Бағдарламасы «Тыңайтқыштар жүйесі және пестицидтерді қолдану»



жүктеу 118.87 Kb.
Дата08.10.2017
өлшемі118.87 Kb.
түріБағдарламасы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



СМЖ 3 дәрежелі құжаты

ТК ОБ

ТК ОБ

042-18-21.1.59/01- 2016



Таңдау компонентінің

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ




Басылым №1 08.09.2016




Таңдау компонентінің

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ




«Тыңайтқыштар жүйесі және пестицидтерді қолдану»

5В080100 - «Агрономия»

Кафедра:«Агротехнология және орман ресурстары»

Курс:3


Кредиттер саны:3

Барлық сағат:135

Дәрістер:15

Тәжірибелік сабақ:15

Зертханалық сабақтар:15

БӨЖ:90


Емтихан: 5семестр

Семей 2016

Алғысөз

1 ӘЗІРЛЕГЕН

Құрастырушы

Каламов Б.Х. аға оқытушы ___________«_28_» ____09___2016 ж.

Аты-жөні, тегі, қолы

ғылыми дәрежесі, атағы, лауазымы

2 КЕЛІСІЛДІ

2.1 «Агронамия және орман ресурстары» кафедрасының отырысында

Хаттама «__1__» ______09____ 2016 жыл, № ___.

1

Кафедра меңгерушісі Джаманова Г.И. ______________


2.2 Аграрлық факультеттің оқу-әдістемелік бюросының отырысында

Хаттама «__1__» ___09_______ 2016 жыл, № __1_.


Төраға Тлеубаева А.В. ______________

3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлдандыжәнебаспаға ұсынылды
Хаттама «_28___» ____09______ 2016 жыл, № _1_.
ОӘК төрағасы, оқу-әдістемелік істері жөніндегі проректор
Искакова Г.К. ______________
АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ

МАЗМҰНЫ


  1. ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

2. КІРІСПЕ

3. ПӘННІҢНЕГІЗГІБӨЛІМДЕРІ

4. ЗЕРТХАНА (ТӘЖІРИБЕЛІК), СЕМИНАР САБАҚТАРДЫТАҚЫРЫБЫНЫТІЗІМІ

5. БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ

6. ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА:


Пәннің мақсаты:

  • Ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімін арттыруда және оның сапасын жақсарту үшін тыңайтқыш қолдану жүйесінің маңызы зор. Студенттерге тыңайтқыш көмегімен өсімдік қоректенуіне жақсы жағдай жасау тәсілдерін, олардың топырақпен әрекеттесу ерекшеліктерін, шаруашылықта жеке дақылдарға тыңайтқыш қолдану әдіс-тәсілдерін , ауыспалы егістік жүйелерін дұрыс құруды үйрету.



Пәннің міндеттері:

-Тыңайтқыш қолданудың негізгі әдісі , мерзімі және тәсілі;

-Органикалық және минералдық тыңайтқыштардың негізгі зерттеу;

-Тыңайтқыштарды дұрыс қолдануды үйрету;

-Ауыспалы егістің тыңайту жүйесін құру.


    1. Құзыреті (оқыту нәтижелері)

Пәнді оқыту нәтижесінде білім алушы білу керек:



білу:

- Ауыл шаруашылық дақылдарына, ауыспалы егістеріне тыңайту жүйесін жасауды білу;

-Түрлі агротехникалық шаралардың тыңайтқыш тиімділігіне әсерін білу;

орындай алу:

-Ауылшаруашылық дақылдарынан жоспарланған өнім алу үшін тыңайтқышты қолданудың тиімді жағдайларын;

- Дақылдардың тыңайтқышқа қажеттігін анықтайтын қазіргі әдістерін;

-Өсімдік пен топрыққа химиялық талдаулар жүргізу әдістерін;



дағдысының болуы:

-Тыңайтқыш қолдану жүйесін жасай білуге дағдылану.



2 КІРІСПЕ
Негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының қоректену ерекшеліктреі және оларды тыңайту жүйесі. Жаздық және күздік маақты дақылдардың қоректену ерекшеліктері. Алғы дақыл түрлеріне байланысты астық дақылдарына тыңайтқышты қолдану әдісі мен мерзімі. Суармалы және тәлімі жерлерге себілетін күздік бидайға тыңайтқыш қолдану жүйесі.

Ауыл шаруашылық дақылдарының түсімін жоғарлатуда әрі өнім сапасын жақсартуға және топырақ құнарлығын арттыруда органикалық минералдық тыңайтқыштардың маңызы. Қазақстанда жергілікті және минералды тыңайтқыштарды қолдану жағдайды. Қазақстанның әртүрлі топырақ-климат аймағында қолданылатын тыңайтқыштың өніммен қайтарылу мөлшері.


5В080100 «Агрономия» мамандығының студенттеріне арналған «Тыңайтқыштар жүйесі және пестицидьерді қолдану» пәні ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін жоғарылату мен топырақ құрамылығын жақсартуға минералдық және органикалық тыңайтқыштардың маңызы, өсімдіктердің қоректенуімен тыңайтқыш қолдануға байланысты топырақтарының қасиеттері. Органикалық және минералды тыңайтқыштар, құрамы, қасиеттері және қолдану тәсілдері. Өсімдіктердің көрсету диагностикасымен таныстыру.

3 ПӘННІҢ НЕГІЗГІ БӨЛІМДЕРІ
3.1 Азот тыңайтқыштары

Азот тыңайтқыштардың маңызы және оларды жіктеу.Өсімдіктердің азотпен қоректенуінің топырақ диагностикасының қазіргі әдістері және азот тыңайтқыштарын қажетсінуі, олардың тиімділігін болжау.Азот тыңайтқыштарының мөлшерін қолайландыру. Оларды қолдану мерзімі мен тәсілдері. Қоректік элемент ретінде өсімдік тіршілігінде азот маңызды рөл атқарады. Ол барлық ақуыз құрамына енеді де, өсімдік клеткасы протоплазмасының басты бөлігі болып саналады. Ақуызда азоттың мөлшері оның жалпы массасының салмағының 16-18 пайызыне тең болады. Азот фотосинтез құбылысына қатысатын хлорофилл мен протоплазманың клетка ядросының аса маңызды бөлігі - нуклеин қышқылдарының құрамында кездеседі. Сонымен қатар азот фосфатидтерде, алкалоидтерде, кейбір витаминдер мен ферменттерде және өсімдік клеткасындағы басқа көптеген органикалық заттарда болады.


3.2 Фосфор тыңайтқыштары

Өсімдік үшін фосфордың маңызы. Өсімдікке қажетті фосфордың көзі. Фосфор тыңайтқыштарын жіктеу. Жай, байытылған, қос суперфосфаттар.

Өсімдік қоректенуде фосфор жетіспеген жағдайда оның мүшелерінің сыртқы түрінде болатын өзгерістер. Өсімдіктің фосфорды пайдалануы. Ауыл шаруашылығы дақылдарының фосфорды қабылдауының жауапты және барынша мол пайдалану кезеңдері.

Олар өсімдіктің барлық мүшелері мен клеткаларында кездеседі. Фосфор тыңайтқыштарының топырақпен әрекеттесуі. Жас жапырақ пен өркеннің өсу нүктесінде нуклеин қышқылы көне жапырақ пен сабаққа қарағанда көбірек болады. Фосфордың органикалық қосылыстарына нуклепротеидтерді - ақуыздың фосфор қышқылымен қосылысын жатқызуға болады. Олар биохимиялық реакцияның өтуін жылдамдатады және клетка ядросының бөлінуіне қатысады.


3.3 Калий тыңайтқыштары

Өсімдік үшін калийдің маңызы. Калий тыңайтқыштарының жіктелуі. Ауыл шаруашылық дақылдары өнімінің құрамындағы калий мөлшері.

Өсімдік қоректенуде калий жетіспеген жағдайда мүшелерінің сыртқы түрінде болатын өзгерістер. Калий өсімдіктің жас мүшелерінде көбірек болады. Көпшілік өсімдік күлінде оның мөлшері едәуір, ал картоп түйнегінде барлық күл мөлшерінің 50-пайыздан астамы калий үлесіне тиеді. Егер азот, фосфор дәнде көп болса, калий дәнді дақылдардың сабанында көбірек кездеседі. Калий өсімдіктердің бір мүшесінен екіншісіне тез еніп, түнде оның біразы өсімдіктен топыраққа бөлінеді. Көне жапырақтағы осы элементтің біраз бөлігін жаңбыр суы шаяды. Оны өсімдік қайтадан қабылдайды. Бұл құбылысты реутилизация деп атайды. Өсімдік тіршілігінде калий көптеген физиологиялық үрдістерге қатысады. Ол қарапайым және күрделі көмірсулардың синтезделуіне ықпал етіп, жапырақтағы көмірсулардың тамырға жылжуына себепші болады. Сөйтіп қант қызылшасының тамырында қанттың, картоп түйнегінде крахмалдың молаюына көмектеседі. Фотосинтез және тыныс алу үрдістері өсімдіктің калиймен қоректену деңгейіне байланысты.
3.4 Микротыңайтқыштар

Негізгі микроэлементтердің (B, Mo, Mn, Zn, Cu, Co) – өсімік тіршілігі үшін рөлі.Өсімдіктің қоректенуі мен өнімінің қалыптасуына және оның сапасының жақсаруына бор, марганец, молибден, мырыш, мыс, кобальт өте маңызды рөл атқарады. Микроэлементтер көптеген физиологиялық және биохимиялық процестерге қатысады. Олар ферменттердің, витаминдердің және микробиологиялық құбылыстарға қатысатын энзимдердің құрамдас бөлігі болады. Микроэлементтер өсімдіктің даму, ұрықтану, жеміс салу процестерін және ақуыз, көмірсу, май заттарының синтезделуін тездетеді. Мысалы, ақуыз құрамындағы 1 мг темір 10 тонна минералдық темірдің әрекетіндей әсер етеді. Өсімдіктің қоректенуіне микроэлементтердің жетіспеуі түрлі ауруларға төзімділігін төмендетеді.


3.5 Комплексті тыңайтқыштар

Кешенді тыңайтқыштарға құрамында екі немесе одан көп негізгі қоректік элементтері бар минералдық тыңайтқыштар жатады. Оларды қоректік элемент санына қарай екі жақты (азотты-фосфорлы, азотты-калийлі, фосфорлы-калийлі) және үшжақты (азотты-фосфорлы-калий) деп бөледі.

Өндіру тәсіліне байланысты күрделі, күрделі-аралас және аралас, ал агрегаттық күйі жағынан сұйық және қатты болып бөлінеді .

Негізгі (алғашқы) компоненттерді (бөліктерді) өзара химиялық жолмен әрекеттестіру арқылы алынған тыңайтқыштарды күрделі тыңайтқыштар дейді. Олардың ерекшелігі - әрбір молекуласында бірнеше элемент болады, әрі бірыңғай химиялық формуладан тұрады.

Күрделі-аралас тыңайтқыштарды бірегей технологиялық процесс жағдайында аммиак, азот, фосфор, күкірт қышқылдарын, фосфорит немесе апатитті, калий тұздарын және тағы басқа химиялық заттарды өзара араластыру арқылы өндіреді.

Аралас тыңайтқыштар жай минералдық тыңайтқыштарды гранулометриялық жолмен бір-бірімен араластыру арқылы алынады.

3.6 Органикғалық тыңайтқыштар

Органикалық тыңайтқышқа көң‚ көң садырасы‚ құс саңғырығы‚ қордалар‚ шаруашылық қалдықтары‚ шымтезек‚ сапропель, сидераттар т.б. жатады. Органикалық тыңайтқыштардың маңызына тоқтала келіп академик Д.Н. Прянишников былай деп жазған: ”Химия өнеркәсібінің дамуына және минералдық тыңайтқыштардың кеңінен таралуына байланысты‚ көңнің маңызы кейінгі екінші кезектегі жоспарға қалдырылады деп ойлау мүмкін емес‚ керісінше‚ минералдық тыңайтқыштарды қолданудың артуына байланысты көңнің мөлшері де арта түседі. Мұны химияландырудың жоғары дәрежесіне жеткен елдердің тәжірибесі де көрсетіп отыр. Бұл жағдай, көңді ауыл шаруашылығы дақылдарына ең басты тыңайтқыштар ретінде қолданудың бірі деп санауға мәжбүр етеді.

Органикалық тыңайтқыштар топырақтың агрономиялық қасиеттеріне жан-жақты әсер етеді және дақылдардың өнімін арттыруда маңызды рөл атқарады. Мысалы‚ Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал тәжірибе стансасының көпжылдық деректеріне қарағанда, гектарына 30 тоннадан көң қолданғанда боз топырақтың құрамындағы гумус (0-25 см тереңдіктегі) мөлшері 1‚125 пайыз‚ азот 0‚136 пайыз‚ ал тыңайтқыш берілмеген жердің топырағында бұл көрсеткіштер тиісінше 0‚573 және 0‚082 пайыз болған. Органикалық тыңайтқыштар құрамында өсімдіктің қоректенуіне қажетті барлық элементтер кездеседі. Мысалы‚ мүйізді ірі қара малының көңінің бір тонна құрғақ затында 20 кг азот‚ 10 кг фосфор‚ 24 кг калий‚ 28 кг кальций‚ 6 кг магний‚ 4 кг күкірт‚ 25 г бор‚ 230 г марганец‚ 20 г мыс‚ 100 г мырыш‚ 2 г молибден‚ 1‚2 г кобальт‚ 0‚4 г йод болады. Сондықтан оларды толық тыңайтқыш деп атайды.

3.7 Тыңайтқыштарды қолдану жүйесі.
Ауыл шаруашылығы дақылдарынан мол өнім алу үшін, топырақта оларға қажетті минералдық және органикалық заттар жеткіліті мөлшерде болуы керек, ал, топырақтағы қоректік заттардың мөлшері шексіз емес, олар жыл сайын өсімдіктің өніміне қарай жұмсалып, белгілі бір шамасы кемиді. Сондықтан егістік жерден тұрақты және жоғары өнім алу үшін ол жерлерге қосымша тыңайтқыш еңгізу агротехникалық маңызды шара болып саналады.

Мамандардың есептеуі бойынша, өнімнің өсуінің 45-50 пайызы тыңайтқыш үлесіне, ал қалған 50-55 пайызы агротехника, сорт‚ мелиорация т.б. шаралардың үлесіне тиеді.

Республикамызда техникалық (мақта, қант қызылшасы, картоп), майлы және көкөніс пен бақша дақылдарының өнімділігі біршама артқандығы байқалады. Бұл аталған дақылдар үшін тыңайтқыштарды қоданудың дұрыс жолға қойылып отырғандығын көрсетеді. Мысалы, 1999 жылы мақта өнімділігі 17,7 ц/га, қант қызылшасы 172,2; майлы дақылдар 4,9; картоп 107,5; көкөністер 134,1 және бақша дақылдарының өнімділігі 97,2 ц/га құраса, ал 2008 жыл бұл дақылдардың өнімділігі сәйкесінше: 18,2; 204,3; 5,5; 143,7; 203,2 және 158,9 ц/га жоғарылады (3-кесте).

Тыңайтқыштарды қолдану деңгейіне келетін болсақ, 1990 жылы егістің 1 га көлеміне 19,7 кг минералдық, 0,7 тонна органикалық тыңайтқыштар еңгізілсе, 2008 жылы егістің 1 га көлеміне тек қана 1,5 кг минералдық тыңайтқыштар, 0,4 тонна органикалық тыңайтқыштар еңгізілді. Тыңайтылған егістік көлемі 1016 мың гектардан 960 мың гектарға дейін қысқарды. Тыңайтылған егістік көлемінің үлесі 27 % - дан 4,9 % - ға дейін азайды.


4 ЗЕРТХАНА (ТӘЖІРИБЕЛІК), СЕМИНАР САБАҚТАРДЫҢ ТАҚЫРЫБЫНЫҢ ТІЗІМІ
Тәжірбиелік сабақтар тақырыбы:
1. Минералдық тыңайтқыштарды пайдалану әдістерін анықтайтын негізгі факторлар

2. Тыңайтқыштарды енгізу

3. Тыңайтқыштарды енгізудің негізгі тәсілдері

4. Тыңайтқыштарды нақты аймаққа (жергілікті) қолдану

5. Топырақты агрохимиялық талдау әдістері

6. Топырақты агпохимиялық талдау әдістері

7. Мақта – жоңышқа ауыспалы егіс дақылдарын тыңайту жүйесі

8. Қатты тыңайтқыштарды себу

9. Сұйық тыңайтқыштарды енгізу

10. Минералдық тыңайтқыштар мен химиялық мелиоранттарды қолдану технологиясы

11. Тыңайтқыштарды енгізудің нақты мөлшерін анықтау

12. Химиялық мелиоранттарды қолдану технологиясы, агротехникалық талаптар және жұмыс сапасын бақылау

13. Органикалық тыңайтқыштарды қолдану технологиясы

14. Минералдық тыңайтқыштарды енгізуге дайындайтын машиналар

15. Тыңайтқыштарды енгізудің қазіргі заманғы технологиялары

Зертхана сабақтардың тақырыбы:


1.Өзектілігі және маңыздылығы.

2. Зертханалық сабақтың мақсаты.

3. Агрохимия зертханалық сабақ кезінде зертханада қауіпсіздік сақтаудың жалпы ережелері

4. Агрохимия пәнінен зертханалық жұмыс кезінде колданылатын құрал жабдықтар

5. Өсімдіктің үлгісін талдауға дайындау

6. Өсімдік құрамындағы құрғақ зат пен ылғал мөлшерін анықтау.

7. Өсімдік құрамындағы крахмал, май, қант, клетчатка мөлшерін анықтау

8. Диагностикалау әдісі мен өсімдіктерге қажетті элементтерді анықтау.

9. Топырақты агрохимиялық талдау әдістері

10. Топырақ құрамындағы азот, фосфорды анықтау.

11. Топырақ құрамындағы қоректік заттардың жылжымалы түрлерін анықтау

12. Топырақ ферменттерінің белсенділігі

13. Сапалық реакциялар бойынша минералдық тыңайтқыштардың құрамын анықтау

14. Мочевина және басқа тыңайтқыштар құрамындағы азотты спектрлі фотометрлік әдіспен анықтау.

15. Картограмма дайындау

5 БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ
1 Тыңайтқыш – топырақ құнарлығы мен ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін арттырудың жылдам әсер ететін құралы.

2 Минералдық және органикалық тыңайтқыштарды қолдану тәсілдері

3 Қоректік заттарды сіңірудің сыртқы орта жағдайларымен байланысы

4 Тыңайтқыш және ауылшаруашылығының дақылдары өнімінің сапасы

5 Күздік бидайды тыңайту жүйесі

6 Органикалық және минералдық тыңайтқыштардың қант қызылшасы өнімі мен сапасына әсері

7 Егіншіліктегі биологиялық азот

8 Бұршақ тұқымдас дақылдарды тыңайту ерекшеліктері

9 Астықты – парлы ауыспалы егіс дақылдарын тыңайту жүйесі

10 Астықты –парлы отамалы ауыспалы егіс дақылдарын тыңайту жүйесі

11 Қант қызылшасы ауыспалы егіс дақылдарын тыңайту жүйесі

12 Мақта – жоңышқа ауыспалы егіс дақылдарын тыңайту жүйесі

13 Картоп ауыспалы егіс дақылдарын тыңайту жүйесі

14 Көкеніс ауыспалы егіс дақылдарын тыңайту жүйесі

15 Малазықтық дақылдар ауыспалы егістігін тыңайту жүйесі

16 Құлпынай дақылдар ауыспалы егістігін тыңайту жүйесі

17 Астықты ауыспалы егіс дақылдарын тыңайту жүйесі

118 Бақша дақылдар ауыспалы егістігін тыңайту жүйесі

19 Күріш ауыспалы егіс дақылдарын тыңайту жүйесі

20 Жеміс салатын бақтарды тыңайту

21 Темекі ауыспалы егіс дақылдарын тыңайту жүйесі

22 Жүгеріні бір танапта бірнеше жыл өсіргенде тыңайту

23 Жүзімдіктерді тыңайту жүйесі


6 ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

6.1 Негізгі әдебиет

6.1.1. Елешов.Р.,Сапаров А., Балғабаев Ә, Туктугулов Е, Агрохимия және тынайтқыш қолдану 2010
6.1.2.Елешов Р. Е., Балғабаев Ә. М, Рамазанов Р. Х, Минералдық тынайтқыштарды қолдану технологиясы, 2013

6.1.3Агрохимия зерттеу әдістемелері практикум, Елешов Р. Е., Балғабаев Ә. М, Рамазанов Р. Х, 2013


6.2 Қосымшаәдебиеттер

6.2.1 Елешов.Р.,Бекмағамбетов.А. Агрохимия, 1989.



6.2.2 Елешов.Р.,Бекмағамбетов.А. Агрохимия, 1989. Елюбаев.С, Е


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет