Бағдарламасы (Syllabus) «Металтану және термиялық өңдеу» пәні бойынша 050709 «Металлургия»



жүктеу 311.46 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі311.46 Kb.
түріБағдарламасы


Пән бойынша оқыту бағдарламасының беттік парағы

(Syllabus)





Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/37





Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Металлургия кафедрасы

ПӘН БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(Syllabus)

«Металтану және термиялық өңдеу» пәні бойынша

050709 «Металлургия» мамандығының студенттеріне арналған

Павлодар


Пән бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы



Нысан

МПУ ҰС Н 7.18.3/38





БЕКІТЕМІН


ММЖжКФ деканы

___________Т.Т. Тоқтағанов

(қолы)

20__ж. «___»________


Құрастырушы: т.ғ.к., доцент _______________ Н.С. Сембаев

(қолы)


Металлургия кафедрасы



Пән бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)
«Металтану және термиялық өңдеу» пәнi бойынша
050709 «Металлургия» мамандығының студенттеріне арналған
Бағдарлама 20___ж. «____» ________ бекітілген жұмыс бабындағы оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.
Кафедра отырысында ұсынылған 20___ ж. «___» _____

Хаттама №___


Кафедра меңгерушісі _________ М.М. Сүйіндіков

(қолы)


Металлургия, машина жасау және көлік факультетінің оқу-әдiстемелiк кеңесi қолдады 20___ж. «___»________ Хаттама №____
ОӘК төрағасы __________ Ж.Е. Ахметов

(қолы)


1 Оқытушы туралы мағлұмат және байланысу ақпараты
Сембаев Нурболат Сакенұлы

т.ғ.к., доцент

Металлургия кафедрасы Б-1 корпуста орналасқан (Павлодар қ., ак. Шокин к. 139 үй), 234 аудиториясы, ұялы телефон 67-36-23 қос. 217.
2 Пән туралы мағлұмат
3 курс (5 семестр – емтихан).
3 Пәннің еңбек сыйымдылығы


Семестр

Кредиттер саны

Дәріс сабақтарының түрлері бойынша тікелей қатынас сағаттары

Студенттің өздік жұмысының сағат саны

Бақылау

түрі


барлығы

дәріс

зертх.

тәжір.

барлығы

СОӨЖ

5

3

45

30

7,5

7,5

90

45

емтихан


4 Пәнді оқыту мақсаты:

– студенттерге металдар мен қорытпалардың қасиеті және олардың құрамы мен құрылымдарынан байланысты ғылыми білімділікке, қыздыру мен суыту кезіндегі фазалық және құрылымдық түрленудің теориялық негіздерін, сонымен қатар термиялық өңдеу режимдерін меңгеруге үйрету.


Пәнді оқытудың міндеті

«Металтану және термиялық өңдеу» профильді пәнге жатады және металлургия бакалаврын дайындаудағы міндетті компонент болып табылады.

– металдардың құрылымы, құрамы және қасиеттері арасындағы қойылатын байланысты;

– машина бөлшектері мен құрал-саймандардың жоғары сенімділігі мен ұзақ уақытқа қамтамасыз етуді;

– металдарды беріктендірудің әртүрлі тәсілдерін тәжірибелік және теориялық оқу;

– металдық материалдардың негізгі топтарын, және олардың қасиеттері мен қолдану аясын оқу болып табылады.


5 Пәнді оқып-игеру нәтижесінде студенттің біліміне, қабілетіне және машықтарына қойылатын талаптар

білуі қажет:

– курстың теориялық негізін оқып білу және жоғары кәсіптік білім стандартымен орнатылған квалификациялық сипаттамаларының талабымен сәйкес термиялық өңдеудің тиімді режимдерін тандауға есептерді шешуге тәжірбиелік менгерту қажет.



істей білуге тиісті:

  • машина бөлшектері мен құрал-саймандардың жоғары сенімділігі мен ұзақ уақытқа қамтамасыз ету үшін эксплуатациялық жағдайда материалдарды дұрыс тандауды және керекті қасиетерді алу мақсатымен оларға термиялық, термомеханикалық және химия-термиялық өңдеуді тағайындауды;

– металбұйымдарда болатын ақаулар жайлы, металл мен қорытпаларды негізгі механикалық сынаудан өткізу әдістерін істей білуге тиісті.

Тәжірибелік машықтарды меңгеру:

  • машина бөлшектері мен құрал-саймандардың термиялық өңддеу технологиясын

меңгеруді;

  • термиялық өңддеу операцияларын тағайындауды және температуралық

режімдерін есептеу әдістерін іс жүзінде қолдану.
6 Пререквизиттер

Пәнді оқып білу үшін физика, химия, металлургиялық үрдістер теориясы, материалтану және конструкциялық материалдар технологиясы, кристаллография мен металлография пәндеріне негізделеді.


7 Постреквизиттер

Пәнді оқып меңгеру және алған білімі келесі пәндерді ұғынуға қажетті: металдарды қысыммен өңдеу, металлургиялық цехтардың жабдықтары және жобалау, илемдеу өндірісінің технологиясы, материалдарды өңдеу технологиясы.


8 Пәннің тақырыптық жоспары

№ р/н


Тақырыптардың атауы

Сабақтардың түрлері бойынша тікелей қатынас сағаттары

Дәріс

Тәж.

Зерт.

СӨЖО

СӨЖ

1

2

3

4

5

6

7

1


Кіріспе. Кристалдану кезіндегі қорытпалардың құрылымдарының пішінделуі

2







1

1

2

Темір және оның негізіндегі қорытпалар

4

2

1,5

4

4

3

Термиялық өңдеу

3

3,5

2

4

4

4

Бірінші текті жасыту

4







4

4

5

Қыздыру кезіндегі ауестениттің түзілуі және суытқанда аустениттің түрленуі

3








4

4

6

Екінші текті жасыту

2




1

4

4

7

Аустениттің мартенситке түрленуі және аустениттің бейнитке түрленуі

3


2

2

4

4

8

Болатты шынықтыру

2




1

4

4

9

Ескіру және босату

3







4

4

10

Термомеханикалық өңдеу

2







4

4

11

Химия – термиялық өңдеу

2







4

4

Барлығы 135

30

7,5

7,5

45

45



9 Пәннің қысқаша сипатталуы


«Металтану және термиялық өңдеу» пәні – металлургиядағы қысыммен өңдеудің технологиялық үрдістерін, материалдарды қысыммен өңдеудің әртүрлі тәсілдері үшін алғашқы материалдар тағайындауды үйррену бойынша негізгі мәліметтерден тұратын профилдеуші пән.


10 Курс компоненттері

Пән тақырыптарының мазмұны


Кіріспе

Курстың объектісі металдар және олардың негізіндегі қорытпалар, сонымен қатар оларды термиялық өңдеудің технологиясы болып табылады.



1 тақырып. Кристалдану кезіндегі қорытпалардың құрылымдары-ның пішінделуі

Қорытпалардағы кристалдану үрдісі және фазалық түрленулер. Күй диаграммалары. Фазалық түрленудің термодинамикалық негіздері. Кристалдану үрдісіне әсер ететін факторлар. Модификациялау. Дендриттік және зоналық ликвация.



2 тақырып. Темір және оның негізіндегі қорытпалар

Темір көміртегілі қорытпалар. Болаттар және олардың технологиялық қасиеті. Болаттардың классификациясы мен маркілері. Қоспаланған болаттардың құрылымдық класстары. Шойындар. Шойынның құрылымы мен қасиеті. Сұр, беріктігі жоғары, соғылымды, арнайы шойындар және оларды алудың тәсілдері.



3 тақырып. Термиялық өңдеу

Термиялық өңдеу түрлерінің классификациясы. Термиялық өңдеу кезінде болатты қыздыру. Межелік нүктелер. Бақыланатын атмосферада болатты қыздыру. Термиялық өңдегендегі бұйымды суытудың ерекшеліктері. Бұйымды суыту температураларының барлық диапазондарында өгеріске ұшырамайтын орталар. Суытылатын бұйымның бетінде қайнайтындықтан агрегаттық күге өзгеріске ұшырайтын орталар.



4 тақырып. Бірінші текті жасыту

Гомогенді жасыту. Тепе-теңдіксіз кристалдану. Гомогенді жасыту кезіндегі негізгі құрылымдық өзгерістер. Қайта кристалдану және қайта кристалдануға дейінгі жасыту. Қайта кристалдануға дейінгі жасытқандағы құрылымы мен қасиетінің өзгеруі. Қайту мен қайта кристалдану процесстерінің механизмі. Қайта кристалданудың бастапқы және соңғы температуралары. Қайта кристалданудың текстурасы. Күйдірілген металдың анизотропиялық қасиетті және түрінің түйіршікті құрылымдар. Қалдық кернеулерді жоюға арналған жасыту. Қалдық кернеулердің пайда болуы мен рөлі. Кернеуді жоятын жасытудың режимі. Қалдық кернеулерді азайтудың қосымша тәсілдері.



5 тақырып. Қыздыру кезіндегі ауестениттің түзілуі және суытқанда аустениттің түрленуі

Қатты күйіндегі фазалық түрленудің жалпы заңдылығы. Фазалық түрленудің термодинамикасы. Гомогенді және гетерогенді фазалардың түзілуі. Фазалық түрленудің кинетикасы. Қыздыру кезіндегі аустениттің түзілуі. Аустениттенудің механизмі мен кинетикасы. Аустениттік түйірдің өлшемі. Құрылымдық түпнегізділік және аустениттің аса қайта кристалдануы. Перлиттің түрленуі. Эвтектоидқа дейінгі және кейінгі болаттардағы аустениттің түрленуі.



6 тақырып. Екінші текті жасыту

Эвтектоидқа дейінгі және кейінгі болаттарды екінші реттік жасытудың түрлілігі. Шойындарды екінші реттік жасытудың түрлері. Графиттеу процессі. Түсті металдарды екінші реттік жасытудың түрлері.



7 тақырып. Аустениттің мартенситке түрленуі және аустениттің бейнитке түрленуі.

Түрленудің ерекшеліктері мен термодинамикасы. Мартенситтік түрленудің кристаллогеометриясы. Мартенситтік түрленудің кинетикасы. Мартенситтің құрылымы мен субқұрылымы. Мартенситтің морфологиялық типі. Түрленудің механизмі мен кинетикасы. Жоғары және төменгі бейнит.



8 тақырып. Болатты шынықтыру

Полиморфсыз түрленетін шынықтырудың негізгі параметрлері. Аса суытылғын ерітіндінің ыдырау кинетикасы. Суытудың межелік жылдамдығы. Шынықтырылғыштығы мен шынықтырылу тереңдігі. Полиморфсыз түрленетін шынықтырудан кейінгі қасиетінің түрленуі. Полиморфты түрленетін шынықтырудың режимі. Шынықтырудан бекемдеу және оның табиғаты. Мартенситке шындап қасиетін өзгерту. Шындаудың түрлері.



9 тақырып. Ескіру және босату

Қатты ерітіндінің ыдырау термодинамикасы. Ескіру барысындағы құрылымдық өзгеріс. Бөлінділердің кеңістіктік таралуы және пішіндерінің типтері. Толассыз және толасты ыдырау. Ескіру кезіндегі бөлінудің кезектілігі мен кинетикасы. Ескіру кезіндегі қасиеттік өзгеруі. Ескірудегі бекемделуі мен беріксізденудің табиғаты. Ескіру кезіндегі қорытпа құрамы әсері.

Статикалық және динамикалық ескіру. Босату. Босатқандағы негізгі түрленулер. Төменгі орташа және жоғарғы босату. Босатудың режимін тандау және қызметі. Босату морттығы.

10 тақырып. Термомеханикалық өңдеу

Термомеханикалық өңдеудің түрлері. Термомеханикалық өңдеу кезіндегі беріктенудің табиғаты. Ыстық деформация процесстеріндегі құрылымдық және соңындағы өзгерістер.

Төменгі температуралары ТМӨ, жоғары температуралары ТМӨ. Термомеханикалық өңдеу режимін таңдау және қызметі.

11 тақырып. Химия – термиялық өңдеу

Химия – термиялық өңдеу кезіндегі түзілетін процесстердің жалпы заңдылығы. Бірфазалы және көпфазалы диффузиялық зоналар, олардың түзілуі. Қанықтыру түрлері. Қанықтыру режимін тандау және қызметі. Қанықтырған соң термиялық өңдеу.



Тәжірибелік сабақтардың тізімі мен мазмұны



2 тақырып. Темір және оның негізіндегі қорытпалар

Тәжірибелік жұмыс № 1. Қоспалардың ерітіндісін және болат фазаларындағы қоспалаушы элементтерді бағалау.



3 тақырып. Термиялық өңдеу

Тәжірибелік жұмыс № 2. Термиялық өңдеу кезіндегі қыздыру және ұстау уақытын есептеу.

Тәжірибелік жұмыс № 3. Арнайы бұйымдарды термиялық өңдеудің тиімді режимдерін тандау.

7 тақырып. Аустениттің мартенситке түрленуі және аустениттің бейнитке түрленуі

Тәжірибелік жұмыс № 4. Әр түрлі болаттардағы аса суытылған аустениттің термокинетикалық және изотермиялық диаграммасын талдау.



Зертханалық сабақтардың тізімі мен мазмұны



1 тақырып. Кристалдану кезіндегі қорытпалардың құрылымдарының пішінделуі

Зертханалық жұмыс № 1. Металдың қаттылығын анықтау және зерттеу.

Зертханалық жұмыс № 2. Темір-цементит күй диаграммасы.

Зертханалық жұмыс № 3. Металдар мен құймалардың микроскоппен зерттеу.



3 тақырып. Термиялық өңдеу

Зертханалық жұмыс № 4. Тез кескіш болаттың термиялық өңделуі.

Зертханалық жұмыс № 5. Көміртекті болаттарды өңдегендегі.

микроқұрылымы мен қатталығына суыту жылдамдылығын тигізетін әсерін зерттеу.



8 тақырып. Болатты шынықтыру

Зертханалық жұмыс № 6 Шынықтырылған көміртегілі болаттардың

микроқұрылымдары мен қаттылығына босату температураларының әсерін зерттеу.

9 тақырып. Ескіру және босату

Зертханалық жұмыс № 7. Конструкциялық болаттардың босату марттылығын зерттеу.


СӨЖ мазмұны
СӨЖ түрлерінің тізімі



СӨЖ түрі

Бақылау

түрі


Бақылау түрі

Сағат бойынша көлемі

1

Дәріс материалына кірмеген тақырыптарды қосымша, дайындау

Конспект

Пән сабақтарына қатысу

10

2

Оқулықтар, оқу құралдары және дәріс конспектісі бойынша дәріс сабақтар-ында өткен материалдарды дайындау

Конспект

ЗЖ рұқсатнама

10

3

Зертханалық және тәжерибелік жұмыстарға дайындалу.

Есеп

Ауызша сұрау

15

4

Межелік бақылауға дайындалу

Ауызша сұрау

МБ 1, МБ 2, тест және т.б.

10


Өздігінен меңгеру үшін білім алушыларға ұсынылатын тақырыптардың тізімі

1–тақырып. – Темір қорытпалардың тепе-теңдік құрылымы

Ұсынылатын әдебиет: [1], 47 – 61 бет.



2–тақырып. – Болаттардың классификациясы мен маркілері

Ұсынылатын әдебиет: [1], 138 – 157 бет.



3–тақырып. – Термиялық өңдеу түрлерінің классификациясы

Ұсынылатын әдебиет: [1], 82 – 103 бет.



4–тақырып. – Мартенситтік түрленудің кинетикасы. Мартенситтің морфологиялық типі.

Ұсынылатын әдебиет: [1], 70 – 82 бет.



5–тақырып. – Термомеханикалық өңдеудің түрлері.

Ұсынылатын әдебиет: [1], 102 – 110 бет.


Бақылау шараларының күнтізбелік графигі

«Металтану және термиялық өңдеу» пәнi бойынша күндізгі оқу түрі 050709 «Металлургия» мамандығының студенттеріне арналған сабақ үстінде жұмыс жасауға және СӨЖ –ді орындау және тапсыру бойынша тапсырмалар



1 рейтинг (5 семестр)

Апталар

1 сабаққа қойылатын макс. балл

1

2

3

4

5

6

7

8

Барлығы

Апта ішіндегі максималдық балл

22

26

26

26

100

Сабаққа қатысу және дәріске дайындық

СӨЖ түрі/есеп. түрі

 

1,2 ДҮТ

3,4 ДҮТ

5,6 ДҮТ

7,8 ДҮТ

16

Бақылау түрі

 

Қ

Қ

Қ

Қ

Макс.балл

2

4

4

4

4

Сабаққа қатысу және тәжірибелік, зертханалық сабақтарға дайындық

СӨЖ түрі/есеп.түрі

 

1 зертҮТ

1 тәжҮТ

2 зертҮТ

2 тәжҮТ

16

Бақылау түрі

 

Р

Р

Р

Р

Макс.балл

2

4

4

4

4

Тәжірибелік, зертханалық жұмыстарды ресімдеу және қорғау

СӨЖ түрі/есеп. түрі

 

 




 

Е

 




 

Е

40

Бақылау түрі

 

 

1ЗҚ

 

1ТҚ

 

2ЗҚ

 

2ТҚ

Макс.балл

10

 

10

 

10

 

10

 

10

Материалды өздігінен меңгеру

СӨЖ түрі/есеп. түрі

 

 

1 ӨМҮТ

2 ӨМҮТ

3 ӨМҮТ

4 ӨМҮТ

5 ӨМҮТ

6 ӨМҮТ

7 ӨМҮТ

28

Бақылау түрі

 

 

К

К

К

К

К

К

К

Макс.балл




 

4

4

4



4

4



2 рейтинг (5 семестр)

Апталар

1 сабаққа қойылатын макс. балл

9

10

11

12

13

14

15




Барлығы

Апта ішіндегі максималдық балл

26

26

26

22

100

Сабаққа қатысу және дәріске дайындық

СӨЖ түрі/есеп. түрі

 

9,10 ДҮТ

11,12 ДҮТ

13,14 ДҮТ

15 ДҮТ

16

Бақылау түрі

 

Қ

Қ

Қ

Қ

Макс.балл

2

4

4

4

4

Сабаққа қатысу және тәжірибелік, зертханалық сабақтарға дайындық

СӨЖ түрі/есеп. түрі

 

3 зертҮТ

3 тәжҮТ

4 зертҮТ

4 тәжҮТ

16

Бақылау түрі

 

Р

Р

Р

Р

Макс.балл

4

4

4

4

4

Тәжірибелік, зертханалық жұмыстарды ресімдеу және қорғау

СӨЖ түрі/есеп. түрі

 

 







Е

 

Е

 




40

Бақылау түрі

 

 

3ЗҚ




3ТҚ

 

4ЗҚ

 4ТҚ




Макс.балл

 10

 

10




10

 

10

 10




Материалды өздігінен меңгеру

СӨЖ түрі/есеп. түрі

 

8 ӨМҮТ

9 ӨМҮТ

10 ӨМҮТ

11 ӨМҮТ

12 ӨМҮТ

13 ӨМҮТ

14 ӨМҮТ




28

Бақылау түрі

 

К

К

К

К

К

К

К




Макс.балл



4

4

4

4

4

4

4




Шартты белгілеулер: 1ДҮТ –№1 дәріске дайындалуға берілетін үй тапсырмасы, Қ – оқу үрдісіне қатысуы, 1зертҮТ –№1зертханалық жұмысқа дайындалуға берілетін үй тапсырмасы, Р – рұқсатнама, Е – есеп, 1ЗҚ – №1зертханалық жұмысты қорғау, 1ӨМҮТ – №1 өздігінен материалды меңгеруге берілетін үй тапсырмасы.
Қорытынды рейтинг есептеу әдістемесі
Қорытынды баға жіберу рейтингісі (ЖР) мен қорытынды бақылаудың (ҚБ) қосындысымен есептелінеді, олардың үлес салмағын ескере отырып (ҮСЖР және ҮСҚБ).
Қ = ЖР·ҮСЖР + ҚБ·ҮСҚБ
Университеттің Ғылыми кеңесі бақылау түрлеріне және ағымдағы үлгерімге байланысты төмендегідей салмақтық үлес бекітілген.


Бақылаудың қорытындысының түрі

Бақылау түрі

Үлес салмағы

Емтихан

Емтихан (ҮСЖР)

0,4

Ағымдағы үлгерімді бақылау (ҮСҚБ)

0,6

Студенттің семестр бойы пән бойынша жинаған жіберу рейтингісінің бағасы мынаған тең

ЖР = (Р1 + Р2)/2
Студенттің рейтингісі (Р1 және Р2) мына формула бойынша анықталады
Р1(2) = АҮ1(2) ·0,7 + МБ1(2) ·0,3

Ағымдағы үлгерім (АҮ) 100 балдық шкаламен анықталады(бақылау іс-шараларының күнтізбелік графигін қара).

Сонымен қатар межелік бақылаудың (МБ) бағасы да 100 балдық шкаламен анықталады.

Қорытынды бақылау (ҚБ) 100 балдық шкаламен анықталады.



Баллдық жүйе бойынша пәннен қорытынды рейтинг “Оқушылардың оқу жетістіктері” және “Рейтингтік ведомость” журналдарына балл түрінде кестелерге енгізіліп эквивалентті бағаға айналдырылады.


Балл ретіндегі қорытынды баға (И)

Баллдардың сандық (Ц)

Әріптік жүйедегі баға (Б)

Дәстүрлі жүйедегі баға (Т)

Емтихан, диф. Сынақ

Сынақ

95-100

4

А

Өте жақсы

Сынақ-талды

90-94

3,76

А-

85-89

3,33

В+

Жақсы

80-84

3,0

В

75-79

2,67

В-

70-74

2,33

С+

Қанағаттанарлық

65-69

2,0

С

60-64

1,67

С-

55-59

1,33

D+

50-54

1,0

D

0-49

0

F

Қанағаттанарлықсыз

Сынақ. жоқ



11 Курс саясаты
Кредиттік технология бойынша оқыту барлық курстар үшін және С. Торайғыров атындағы ПМУ –да барлық пәндер бойынша студенттің білімі рейтингті бақылаумен бақылау қолданылады. Мамандықтың жұмыс оқу жоспарына енгізілген пән рейтингі 100 балдық шкаламен бағаланады.

«Металтану және термиялық өңдеу» курсы студентке ғылыми әдебиеттер мен, сонымен бірге оқулықтармен, мерзімді журналдармен, интернетпен жұмыс жасау арқылы машықтануға мүмкіндік береді.

Оқытушының берген тақырыбын студент оны ОСӨЖ сабақтарында, зертханалық жұмысты өткізгенде, зертханалық жұмыс нәтижелері бойынша есепті қорғағанда нақтылай түседі.

Өздік жұмыс, теориялық курсқа кірмеген немесе қысқаша түрде қарастырылған, дәрістік тақырыптарға қатысты сұрақтарды теориялық түрде зерттеу және оларды ұсынылған әдебиет бойынша тереңдетіп оқу болып табылады.

Өздік жұмысы келесі түрде бағаланады: әр тақырыпты теориялық тұрғыдан қарастырылған сұрақтар конспект жасаумен аяқталады, конспект оқытушыға көрсетіліп бағаланады..

Студенттердің оқытушымен бірге орындалатын өздік жұмысы, дәрістік сабақтардың тақырыптарын терең зерттеп, оларды бекітуге бағытталған. Студенттер сабаққа дайындықпен келіп, ұсынылған әдебиеттер мен аталмыш сабаққа қажетті материалдарды қолдануы керек. Сабақты босатқан жағдайда студент уақытында тапсырмаған материалды келесі аптасында тапсыра алады. Уақытында тапсырылымаған материал оқу семестрінің 4 апта аралығында қабылданады және 50%-дан (жартысын аласыз) төмен бағаланады..

Бірінші және екінші межелік бақылау оқытылған тақырыптар бойынша ауызша сұрау түрінде, билеттер немесе тесттер бойынша 100 балдық жүйемен бағаланады.

Пән бойынша межелік бақылауға (МБ) ағымдағы үлгерім (АҮ) балдарын жинаған студент қана жіберіледі.

– Егер студент межелік бақылаудан өтпеген болса, немесе МБ 50 балдан төмен бал жинаған болса, онда ол студенттің рейтингі анықталмайды. Мұндай жағдайда деканат МБ тапсырудың жеке мерзімін белгілейді.

7 – семестр аяғында емтихан қабылданады.

Емтихан үш сұрақтан туратын билет бойынша немесе 50 сұрақтан тұратын нұсқаға салынған тесттер бойынша алынады. Емтихан 100 балдық жүие бойынша бағаланады.

Пән бойынша қорытынды бақылауға (ҚБ) оқу бағдарламалық жұмыстардың барлық талаптарын орындағандар (барлық зертханалық және тәжірибелік жұмыстарды және СӨЖ және ОСӨЖ бойынша жұмыстар мен тапсырмалар орындаған және тапсырған), курстық жұмысты қорғағаны үшін жақсы баға алғандар (семестрлік жұмыстар) және жіберу рейтингісін жинағандар (50 балдан кем емес) студенттер жіберіледі.

Егер студент алушы жіберу рейтингісі және қорытынды бақылауы бойынша жақсы бағаларға ие болса, онда пән бойынша қорытынды баға есептелінеді. Егер студент қорытынды бақылауды себепсіз жіберсе, онда оның бағасы “қанағаттанарлықсыз” деп есептелінеді.

Мен сіздерден сабаққа кешікпеулеріңізді сұраймын, оқытушыдан кейін аудиторияға кіруге болмайды, сабаққа қалғаны үшін студент сабаққа жіберілмейді, өйткені ол оқу сабағының үрдісін бұзады. Сонымен бірге тәртіп бұзғаны үшін студент аудиториядан қуылады және 0 бал қойылады.

Емтиханды көшіруге жол берілмейді. Бақылау шарасында көшіргені үшін студент аудиториядан шығарылады және оған 0 бал қойылады.

Егер сіз себепті жағдайлармен бақылау шараларын өткізу кезінде қатыспаған болсаңыз, онда оқытушы тағайындаған уақытта қосымша өтуіңізге мүмкіндік беріледі (МБ және ҚБ деканның рұқсатымен өткізіледі), кері жағдайда сіз «0» балл аласыз.


12 Әдебиеттер тізімі

Негізгі

  1. Давильбеков Н.К. Металлургия машиналары мен жабдықтары (оқулық) . – Алматы : Каз НТУ, 2002.

  2. Технология прокатного производства: Учебник для вузов / Грудев А.П.,

Маш-кин Л.Ф., Ханин М.И.-М. : Арт-Бизнес-Центр. Металлургия, 1994. – 656 с.

  1. Технология процессов прокатки и волочения. Листопрокатное

производство: Учебник /М.М. Сафьян, В.Л. Мазур, A.M. Сафьян, А.И. Молчанов. – Киев : Выс­шая школа. Головное издательство, 1988. – 351с.

  1. А.И. Рудской, В.А. Лунев. Теория и технология прокатного производства: Учебное пособие. - СПб. : Наука, 2005. – 540 с.

  2. Прокатное производство: Учебник для вузов. 3-е издание /Полухин П.И., Федосьев Н.М., Королов А.А., Матвеев Ю.М. : - М. : Металлургия, 1982.– 696 с.

  3. Диомидов Б.Б, Литовченко Н.В. Технология прокатного производства.- М.: Металлургия, 1979. – 488 с.

  4. Калибровка прокатных валков /Смирнов В.К., Шилов В.А., Инатович Ю.В. /Учебное пособие для вузов. - М. : Металлургия,1987.– 368 с.

  5. Обработка металлов давлением /Ю.Ф. Шевакин, В.Н.Чернышев, Р.Л. Шаталов, Н.А. Молчанов. Под научн. ред. Ю.Ф. Шевакина. -М.: Интермет Инжиниринг, 2005.– 496 с.

9 Технология трубного производства: Учебник для вузов./ В.Н.Данченко, А.П.Коликов, Б.А.Романцов, СВ. Самусев.- М.: Интермет Инжиниринг, 2002.– 640 с.

10 Грудев А.П. Теория прокатки. Изд.2-е, перераб. и доп. - М.: Интермет Инжиниринг, 2001.– 280 с.



11 Охрименко Я.М. Технология кузнечно-штамповочного производства. – М. : Машиностроение, 1966.– 600 с.

Қосымша

  1. ефтель Н.И. Технология прокатного производства: Учебное пособие вузов.- М.:

Металлургия, 1976.—576 с.

  1. еликов А.И., Никитин Г.С, Рокотян СЕ. Теория продольной прокатки М. :

Металлургия, 1980.320 с.

  1. Технология процессов обработки металлов давлением / П.И. Полухин, Хензель,

В.П. Полухин и др. /Под ред. П.И. Полухина, - М. : Металлургия, 1988 – 408 с.

  1. Лякишев Н.П., Шалимов А.Г. Развитие технологии непрерывной разливки стали. - М.: ЭЛИЗ, 2002.208 с.

  2. Технология и оборудование трубного производства / В.Я. Осадчий, А.С. Вавилин, В.Г. Зимовец, А.П. Коликов.- М.: Интермет Инжиниринг, 2001.608 с.

  3. Диомидов Б.Б., Литовченко Н.В. Калибровка прокатных валков: Учебное пособие для вузов. - М. : Металлургия,1970.313 с.

  4. Матвеев Б.И. Горячая прокатка труб. - М. : Интермет Инжиниринг, 2000. 142 с.

  5. Данченко В.Н., Чус А.В. Продольная прокатка труб. - М.: Металлургия. 1984 136 с.

  6. Технология производства труб / И.Н. Потапов, АЛ. Коликов, В.Н. Данченко и др.-М. : Металлургия, 1994.528 с.

  7. Савин Г.А. Волочение труб . - М. : Металлургия, 1982.160 с.

  8. Зубцов М.Е. Листовая штамповка: Учебник для студентов вузов, -3 изд., перераб. и доп. - Л.: Машиностроение. Ленингр. отд.-ние, 1980.432 с.

  9. Романовский В.П. Справочник по холодной штамповке.- 6-е изд., перераб. доп. - Л.: Машиностроение, Ленингр. отделение, 1979520 с.

  10. Технология прокатного производства. В 2-х книгах. Кн.1. Справочник: Беняковский М.А., Богоявленский К.Н., Виткин А.И. и др.- М.: Металлугия, 1992.440 с.

  11. Технология прокатного производства. В 2-х книгах. Кн.2. Справочник: Беняковский М.А., Богоявленский К.Н., Виткин А.И. и др.-М.: Металлургия, 1992. 423 с.

  12. Коновалов Ю.В., Налча Г.И., Савранский К.Н. Справочник прокатчика - М. : Металлургия, 1977.312 с.

  13. Теория прокатки: Справочник /А.И. Целиков, А.Д. Томленов, В.И. Зюзин и др. - М. : Металлургия, 1982.335 с.

  1. Комановксий А.З. Листопрокатное производство: Справочник.- М. : Металлургия, 1979.280 с.

  2. Коновалов Ю.В., Остапенко А.П., Пономарев В.И. Расчёт параметров листовой прокатки. Справочник.- М. : Металлургия, 1986.430 с.

  3. Теория прокатки. Справочник /Целиков А.И., Томленов А.Д., Зюзин В.И. и др.-М. : Металлургия, 1982.335 с.




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет