және 38 ауылдық елді мекендерге бөлінген. Мұғалжар ауданы облыстың өндірісі дамыған ірі аймағы болып табылады. Өндірістік және ауылшаруашылық өндіріс экономикалық аймақтың негізгі бағдары.

Бағдарламаның

бағыттары

- экономикалық дамуы;

- әлеуметтік сала;

- инфрақұрылымдық кешен;

- аумақтық (кеңiстiктiк) құрылым;

- мемлекеттiк жергiлiктi басқару және өзiн-өзi басқару

жүйесінің дамуы;



Бағдарламаның мақсаттары

-инновациялық кәсiпкерлiкті және тұрмыс сапасының жоғары деңгейлі экологиялық қауiпсiздiгiн сақтау үшін қолайлы жағдайлар жасау, өңдеу салаларын дамыту, сыртқы рыноктарға қосылған құны жоғары дайын өнiмнің экспортқа жеткізілуін қамтамасыз ету, өңірдің бәсекеге қабілетті мамандандырылуын нығайту;

-тұрғындардың тұрмыс сапасының деңгейiн жоғарылату, сапалы әлеуметтiк қызметтің барлық түрлерiмен қамтамасыз ету;

-тұрғындардың тiршiлiк әрекетi үшiн қолайлы ортаны құру, энергетикалық, инженерлiк, көлiк, су шарушылығы инфрақұрылымы дамуының үйлестірілуін қамтамасыз ету;

-өңірдің экономикалық болашағы мен қолайлы тіршілік әрекеті үшін халықтың шоғырлануы есебінен территориялық құрылыстың және орналасымның оңтайлы жүйесін қалыптастыру, аймақтың әкімшілік-территориялық құрылысының тиімді қоныстану тығыздығын жетілдіру және елді мекендер аумағының санитарлық-эстетикалық жағдайын жақсарту;

-аймақ экономикасының бәсекеге қабілеттілігін және тұрғындардың тұрмыс сапасын қамтамасыз ету үшін жергілікті өзін-өзі басқару құрылымын дамыту, мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша мемлекеттiк органдар қызметiнің жақсаруын үйлестiру.

Бағдарламаның

міндеттері

-ұлттық экономиканың тұрақты дамуы үшiн минералды шикі заттарды шығару және терең өңдеу;

-экономиканың өңдеуші салаларының дамуы;

-халықаралық көлiктік түйіндердің, көлiк-логистика орталықтарының дамуы;

-құрылыс индустриясының және құрылыс материалдары өнеркәсiбiнiң дамуы;

-өңірдің агроөнеркәсiптiк кешенiнің дамуы;

-қолайлы инвестициялық климатты құру, өңірге инвестиция, озық технологиялар мен адами қорларды тарту үшін жағдай жасау;

-инфрақұрылымның барлық түрлерін толық жетiлдiру;

-энергетикалық тиімділікті жоғарылату;

-қоршаған табиғи ортаны, әр түрлi биологиялық және табиғи қорларды сақтау;

-аймақтың әкімшілік-территориялық құрылысын жетілдіру және орналасымның оңтайлы жүйесін қалыптастыру;

-тұрғындарды тиісті коммуналдық қызмет сапасымен қамтамасыз ету;

-мәслихат аппараты және облыс әкімдігі жұмысының нәтижелiлiгi мен тиімділігін жоғарылату;

-жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды дамыту;

-аймақта гендерлік теңдікті дамыту;

-бюджеттің орындалу сапасын жоғарылату;

-аудан және оның округтары экономикасының тұрақты және сапалы өсуін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды үйлестіру;



-нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін кезең-кезеңімен енгiзу.

Бағдарламаны іске асыру мерзімдерi

2016-2020 жылдар - ауданның келешектегі әлеуметтік-экономикалық дамуының негізін қалыптастыру және бағдарламадағы айқындалған міндеттерді шешу үшін жоспарланған шараларды іске асыру.

Бағдарламаның нысаналы индикаторлары

  • 2020 жылға өнеркәсіп өнімі көлемін (ӨӨК) 2015 жылдың деңгейімен салыстырғанда 4,5% арттыру;

  • 2020 жылға (2015ж.-11,7 млрд.теңге) ауылшаруашылық өнімінің жалпы өндірілген көлемін 15 % арттыру;

  • 2020 жылға (2015ж.-8,2 млн.теңге) өңдеу өндірісінің үлесін 12% жоғарылату;

  • 2020 жылға экспорттың жалпы көлемiндегі шикі зат емес тауарлар экспорты үлесінің ұлғаюын – 3,5% (2015 ж -1,8%), оның iшiнде аграрлық секторда 2020 жылға - 2, 53% (2015ж.-1,26%).

  • 2020 жылға қарағанда 2015 жылы ауылшаруашылық саласының еңбек өнімділігін (ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған 1 адамға өндірілген жалпы өнім) 2 есеге жоғарылату;

  • 2020 жылға жалпы жұмыссыздық деңгейiн - 5,0 % төмендету (2015 ж-6,4%);

  • 2020 жылға табыстары ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен тұрғындар үлесін 4,0 % дейін қысқарту (2015ж.-6,3%);

  • 2020 жылға тұрғындардың болжамды өмiр ұзақтығы-72 жас (2015ж.- 68,19 жас);

  • 2020 жылға 2015 жылғы тұрғындардың 100 мың адамға шаққандағы жалпы өлу коэффициентін 8,46%-дан 7,62% қысқарту;

  • 2020 жылға ана өлімінің көрсеткіші 100 мың тірі туған балаға шаққанда - 24,5 (2015ж.-17,9);

  • 2020 жылға нәресте өлімінің көрсеткіші 100 мың тірі туған балаға шаққанда 12,3 (2015ж.-18,81);

  • 2020 жылға бiлiм беру ұйымдарында балалардың мектепке дейінгі оқытылуы және тәрбиеленуін қамту - 98% (2015ж-64,3%);

  • 2020 жылға 12 жылдық білім беру (1,5,11 сыныптар) бағдарламасы бойынша оқытылатын мектептер үлесі -100%;

  • 2020 жылға инклюзивтік бiлiм беруге жағдай жасалған білім беру ұйымдарының үлесін, олардың жалпы санының - 20%

дейін жеткізу (2015 ж- 7,6%);

  • 2020 жылға ауылдық елді мекендердің жалпы санынан ілеспе мұнай газымен (табиғи) газдандырылған елді мекендер санын 64,3 % жеткізуді қамтамасыз ету;

  • 2020жылға АЕМ жалпы санына шаққанда ауылдық мекендерді орталықтандырылған сумен жабдықтау-35,7 %, кіші қалаларда-100% жеткізу;

  • 2020 жылға ауданға қажетті энергияны жергілікті электр көздерінен пайдалану деңгейі 40% құрайды;

  • 2020 жылға даму әлеуеті жоғары ауылдық елді мекендер санын 97% дейін жеткізу;

  • 2020 жылға мемлекеттік тілді білетін тұрғындар саны - 100% (2009ж.-95%);

  • 2018 жылға дейін аудан аумағында қала құрылысын дамытудың кешендi схемаларын және ауылдық елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеу;

  • 2020 жылға 2015 жылдың көлеміндегі ауаны ластайтын заттар шығарындыларының деңгейін 6,5% дейін азайту;

  • Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда мемлекеттік сатып алу тауарларының Қазақстандық бөлігіндегі үлесін ұлғайту:

-жұмыстар мен қызметтерді сатып алу - 95% жоғары;

-жүйе құрайтын кәсіпорындар - 85% дейiн жеткізу

Қаржыландыру көзі және көлемдерi

Қаржыландырудың көздерi: республикалық және жергiлiктi бюджет, инвесторлардың меншiктi қаражаты, несие.

Қаржыландырудың көлемдерi, млн.теңге:

2016 жыл – 14 825,8;

2017 жыл – 17 046,7;

2018 жыл – 20 167,7;

2019 жыл – 22 335,0;



2020 жыл – 24 500,0;

Барлығы 98 875,2 млн. тенге.







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет