Бағдарламасы (Syllabus) Павлодар Пән бойынша оқыту пму ұс н 18. 3/38 бағдарламасы (Syllabus)



жүктеу 157.54 Kb.
Дата09.07.2018
өлшемі157.54 Kb.
түріБағдарламасы

Пән бойынша оқыту ПМУ ҰС Н 7.18.3/37

бағдарламасы

(Syllabus)
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
География және туризм кафедрасы

Географиялық зерттеулер әдістемесі пәні бойынша


5В060900-География мамандығының студенттері үшін
ПӘН БОЙЫНША ОҚЫТУ

БАҒДАРЛАМАСЫ

(Syllabus)





Павлодар

Пән бойынша оқыту ПМУ ҰС Н 7.18.3/38

бағдарламасы

(Syllabus)

БЕКІТЕМІН

ХТжЖФ деканы

_______ Қ.Қ. Ахметов

«___»__________20 ж.


Құрастырушы: аға-оқытушы А.Е.Егінбаева _______________

География және туризм кафедрасы
ПӘН БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)
Географиялық зерттеулер әдістемесі пәні бойынша
5В060900-География мамандығының студенттері үшін
Бағдарлама «____» ___________20 ж. бекітілген жұмыс оқу бағдарламасы негізінде құрастырылды
«___» __________ 20 ж. Хаттама № __ кафедра мәжілісінде ұсынылды

Кафедра меңгерушісі____________________ Д.Д. Есимова

Химиялық технология және жаратылыстану факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

«___» ________20 ж. Хаттама № _______


ОӘК төрайымы _______________ Ю.М. Каниболоцкая

1 Оқытушы жөнінде мәлімет және байланысу ақпараттары:

Химиялық технология және жаратылыстану факультеті

География және туризм кафедрасы

аға-оқытушы Егінбаева Айгүл Есенғалиқызы

тел. (8-7182) 67-36-85 (ішкі 1277)

Қабылдау уақыты: сәрсенбі – 1200-ден 1300-ге дейін, ауд. № 313


2 Пән жөнінде ақпарат

Пән 15 аптадан тұратын 7-ші семестрде оқытылады. Пәннің жалпы көлемі 90 сағат, оның ішінде 30 сағат аудиториялық сабақтарға және 60 сағаты пәнді оқу бойынша студенттің өздік жұмысына (СӨЖ) жұмсалады. Сабақтың түріне қарай аудиториялық уақыттың бөлінуі күнтізбелік жоспарда келтірілген.


3 Пәннің еңбек сыйымдылығы


Семестр

Кредит саны

Аудиториялық сабақтардың түрі бойынша сағаттар саны

СӨЖ сағаттарының саны

Бақылау түрі

барлық

дәріс

тәжір.

зерт.

барлық

ОСӨЖ

7

2

30

15

15

-

60

30

емтихан


4 Пәннің мақсаты – кешенді географиялық зерттеулердің ажырамас бөлігі ретінде физикалық-географиялық әдістердің мазмұнын ашу. «Географиялық зерттеулер әдісі» пәні ландшафтану, биогеография және т.б. сияқты арнайы курстардың толық қатарын алдын алады. Пән екі логикалық байланысқан бөліктен тұрады: «Физикалық-географиялық зерттеу әдістері» және «Экономикалық-географиялық зерттеу әдістері».
Міндеттері:

- әдістеме және ғылыми географиялық зерттеулер әдіс-тәсілдерінің жалпы сұрақтарын ашудан тұрады; табиғи және табиғи-антропогендік геожүйелердің кешенді физикалық-географиялық зерттеулер әдістерімен және қазіргі физикалық географияның ақпараттық базасымен таныстыру .

- студенттерді Қазақстан мен әлемдегі өндірістік өнеркәсіптердің және экономиканың қазіргі жағдайымен таныстыру; студенттерге қажетті статистикалық материалдармен және ғылыми экономикалық-географиялық әдебиетпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.
Білімге, икемділікке және дағды машықтарға қойылатын талаптар

5 Студент білу керек:

- географиялық зерттеулердің жаңа және жаңаша әдістерін білу, алған теориялық білімдерін қолдануға дағдылану.



Студент істей білу керек:

  • тәжірибеде теориялық білімдерін қолдануға;

  • әртүрлі зерттеу әдістерімен алған білімдерін тұжырымдауға және жүйелеуге.



6 Пререквизиттері: «Географиялық зерттеулер әдістемесі» курсын меңгеру үшін жалпы жертану, гидрология, геология пәндері бойынша алдын-ала білім алуды қажет етеді.

7 Постреквизиттері: диплом алды тәжірибесі.
8 Пәннің тақырыптық жоспары




ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ



р/с


Тақырыптың атауы

Сағат саны

Дәр.

Тәж.

СӨЖ


1

2

3

4

5

1

Кіріспе

1







2

Таным кезеңдері бойынша әдістердің жіктелуі. Географиялық ақпарат базасы. Суреттеу әдісі. Салыстырмалы-географиялық әдіс. Картографиялық әдіс.

2

4

10

3

Кешенді географиялық зерттеулер әдісі. Картографиялық, геохимиялық, геофизикалық, математикалық, аэроғарыштық әдістердің өзара байланысы.

3

4

10

4

Қолданбалы кешенді физикалық-географиялық зерттеулер әдісі.

3

3

10

5

Экономикалық-географиялық зерттеулердің мақсаты мен әдістері. Өндіріс нысандарын зерттеу әдістері. Аумақтық әлеуметтік-экономикалық жүйелерді зерттеу әдістемесі.

3

4

10

6

Әртүрлі аумақтық-экономикалық жүйелерді зерттеу әдістері. Әлеуметтік-экономикалық зерттеулерде баланстық, статистикалық, картометрикалық әдістерді қолдану. Геожүйелерді модельдеу.

3

-

10

БАРЛЫҒЫ:

15

15

60

Пән бойынша барлығы

90



9 Пәннің қысқаша мазмұны

«Географиялық зерттеулер әдістемесі» курсы – студенттерді өзіндік кешенді физикалық-географиялық зерттеулерге дайындау және экономикалық география саласында және Қазақстан мен әлемде осы күнгі өндірістік өнеркәсіпті ұйымдастыруда білім беру.


10 Курстың компоненттері

Пәннің тақырыптар мазмұны
1 Тақырып. Кіріспе.

Қазіргі физикалық география міндеттерінің негізгі кластары. Табиғи аумақтық кешеннің (ТАК) кеңістіктік-уақыттық құрылымын зерттеу; ресурстық әлеуетті бағалау; ТАК шаруашылықта пайдалану мүмкіншіліктері мен шектеуліктерін зерттеу; ТАК жағдайын ландшафттық-экологиялық бағалау және даму болжамы; мәдени ландшафтық және т.б. жобалау. Ғылыми таным кезеңдері. Ғылыми таным кезеңіне философиялық тұрғыдан түсінік беру және оның кешенді физикалық-географиялық зерттеулерге қатысты тұжырымдамасы.

2 Тақырып. Таным кезеңдері бойынша әдістердің жіктелуі. Географиялық ақпарат базасы. Суреттеу әдісі. Салыстырмалы-географиялық әдіс. Картографиялық әдіс.

Зерттеу әдістерінің көптүрлілігі және олардың жіктелу қайшылықтары. Тарихи қағида бойынша әдістердің жіктелуі. Дәстүрлі әдістер (суреттеу, салыстырмалы-географиялық, тарихи-географиялық, картографиялық әдістер); физикалық географияда XXғ. 30-50жж. бастап пайдаланып келе жатқан әдістер (геофизикалық, геохимиялық, аэро әдістер); XXғ. 60-80жж. қолданылып келе жатқан әдістер (ғарыштық, математикалық, модельдеу, геоақпараттық және т.б.). Жаhандық, аймақтық және жергілікті зерттеу деңгейлері. Географиялық ақпараттық база. Салыстырмалы-географиялық әдістің аса маңызды рөлі. Суреттеу әдісі. Картографиялық әдіс.

3 Тақырып. Кешенді географиялық зерттеулер әдісі. Картографиялық, геохимиялық, геофизикалық, математикалық, аэроғарыштық әдістердің өзара байланысы.

Кешенді физикалық-географиялық зерттеулердің нысаны. Табиғи аумақтық (ТАК) және табиғи-аквалды (ТАК) кешендер (геожүйелер). ТАК құрылымы, қызметі және динамикасы.

Экспедициялық әдістер. ТАК құрылымын зерттеу және жергілікті, аймақтық деңгейдегі ТАК тарихи-эволюциялық көрінісін қалпына келтіру. Ландшафттық картографиялау - ТАК зерттеудің негізгі әдісі.

Экспедициялық жұмыстарды ұйымдастыру және өткізудің үш мерзімі.

4 Тақырып. Қолданбалы кешенді физикалық-географиялық зерттеулер әдісі.

Қолданбалы кешенді физикалық-географиялық зерттеулер. Қолданбалы физикалық-географиялық зерттеулердің өзектілігі және әлеуметтік сұраныстың өсуі. Әдістемелік негіздер және әдістемелік қағидалар. Басты кезеңдер (А.Г.Исаченко бойынша): инвентаризациялық, баға беру, болжамдық, ұсыныстық. Әртүрлі кезеңдерде қолданылатын әдістердің ерекшеліктері.

5 Тақырып. Экономикалық-географиялық зерттеулердің мақсаты мен әдістері. Өндіріс нысандарын зерттеу әдістері. Аумақтық әлеуметтік-экономикалық жүйелерді зерттеу әдістемесі.

Экономикалық-географялық зерттеулерде бірінші нысан туралы түсінік. Кешенді, арнайы, салалық зерттеулердің түрлері. Табиғат пен қоғам арасындағы құбылыстардың өзара байланысы – әртүрлі таксономиялық деңгейдегі әлеуметтік-экономикалық жүйелерді қалыптастыратын өндіргіш күштерінің аумақтық үйлесуін анықтау және талдау үшін негізгі теориялық алғышарт болып табылады. Кеңістіктік-уақыттық талдау – экономикалық-географиялық зерттеулердің негізгі қағидаларының бірі ретінде. Зерттеу көлемі туралы түсінік.

6 Тақырып. Әртүрлі аумақтық-экономикалық жүйелерді зерттеу әдістері. Әлеуметтік-экономикалық зерттеулерде баланстық, статистикалық, картометрикалық әдістерді қолдану. Геожүйелерді модельдеу.

Тарихи әдіс. Экономикалық географиядағы оның мәні және қолданылуы. Картографиялық және картометриялық зерттеу әдістері. Олардың артықшылықтары мен кемшіліктері. Математикалық зерттеу әдісі, оның мүмкіншіліктері мен қолдану салалары. Визуалды бақылау экономикалық-географиялық зерттеу әдісі ретінде. Бұл әдісті қолдану өзгешелігі. Маршруттық және негізгі визуалды бақылаулар.


Тәжірибелік жұмыстардың мазмұны
2) №2 Тақырып. Таным кезеңдері бойынша әдістердің жіктелуі. Географиялық ақпарат базасы. Суреттеу әдісі. Салыстырмалы-географиялық әдіс. Картографиялық әдіс.

1. Жергілікті жерде бағдарлау. Көзбен өлшеу түсірілімін жүргізу. Жергілікті жердің жоспарын құру.

2. Суреттеу әдісі. Салыстырмалы-географиялық әдіс. Картографиялық әдіс.

3) №3 Тақырып. Кешенді географиялық зерттеулер әдісі. Картографиялық, геохимиялық, геофизикалық, математикалық, аэроғарыштық әдістердің өзара байланысы.

1. Математикалық және статистикалық бақылаулар қатарын өңдеу. Климатологиялық және демографиялық мәліметтер бойынша сызбалар, диаграммалар және гистограммаларды құру және талдау. Орташа мәндерді, орташа шаршы ауытқуларды және т.б. сипаттамаларды есептеу. Метеорологиялық станцияның орналасу территориясының климатологиялық сипатын жасау.

2. 1:25000 масштабтағы топографиялық картамен жұмыс жасау: горизонталдардың биіктігін және беткейлердің бағытын анықтау; беткей құламалығын және экспозициясын анықтау: жер бедері пішінін; биіктік нүктелері бойынша горизонталдарды құру; суайрық сызықтарын және тальвегтарды қоса су жинау бассейндерін карта бойынша анықтау: вертикалды қиманы құру.

4) №4 Тақырып. Қолданбалы кешенді физикалық-географиялық зерттеулер әдісі.

1. Микроклиматологиялық бақылаулар. Анемометр, аспирациялық психрометр және анероид құралдарын және жұмыс қағидасын оқып білу. Құралдармен өлшеулер жүргізу, нәтижелерді сыни тұрғыдан талдау.



5) №5 Тақырып. Экономикалық-географиялық зерттеулердің мақсаты мен әдістері. Өндіріс нысандарын зерттеу әдістері. Аумақтық әлеуметтік-экономикалық жүйелерді зерттеу әдістемесі.

1. Экономикалық-географиялық зерттеулер. Атлас, карта, мерзімдік басылым және сатистикалық жинақтар бойынша Павлодар облысының физикалық және экономикалық-географиялық ерекшеліктерін сипаттау (геологиялық құрылымы және жер бедері, пайдалы қазбалары, климат жағдайы және олардың ауыл шаруашылық өндірісіне, энергоөндіріс цикліне, өндірістік кешенге, демографиялық сипаттамаларға әсері).


Студенттің өздік жұмысының тақырыптары
Тақырып 1. Кіріспе.

Табиғи аумақтық кешеннің (ТАК) кеңістіктік-уақыттық құрылымын зерттеу; ресурстық әлеуетті бағалау; ТАК шаруашылықта пайдалану мүмкіншіліктері мен шектеуліктерін зерттеу; ТАК жағдайын ландшафттық-экологиялық бағалау және даму болжамы; мәдени ландшафтық және т.б. жобалау.



Тақырып 2. Таным кезеңдері бойынша әдістердің жіктелуі. Географиялық ақпарат базасы. Суреттеу әдісі. Салыстырмалы-географиялық әдіс. Картографиялық әдіс.

Тарихи қағида бойынша әдістердің жіктелуі. Дәстүрлі әдістер (суреттеу, салыстырмалы-географиялық, тарихи-географиялық, картографиялық әдістер);



Тақырып 3. Кешенді географиялық зерттеулер әдісі. Картографиялық, геохимиялық, геофизикалық, математикалық, аэроғарыштық әдістердің өзара байланысы.

Экспедициялық әдістер. ТАК құрылымын зерттеу және жергілікті, аймақтық деңгейдегі ТАК тарихи-эволюциялық көрінісін қалпына келтіру. Ландшафттық картографиялау - ТАК зерттеудің негізгі әдісі.



Тақырып 4. Қолданбалы кешенді физикалық-географиялық зерттеулер әдісі.

Қолданбалы физикалық-географиялық зерттеулердің өзектілігі және әлеуметтік сұраныстың өсуі. Әдістемелік негіздер және әдістемелік қағидалар. Басты кезеңдер (А.Г.Исаченко бойынша): инвентаризациялық, баға беру, болжамдық, ұсыныстық. Әртүрлі кезеңдерде қолданылатын әдістердің ерекшеліктері.



Тақырып 5. Экономикалық-географиялық зерттеулердің мақсаты мен әдістері. Өндіріс нысандарын зерттеу әдістері. Аумақтық әлеуметтік-экономикалық жүйелерді зерттеу әдістемесі.

Кешенді, арнайы, салалық зерттеулердің түрлері. Табиғат пен қоғам арасындағы құбылыстардың өзара байланысы – әртүрлі таксономиялық деңгейдегі әлеуметтік-экономикалық жүйелерді қалыптастыратын өндіргіш күштерінің аумақтық үйлесуін анықтау және талдау үшін негізгі теориялық алғышарт болып табылады.



Тақырып 6. Әртүрлі аумақтық-экономикалық жүйелерді зерттеу әдістері. Әлеуметтік-экономикалық зерттеулерде баланстық, статистикалық, картометрикалық әдістерді қолдану. Геожүйелерді модельдеу.

Картографиялық және картометриялық зерттеу әдістері. Олардың артықшылықтары мен кемшіліктері. Математикалық зерттеу әдісі, оның мүмкіншіліктері мен қолдану салалары. Визуалды бақылау экономикалық-географиялық зерттеу әдісі ретінде.



СӨЖ мазмұны




СӨЖМ түрі

Есеп беру формасы

Бақылау түрі

Сағат көлемі

1

Дәріс сабақтарына дайындық




Сабаққа қатысуы

15

2

Тәжірибелік сабақтарына дайындық, үй тапсырмаларын орындау

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысуы

15

3

Аудитория сабағының мазмұнына кірмеген материалды меңгеру

Ауызша сұрау

Конспект

20

4

Бақылау шараларына дайындық

-

МБ 1, МБ 2, (тестілеу және басқалар)

10

Барлығы:

60



Ағымдағы үлгерім мен межелгі бақылау бойынша салмақты үлестердің бөлінуі




р/с

Қорытынды бақылау түрі

Бақылау түрі

Салмақты үлестері

1

Емтихан

Ағымдағы үлгерім

0,7

Межелгі бақылау

0,3



Қорытынды бақылау мен ағымдағы үлгерімді бақылау бойынша салмақты үлестердің бөлінуі




р/с

Қорытынды бақылау түрі

Бақылау түрі

Салмақты үлестері

1

Емтихан

Емтихан

0,4

Ағымдағы үлгерімді бақылау

0,6


11 Курстың саясаты

Студент дәріс сабақтарына міндетті қатысу тиіс. Сабаққа қатысу әр бір сабақта белгіленеді (сабақтың басында немесе ортасында). Егер белгілеу кезінде студент болмаса, ол белгілеуден кейін келсе де сабақта жоқ деп есептеледі.

Сабақтардағы кез келген бұзушылық жазаланады, тіпті аудиториядан шығарып жіберуге де жету мүмкін. Ал белсенді жұмыс бағаланады. Сабақтан қалмау керек және кешігіп келуге болмайды. Сабақты босату және кешігіп келу үшін төмендегі айыпты санкциялар қолданылады:


  • Орынды себепсіз дәріс сабағына қатыспағаны үшін – минус екі балл;

  • Аудиторияда тәртіпті бұзғаны үшін – сабаққа келгені үшін алған баллдан айырылады.

Талаптар мен айыпты санкциялар:

  1. Оқу процесіне белсенді қатысу.

  2. Сабаққа кешікпеу.

  3. Аудиторияға сыртқы киімді шешіп кіру.

  4. Сабақ барысында бір-бірімен сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефондарды өшіру, сағыз шайнамау.

  5. Оқу бөлмелерінде шылым шекпеу және тәртіпсіз сөздерді қолданбау

  6. Босатылған дәрісті өздігінен игеріп тапсыру негізгі балл мөлшерінің 50%-мен бағаланады.

7. Уақытында орындалмаған тапсырмалар (бақылаудың барлық түрлері) негізгі балл мөлшерінің 50%-мен бағаланады. Тапсырмаларды орындамағаны үшін қорытынды баға төмендетіледі.

Аталған талаптарды орындау емтиханға қатысуды қамтамасыз етеді.



Соңғы қорытынды баға төмендегілерден шығарылады:

  1. Дәріс сабақтарына қатысу

  2. Дәріс сабақтарына белсенді қатысу және барлық тәжірибелік, зертханалық жұмыстар мен СӨЖ орындау мен қорғау

  3. Білімдердің шекті бақылауы

  4. Емтихан (сынақ) бағасы

Білімді бағалау баллдық-рейтинг жүйесін қолданумен жүзеге асырылады, студент күнтізбелік кестеге сүйеніп өз білім деңгейін өзі бағалай алады. Қажетті баллдар санын жинау үшін студент барлық дәріс, тәжірибелік, зертханалық сабақтарға белсенді қатысу қажет. Егер аталған шарт орындалмаса, студент барлық тақырыптарды игеріп тапсырудан кейін ғана емтиханға жіберіледі.

Семестр бойы білім деңгейі үнемі тексеріледі.

Орындалған жұмыстарды тапсыру бақылау шараларының күнтізбелік кестесі бойынша жүзеге асырылуы шарт.

Босатылған сабақтардың тақырыптарын игеріп тапсыру:

Орынды себеппен зертханалық жұмысты орындамаған студент оны келесі жұмада тапсыра алады, бірақ сол жағдайда жұмыстың орындалуы 1 баллға төмендетіліп бағаланады.

Шекті бақылау кезінде басқа студенттен жазбаша жұмысты көшіріп алуға тыйым салынады (көшірілген жұмыс есептелмейді).

Емтихан ауызша түрде өтеді. Студент үш сұраққа жауап беру тиісті. Емтиханда берілген жауап төмендегідей бағаланады:

-100 балл – барлық сұрақтарға толық жауап үшін;

-75 балл – екі сұраққа толық жауап үшін;

-75 балл – барлық сұрақтарға толық емес жауап үшін;

-85 балл – екі сұраққа толық жауап, ал үшіншісіне толық емес жауап үшін;

-50 балл – бір сұраққа ғана толық жауабы үшін;

-0 балл – жауабы болмаған жағдайда.



Әдебиет
Негізгі:

  1. Пузаченко Ю.Г. Математические методы в экологических и географических исследованиях / Ю.Г.Пузаченко. – М.: Издательский центр «Академия», 2004. -407с.

  2. Паромов В.В. Полевая практика по физической географии: топографо-геодезические работы: Практическое руководство / В.В.Паромов. – Томск: ТГПУ, 2004. - 48с.

  3. Пугачева Е.Е. Полевая практика по физической географии: Учебно-методическое пособие / Е.Е.Пугачева. - Томск: ТГПУ, 2004. - 68с.


Қосымша:

  1. Симонов Ю.Г. Методы геоморфологических исследований / Ю.Г.Симонов, С.И.Болысов. – М.: Аспект пресс, 2002. - 191с.

  2. Атлас в двух частях для общеобразовательных учреждений 9 класс. География России.

  3. Природа и человек. – Омск: ФГУП «Омская картографическая фабрика», 2005. - 72с.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет