Бағдарламасы Сатып алулар Киім мен аяқ киім



жүктеу 322.37 Kb.
Дата23.02.2018
өлшемі322.37 Kb.
түріБағдарламасы



Қазақстанда MasterCard сыйлықақылық карталарын ұстаушыларға арналған артықшылықтар бағдарламасы



Сатып алулар

Киім мен аяқ киім




Жұмыс режимі: 10.00 - 20.00 

Мекенжайы:  Алматы қ., Гоголь к-сі, 50,

Фурманов көш.қ-сы

Тел.: 261-42-63


"ESCADA SPORT" әйелдер киімі мен аксессуарлары
Артықшылықтар:  MasterCard Gold, World, Platinum, Elite / Signia сыйлықақылық карталарымен төлеу кезінде 5% дейінгі мөлшерде жеңілдіктер.
Escada Sport – арнайы әйелдер үшін әзірленген спорттық киім мен аяқ киімнің дизайнерлік желісі. Спортқа және демалысқа арналған киімге сұраныс күннен күнге артуына, сонымен қатар адамдардың жоғары сапалы киімге деген қажеттілігінің ұлғаюына байланысты, 1994 жылы Escada Group халықаралық fashion-топпен жеке желіге бөлінген осы марка дүниеге келді.
Escada Sport дүкендері – бұл түс пен стильдің белгісіз элементтерінен тұратын өмірдің нағыз философиясы, бұл сатып алушылардың қажеттіліктері мен қалауларын қанағаттандыруға бағытталған олармен айрықша жұмыс істеу тәсілі. Бұл жерде сәнді қатаң ұстану ұсынылмайды, өзіндік қайталанбас стильді құруға көмектеседі.




Жұмыс режимі: 10.00 - 20.00

Мекенжайы: Алматы қ., Гоголь к-сі, 50

Тел.: 272-65-02

E-mail: rakhimzhan-alemi@mail.ru



"Ermenegildo Zegna" киімі мен аксессуарлары
Артықшылықтар:  MasterCard Gold, World, Platinum, Elite / Signia сыйлықақылық карталарымен төлеу кезінде 5% дейінгі мөлшерде жеңілдіктер
Ерлер мен әйелдерге арналған киім мен аксессуарлар.

Ermenegildo Zegna или Zegna — ерлер киімінің, аяқ киімінің және парфюмерияның итальяндық сәнді лейблі. Оның негізін 1910 жылы Эрменеджильдо Зенья қалады. Қазіргі уақытта Зеньяның төртінші ұрпағымен басқарылып келеді. Ерлер киімі мен матаны өндіретін әлемдік көшбасшы болып табылады.





Жұмыс режимі: 

10.00 - 20.00

Мекенжайы: Алматы қ., Гоголь к-сі, 75

Тел.: 273-52-69

E-mail: rakhimzhan-alemi@mail.ru

Сайт: www.hugoboss.com


"HUGO BOSS" киімі мен аксессуарлары
Артықшылықтар:  MasterCard Gold, World, Platinum, Elite / Signia сыйлықақылық карталарымен төлеу кезінде 5% дейінгі мөлшерде жеңілдіктер.

Ерлер мен әйелдерге арналған киім мен аксессуарлар.
1923 жылы Хуго Фердинанд Босс (Hugo Ferdinand Boss) Метцингенде (Германия) жұмыс пен спорттық киімді шығаратын шағын тігін фабрикасын ашады.

Бүгінгі таңда HUGO BOSS  сән әлемінде аса беделді фирмалардың бірі болып табылады. BOSS компаниясы қазіргі таңда сән индустриясы сегментіндегі көптеген фирмалар сияқты қаржы алпауыттарының бірі - Gruppo Marzotto иелігіне қарайды.

HUGO BOSS киіміндегі негізгі бағыт - бұл классика. Өйткені іскерлік костюмдер мен пиджактар іскер адамның униформасы болып табылады. HUGO BOSS мінсіз талғам, табыс және билік ұғымдарымен байланыстырылады.

HUGO BOSS дүкендерінде әр түрлі баға санаттарын қосқанда, әрбір маусымға арналған соңғы ерлер мен әйелдер коллекциясын табуға болады.

Hugo Boss парфюмериясы  Procter & Gamble лицензиясына сәйкес өндіріледі. Ең алғашқы иіс су 1985 жылы жасалды және Hugo Boss Number One деп аталды. Бүгінгі күні Hugo Boss көптеген иіс сулар шығарады. Hugo Boss парфюмериясы әлемдегі аса танымал парфюмерия өнімдерінің ондығына кіреді.  




Жұмыс режимі: 10.00 - 20.00

Мекенжайы: Алматы қ., Гоголь к-сі, 75

Тел.: 273-52-33

E-mail: rakhimzhan-alemi@mail.ru


"ESCADA" киімі мен аксессуарлары
Артықшылықтар:  MasterCard Gold, World, Platinum, Elite / Signia сыйлықақылық карталарымен төлеу кезінде 5% дейінгі мөлшерде жеңілдіктер
Escada брендінің атауы ауқатты, сыйлы әйелдерге арналған салтанатты, классикалық киім үлгісімен сипатталады. Расында, осы уақытқа дейін Escada компаниясы консервативті талғамға ие тұтынушыларға арналған «люкс» класындағы тауарларды өндіруші бағытын ұстанып келді. Алайда осы компанияның сәнді бизнес биіктеріне жолы спорттық үлгідегі киімді өндіруден басталды, ал компанияның туындауына аса романтикалық оқиға себеп болды.

Өткен ғасырдың 70-ші жылдарының басында Швейцарияның тау шаңғы курортында тағдыр шведтік топ-модель мен жас бизнесменді жолықтырды, олардың арасында ұшқын сезім туындап, сөйтіп ғашықтар 1974 жылы үйленеді. Жас жұбайлардың аттары Маргарет мен Вольфганг Лей еді. Тұрмысқа шыққанға дейін Маргарет тек модель ғана емес, «Монди» неміс компаниясында модельер болып жұмыс істеген, сонымен қатар басқа маркалар үшін киім дизайнын әзірлеуге қатысқан. Алайда 1976 жылы жас жұбайлар киім өндіретін жеке меншік компанияны құруға бел буады. Компания Escada атауын 3 жылдан кейін алады, олар ұтыс қойған Escada есімді ат бәйгеде бірінші орын иеленген еді.



Жұмыс режимі: 

10.00 - 20.00

Мекенжайы: Алматы қ., Фурманов к-сі, 80

Тел.: 261-43-02

E-mail: rakhimzhan-alemi@mail.ru


"Paul & Shark" киімі мен аксессуарлары

Артықшылықтар MasterCard Gold, World, Platinum, Elite / Signia сыйлықақылық карталарымен төлеу кезінде 5% дейінгі мөлшерде жеңілдіктер.

Ерлер мен әйелдерге арналған киім мен аксессуарлар .

Paul & Shark өз қызметін 1921 жылы бастаған болатын – дәл сол сәтте Джузеппе Дако киім шығара бастады. Олардың істері Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін жақсы жүріп жатты, ал соғыстан кейін компания сәтсіздіктерге ұшырай бастады. 1957 жылы фабриканы Жан Дини жаңғыртты. Компанияның атауы бірнеше рет өзгерген, Paul & Shark деген соңғы атау Жан Динидің баласының атынан және «акула» деген сөзден құралған. Брендтің фирмалық түсі де теңіз суына байланысты – қанық қою көк түс.

Олар киім мен аксессуарлардың орамасына аса қатты көңіл бөлді – ол үшін Paul & Shark жұрттың назарын аударған металлдан жасалған тубустарды пайдаланды. Жетпісінші жылдардың соңында Paul & Shark бренді тек Италияда ғана емес, сонымен қатар бүкіл дүние жүзі бойынша 150 елде ресми сауда маркасына айналды. Ал компанияның халықаралық желкен регаталарына демеуші болуы, оларға қосымша танымалдылық берді.

Компания құрылған сәттен бастап қазіргі уақытқа дейін Paul&Shark айрықша сән философиясы ерекшелендіреді – тек спорттық болып табылмайды, бұл әсіресе демалыс күндерге арналған киім әрі сіздің қалай демалатыныңыз маңызды емес: мүмкін сіз орманға, теңіз жағалауына барарсыз, теннис ойнарсыз не болмаса мейрамханада тамақтанасыз. Paul&Shark киімімен және аксессуарларымен демалыс сәнді бола түседі.




Мекенжайы: Қазыбек би к-сі, 12/24, Достық д-лы

Жұмыс режимі: дс-сб 10.00-20.00, жс 11.00-17.00

Сайт: www.palzileri.com

E-mail:  palzileri.kz@gmail.com

Тел.: 291-55-51, 291-47-77


"Pal Zileri" ерлер киімі
Артықшылықтар: сыйлықақылық карталарымен төлеу кезінде

- MasterCard Gold, MasterCard World  10% дейінгі жеңілдіктер

- MasterCard Platinum, MasterCard World Black Edition  15% дейінгі жеңілдіктер

- MasterCard Elite / Signia  20% дейінгі жеңілдіктер
Ескерту: жалпы және мерекелік күнгі жеңілдіктер кезінде осы жеңілдіктер қосымша берілмейді.

Gruppo Forall шығаратын бизнеске арналған костюмдер, мерекелік шараларға арналған салтанатты жинақтар, күнделікті өмірге арналған сәнді киім кез келген жағдай үшін салтанатты киімді таңдауға мүмкіндік береді.

Pal Zileri маркасы үшін "классика" ұғымы тұрақты дамудағы кербездік, тігінші мен тапсырыс беруші арасындағы қатынастармен қатар, заманауи бизнес-талаптардың сипаттамасын тоғыстыру.

1970 жылдан бастап компания ерлер киімін әзірлеудің заманауи технологияларымен өнім сапасына қатты көңіл бөлуге тырысады. Өндірістің негізі – итальяндық тігін өнерінің дәстүрі және клиенттің мүдделеріне адалдық. Компания үшін негізгі өнім болып табылатын костюмдер full canvas дәстүрлі технологиясы бойынша өндіріледі әрі бұл бірнеше тігіншілер ұрпағы тіс қайраған қол операцияларын білдіреді.

Pal Zileri фабрикасы Венето аймағының дәл жүрегіндегі Квинто Вичентинода орналасқан, дегенмен бизнес ғаламдық сипатқа ие: марканың өнімдері Италиядан тыс қатты танымал және әлемнің 70 астам елінде сатылады.



Мекенжайы Розыбақиев к-сі, 246 А, "Mega Almaty" СКО, 1-қабат, PUMA бутигі

Сайт: puma.nssgroup.kz

Тел.: 244-20-31


"PUMA" спорттық киімі
Артықшылықтар MasterCard Gold, World, Platinum, World Black Edition,Elite / Signia сыйлықақылық карталарымен төлеу кезінде 15 мың теңгеден астам сомаға тауар сатып алған жағдайда, арнайы дисконттық карта ұсынылады. Акция 2012 жылғы 10 қаңтардан бастап жарамды.
Қазақстанда спорттық тауарлар нарығында үлкен сұранысқа ие сегмент ретінде спорттық киімді айтуға болады, өйткені ол көп жағдайда күнделікті киім ретінде қолданылады (1948 жылы негізі қаланды).
90-шы жылдардың басында PUMA компаниясы жаңа даму сатысына өтті. Компанияның басшылығы PUMA брендін ең креативті етуді мақсат етті. Жаңарудың басты элементі киім мен аяқ киім әзірлеу болды, PUMA спорттық компаниялардың алғашқысы болып аса танымал киім, аяқ киім және аксессуарлар дизайнерлерімен ынтымақтастық орнатты. Бірнеше жылдың ішінде PUMA сәнді брендке айналды, әрі оны спорт, сән, дизайн, музыка, урбаниялық мәдениет және өмір стилі әлеміндегі ең өзекті идеяларды біріктірген халықаралық бренд деп атауға болады. Брендтің ассортименті көптеген қызықты бағыттардан тұрады, атап айтсақ: PumaKing, Puma-Ferrari, Motorsport.



Мекенжайы(1) Розыбақиев к-сі, 246 А, "Mega Almaty" СКО, 2-қабат, PLAYLIFE бутигі; (2) Фурманов к-сі, 226 "РАМСТОР" СО, 2-қабат, PLAYLIFE бутигі

Жұмыс режимідб-жм 10.00-20.00, жб.00-17.00

Сайт:  playlife

Тел.: 235-25-17, 264-06-42


"PLAYLIFE" киімі
АртықшылықтарMasterCard Gold, World, Platinum, World Black Edition,Elite / Signia сыйлықақылық карталарымен төлеу кезінде 15 мың теңгеден астам сомаға тауар сатып алған жағдайда, арнайы дисконттық карта ұсынылады. Акция 2012 жылғы 10 қаңтардан бастап жарамды.
Playlife сауда маркасы әлемге танымал Benetton концернінің бақылауында жұмыс істейтін дербес бренд болып табылады.

Оның авторы және идеялық дем беруші — Оливьеро Тоскани, Benetton коллекциясы үшін креативті жарнамалық компанияларды әзірлеуге шамамен 18 жылын сарп еткен танымал фотограф. Брендтің әрбір коллекциясы – бұл қызық әрі аяқталған жеке тарих. Бүгінгі таңда брендің коллекциялық желісі әр түрлі бағыттармен танылған. Бұл жерде тек дәстүрлі спорттық және күнделікті киімнен басқа, сапалы іскерлік киімдерді де табуға болады.


Мекенжайы

1. "City Center" СО, 2-қабат, PLAYLIFE бутигі;

2. "Атриум" СО;

3. "City Plus" СКО

Сайт: gateone

Тел.: 275-86-66, 244-07-43, 275-98-19


"GATE ONE" киімі
АртықшылықтарMasterCard Gold, World, Platinum, World Black Edition,Elite / Signia сыйлықақылық карталарымен төлеу кезінде 15 мың теңгеден астам сомаға тауар сатып алған жағдайда, арнайы дисконттық карта ұсынылады. Акция 2012 жылғы 10 қаңтардан бастап жарамды.
Gate One сәнді, бірақ көп ақша жұмсағысы келмейтіндер үшін құралған. Gate One брендінің философиясы Париждің ғана емес, бүкіл дүние жүзінің сұлулығы болып табылатын Елисей жазығында туындады. Gate One Франция секілді, ол Париждің салтанаты мен Прованстың қарапайымдылығын біріктіреді. Gate One дизайнерлерінің мақсаты сән үрдісінен қалмау және қолайлылық пен жайлылықты қатар алып жүру. Әрбір коллекция әрбір адамның өмірін қуатқа, салтанатқа толтыруға қабілетті түстердің әр алуандығы мен фактуралардың кереметтігін танытады.



Мекенжайы:

1. Төле Би к-сі, 78, Чайковский қиылысы, SPORTLAND дүкені

2. Жібек Жолы д-лы,   "Silk Way City" СП, 1-қабат,  SPORTLAND бутигі

Сайт: sportland.kz

Тел.: 267-7-72, 273-74-21


"SPORTLAND" спорт тауарларының дүкені
АртықшылықтарMasterCard Gold, World, Platinum, World Black Edition,Elite / Signia сыйлықақылық карталарымен төлеу кезінде 15 мың теңгеден астам сомаға тауар сатып алған жағдайда, арнайы дисконттық карта ұсынылады. Акция 2012 жылғы 10 қаңтардан бастап жарамды.
Sportland – Алматының және бүкіл Қазақстанның спорттық тауарлары. Sportland Сіз әрқашан спорттық керек-жарақтарды таба аласыз: Шаңғылар, Коньки, Роликтер, Доптар, Жүзу көзілдіріктері, Самокаттар, спортпен кәсіби айналысуға арналған киім мен аяқ киім, сонымен қатар жетекші әлемдік спорттық брендтердің сәнді коллекциялары. Бізде кез келген талғамға арналған спорттық тауарлар жинақталған, ал Спортлэндте Бокстан бастап гольфке дейін барлығы бар. Барлығына арналған спорт тауарлары.

«New Sport Systems» ЖШС дүкендері жас, белсенді және күшті адамдарға арналған тамаша таңдау! Біз сіздің өміріңіз жарқын әрі қанық болу үшін барлық жағдайларды жасаймыз. Біз Сіздерге әр түрлі баға сегментін танытатын күнделікті және спорттық киім, аксессуарлар мен спорт керек-жарақтарын ұсынамыз.

Спорттық тауарлар нарығындағы «New Sport Systems» компаниясының көп жылдық жұмысы – сенімділіктің ең үздік кепілі болып табылады.



ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАР






"KORLOFF" зергерлік бұйымдары
АртықшылықтарMasterCard Gold, World, Platinum, Elite / Signia сыйлықақылық карталарымен төлеу кезінде 10% дейінгі мөлшерде жеңілдіктер.
Әлемге танымал Korloff маркасының зергерлік бұйымдар бутигінде әйелдер мен ерлерге арналған гауһар тастан жасалған әшекейлер мен аксессуарлар толық танытылған: брошьтар мен сырғалар, алқалар мен диадемдар, салпыншақтар мен сағаттар, жеңілгектер мен қаламсаптар. Әрбір ұсынылған модель – көз еліктірер және дәулеттілік үлгісі болып табылатын француз эстетикасының көрінісі.
Жұмыс режимі: дс-жм 10.00 - 19.00, сб-жб 10.00 - 18.00

МекенжайыДостық д-лы, 116, Сәтбаев қ-сы

Сайт: www.korloff.fr

Тел.: 2-585-909, 2-585-970

E-mailsergio.group@gmail.com



ИНТЕРЬЕР




Жұмыс режимі: дс-жм 10.00 - 19.00,

сб-жб 10.00 - 18.00

Мекенжайы Достық д-лы, 116, Сәтбаев көш. қ-сы

 www.sergiogroup.com

Тел.: 2-585-909, 2-585-970

emailsergio.group@gmail.com


"SERGIO GROUP" элиталы жиһаз салоны
АртықшылықтарMasterCard Gold, World, Platinum, Elite / Signia сыйлықақылық карталарымен төлеу кезінде 10% дейінгі мөлшерде жеңілдіктер
Сәнді әрі әдемі заттар, жайлылық пен қолайлылық, өткеннің дәстүрі мен қазіргі күннің эстетикасы – осының барлығы «Sergio Group».

Бүгінгі таңда «Sergio Group» ірі өндірушілердің жиһазын, шамдарын, интерьер заттары мен аксессуарларын жеткізумен және сатумен айналысады. Дүкенде Италияның, Францияның, Германияның, Испанияның жиһазы танылған.

Scavolini, Natuzzi, Minotti, Poliform, Flexform, Flou, Canella, Мaitland-Smith, Besana, Rolf Benz, Hülsta, Caliaitalia, Taymoble, Faustig, Beby Italy, Schonbek, Villeroy & Boch, Christofle, Lalique және көптеген басқа дүние жүзіне әйгілі 30 астам жиһаз брендтерінің ресми өкілі болып табылады. Бұл жерден барлығын табуға болады - классикадан авангардқа дейінгі жиһаз, кез келген интерьер талабына жауап беретін заманауи, жайлы жиһаз.




МекенжайыАлматы қ., Фурманов к-сі, 172

Тел.: 272-45-45, 272-75-75

email: sergio.group@gmail.com 


"SCAVOLINI" итальяндық ас үй жиһазының салоны
АртықшылықтарMasterCard Gold, World, Platinum, Elite / Signia сыйлықақылық карталарымен төлеу кезінде 10% дейінгі мөлшерде жеңілдіктер
1984 жылдан бастап Scavolini Италиядағы ас үй жиһазының алғашқы маркасы болып табылады. Күрделі өндірістік процесті ұйымдастыруға қабілетті ірі кәсіпорын кез келген мәдениеттегі және талғамдағы отбасыларға арналған жоғары сапа деңгейіне ие бәсекеге қабілетті ас үй жиһазын шығарады. Бұл эстетика, функционалдылық, қауіпсіздік, беріктік тұрғысынан тұтынушылардың әр алуан және нақты талаптарын қанағаттандыруға қабілетті кәсіпорын. Осы қасиеттердің барлығын Scavolini маркасында аса сенімді мазмұнмен ең үздік безендіру мүмкіндіктерін табатын көптеген отбасылар мойындайды әрі бағалайды.  

Ас үй жиһазы нарығында 40 жылдан астам жұмыс істей отырып, Scavolini компаниясы  - итальян өнеркәсібіндегі ең дамыған әрі маңызды өндірістік модельдердің бірі.




Жұмыс режимі: 10.00-20.00, жб- демалыс

Мекенжайы: Алматы қ., Сәтбаев к-сі, 10

Тел.: 264-53-51, 264-53-44

email: info@vendome.kz , sharbanu@vendome.kz


"VENDOME" үйге арналған тауарлар
АртықшылықтарMasterCard Gold, World, Platinum, Elite / Signia сыйлықақылық карталарымен төлеу кезінде 3% дейінгі мөлшерде жеңілдіктер
"Vendome" сауда үйі 2003 жылы ашылды және фарфордан, күмістен және хрустальден жасалған эксклюзивті ыдысты және үйге арналған аксессуарларды ұсынады.



МекенжайыАлматы қ., Достық д-лы, 116

Тел.: 2-585-909


"VILLEROY & BOSH" үйге арналған тауарлар

АртықшылықтарMasterCard Gold, World, Platinum, Elite / Signia сыйлықақылық карталарымен төлеу кезінде 10% дейінгі мөлшерде жеңілдіктер.

Villeroy & Boch тарихы  1748 жылы Францияның әдемі жерінде басталды. Осы жерде Лотарингиядағы Один-ле-Тишеауылында шағын қыш шеберханасы ашылды. Франсуа Бох не істеп жатқандығын білді: жиырма жыл өтпестен Люксембург маңында қыш ыдыстарды әзірлеуді жолға қойған «Жан-Франсуа Бох және оның ұлдары» атты фабрика бой көтереді.

1836 жылы Франсуа Бох мануфактурасының иесі Николас Виллероймен достасып, бәсекелестерге қатысты мәселелерде көрегендіктің тамаша мысалын көрсетті. Ұзаққа созылған бәсекелес күрестің орнына, коммерсанттар күштерін біріктірді, салдарында бүкіл әлемге танымал Villeroy & Boch компаниясы пайда болды.

Villeroy & Boch кейінгі тарихы – бұл табысты дамыған бизнестің тарихы. Бүгінгі таңда Villeroy & Boch тақтайшалар, фарфор және элиталық сантехника өндірісіндегі беделді көшбасшы болып табылады. 1836 жылы бәсекелестер француздық талғампаздық пен неміс сенімділігін біріктіріп, аса сәтті шешім қабылдады. Енді осы одақтың нәтижесін бүкіл дүние жүзі бағалай алады!

Villeroy & Boch дизайнерлік шешімдері көптеген сыйлықтармен және наградалармен марапатталған, ал үнемі жаңа технологияларды ендіру осы шешімдерді нағыз элиталық сапамен жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Villeroy & Boch тек жеке бұйымдарды ғана емес, сонымен қатар бүтін кешендерді шығарады, соның арқасында тұтынушылар үйлесімді интерьер құра алады.



Өмір салты

СҰЛУЛЫҚ ПЕН ДЕНСАУЛЫҚ




Жұмыс режимі09.00-21.00, демалыссыз

Мекенжайы: Алматы қ., Желтоқсан (Бейбітшілік), 126, Бөгенбай батыр к-сі (Киров қ-сы, 136)

Тел.: 272-62-94, 272-67-71, 8-702-322-2667

Сайтpersona.ru


"ПЕРСОНА" Имидж-зертханасы
АртықшылықтарMasterCard Gold, World, Platinum, Elite / Signia сыйлықақылық карталарымен төлеу кезінде 10% дейінгі мөлшерде жеңілдіктер.
«Персона» Имидж-зертханасы – сұлулық индустриясындағы ірі мәскеулік бренд. Енді Алматыда «Персона» өз клиенттері үшін қызметтердің кең спектрін ұсынады. Бұл стилист-шаштаразшылардың, косметологтардың қызметі, маникюр, педикюр, тырнақ өсіру, диетолог, дене процедуралары, визажисттердің қызметі.

«Персонадағы» бағалар көңілге қонымды, ал қызметтер – сапалы. Маникюр мен педикюр жоғары сапалы Gewol косметикасында ыңғайлы креслолары бар жеке кабинеттерде ұсынылады. Әдемі әрі кең кабинетте Сізге үлкен жұмыс өтіліне ие косметологтар қызмет көрсетеді. Стилист – шаштаразшылар МУЗ-ТВ, MTV жүргізушілерінің образдарын құрумен айналысатын  Ресейдің жетекші топ-стилисттерінен дәріс алады және Сізге өз имиджіңізде өзгертуге көмектеседі. Косметологтар аппараттар мен массаж жасау техникасының көмегімен сіздің бітіміңізді сұлу әрі келбетті етеді.



Жұмыс режимідс-жм 07.00 - 23.00,

сб-жб 09.00 - 23.00

Мекенжайы

Самал-2 ы/а, 16 г үй

www.samaldeluxe.kz

Тел.: 263-48-53, 263-49-13

email

samaldeluxe@mail.ru


"Samal de Luxe" Фитнес-орталығы
АртықшылықтарMasterCard Gold, World, Platinum, Elite / Signia сыйлықақылық карталарымен төлеу кезінде 10% дейінгі мөлшерде жеңілдіктер.

Спорттық-сауықтыру кешені: тренажер залы, жүзу бассейні, сауна, солярий, фито-бар, топтық дәрістер. Жүзу бойынша балалар секциясы.
Жеңілдіктерді ұсыну шарттары: жеке абонементтің болуы, арнайы акция өткізетін күндерден басқа.


САЯХАТТАР




Мекенжайы: Алматы қ., Төле Би к-сі, 110, 79-оф.

Тел.: 292-70-83, 292-35-87, 292-26-98, 399-92-07, 399-88-59

Сайт: www.complete.kz

email: tour@complete.kz , info@complete.kz


"COMPLETE SERVICE" халықаралық туристік компаниясы
АртықшылықтарMasterCard Gold, World, Platinum, Elite / Signia сыйлықақылық карталарымен төлеу кезінде 3% дейінгі мөлшерде жеңілдіктер.
Негізі 1999 жылы қаланған Қазақстанның озық туристік компанияларының бірі.

Табысты қызмет жылдарының ішінде біздің компания орасан хор тәжірибе жинақтап, клиенттердің көңілінен шықты. Компанияның мықты беделі – сенімді серіктестерді және тұрақты тапсырыс берушілерді тарту үшін басты көзір әрі олардың саны күн сайын артуда. Біздің компаниямыздың қызметкерлері – бұл ең жоғары деңгейдегі туристік қызметтерді ұсынуға және қамтамасыз етуге тырысатын кәсіби даярлықтан өткен тәжірибелі мамандар.

Бүгінгі таңда «Complete Service» ХТК облыстық орталықтарда филиалдары мен өкілдіктері бар, ал бұл қызметтердің кешенін бүкіл Қазақстан бойынша көрсетуге мүмкіндік береді.

Біздің турларымыз бен қызметтердің географиясы өте ауқымды. Біздің көмегімізбен Сіз әлемнің 60 астам елінде демалысыңызды өткізе аласыз немесе іскерлік сапар шеге аласыз.

«Complete Service» ХТК ҚР Ұлттық Олимпиадалық Комитетімен 2008 жылы Пекинде өткен ХХIX Олимпиадалық Ойындардың Ресми Агенті ретінде тағайындалды.  2010 жылы Ванкуверде (КАНАДА) өткен Қысқы Олимпиадалық Ойындардың Ресми Агенті болып табылады.










Жұмыс режимі: дс-бс, жс 12.00-24.00, жм-сб 12.00-02.00

Мекенжайы:  Фурманов к-сі, 44, Мақатаев көш. қ-сы

Сайт: www.namedni.kz

Тел.: 273-62-89, 273-84-94 факс

E-mail: info@namedni.kz


"Намедни" мейрамханасы

АртықшылықтарMasterCard Gold, World, Platinum, Elite / Signia сыйлықақылық карталарымен төлеу кезінде 10% дейінгі мөлшерде жеңілдіктер.

Алматының орталығындағы бірегей классикалық орыс мейрамханасы. Тек осы жерде ғана нағыз орыс тағамының дәмін татып көруге болады, ал сусындарды бағалайтындар жеміс компоттарынан және тамаша арақтардан ләззат алады.

Біздің бас аспазшыларымыз орыс халқының тағамдарының дәстүрлі құпияларын мұқият сақтап, жаңғыртып келеді әрі бұл кездейсоқ емес! Олар біздің бауырлас халық дәмді әрі мол ауқатты жақсы көретінін біледі әрі қазақстандықтардың жүрегіне ең жылдам әрі мәдени жол асқазан арқылы екендігін түсінеді! "Намедни" мейрамханасы- бұл көне орыстар мен кеңестік үйлердің әдет-ғұрпын бейнелейтін тамаша интерьер. Тек осы жерде ғана Сіз және сіздің шетелдік қонақтарыңыз нағыз орыс рухын сезіне алады! "Намедниге" бір рет келу нағыз мәдени шара болмақ, өйткені бұны бір жыл бойы Лермонтов атындағы театрға тұрақты барумен сипаттауға болады.
Жеңілдіктерді ұсыну шарттары:  6 (алты) адамға дейін



Мекенжайы:  М. Оспанов к-сі, 20, Достық д-лы қиыл.

Сайт: www.alasha.kz

Тел.: 254-07-00, 254-07-01

E-mail: info@alasha.kz


"АЛАША" мейрамханасы

АртықшылықтарMasterCard Gold, World, Platinum, Elite / Signia сыйлықақылық карталарымен төлеу кезінде 5% дейінгі мөлшерде жеңілдіктер.

Алаша – шығыстың аңызы бойынша, қолмен жасалған кілем әрі ол құрметті және қадірлі қонақтарға арналған.Үйге келген қонақтарға, міндетті түрде, хош иісті шай мен шығыс ас үйінің дәмді тамақтары беріледі. Біздің мейрамханамыздың ас үйіндегі сиқыршылар таңдаулы әрі дәстүрлі тағамдар ұсынады: тіл үйірер палау, дәстүрлі шығыс таба наны, қытырлақ самса. Жас қойдың етінен жасалған сорпа да сізді селқос қалдырмас. Кәуаптардың жиырмадан астам түрі кез келген тамақ талғағыштың көңілінен шығатыны сөзсіз.

"Алаша" мейрамханасы Хан сарайы тәріздес тұрғызылған және шығыс үлгісінде безендірілген:

Еңбекқор шеберлердің өнерлі қолдарымен ойып жасалған әрі хан сарайларының дәл көшірмесі болып табылатын есіктер мен бағандар;

Заманауи элементтермен безендірілген сарай үлгісіндегі хан бөлмесі;

Кальян бөлмесі әрі онда Сіз тәпшанға жайғасып, әр алуан жеміс хош иістерінен тұратын кальянды шегіп, шығыстың колоритін барынша толық сезінесіз.

Шығыс аруларының билері иілімді қозғалыстармен, нәзік сымбаттарымен баурап алады. Шығыс әуендері күмбез астындағы бөденелердің үнімен, тау бұлағының сылдырымен және ағаш жапырақтарының сыбдырымен үндесіп, құлақтың құрышын қандырады.

Ертегіге бас сұғу біздің балалық шақтан келе жатқан арманымыз. Алайда қарбалас пен бітпейтін тіршілік осы арманымызды жүзеге асыруға уақыт та, мүмкіндік те бермейді. Сондықтан біз осыны Сіздер үшін жүзеге асырғымыз келді.

Біз Сіздердің қиялдарыңызды өз мейрамханамызда шындыққа айналдырғымыз келді. Біз Сіздерге балалық шақтың арманын сыйлауға тырыстық. Біздің қамымызды, сүйіспеншілігімізді сезініңіз және соңы сәтті аяқталатын Шығыс аңызын айтып беруге рұқсат етіңіз.



МекенжайыАлматы қ., Қарғалы к, Абай к-сі, 21-үй

Жету схемасы: келесі сілтемені қараңыз

Сайт: www.felicita.kz

Тел.: +7-701-414-38-67 (мейрамхана), 299-91-81 (сауна), 299-90-80 (қонақ үй)


"FELICITA" демалыс кешені
Артықшылықтар: MasterCard Gold, World, Platinum, Elite / Signia сыйлықақылық карталарымен төлеу кезінде 10% дейінгі мөлшерде жеңілдіктер (бардан басқа).
"Felicita" демалыс кещені Сіздерді қонаққа шақырады!!! Кешен Алматы маңының ең үздік жерлерінің бірінде орналасқан. Оңтүстік-батыс тау бөктерлерінің экологиялық таза аймағында тап-таза ауамен демалуға, жазда салқындықты сезінуге, ал қыста аязды күннен тамсануға болады. Алмарасанға апаратын шуылды жолдан алшақтық (1 км) біздің кешеніміздің маңызды ерекшелігіне қол жеткізуге мүмкіндік береді - тыныштық, жайлылық пен оңашалық. "Felicita" кешенінде Сіздерге әрқашан жазғы және қысқы мейрамханалар, қонақ үй, сауда және жазғы жуу бассейндері қызмет көрсетеді. Осының барлығы Сізге толыққанды демалуға мүмкіндік береді.


Мекенжайы: Алматы қ., Достық д-лы, Қабанбай батыр к-сі, "Ресей" дүкенінен жоғары


"BARITON" караокесі
Артықшылықтар: MasterCard Gold, World, Platinum, Elite / Signia сыйлықақылық карталарымен төлеу кезінде 15% дейінгі мөлшерде жеңілдіктер.
Жұмыс режимі: тәулік бойы



Жұмыс режимі:  тәулік бойы

Мекенжайы: Алматы қ., Достық д-лы, Қабанбай батыр к-сі, "Ресей" дүкенінен жоғары

Тел.: 291-99-38

E-mail: alma@vertalet.kz


"VERTALET" мейрамханасы
Артықшылықтар: MasterCard Gold, World, Platinum, Elite / Signia сыйлықақылық карталарымен төлеу кезінде 15% дейінгі мөлшерде жеңілдіктер.


Қосымша ақпарат mastercardpremium.kz сайтында берілген.






Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет