Бағдарламасы шеңберінде Ұлттық Қордан қаражаттарды игеру бойынша ақпараттық мәлімет



жүктеу 26.06 Kb.
Дата20.12.2018
өлшемі26.06 Kb.
түріБағдарламасы

«Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде Ұлттық Қордан қаражаттарды игеру бойынша ақпараттық мәлімет
«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2015-2019 жылдары 17 жобаны іске асыру көзделген, оның ішінде 16 жоба көлік саласында (автомобиль жолдары саласында 11 жоба, темір жол саласында 2 жоба, су, азаматтық авиация және логистика салаларында 1 жобадан).

2016 жылы «Нұрлы жол» МБ шеңберінде осы жобаларды іске асыруға 349,8 млрд. теңге, оның ішінде 171,3 млрд. теңге Ұлттық қордан (ҰҚ) бөлінді.

Бүгінгі күнге дейін 47 пайызы – 165,9 млрд. теңге игерілді, оның ішіде ҰҚ-дан – 73 млрд. теңге (43%), 183,9 млрд. теңге, оның ішінен ҰҚ-дан 98,3 млрд. теңге игерілуі қажет.

Келесі автожол жобалары бойынша жұмыс жүргізілуде:



  1. Орталық-Оңтүстік (Астана-Алматы) жобасы бойынша (Ұзақтығы – 1 288 км, Төсем – а/б и ц/б, Санаты: I-санат)

2016 жылы ҰҚ қаражатынан 63 млрд. теңге бөлінді. Ақпарат ретінде: Бүгінгі күні учаскелерде жылдық жоспардан 60% құрылыс жұмыстары жүргізілді, оның ішінде 106 км а/б және ц/б төсем төселді.

  1. Орталық-Шығыс (Астана - Өскемен) жобасы бойынша (Ұзақтығы – 1 018 км, Төсем – а/б и ц/б, Санаты: I-санат – 436 км, II-санат – 580 км).

2016 жылы ҰҚ қаражатынан 60,5 млрд. теңге бөлінді.

Ақпарат ретінде: Бүгінгі күні учаскелерде жылдық жоспардан 50% құрылыс жұмыстары жүргізілді, оның ішінде 109 км а/б және ц/б төсем төселді.

  1. Орталық-Батыс (Астана-Ақтөбе-Атырау-Ақтау) жобасы бойынша (Ұзақтығы – 2 504 км, Төсем – а/б и ц/б, Санаты: I, II-санат).

Барлығы 42,9 млрд. теңге, оның ішінде ҰҚ 4,4 млрд. теңге бөлінді. Ақпарат ретінде: Бүгінгі күні Ақтөбе-Атырау учаскесінде жылдық жоспардан 34% құрылыс жұмыстары жүргізілді, ал Астана-Шалқар-Қандыағаш учаскесінде ЖСҚ әзірленуде.

  1. Астана – Петропавл – РФ шек. жобасы бойынша (Ұзақтығы –237 км, Төсем – а/б, Санаты: II-санат).

Барлығы 11,1 млрд. теңге, оның ішінде ҰҚ 8,3 млрд. теңге бөлінде. Ақпарат ретінде: Бүгінгі күні учаскелерде жылдық жоспардан 65% құрылыс жұмыстары жүргізілді, оның ішінде 22 км а/б төсем төселді.

  1. Алматы – Өскемен автожолы бойынша (Ұзақтығы – 803 км, Төсем – а/б, Санаты: I-санат – 141 км, II-санат – 662 км).

2016 жылы ҰҚ қаражатынан 9,5 млрд. теңге бөлінді. Ақпарат ретінде: Бүгінгі күні учаскелерде жылдық жоспардан 35% құрылыс жұмыстары жүргізілді, оның ішінде 48 км а/б төсем төселді.

  1. Орал-Тасқала учаскесі бойынша (Ұзақтығы – 100 км, Төсем – а/б, Санаты: II-санат)

2016 жылы ҰҚ қаражатынан 5,6 млрд. теңге бөлінді. Ақпарат ретінде: Бүгінгі күні учаскелерде жылдық жоспардан 45% құрылыс жұмыстары жүргізілді, оның ішінде 9 км а/б төсем төселді.

Жыл соңына дейін барлық қаражат қаржыландыру жоспарына сәйкес толығымен игерілетін болады.



Сондай-ақ 2015 жылғы қаңтарда «Нұрлы жол» Бағдарламасын іске асыру шеңберінде Астана қаласындағы әуежайдың жолаушылар терминалын реконструкциялау бойынша жұмыстар басталды. Жобаның құны 60,2 млрд. теңге құрайды.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет