Бағдарламасы (Syllabus) «Соғу және ыстықтай қалыптау технологиясы» пәні бойынша 5В072400 «Технологиялық машиналар мен жабдықтар»



жүктеу 232.33 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі232.33 Kb.
түріБағдарламасы


Пән бойынша оқыту бағдарламасының беттік парағы

(Syllabus)





Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/37





Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Металлургия кафедрасы

ПӘН БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(Syllabus)

«Соғу және ыстықтай қалыптау технологиясы» пәні бойынша

5В072400 «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» мамандығының студенттеріне арналған

Павлодар


Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) бекіту парағы



Нысан

МПУ ҰС Н 7.18.3/38





БЕКІТЕМІН


ММЖжКФ деканы

___________Т.Т. Тоқтағанов

(қолы)

20__ж. «___»________


Құрастырушы: магистр, аға оқытушы _______________ Абсолямова Д.Р.

(қолы)


Металлургия кафедрасы



Пән бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)
«Соғу және ыстықтай қалыптау технологиясы» пәнi бойынша
5В072400 «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» мамандығының студенттеріне арналған
Бағдарлама 20___ж. «____» ________ бекітілген жұмыс бабындағы оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.
Кафедра отырысында ұсынылған 20___ ж. «___» _____

Хаттама №___


Кафедра меңгерушісі _________ М.М. Сүйіндіков

(қолы)


Металлургия, машина жасау және көлік факультетінің оқу-әдiстемелiк кеңесi қолдады 20___ж. «___»________ Хаттама №____
ОӘК төрағасы __________ Ж.Е. Ахметов

(қолы)


1 Оқытушы тұралы мағлұмат және байланысу ақпараты
Абсолямова Динара Ризахметқызы

Магистр, аға оқытушы

Металлургия кафедрасы Б-1 корпуста орналасқан (Павлодар қ., Чокин ак. к. 139 үй), 224 аудиториясы, ұялы телефон 67-36-23 қос. 217.
2 Пән туралы мағлұмат

3 курс (5 семестр – емтихан).


3 Пәннің еңбек сыйымдылығы

Семестр

Кредиттер саны

Дәріс сабақтарының түрлері бойынша тікелей қатынас сағаттары

Студенттің өздік жұмысының сағаттар саны

Бақылау

формасы


барлығы

дәріс

тәжірибелік

барлығы

ОӨЖ

5

3

45

30

15

135

90

емтихан


4 Пәнің мақсаты

– соғу және ыстықтай қалыптау технологиясы туралы теориялық және машықтану білімдерін алу;

– соғу және ыстықтай қалыптау технологиясың теориялық және қолданбалы мәселелерін студенттердің өзіндік шешулеріне дайындау;

– соғу және ыстықтай қалыптау үрдістерін теориялық заңдылықтары мен негіздерін оқып игеру, сонымен қоса, осы үрдістердің кернеулік – деформациялық күйінің және энергия күштік сипаттамаларының ерекшеліктерін меңгеру.


Пәнің міндеті

Осы пәнді оқу нәтижесінде студенттердің мағлұматтары болуы керек:

– соғу және ыстықтай қалыптау үрдңстерінің теориялық негіздері бойынша білім алу, ұсталық-қалыптау өндірісінің негізгі технологиялық көрсеткіштерін есептеу кезінде студенттерге теориялық және машықтану дағдыларын оқып үйрету;

– соғу және ыстықтай қалыптау технологиясының тиімді варианттарын жасауға байланысты есептерді дұрыс қою және шешуді үйрету.


5 Біліміне, қабілетіне және машықтарына қойылатын талаптар

білуі керек:

– соғу және ыстықтай қалыптау үрдістерінің негізгі және қосымша операцияларының кернеулік-деформациялық күйін дұрыс бағалау және талдау;

– соғу және ыстықтай қалыптау үрдістерін жүргізу үшін қолайлы жағдайларын таңдау;

істей білуі:

– технологиялық үрдісті саралауды және басқаруды;

– соғу және ыстықтай қалыптау үрдістерін автоматты құралдары көмегімен басқару;

– өндірістік операцияларды, прогрессивтік технологияларды жетілдіру мен қолдануды ұсыну;



тәжірибелік машықтарды меңгеру:

– бастапқы материалдар мен өнімдердіңсапасын тексерудің соңғы әдістерін пайдалану және ұйымдастыру;

– соғу және ыстықтай қалыптау технологиясын меңгеру жабдықтар мен әбзелдерді, механизациялау құралдарын жобалау, құрастыру мүмкіншілігін береді.
6 Пререквизиттер

Бұл пәнді меңгеру үшін келесі пәндерді оқу кезінде алған білімдері және машықтары болуы керек: физика, химия, математика, теориялық механика, механизмдер мен машиналар теориясы, конструкциялау негіздері және машина бөлшектері, металтану және термиялық өңдеу.


7 Постреквизиттер

Пәнді оқып меңгеру және алған білімі келесі пәндерді ұғынуға қажетті: металдарды қысыммен өңдеу, құю өндірісі, машина жасау технологиясы, металл өндіруге арналған механикалық жабдықтар, технологиялық машиналарды құрастыру, технологиялық машиналарды жөндеу, металдарды қысыммен өңдеуге арналған машиналар, еңбек қорғау және өмірсұру қауіпсіздігі.


8 Пәннің тақырыптық жоспары

№ р/с

Тақырып атауы

Сабақтардың түрлері бойынша тікелей қатынас сағаттары


дәріс

тәж.

СӨЖ

1

Кіріспе.

2




2

2

Бастапқы материалдарды дайындау.

2

1

3

3

Қыздыру құрылғылары және қалыптау алдында дайындамаларды қыздыру

4

1

8

4

Ұсталық-қалыптау жабдықтары және аспаптары.

6




8

5

Соғу операциялары.

4

5

10

6

Ыстықтай қалыптаудың технологиялық ауысымдары

4




6

7

Ыстықтай көлемді қалыптаудың технологиясы

8

8

8

БАРЛЫҒЫ

30

15

45



9 Пәннің қысқаша сипатталуы


«Соғу және ыстықтай қалыптау технологиясы» пәні – шикі заттан дайын бұйымға айналдыру үшін ғылыми-техникалық негізделген әдістер мен тәсілдердің жүйесі бойынша негізгі мәліметтерден тұратын профилдеуші пәні.
10 Курс компоненттері

Пән тақырыптарының мазмұны


Тақырып 1. Кіріспе.

Ұсталық-қалыптау өндіріс туралы қысқыша мәліметтер. Металдарды қысыммен ыстықтай өңдеу туралы ұғым. Ұсталық-қалыптау өндірістің пайда болуы және дамуы.

Тақырып 2. Бастапқы материалдарды дайындау.

Металдарды қабылдау және сақтау. Бастапқы материалдың ақаулары және оларды жою жолдары. Бастапқы материалды дайындамаларға бөлу. Бөлу дәлділігі және металл қалдықтары.

Тақырып 3. Қыздыру құрылғылары және қалыптау алдында дайындамаларды қыздыру.

Металды қыздыру туралы жалпы мәліметтер. Ыстықтай қалыптаудың температуралық интервалы мен қыздыру тәртібі. Қызып тұрған металдың температурасын өлшеу. Металды қыздыру кезінде пайда болатын ақаулар. Қыздыру құрылғылардың топтастырылуы. Жалынды және электр қыздыру пештері. Қауіпсіздік шаралары.

Тақырып 4. Ұсталық-қалыптау жабдықтары және аспаптары.

Ұсталық-қалыптау машиналардың топтастырылуы. Балғалар, баспақтар, қосиінді баспақтар, көлденен-соғу машиналар. Қалыптардың тағайындалуы мен негізгі түрлері. Қалыптарды дайындау үшін арналған материалдар және дайындау технологияы. Қалыптарды жөндеу және қалпына келтіру.

Тақырып 5. Соғу операциялары.

Соғу операцияларының қысқаша сипаттамасы. Шабу, шөгу, ұзарту, қобылау және тесу, ию және ширату, ұсталық пісіру және басқа ұсталық операциялар.

Тақырып 6. Ыстықтай қалыптаудың технологиялық ауысымдары.

Ауысымдарды топтастыру. Дайындау ауысымдары. Қалыптау ауысымдары. Шабу, кесу және тесу ауысымдары. Ыстықтай қалыптаудың технологиялық үрдісін өңдеу. Технологиялық құжаттар.

Тақырып 7. Ыстықтай көлемді қалыптаудың технологиясы.

Балғаларда, қосиінді ыстықтай қалыптау, фрикционды, гидравликалық баспақтарда, көлденен-соғу машиналарды қалыптау. Автоматты қалыптаудың ерекшелігі. Ыстықтай қалыптаудың технологиялық үрдістерін жетілдіру. Металды қолдану коэффициенті туралы ұғым және еңбек қауіпсіздігі. Аяқтау және өңдеу операциялары.




Тәжірибелік сабақтардың тізімі мен мазмұны

1) Тақырып: Дайындау бөлімшесі.

Жұмыс мақсаты: металды сақтау және оны соғу мен қалыптау үшін дайындау.

2) Тақырып: Соғу және қалыптау үшін металдар мен қорытпаларды қыздыру.


Жұмыс мақсаты: соғу және қалыптау кезіндегі қыздыру құрылғыларымен танысу, отын шығынын, дайындамаларды қыздыру уақытын есепке алу.


3) Тақырып: Бастапқы материал өлшемдері мен салмағын есептеу.

Жұмыс мақсаты: бастапқы материалдардың өлшемдерін және салмағын есепке алуын үйрену.



4) Тақырып: Соғудың технологиялық режимдері және балғалы соғылманың сызбасын өңдеу.

Жұмыс мақсаты: отырғызу кезіндегі деформациялану дәрежесін анықтау, соғылма сызбасын орындау.

5) Тақырып: Балғалы қалып үшін арналған дайындаманы есептеу.

Жұмыс мақсаты: бастапқы дайындаманың салмағын есептеу, металды қолдану коэффициентін анықтау.

6) Тақырып: Балғалы қалыптардың жылғаларын есептеу.

Жұмыс мақсаты: қысу, домалату, созу, ию, шабу, алдын ала жылғалардың өлшемдерін есепке салу.

7) Тақырып: Қосиінді ыстықтай қалыптау баспақтарда қалыптау.

Жұмыс мақсаты: ҚЫҚБ танысу, дайындама көлемін есептеу, балғаның қулау бөлшектерінің салмағы ұғымымен танысу.

8) Тақырып: Көлденен-соғу машиналарда қалыптау.

Жұмыс мақсаты: КСМ-ң соғылманың көлемің есептеу.

9) Тақырып: Гидравликалық баспақтарда қалыптау.

Жұмыс мақсаты: ыстықтай кермелеу үшін арналған дайындаманың диаметрін анықтау.

10) Тақырып: Бұрамалы (винтті) баспақтарда қалыптау.

Жұмыс мақсаты: бастапқы дайындаманың ұзындығын есептеу.


СӨЖ мазмұны
СӨЖ түрлерінің тізімі



СӨЖ түрі

Бақылау

формасы


Бақылау түрі

Сағат бойынша көлемі

1

Дәріс сабақтарына дайындалу




Пән сабақтарына қатысу

30

2

Тәжірибелік сабақтарына дайындалу

Есептің шаблоны

ЗЖ рұқсатнама

15

3

Аудиториялық сабақтар мазмұнына кірмеген материалдарды оқу

Конспект


Ауызша сұрау

30

4

Бақылау шараларына дайындалу




МБ 1, МБ 2, тест және т.б.

15


Өздігінен меңгеру үшін білім алушыларға ұсынылатын тақырыптардың тізімі

Тақырып 1. Кіріспе.

1) Ұсталық-қалыптау өндірісінің пайда болуы және дамуы.

Ұсынылатын әдебиеттер: [5], 7 – 8 бет.

2) Қайссы пайдалы: соғу немесе көлемді қалыптау?

Ұсынылатын әдебиеттер: [5], 8 – 11 бет.

Тақырып 2. Бастапқы материалдарды дайындау.

3) Металды кесу және тазарту кезіндегі қауіпсіздік ережелері.

Ұсынылатын әдебиеттер: [5], 25 – 27 бет.

Тақырып 3. Қыздыру құрылғылары және қалыптау алдында дайындамаларды қыздыру.

4) Қыздыру режимдері.

Ұсынылатын әдебиеттер: [5], 32 – 36 бет.

5) Қызып тұрған металдың температурасын өлшеу.

Ұсынылатын әдебиеттер: [5], 36 – 38 бет.

6) Металды қыздыру кезіндегі пайда болатын ақаулар.

Ұсынылатын әдебиеттер: [5], 38 – 41 бет.

Тақырып 4. Ұсталық-қалыптау жабдықтары және аспаптары.

7) Балғаларда жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шаралары.

Ұсынылатын әдебиеттер: [5], 86 – 87 бет.

8) Гидравликалық баспақтарда жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шаралары.

Ұсынылатын әдебиеттер: [5], 94 – 95 бет.

9) Тағайындалуы арнайы машиналар және оларды автоматтандыру.

Ұсынылатын әдебиеттер: [5], 118 – 126 бет.

10) Жабдықтарды пайдалану және жөндеу.

Ұсынылатын әдебиеттер: [5], 127 – 132 бет.

11) Қалыптарды пайдалану, жөндеу, қалпына келтіру және тұрақтығын көтеру.

Ұсынылатын әдебиеттер: [5], 175 – 185 бет.

Тақырып 5. Соғу операциялары.

12) Ұсталық операциялардың басқа түрлері мен технологиялық үрдістерінің мысалдары.

Ұсынылатын әдебиеттер: [5], 151 – 155 бет.

Тақырып 6. Ыстықтай қалыптаудың технологиялық ауысымдары.

13) Ауысымдар топтастырылуы.

Ұсынылатын әдебиеттер: [5], 186 – 205 бет.

Тақырып 7. Ыстықтай көлемді қалыптаудың технологиясы.

14) Автоматты қалыптаудың ерекшеліктері.

Ұсынылатын әдебиеттер: [5], 239 – 243 бет.

15) Ыстықтай қалыптаудың технологиялық үрдістерін жетілдіру.

Ұсынылатын әдебиеттер: [5], 244 – 247 бет.

16) Соңғы және қңдеу операциялары.

Ұсынылатын әдебиеттер: [5], 252 – 264 бет.


Бақылау шараларының күнтізбелік графигі

«Соғу және ыстықтай қалыптау технологиясы» пәнi бойынша күндізгі оқу түрі 5В072400 «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» мамандығының студенттеріне арналған сабақ үстінде жұмыс жасауға және СӨЖ –ді орындау және тапсыру бойынша тапсырмалар




1 рейтинг (5 семестр)

Апталар

1 сабаққа қойылатын макс. балл

1

2

3

4

5

6

7

8

Барлығы

Апта ішіндегі максималдық балл

25

25

25

25

100

Сабаққа қатысу және дәріске дайындалу

СӨЖ түрі/есеп.формасы

 

1,2 ДҮТ

3,4 ДҮТ

5,6 ДҮТ

7,8 ДҮТ

20

Бақылау формасы

 

Қ

Қ

Қ

Қ

Макс.балл

5

5

5

5

5

Сабаққа қатысу және тәжірибелік сабақтарға дайындалу

СӨЖ түрі/есеп.формасы

 

1 тәжҮТ

2 тәжҮТ

3 тәжҮТ

4 тәжҮТ

12

Бақылау формасы

 

Р

Р

Р

Р

Макс.балл

3

3

3

3

3

Тәжірибелік жұмыстарды ресімдеу және қорғау

СӨЖ түрі/есеп.формасы

 

 

Е

 

Е

 

Е

 

Е

20

Бақылау формасы

 

 

1ТҚ

 

2ТҚ

 

3ТҚ

 

4ТҚ

Макс.балл

5

5

 

5

 

5

 

5

Материалды өздігінен меңгеру

СӨЖ түрі/есеп.формасы

 

 

1 ӨМҮТ

2 ӨМҮТ

3 ӨМҮТ

4 ӨМҮТ

5 ӨМҮТ

6 ӨМҮТ

7 ӨМҮТ

48

Бақылау формасы

 

 

К

К

К

К

К

К

К

Макс.балл

6

 6

6

6

6

6

6

6

6

2 рейтинг (5 семестр)

Апталар

1 сабаққа қойылатын макс. балл

9

10

11

12

13

14

15




Барлығы

Апта ішіндегі максималдық балл

27

29

27

17

100

Сабаққа қатысу және дәріске дайындалу

СӨЖ түрі/есеп.формасы

 

9,10 ДҮТ

11,12 ДҮТ

13,14 ДҮТ

15 ДҮТ

15

Бақылау формасы

 

Қ

Қ

Қ

Қ

Макс.балл

5

5

5

5




Сабаққа қатысу және тәжірибелік сабақтарға дайындалу

СӨЖ түрі/есеп.формасы

 

5 тәжҮТ

6 тәжҮТ

7 тәжҮТ

8 тәжҮТ

12

Бақылау формасы

 

Р

Р

Р

Р

Макс.балл

3

3

3

3

3

Тәжірибелік жұмыстарды ресімдеу және қорғау

СӨЖ түрі/есеп.формасы

 

 

Е




Е

 

Е

Е 




20

Бақылау формасы

 

 

5ТҚ




6ТҚ

 

7ТҚ

8ТҚ 




Макс.балл

5

 5

5

5

5

Материалды өздігінен меңгеру

СӨЖ түрі/есеп.формасы

 

8 ӨМҮТ

9 ӨМҮТ

10 ӨМҮТ

11 ӨМҮТ

12 ӨМҮТ

13 ӨМҮТ

14 ӨМҮТ




53

Бақылау формасы

 

К

К

К

К

К

К

К




Макс.балл

9

7

7

7

9

7

7

9




Шартты белгілеулер: 1ДҮТ –№1 дәріске дайындалуға берілетін үй тапсырмасы, Қ – оқу үрдісіне қатысуы, 1тәжҮТ –№1 тәжірибелік жұмысқа дайындалуға берілетін үй тапсырмасы, Р – рұқсатнама, Е – Есеп, 1ТҚ – №1 тәжірибелік жұмысты қорғау, 1ӨМҮТ – №1 өздігінен материалды меңгеруге берілетін үй тапсырмасы; К – коллоквиум.
Қорытынды рейтинг есептеу әдістемесі
Қорытынды баға жіберу рейтингісі (ЖР) мен қорытынды бақылаудың (ҚБ) қосындысымен есептелінеді, олардың үлес салмағын ескере отырып (ҮСЖР және ҮСҚБ).
Қ = ЖР·ҮСЖР + ҚБ·ҮСҚБ

Университеттің Ғылыми кеңесі бақылау түрлеріне және ағымдағы үлгерімге байланысты төмендегідей салмақтық үлес бекітілген.




Бақылаудың қорытындысының түрі

Бақылау түрі

Үлес салмағы

Емтихан

Емтихан (ҮСЖР)

0,4

Ағымдағы үлгерімді бақылау (ҮСҚБ)

0,6

Студенттің семестр бойы пән бойынша жинаған жіберу рейтингісінің бағасы мынаған тең

ЖР = (Р1 + Р2)/2
Студенттің рейтингісі (Р1 және Р2) мына формула бойынша анықталады
Р1(2) = АҮ1(2) ·0,7 + МБ1(2) ·0,3
Ағымдағы үлгерім (АҮ) 100 балдық шкаламен анықталады(бақылау іс-шараларының күнтізбелік графигін қара).

Сонымен қатар межелік бақылаудың (МБ) бағасы да 100 балдық шкаламен анықталады.

Қорытынды бақылау (ҚБ) 100 балдық шкаламен анықталады.

Баллдық жүйе бойынша пәннен қорытынды рейтинг «Оқушылардың оқу жетістіктері» және «Рейтингтік ведомость» журналдарына балл түрінде кестелерге енгізіліп эквивалентті бағаға айналдырылады.




Балл ретіндегі қорытынды баға (И)

Баллдардың сандық (Ц)

Әріптік жүйедегі баға (Б)

Дәстүрлі жүйедегі баға (Т)

Емтихан, диф. Сынақ

Сынақ

95-100

4

А

Өте жақсы

Сынақ-талды

90-94

3,76

А-

85-89

3,33

В+

Жақсы

80-84

3,0

В

75-79

2,67

В-

70-74

2,33

С+

Қанағаттанарлық

65-69

2,0

С

60-64

1,67

С-

55-59

1,33

D+

50-54

1,0

D

0-49

0

F

Қанағаттанарлықсыз

Сынақ. жоқ


11 Курс саясаты
Кредиттік технология бойынша оқыту барлық курстар үшін және С.Торайғыров атындағы ПМУ–да барлық пәндер бойынша студенттің білімі рейтингті бақылаумен бақылау қолданылады. Мамандықтың жұмыс оқу жоспарына енгізілген пән рейтингі 100 балдық шкаламен бағаланады.

«Соғу және ыстықтай қалыптау технологиясы» курсы студентке ғылыми әдебиеттер мен, сонымен бірге оқулықтармен, мерзімді журналдармен, интернетпен жұмыс жасау арқылы машықтануға мүмкіндік береді.

Оқытушының берген тақырыбын студент оны ОСӨЖ сабақтарында, тәжірибелік жұмысты өткізгенде, тәжірибелік жұмыс нәтижелері бойынша есепті қорғағанда нақтылай түседі.

Өздік жұмыс, теориялық курсқа кірмеген немесе қысқаша түрде қарастырылған, дәрістік тақырыптарға қатысты сұрақтарды теориялық түрде зерттеу және оларды ұсынылған әдебиет бойынша тереңдетіп оқу болып табылады.

Өздік жұмысы келесі түрде бағаланады: әр тақырыпты теориялық тұрғыдан қарастырылған сұрақтар конспект жасаумен аяқталады, конспект оқытушыға көрсетіліп бағаланады.

Студенттердің оқытушымен бірге орындалатын өздік жұмысы, дәрістік сабақтардың тақырыптарын терең зерттеп, оларды бекітуге бағытталған. Студенттер сабаққа дайындықпен келіп, ұсынылған әдебиеттер мен аталмыш сабаққа қажетті материалдарды қолдануы керек. Сабақты босатқан жағдайда студент уақытында тапсырмаған материалды келесі аптасында тапсыра алады. Уақытында тапсырылымаған материал оқу семестрінің 4 апта аралығында қабылданады және 50%-дан (жартысын аласыз) төмен бағаланады..

Бірінші және екінші межелік бақылау оқытылған тақырыптар бойынша ауызша сұрау түрінде, билеттер немесе тесттер бойынша 100 балдық жүйемен бағаланады.

Пән бойынша межелік бақылауға (МБ) ағымдағы үлгерім (АҮ) балдарын жинаған студент қана жіберіледі.

– Егер студент межелік бақылаудан өтпеген болса, немесе МБ 50 балдан төмен бал жинаған болса, онда ол студенттің рейтингі анықталмайды. Мұндай жағдайда деканат МБ тапсырудың жеке мерзімін белгілейді.

5 – семестр аяғында емтихан қабылданады.

Емтихан үш сұрақтан туратын билет бойынша немесе 50 сұрақтан тұратын нұсқаға салынған тесттер бойынша алынады. Емтихан 100 балдық жүйе бойынша бағаланады.

Пән бойынша қорытынды бақылауға (ҚБ) оқу бағдарламалық жұмыстардың барлық талаптарын орындағандар (барлық зертханалық және тәжірибелік жұмыстарды және СӨЖ және ОСӨЖ бойынша жұмыстар мен тапсырмалар орындаған және тапсырған), курстық жұмысты қорғағаны үшін жақсы баға алғандар (семестрлік жұмыстар) және жіберу рейтингісін жинағандар (50 балдан кем емес) студенттер жіберіледі.

Егер студент алушы жіберу рейтингісі және қорытынды бақылауы бойынша жақсы бағаларға ие болса, онда пән бойынша қорытынды баға есептелінеді. Егер студент қорытынды бақылауды себепсіз жіберсе, онда оның бағасы «қанағаттанарлықсыз» деп есептелінеді.

Мен сіздерден сабаққа кешікпеулеріңізді сұраймын, оқытушыдан кейін аудиторияға кіруге болмайды, сабаққа қалғаны үшін студент сабаққа жіберілмейді, өйткені ол оқу сабағының үрдісін бұзады. Сонымен бірге тәртіп бұзғаны үшін студент аудиториядан шығарылады және 0 балл қойылады.

Емтиханды көшіруге жол берілмейді. Бақылау шарасында көшіргені үшін студент аудиториядан шығарылады және оған 0 балл қойылады.

Егер сіз себепті жағдайлармен бақылау шараларын өткізу кезінде қатыспаған болсаңыз, онда оқытушы тағайындаған уақытта қосымша өтуіңізге мүмкіндік беріледі (МБ және ҚБ деканның рұқсатымен өткізіледі), кері жағдайда сіз «0» балл аласыз.


12 Әдебиеттер тізімі

Негізгі

1 Мендыбаев О.С. Соғу және ыссы штамптау технологиясы / Мендыбаев О.С., Сыздықов О. – Алматы: ҚазҰТУ, 1993. – 335 с.

2 Семенов Е.И. Ковка и объемная штамповка. – М: Высшая школа, 1972. – 240 с.

3 Брюханов А.Н. Ковка и объемная штамповка. – М: Машиностроение, 1975. – 165 с.

4 Охрименко Н.М. Технология кузнечно-штамповочного производства. – М: Машиностроение, 1976. – 292 с.
Қосымша

5 Бойцов В.В. Горячая объемная штамповка / Бойцов В.В., Трофимов И.Д. – М: Высшая школа, 1982. – 264 с.



6 Сержанов Р.И. Методическое пособие к выполнению курсовых проектов по дисциплине «Технология ковки и горячей штамповки». – Павлодар, ПГУ, 2003. – 110 с.




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет