Бағдарламасы табиғат ресурстарының географиясы 050609



жүктеу 149.64 Kb.
Дата29.04.2019
өлшемі149.64 Kb.
түріБағдарламасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


М.Өтемісов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік университеті

ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ


Табиғат ресурстарының географиясы
050609 – «География»

Көлемі 2 кредит


Орал 2010 ж.

1. ӘЗІРЛЕНГЕН ЖӘНЕ ЕНГІЗІЛГЕН

«География» кафедрасының оқытушысы А.К.Хайруллина

2. РЕЦЕНЗЕНТТЕР

2.1 Амельченко В.И. – г.ғ.к., доцент, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, «География» кафедрасының меңгерушісі


2.2 Беккалиев Б.У. – экология магистрі, Батыс Қазақстан инженерлік-техникалық университеті, «география және эколгия» кафедрасының оқытушысы

3. БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН М.Өтемісов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік университеттің Оқу-әдістемелік кеңес отырысында 200_ жылғы «___» __________ №___ хаттама

4. Жұмыс оқу бағдарламасы _050116«География»_______________

мамандықтарының элективті пәндер каталогына сәйкес әзірленген

5. ҚАРАЛҒАН жататылыстану және математика факультеттің Оқу-әдістемелік кеңес отырысында 200_ жылғы «___» __________ №___ хаттама

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
«География» бағыты бойынша студенттерге арналған бұл курс Қазақстанның және шет елдердің бүгінгі күнге дейін созылатын барлық дәуірлер мен кезеңдердегі өзекті мәселелерді қамтиды.

География тарихының бүгінгі жаңа көзқараспен зерттелуі және осыған байланысты әртүрлі балама пікірлердің кеңінен өрістеуі тарих ғылымы саласында дайындалатын маман-студенттерді теориялық және методологиялық тұрғыдан қаруландыруды қажет етуде. Қазақстан тарихының тәуелсіздік жағдайда жаңаша тұрғыда талдайтын теориялық мәселелері аз емес. Олардың ішінде әсіресе этникалық және ұлттық мәселелер. Курс дүниежүзінлегі табиғат ресурстарның қалай таралу заңдылықтарын, ерекшеліктерін, олардың қорларымен түгел таныстырады. Қазақстанда және басқа шет елдерде табиғат ресурстарының қаншалықты пайдалы жақтарын, бүгінгі күн талабына сай табиғат ресурстарының қолданылуын тереңдетіп оқытуды талап етеді.



Курстың мақсаты: студенттердің назарын дүниежүзіндегі табиғат ресурстарының таралу ерекшелігімен және қорларының көлемімен түбегейлі проблемалары бойынша теориялық тұрғыдан ой түюіне жәрдемдесу. Оқытушылық қызметте және зерттеу жұмыстарында теориялық, методологиялық тұрғыдан өзіндік дайындалуға мүмкіндік беру. Жаратылыстану саласының қиын да қарама-қайшылықты сұрақтарына объективті, жаңа көзқарас тұрғыснан қарастыру болып табылады.

Міндеттері:

- әлем бойынша табиғат ресурстарының түрлерін түркі терең талдай білулері керек;

- мемлекеттік табиғи қорлардың ерекшеліктерін зерттеуге бейімделулері керек;

- Қазақстан территориясындағы кездесетін табиғат ресурстарын тиімді қалыптастырудағы орнын анықтаулары қажет;

- Табиғи қорлардың түрлерінің негіздерін айқындаулары тиіс;

- 20-21 ғғ. Қазақстан және шет елдердегі табиғат ресурстарының пайдаланылу көрсеткіштерінің дамуының ерекшеліктері мен қорытындыларын зерттеуге төселулері тиіс;

- Қазіргі таңдағы табиғи ресурстардың қорын шынайы зерттеп үйренулері керек.

Бейімділік пен біліктілік:

- Дүниежүзі табиғат ресурстарының шама бірліктерін зерттеулер нәтижесінде балама пікірлермен тереңдеп танысады;

- біздің дәуірімізде Қазақстан аумағындағы пайдалы қазбалардың негіздерін айқындайды;

- Шет елдердегі пайдалы қазбалардың кен орындарымен тереңдете танысады;

-Сарқылмайтын табиғат ресурстарының түрлеріне жататындарды анықтайды;

- Нағыз табиғи қордың маңыздылығымен таныстырылады;

- Жаңа заман дәуіріндегі қоғамының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы ерекшеліктерімен танысады;

- Қазақстанның территориясындағы табиғат ресурстармен танысып, олар жөнінде жаңа мәліметтер алады;

.

«табиғат ресурстарының гергафиясы » атты курсты оқыту алдындағы оқылатын пәндердің тізімі: Бакалавриатта оқылатын Табиғат ресурстарының географиясы, Жер ресурстарының географиясы,Гидрология, Топырақтану, геология, биеогеография және т.б.

ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ




Тақырып атаулары

Дәріс

Семинар


сабақ

Емтихан

Рейтинг

ОСӨЖ

Барлығы

1

Кіріспе

1










1




2

Табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың мәселелері. Табиғи ресурс түрлері.

1

1







1




3

Қайта қалпына келмейтін ресурстарды экономикалық бағалау және тиімді пайдалану. Экологиялық сапа нормативтері.


2

1







2




4

Су ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау. Ауадағы, судағы, топырақтағы, өсімдіктердегі зиянды заттектерді нормалау.



2

1







2




5

Табиғатты пайдаланудағы ғылыми-техникалық прогрес. Кешенді сапа нормативтері.


1

2







1




6

Ресурстарды сақтау мәселелері.

Атмосфераға антропогендік әсердің ықпалы.




1

1







2




7

Табиғи ресурстардың қоршаған ортаға әсері Гидросфераға антропогендік ықпалдың әсері.


2

2







1




8

Табиғатты пайдаланудың экономикалық механизмі.

Су ресурстарының маңызы.



2

2







1




9

Табиғатты пайдалануды басқару негіздері. Су қорын ластайтын негізгі факторлар

1

1







2




10

Табиғи ортаны қорғаудың әлеуметтік –экологиялық проблемалары.

Су қорғау белдемі.




1

2







1




11

Табиғат бөлінбейтін біртұтас организм.

Энергетикалық ресурстар және энергетика өндірісінің қоршаған ортаға тигізетін әсері.




1

2







1




12

Емтихан







0,3










13

Рейтинг










2







14

ОСӨЖ













15




15

Барлығы

15

15

1

2

15

47,3



ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ

Кіріспе

Дүниежүзі табиғат ресурстарының шама бірліні курсының іргелі мәселелері. Курсты оқытудың мақсаты және міндеттері. Тақырыптың өзектілігі. Курс деректері мен тарихнамасы.

Олардың негізгі ғылыми бағыттар ретінде қалыптасуы және зерттеушілер еңбектеріндегі әртүрлі көзқарастар мен концепциялардың орын алуы.

Курс бойынша деректік материалдарға тән ерекшеліктер. Негізгі әдебиеттерге сипаттама және оларды зерттеу жолдары.


Негізгі бөлімі

Тақырып-1. Табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың мәселелері. Табиғи ресурс түрлері.

Қоғам мен адамдардыңқажеттілігін қанағаттандыру мақсатында өндірістік және өндірістік емес ортадағы табиғи күштер мен элеметтер – табиғи ресурстар болып есептелінеді.

Нарықтық қатынатар қоғамның материалдық және рухани мұқтажын қамтамасыз ету мәселелері өзінің мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналып отыр. Минералдық ресурстар өнеркәсіпте пайдалануына қарай: отын-энергетикалық, (мұнай, табиғи газ, көміо, жанғыш тақта, шымтезек, уран рудалары); рудалық (темір, қорғасын, мырыш, мыс, марганец, хромит, боксит т.б); тау кендік химия шикізаттары (фосфарит, апатит, ас, калий, магний, тұздар, күкірт т.б); табиғи құрылыс материалдары сондай ақ әшекейлік техникалық асыл тастар (мәрмәр, гранит, алмаз т.б); гидроминералдар (жер асты минералды сулар) болып бөлінеді. Климаттық ресурстарға Күн мен жел энергисы, жауын-шашынның түрлері т.б жатады.


Тақырып-2. Қайта қалпына келмейтін ресурстарды экономикалық бағалау және тиімді пайдалану. Экологиялық сапа нормативтері

Табиғи ресурстардың құрамында тұтыну көлемі жағынан минералдық шикізат ресурстарының алатын орыны ерекше. Қазіргі кездегі басты проблемалардың тиімділігін барынша арттыру, оларға ұқыпты қарау, минералдық шикізаттар кешенінде атқарылатын өндірістік процестерден келетін зиянды қалдықтарды болдырмау т.б.

Минералды шикізат ресурстарын пайдаланудың басты ерекшелігі- пайдалы қазба байлықтарды шығару қарқынының жоғары болуы. Болжам мен тәжірибе біздің республикада 2000 жылдары металл, энергия, химия және де басқа шикізат өнімдерін өндіру үш есеге дейін өсетінін дәлелдеп отыр. Егерде пайдалы қазба байлықтардың көлемі мен қарқынын игеруді қарайтын болсақ, онда төмендегілерді атап өткен жөн.

Тақырып-3. Су ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау. Ауадағы, судағы, топырақтағы, өсімдіктердегі зиянды заттектерді нормалау.

Табиғатта, қоғам тарихында, адам өмірінде, тіршіліктің әр саласында су ерекше орын алатыны белгілі. Тіршіліктің ең жоғарғы сатысындағы адам денесінің 65-70% судан тұрады. Сондай-ақ, өсімдіктердің өсіп жетілуі үшін де орасан көп су қажет.

Халық шаруашылығына қажетті су көзі тек адамдар мен жануарладың ішуі үшін емес, өнеркәсәпті дамытуда да, барлық техникалық процесстерді жүзеге асыруда да пайдаланылады. Сол сияқты судың энергетикалық қуаты, жылылық көзі, жанға шипа, табиғатты жақсартып, жасарту қасиетерін ескерсек, шын мәнінде сусыз тіршіліктің мүмкін еместігі байқалады.

Су климат пен ауа райының өзгеруіне тікелей әсер етеді. Су қорына байланысты әрбір аймақтың климаты да өзгеріп тұрады. Мұны теңіздер мен көлдер деңгейінің өзгеруіне байланысты ауа райының өзгеруінен байқауға болады.


Тақырып-4. Табиғатты пайдаланудағы ғылыми-техникалық прогрес. Кешенді сапа нормативтері.

Табиғи ресурстарды өндіріс процесіндегі тауарлар өндіру және қызмет көрсетуге қатыстыру мәселесіне үлкен ықпал ететін ғылыми-техникалық жетістіктер. Ғылыми-техникалық прогресс табиғи ресурстарды пайдалануды одан әрі жетілдіруге мүмкіндік туғызады.

Ауыл шаруашылығы егін және мал шаруашылығында интенсивтік тәсілдер көптен-көп енгізілуде, өнеркәсіп өндірісінде отын-энергия және материалдар сақтау технологияларына өту ойдағыдай іске асырылып келеді. Шикізаттар және отынға кететін шығындардың үлес салмағы қысқартылуда, натуралды ресурстарды алмастыру мақсатында көптеген сентетикалық материалдарды ойлап шығаруда.

Тақырып-5. Ресурстарды сақтау мәселелері.

Атмосфераға антропогендік әсердің ықпалы.

Ресурстарды сақтау дегеніміз – меншіктің әр түрлі формалары және шаруашылық механизімінің ықпалмен жүзеге асатын нақты және өткен еңбекті үнемдеу. Оның практикалық мәні еңбек, материалдық және қаржы ресурстарын үнемді жарату, өнімсіз және халық шаруашылығының барлық өндірісіндегі шығындарды барынша жою болып табылады.

Ресурстарды сақтау болашақ экономика және басқару жүйелерін қайта құруды, олармен табиғи байланысты ұштастыруды қажет етеді. Ресурстарды сақтау экономикалық қатынастар жүйесінің және шаруашылықты жүргізу әдістерінің қамы үшін ғана үшін болмауы керек.

Тақырып-6. Табиғи ресурстардың қоршаған ортаға әсері Гидросфераға антропогендік ықпалдың әсері.

Табиғи ресурстардың бағалағы болған жағдайда ғана оларды ұтымды үнемдеп пайдалануға болатындығы мәлім. Бұрынғы кезде ресурстардың кейбір түрлерінен әсіресе қазба байлықтарынан төлемдер алынбай келгені белгілі. Бұл жағдай минералды-шикізаттар ресурстарын қалай болса солай ұқыпсыздықпен пайдалануға әкеліп соқтырды. Мемлекеттік қажеттілік үшін сатып алатын жер учаскесіне ақы төлеу ( сатып алу бағасы), оның мерзімі және басқа да шарттарды меншік иесінің немесе жерді пайдаланушының келісімімен белгіленеді.


Тақырып-7. Табиғатты пайдаланудың экономикалық механизмі.

Су ресурстарының маңызы.

Табиғатты пайдалану жүйесін тиімді жүргізу экономикалық миханизмге тікелей байланысты. Ол үшін халық шарауашылығы мен өндіріс тиімділігінің белгілі жүйесін табиғи ресурстарды ұтымды бағалау негізінде жақсарту қажет. Табиғатты пайдалану және оны қорғаудағы экономикалық миханизмнің 3 түрі (белгісі) болады.

Табиғатты пайдаланудың экономикалық механизімінің негізгі элементтері табиғи ресурстардың экономикалық бағалығы, сол сияқты оның негізінде кәсіпорындар мен мекемелердің табиғи ресурстарды пайдалануды жақсартудағы ынталандырудың нормативтерін белгілеу, табиғаи ресурстардың тиімді пайдалану нормаларын және осы жөніндегі жоспарды орындамағаны үшін санкция (айып) тағайындау болып табылады.

Тақырып-8. Табиғатты пайдалануды басқару негіздері. Су қорын ластайтын негізгі факторлар

Қазіргі заманда Мұхитты зерттеудің маңызды әдісі- мұхит экспедицияларын ұйымдастыру. Олар арнайы жасақталған ғылыми зерттеу кемелерінде жүргізіледі.

Ғалымдар кеменің белгілі бір бағытпен жүзуі кезінде әр түрлі тереңдіктегі теңіз суының қасиеттеріе, ағыстардың бағыты мен жылдамдығын, өсімдіктер мен жануарлардың таралуын зерттейді.

Тереңдікті зерттеу үшін арнайы қайықтар жасайды. Бұлар басқаруға өте қолайлы сүңгіуір апараттар. Оның қызметкерлері адамның жетуі қиын кез келген тереңдіктен мұхит суы мен тау жыныстарының үлгісін ала алады.



Тақырып-9. Табиғи ортаны қорғаудың әлеуметтік –экологиялық проблемалары.Су қорғау белдемі.

Жер шарының көпшілік бөлігін су басып жатыр. Ол Дүниежүзілік мұхиты деп аталады. Дүниежүзілік мұхит бөлек-бөлек аттары бар жеке мұхиттардан тұрады, бірақ олардың бәрі бір-біріне жалғасып жатыр.

Дүниежүзілік мұхитының кез келген нүктесінен келесі нүктесіне құрлыққа аяқ баспай жетуге болады. Дүниежүзілік мұхит төрт бөліктен тұрады:

Тынық мұхит- Жер шарындағы ең үлкен әрі ең терең мұхит. 1520-1521жылдары Ф. Магеллан дүниежүзін айналу саяхаты кезінде осы мұхитты алғаш рет жүзіп өтті. Жүзу кезінде ешқандай дауылға ұшырамағандықтан

« Тынық мұхит» деген ат берді. Тынық мұхиты Солтүстік және Оңтүстік Американың батыс жағалауларынан бастап Еуразияның Шығыс бөлігіне және Аустралия мен Антрактидаға дейінгі аумақты алып жатыр. Тынық мұхиты бүкіл Дүниежүзілік мұхиттың ең терең жері- Мариан шұңғымасы бар.

Тақырып-10. Табиғат бөлінбейтін біртұтас организм.

Энергетикалық ресурстар және энергетика өндірісінің қоршаған ортаға тигізетін әсері.

Ауа райы тынық кезде теңіздің беті тып-тыныш, шайқалғаны болар болмас қана білінеді. Жел соға бастағанда, теңіз үстінде толқын көтеріледі.

Толқын көтерілген кезде толқындар теңіздің бетіне жарысып жатқандай әсер етеді. Ал сонымен бірге сол толқындардың үстінде қалқып жүрген нәрселердің өзінің орнын өзгертпей сол орында тұрғаны байқалады.

Толқындардағы судың бөлігі тек бір орында ғана толқу қозғалысын жасайды. Тынық су беті деңгейінен жоғары көтерілген толқынның ең биік бөлігі толқынның қыры немесе жаны деп аталады. Су бетінің деңгейіне ең төмен жатқан бөлігін толқынның табаны деп атайды.

Толқын ұзындығы мен биіктігі арқылы сипатталады.
СЕМИНАР САБАҚТАР ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ҮЛГІЛІ ТІЗІМІ:



1.Пайдалы қазбаларды пайдалану тарихы.


2.Қоршаған ортаның сапасын бағалайтын нормативтер.


3.Экологиялық сапа нормативтері.


4.Ауадағы, судағы, топырақтағы, өсімдіктердегі зиянды заттарды нормалау.


5.Кешенді сапа нормативтері.

6.Атмосфераға антропогендік әсердің ықпалы.


7.Гидросфераға антропогендік ықпалдың әсері.

8.Су ресурстарының маңызы.


9.Су қорын ластайтын негізгі факторлар.

10.Су қорғау белдемі.


11.Энергетикалық ресурстар және энергетика өндірісінің қоршаған ортаға тигізетін әсері.

12.Энергетикалық ресурстарға жататындар.

13.Қоршаған ортаға тигізетін әсерді бағалау.


14.Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем түрлері.


15.Минералдық ресурстарды бағалаумен танысу.



ҰСЫНЫЛАТЫН ӘЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Негізгі:


  1. Қ.Әлімбетов, Г.Оспанова. Табиғатты пайдалану және қорғау негізі.

2.Н.И.Николайкин. Экология.

3. Ю.В.Новиков. Экология окружающей среды и человека.

4. Е.Мәмбетқазиев.Алматы,1990 Табиғат қороғау.

5. Н.Қ.Мамыров Табиғатты пайдалану экономикасы.

6. Баласағұн Ж. Құтты білік. /Ауд. Алғы сөзін жазған А.Егеубаев.

7. Бекмаханов Е.Б. Казахстан в 20-40 г. Х Х века. - Алматы, 1992.

8. Голод в Казахской степи u1057 Сбор. Документов. - Алматы, 1991.

9. Гумилев Л.Н. Көне түріктер. - Алматы, 1994.



10. Захир ад-дин Мұхаммед Бабыр. Бабыр-нама. - Алматы, 1993.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет