Бағдарламасы түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласы 017 жыл Өңірлік макроэкономика 14



жүктеу 2.72 Mb.
бет1/17
Дата21.04.2019
өлшемі2.72 Mb.
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


Түпқараған аудандық

мәслихаттың 2017 жылғы

№16/137 шешімімен

Бекітілген



2016-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН
ТҮПҚАРАҒАН АУДАНЫ АУМАҒЫН ДАМЫТУ
БАҒДАРЛАМАСЫ

Түпқараған ауданы

Форт-Шевченко қаласы

2017 жыл



2.1.1.1. Өңірлік макроэкономика 14

Аудан бюджетінің 2015 жылға нақтыланған кіріс жоспары – 9 060 843,9 мың.теңгені құрады, орындалысы 9 137 788,3 немесе 100,8 %. Нақтыланған шығыс жоспары 9 072 496,2 мың теңге, орындалысы 9 059 994,7 немесе 99,9%. 14



2016 жылы нақтыланған кіріс жоспары – 9 060 843,9 мың.теңге, орындалысы 14

9 137 788,3 мың.теңге немесе 100,8%. Нақтыланған шығыс жоспары - 9 072 496,2 мың теңге, орындалысы 9 059 994,7 немесе 99,9%. 14

Маңғыстау облысының аудан бюджетті доноры болып табылды және жоғарыда көрсетілген бюджетке бюджеттік алып қорлар көлемі 2013 жылы – 2 млрд.327 млн.теңге, 2014 жылы – 288 млн.теңге, 2015 жылға жоспар – 145 млн.теңге құрады. 14


1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ


Атауы

Түпқараған ауданын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы

Әзірлеуге негіздеме

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылдың 18 маусымындағы №827 «Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлығы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылдың 4 наурызындағы №931 «ҚР Мемлекеттік басқару жүйесінің әрі қарай қызмет етудің кейбір мәселелері туралы» Жарлықтары.

Өңірдің негізгі сипатта

малары

Ауданның жалпы жер аумағы 8076,9 шаршы км. 01.01.2016ж. аудан халқының саны іргелес елді мекендермен қоса есептегенде 25122 адам. Аудан құрамына Форт –Шевченко қаласы, Баутино, Қызылөзен, Ақшұқыр, Таушық ауылдары және Сайын Шапағатов ауылдық округі енеді.

Бағыттары

Экономика.

Әлеуметтік саланы дамыту.

Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

Инфрақұрылым

Экология және жер ресурстары

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет.



Мақсаттары

Өнеркәсіп өндірісінің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, өңдеу өнеркәсібінің дамуын қамтамасыз ететін ауданның бәсекеге қабілетті мамандандыруларын қалыптастыру, кәсіпкерлік үшін қолайлы жағдайлар жасау.

Ауданның азық-түлік қауіпсіздігі, ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, өңдеу мен жеткізу көлемін арттыру.

Шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының тиімді қызметін қамтамасыз ететін нарық инфрақұрылымын дамыту. Ауданда бөлшек сауда көлемін арттыру.

Инвестициялық ахуалды жақсарту, ауданның нвестициялық

Жобалары мен тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін

қызметтерді сатып алуда қазақстандық және жергілікті қамту

үлесін арттыру.

Білім сапасын, қолжетімділігін,тартымдылығын жақсарту және балалардың құқығы мен заңды қызығушылығын қорғау жүйесін дамыту.

Медициналық көмектің тиімді жүйесін негіздеу.

Түпқараған ауданы халқының өмір сүруінің сапасын және әл-ауқатын жақсарту.

Мәдени құндылықтарға халықтың қолжетімділігін арттыру және дене шынықтыру және спорт саласын дамыту.

Түпқараған ауданының бұқаралық спорт және дене шынықтыру - сауықтыру қозғалысы және туристік секторды дамыту.

Мемлекеттік жастар саясатының тиімділігін арттыру

Құқықтық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесін дамыту.

Ауданда жаңа талаптарға сай ақпараттық коммуникациялық инфрақұрылымды қалыптастыру.

Аудан көлемінде тұрғын үй құрылысын, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту.

Ауданда дамыған көлік инфрақұрылымын қалыптастыру.

Энергетикалық, инженерлік, су шаруашылығы инфрақұрылымының үйлестірілген дамуын қамтамасыз ету және халықтың өмір сүруі үшін қолайлы жағдайды жасау.

Селолық аумақтарды тұрақты дамыту негіздерін қалау, ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін көтеруді қамтамасыз ету.

Тұрақты экологиялық жағдайды қамтамасыз ету, табиғи ортаның қайта жаңғырту әлеуетін сақтау және қоғамның өмір сүруіне қолайлы қоршаған ортаның сапасын жақсарту.

Мемлекет саясатын жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдар қызметін үйлестіруді жақсарту.


Мақсатты индикаторлар

Жергілікті бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдердің өсу қарқыны %

Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі – 2016 жылы - 93%; 2017 жылы - 94%; 2018 жылы – 95%; 2019 жылы - 96%; 2020 жылы -97%.

Өңдеу өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлем индексі, өткен жылға – 2016 жылы – 59,7%; 2017 жылы – 60%; 2018 жылы – 60 %; 2019 жылы – 70%; 2020 жылы -70 %.

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестициялардың нақты көлемінің индексі 2016 жылы – 101 %; 2017 жылы –102%; 2018 жылы – 103 %; 2019 жылы – 104%; 2020 жылы – 105 %.

Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған нақты көлемінің индексі 2016 жылы – 100 %; 2017 жылы –100,0%; 2018 жылы – 100,3 %; 2019 жылы – 100,5%; 2020 жылы – 100,7 %.

Ұйымдастырылған шаруашылықтардағы ірі мүйізді қара мал мен ұсақ қара мүйізді мал басының үлесі

Мүйізді ірі қара мал 2016 жылы – 30,3 %; 2017 жылы – 31%; 2018 жылы – 32 %; 2019 жылы – 33%; 2020 жылы – 34%.

Мүйізді ұсақ мал 2016 жылы – 45 %; 2017 жылы – 45,3%; 2018 жылы –45,5 %; 2019 жылы – 46%; 2020 жылы – 47%.

Тіркелген жалпы көлемдегі шағын және орта кәсіпкерліктің қолданыстағы субъектілерінің үлесі 2016 жылы – 86; 2017 жылы – 86,4; 2018 жылы – 86,9; 2019 жылы – 87,5; 2020 жылы – 88,2.

Бөлшек сауданың нақты көлем индексі 2016 жылы – 74,5%; 2017 жылы – 74,7%; 2018 жылы – 75,1%; 2019 жылы – 75,7%; 2020 жылы – 76,5%.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлем индексі 2016 жылы – 96,6%; 2017 жылы – 97%; 2018 жылы –97,6%; 2019 жылы –99%; 2020 жылы – 100%.

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту (3-тен 6 жасқа дейін): 2016 жылы – 94,9%, 2017 жылы – 96,3%, 2018 жылы –98,4%, 2019 жылы –99,6%, 2020 жылы – 100%.

Оның ішінде жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдар желілерін дамыту есебінен 2016жылы -27,8%; 2017 жылы – 28,6%; 2018 жылы -33,3%; 2019 жылы – 37,0%; 2020 жылы -37,9%.



Жаратылыстану –математика пәндері бойынша мектеп бітірушілердің арасында білім беру бағдарламаларын табысты (өте жақсы/жақсы) меңгерген оқушылардың үлесі 2016жылы -71,41%; 2017 жылы – 71,54%; 2018 жылы -71,60%; 2019 жылы – 75%; 2020 жылы -73,17%

Мүмкіндіктері шектеулі балалардың жалпы санының ішінде балалардың инклюзивтік біліммен қамтылуы 2016жылы -57,1%; 2017 жылы –60,7%; 2018 жылы -64,1%; 2019 жылы – 65,7%; 2020 жылы -66,7%.

Ана өлімін төмендету (100 мың тірі туылған нәрестеге шаққанда) 2016 жылы – 0%; 2017 жылы – 0%; 2018 жылы – 0%; 2019 жылы – 0%; 2020 жылы – 0%.

Сәби өлімін төмендету (100 мың тірі туылған нәресте жағдайында) 2016 жылы – 9,6%; 2017 жылы – 8,7%; 2018 жылы – 8,5%; 2019 жылы –8,3%; 2020 жылы – 8%.

Онкологиялық аурулардан болатын өлімді төмендету, 100 мың адамға 2016 жылы -58,2%, 2017 жылы -57,4%, 2018 жылы -56,6%, 2019 жылы -55,8 %, 2020 жылы -55,2%.

15-49 жас ерекшелігі тобындағы адамның иммун тапшылығы вирусының таралуы, 0,2-0,6% шегінде 2016 жылы -0,009%, 2017 жылы -0,009%, 2018 жылы -0,009%, 2019 жылы -0,009%, 2020 жылы -0,009%.

Жұмыссыздық деңгейі 2016 жылы – 4,2%; 2017 жылы – 4,1%; 2018 жылы – 4,1%; 2019 жылы – 4%; 2020 жылы – 4%.

Жастар жұмыссыздығының деңгейі (15-28 жас) 2016 жылы – 6,4%; 2017 жылы – 6,3%; 2018 жылы – 6,3%; 2019 жылы – 6,2%; 2020 жылы – 6,1%.

Жұмысқа орналасу мәселесі жөнінде хабарласқандардың ішінде жұмысқа орналасқандардың үлесі 2016 жылы - 52%; 2017 жылы –54%; 2018 жылы – 55%; 2019 жылы – 57%; 2020 жылы – 57%.

Тұрақты жұмыспен қамтылғандардың ішінен хабарласқан нысаналы топтағылар үлесі 2016 жылы -37%, 2017 жылы -40 %, 2018 жылы -43% , 2019 жылы -44%, 2020 жылы -45%.

Арнайы әлеуметтік қызмет көрсетумен қамтылған адамдардың үлес салмағы (оларды алуға мұқтаж адамдардың жалпы санындағы) 2016 жылы -100%, 2017 жылы -100%, 2018 жылы -100%, 2019 жылы -100%, 2020 жылы -100%.

Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамту 2016 жылы – 19%; 2017 жылы – 19%; 2018 жылы – 20%; 2019 жылы – 20%; 2020 жылы –30%.



Балалар және жасөспірімдер спорт мектебі, балалар және жасөспірімдер спорт клубтарында жалпы халық санынан балалар мен жасөспірімдерді қамту 2016 жылы -6%, 2017 жылы -6,5%, 2018 жылы -7%, 2019 жылы -7,5%, 2020 жылы -8%.

Мүгедектер спортымен және дене шынықтырумен айналысатындарды жүйелі қамту 2016 жылы -30 адам, 2017 жылы -35 адам, 2018 жылы – 40 адам, 2019 жылы -45 адам, 2020 жылы -50адам.

1000 адамға шаққандағы мәдениет ұйымдарына келушілердің орташа саны оның ішінде кітапханаға келушілер 2016 жылы -8262 адам, 2017 жылы -8566 адам, 2018 жылы 8866 адам, 2019 жылы -9168 адам, 2020 жылы -9471 адам.

Мемлекеттік саясатта ұлтаралық қатынастарды оң бағалайтын тұрғындар үлесі- 2016 жылы -42%; 2017 жылы -43%; 2018 жылы -44%; 2019 жылы -45%; 2020 жылы -46%;



Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыруға қатысқан ҮЕҰ саны 2016 жылы -4 бірлік ,

Азаматтық қоғам институттарының жұмысын оң бағалайтын тұрғындар үлесі 2016 жылы -34,8 %, 2017 жылы -42%, 2018 жылы -47%, 2019 жылы -49%, 2020 жылы -50%.

Қазақстан Республикасы Конститутция негіздерін түсіндіру және насихаттауға бағытталған шараларға қатысқан тұрғындар үлесі 2016 жылы -25%, 2017 жылы -30%, 2018 жылы -33%, 2019 жылы 35%, 2020 жылы -38%.

Мемлекет Тәуелсіздігін нығайтуға бағытталған шараларға қатысқан тұрғындар үлесі 2016 жылы -35%, 2017 жылы -38%, 2018 жылы - 40%, 2019 жылы -42%, 2020 жылы -45%

Жастарға қатысты мемлекеттік саясатқа 14 пен 29 жасқа дейінгі тұрғындардың қанағаттану деңгейі /10 балдық шкала бойынша балдар/ 2016 жылы – 65 бал, 2017 жылы -70 бал, 2018 жылы -75 бал, 2019 жылы -80 бал, 2020 жылы -85 бал.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында ҮЕҰ қызметімен қамтылған халықтың үлесі 2016 жылы -34,8%, 2017 жылы -42%, 2018 жылы -47%, 2019 жылы -49%, 2020 жылы -50%

Жастар ұйымдары қызметіне қатысатын жастардың үлесі 2016 жылы -33%, 2017 жылы -38%, 2018 жылы -43%, 2019 жылы -47%, 2020 жылы -50%.

Мемлекеттік органдардағы жалпы құжат айналымындағы мемлекеттік тілде іс жүргізу 2016 жылы -100%, 2017 жылы -100%, 2018 жылы -100%, 2019 жылы -100%, 2020 жылы -100%.

Қазақ тілін меңгерген халықтың ересек үлесі 2016 жылы -99,4%, 2017 жылы -99,5%, 2018 жылы -99,6%, 2019 жылы -99,7%, 2020 жылы -99,8%.

Ағылшын тілін меңгерген халықтың ересек үлесі 2016 жылы -8%, 2017 жылы -10%, 2018 жылы -12%, 2019 жылы -14%, 2020 жылы -16%.

Үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын) тілді меңгерген халықтың ересек үлесі 2016 жылы -7%, 2017 жылы -8%, 2018 жылы -9%, 2019 жылы -10%, 2020 жылы -11%.

Көшеде болатын қылмыстардың үлес салмағы 2016 жылы -11,5%, 2017 жылы -10,7%, 2018 жылы -9,8%, 2019 жылы -9,2%, 2020 жылы -8,6%.

100 жәбірленушіге шаққандағы ЖКО барысында қайтыс болғандарды азайту 2016 жылы -18%, 2017 жылы -17,4%, 2018 жылы -16,8%, 2019 жылы -16,2%, 2020 жылы -15,6%.

Жасөспірімдер мен жасалатын қылмыстардың үлес салмағы 2016 жылы -3,6%, 2017 жылы -3,5%, 2018 жылы -3,3%, 2019 жылы -3,2%, 2020 жылы -3,1%.

Бұрын сотталғандармен жасалатын қылмыстардың үлес салмағы 2016 жылы -8,6%, 2017 жылы - 8,5%, 2018 жылы -8,4%, 2019 жылы -8,3%, 2020 жылы -8,2%.

100 тұрғынға шаққанда телефон желісінің белгілі тығыздығы 2016 жлы – 8,7 бірлік, 2017 жылы – 9 бірлік, 2018 жылы -9,1 бірлік, 2019 жылы -9,2 бірлік, 2020 жылы -9,5 бірлік.

Интернет пайдаланушылар үлесі 2016 жылы – 24,1% , 2017 жылы -24,3% , 2018 жылы – 24,5%, 2019 жылы – 24,7%, 2020 жылы - 25%.

Аудандық маңыздағы автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы үлесі 2016 жылы – 72,3%, 2017 жылы – 87,5%, 2018 жылы - 91%, 2019 жылы - 91%, 2020 жылы -91%.

Жолаушылар автокөлігі тасымалы жоқ елді мекендердің үлесі 2016 жылы – 50%, 2017 жылы – 47,5% , 2018 жылы – 45,5 %, 2019 жылы - 40%, 2020 жылы -0%..

Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 2016 жылы – 90%; 2017 жылы – 85%; 2018 жылы – 90%; 2019 жылы – 90%; 2020 жылы – 95%.

Күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминиум объектілерінің үлесін төмендеті 2016 жылы – 90,9%; 2017 жылы – 81,8%; 2018 жылы – 54,5%; 2019 жылы – 45,4%; 2020 жылы – 36,3%.

Су жүйесі 2016 жылы – 80%, 2017 жылы – 80,5%, 2018 жылы – 90% ; 2019 жылы – 90,5%; 2020 жылы - 100%

Су бұру 2016 жылы - 0%, 2017 жылы - 55%, 2018 жылы -60%, 2019 жылы -70%, 2020 жылы - 80%

Жылумен жабдықтау 2016 жылы - 2%, 2017 жылы – 4,5%, 2018 жылы - 2%, 2019 жылы -2%, 2020 жылы -2%..

Газбен жабдықтау 2016 жылы – 0,2%; 2017 жылы – 1,2%; 2018 жылы – 1,3%; 2019 жылы – 1,5%; 2020 жылы –0,6%.

Электрмен жабдықтау 2016 жылы – 0,5%; 2017 жылы – 3%; 2018 жылы – 2%; 2019 жылы – 1,2%; 2020 жылы – 1,2%.

Жергілікті атқарушы орандар көрсететін мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына қаңағаттанушылық деңгейін арттыру 2016 жылы - 31%; 2017 жылы -32%; 2018 жылы -33%; 2019 жылы - 34%; 2020 жылы -35%.


Қаржылан

дыру көздері мен көлемдері

Қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджет, инвесторлардың меншікті қаражаттары

Қаржыландыру көлемі:

2016 жылы – 114,7 млн.теңге

2017 жылы – 58,2 млн.теңге

2018 жылы - 60,6 млн.теңге

2019 жылы – 60,2 млн.теңге

2020 жылы – 63,8 млн.теңге

Барлығы: 358,0 млн.теңге



2. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ
2.1. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау
Ауданның ілгерілеуі мен кемшін тұстары, олардың аумақтың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсерін бағалау
Ауданның әкімшілік -аумақтық жағдайы. 1 – сурет.

Түпқараған ауданы облыстың солтүстік-батысында Каспий теңізінің жағасында Бозашы түбегінде орналасқан. Аудан 1992 жылы құрылған. Ауданның аумағы 8076,9 шаршы км. Халық саны 2016 жылғы 1 шілдедегі мәлімет бойынша 25716 адам (стат. деректер) 2015 жылдың сәйкес кезенімен салыстырғанда 5,3% өсті. Халық саны мен жер аумағының көлемі жағынан аудан облыста соңғы орында тұр. 2016 жылдын қаңтар –маусымында ауданға көшіп келгендер саны 601 адам болып 2015 жылдың қаңтар –маусымымен салыстырғанда 1,6 есе көбейді. 1963 жылдан аудан орталығы - Форт-Шевченко қаласы (халық саны 6445 адам). Аудан тұрғындарының басым бөлігі ауылда тұрады.

Маңғыстау облысы аймағында 1 шағын қала орналасқан - Форт-Шевченко.

Форт-Шевченко қаласы– Қазақстанның Маңғыстау облысының қаласы, Маңғышлақ түбегінде (мыс Тюб-Караган) орналасқан, Түпқараған ауданының аудан орталығы болып табылады. 

1834 жылы Григорий Карелинге құрылыс үшін және Каспийдің солтүстік-шығыс жағалауын бекітуге құрылысқа арналған жерді іздеп табуға бұйрық беріледі. Ол, оған берілген бұйрықты 1846 жылы әскери бекіністі салуды аяқтаумен атқарады, ол оған Новопетровск атын береді.

1857 жылы бұл қала Александровск форты деп аталған. 1850 — 1857 жылдары бұл жерде Т.Г.Шевченко қызмет атқарған, қазіргі заманауи аты осы кісінің атымен, оған құрметпен аталған. 1882-1920 жылдары Форт-Александровск қаласы Маңғыстау уезінің астанасы болған.

1917 жылдың 22 қарашасында, осы қалада солдаттар, жұмыскерлер, крестьяндар және мұсылмандар депутаттары құрылды. 1918 жылдың 20 сәуірінде Николаевск ауылының балықшылары, осы жерде алғашқы рет кен артелін ұйымдастырды. 1924 жылы Форт-Урицкий (М. С. Урицкий атына), 1939 жылы Форт-Шевченкодеп қайта ауысты.

Қазіргі күні Форт-Шевченко қаласында 6300 адам тұрады. Қаланың дамуында негізгі бағыттар мұнай өндіретін өнеркәсіп, құрылыс материалдарын шығару, туристік индустрияны дамыту болып табылады.

Ақшұқыр - Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданындағы ауыл. 1870 жылы іргесі қаланған ауыл Ақтау қаласынан 14 шақырым қашықтықта, Каспий теңізінің жағасында, Ақтау-Форт-Шевченко тас жолының бойында орналасқан. Тарихи құжаттарға сүйенсек, Ақшұқыр ерте кезден-ақ Маңғыстау өңіріндегі Түрікмен болысының орталығы болған. 1870-1919 жылдар аралығында Маңғыстау түрікмендерін басқарған Машырық қажы Хожаназарұлы Каспий теңізінің жағасындағы Ақшұқыр мекеніне алғаш қоныстанып, тау тасынан үй салдырып, сары өрік бағын өсіруге мұрындық болған. Машырық түрікмен болғанымен, Адай ауылдарымен қоныстас отырып, ақсақалдармен сыйлас болып, ел татулығын сақтауға ықпал еткен Азия аймағының кен байлықтарын зерттеген көрнекті ғалым Керім Машырықов- осы Машырық қажының баласы, 1909 жылы Ақшұқырда туған. Қазіргі таңда, ауыл әкімдігінің бастамасымен Машырық қажының бағын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Климаты, пайдалы қазбалары

Аумақтың басым бөлігі сұр топырақты болып келеді, сирек өскен бұталары бар тақырдан, жусанды-сораңды шөлейт жерлерден, тұзы шыққан сорлардан, құмды аймақтан тұрады. Климаты шұғыл континентальды: ыстық әрі құрғақ жазымен, салқын қысымен, төменгі ылғалдылығымен, әр жылдарда мөлшері өзгеріп тұрғанымен жалпы жауын-шашынның аздығымен, үнемі желділігімен, жоғарғы күн радиациясымен ерекшеленеді. Жыл ішіндегі ауаның орташа температурасы 9,7 -ден 12,5 О С өзгереді. Күннің қатты суытуы желтоқсан-ақпан айларында, солтүстік бетінде қараша-наурыз айларында байқалады ,алғашқы аяздар қазан айында басталады, кейде сәуір айында да суық болады. Ең төменгі ауа температурасы 25-30 С, көбінесе қантар айынның екінші жартысына сәйкес келеді. Қантар айының орташа ауа температурасы 2,0-2,8 С, жалпы қыс жылы болғанымен, тайғақты, боранды болатын күндері де бар. Көктем ерте келеді, наурыздың ортасынан сәуірдің ортасына дейін бір айға созылады. Ең жоғарғы орташа айлық ауа температурасы шілдеде байқалады (23,3-28,3ОС), осы айда кейбір күндері ең жоғары температура 43-47 ОС –ге дейін көтеріледі. Жауын-шашынның мөлшері 130-150мм. Таулы жерлерде желтоқсанның үшінші онкүндігінен наурыздың ортасына дейін, жазықты жерлерде ақпанға дейін тегіс қар жатады. Түскен қардың қалыңдығы кейбір жерлерде 10-15 см-ден асады, желмен үрілген қар төмен жерлерді, жыраны, өзекті толтырып, күн жылына еріп, судың жерге сінуіне көмектеседі. Тасқақты жерлерде қар, жаңбыр суынан күн ысығанша жататын көлшіктер пайда болады. Жауын-шашынның аздығы мен ұдайы желдің әсерінен буланудың орташа жылдық көрсеткіші жылдың жылы мезгілдерінде 1285-1584 мм - ге дейін өзгереді.

Су ресурстары шектеулі, жартылай шөлейт аймақта тұрғандықтан ауданда ауыз су мәселесі өте қиын. Облыстағы жер асты су қорының 25% ауданның үлесіне тиеді.

Құрғақ, ыссы, ылғалдылығы аз күрделі климаттық жағдайына байланысты ауыл шаруашылығының негізін мал (түйе, жылқы,қой) өсіру құрайды. Отырықшы елді мекендерде сауындық мақсатта сиыр ұстайды. Мал жеке және шаруа қожалықтарында бағылады, олардан басқа ірі үш ауыл шаруашылық серіктестіктері бар. Соңғы жылдарда 171 га суармалы егістік жерлерінде көкөніс, бақша, жеміс-жидек егу қолға алынды.

Қаражанбас, Солтүстік Бозашы, Қаламқас кен орындарында жылына 350 млн тоннадан артық мұнай мен газ өндіріледі. Қызыл-Қаспақ -Айыржал кен орнында сұр көмірдің қоры барланып, анықталды. Мұндағы көмір қорының бекітілген мөлшері 34,7 млн тоннаны құрайды. Осы кезге дейін оның 0,5 млн тоннасы ғана өндірілді. Көмір кенінің құрамында германийдің 20 г/т, кейбір жеке сынамаларда 50 - 100 г/т дейін,сонымен қатар сирек кездесетін басқа да элементтердің бар екендігі болжанды. Таушық көмірі болашақта аталған сирек металдардың кен байлықтарын өндірістік негізде игеру үшін де пайдаланылуы әбден мүмкін. Сұр көмірді бұған дейін де мұнай өндірісінің түрлі қажеттіктеріне қолданған, алда осы істі өндірістік негізге аударуға да болады. Таушықта фосфарит кен орнының бар екендігі алдын-ала барланды. Ас тұзының үш ірі кен орындары белгілі. Ең ірілері: Бұлақ І – аумағы 0,5 шаршы км, құрамында 300 т қоры NaCl-95,2%, Қошқар-Ата – аумағы 25,17 шаршы км, құрамында 17,8 млн т NaCl-97% бар.

Туристік – рекреациялық ресурстары
Маңғыстау түбегіндегі мәдени-тарихи, діни, сәулеттік ескерткіштердің басым көпшілігі Түпқараған ауданының жерінде орналасқан. Республикалық дәрежеде қорғауға алынған төрт ескерткіш, облыстық дәрежеде жиырма сегіз, жергілікті дәрежеде қорғауға алынған қырық ескерткіш тіркелген. Шақпақ-ата жер асты мешіті, Қошқар-ата, Сұлтан-епе, Долыапа, Қаңға-баба, Кенті-баба, Үштам, Ақшора-Белторан, Қарағашты әулие қауымдары, Абылғазының күмбез тамы, Қарлыбас, Қараған бекіністері тарихшылардың, туристердің аса көп қызуғышылығын тудырады. Саназар, Айназар қауымдықтарында мол биоэнергия көзінің бар екендігін байқап, тұрғындар түнемелік үйлер салған. Бірқатар әулиелердің жерленген жерінде жер асты мешіттері кездеседі. Көне молаларда он мыңнан астам сәулет өнерінің ескерткіштері бар: қойтастар, құлпытастар, қорғандар, сағана-тамдар, кесенелер және т.б. Молалар мен мешіттердің тұрғызылуы туралы аңыздар біздің заманымызға дейін жетті. Діни ескерткіштер тарихи-мәдени қажылық туризмді дамытуға сұранып тұр. Археологтар Түпқараған ауданының жерінен Қызылқала, Дікілтас, Кетік, Маңғышлақ атты Ұлы Жібек жолының бойында тұрған ірі елді мекендердің орындарын тапты. Жібек жолы – қызғылықты туристік маршрут. Батыс пен Шығыс арасында қатынас орнатқан бұл жол екі жүз жыл бойы талай қанды қақтығыстар мен эпидемиялардың куәсі болды, бүтіндей халықтар мен мемлекеттер жойылып кетсе де,олардың көзіндей мәңгілікке сақталып қалды. Маңғыстау түбегі халықаралық қызу сауда торабында тұрған.

Патшалық Ресейдің құзырымен айдауда болған украинның халық ақыны Тарас Шевченко болған орындар да бір туристік маршрут ашуға жеткілікті. Форт-Шевченко қаласында Т.Г.Шевченконің мемориалдық мұражай кешені бар. Тарас бағында ақынға қойылған ескерткіштер, бақша суарған шығыр, ақынның шығармашылық жұмыс істеген жертөлесі, су ішкен құдығы сол күйінде тұр. Бұған Новопетровск бекінісінің қалдықтарын, ғибадатхананы, Т.Шевченконің қарауылдық орнын, Таушыққа апаратын тас жолындағы Қаңға-баба ескерткішін, Баулы бұлағын қосуға болады. Қаңға-баба - ашық аспан астындағы мұражай. Бұлақтан аққан су, долана, бүлдірген, тұт, қарағаш, терек ағаштары бар тоғай. Сол жерде Қаракөз көне моласы бар. Бұл жердің суреттері Қаратау экпедициясымен келген Тарас Шевченконің сызбаларында сақталған.



Форт - Шевченко –мұражайлы қала. Мұнда «Қырымның қырық батырын» біздің заманымызға жеткізген айрықша талант иесі Мұрын-жырау Сеңгірбекұлының мұражай үйі, Маңғыстау этнография музейі бар. Олар экспонаттар қоры жөнінен орталық мұражайлардан қалыспайды. Ұсталық өнердің мұражайын ашуға да мүмкіндіктер жеткілікті. Ақкөйлек,Атанша ұсталар, Қаражүсіп, Ыдырыс шеберлер мұрасы ел арасында әлі табылады.

Баутин поселкесінде орыс кәсіпкері Захар Дубскийдің есімімен байланысты аурухана үйі, қызыл бұрыш, Захар бақшасы секілді көрікті орындар бар. Форт-Шевченко қаласында тарихи белгілі тұлғалар жерленген интернационалдық қауым бар.

Қазақ жеріндегі алғашқы радирелелі станция үйі де - Форт-Шевченкоде. Қазір реставрациядан өтіп жатыр.

Белгілі қоғам қайраткері Әліби Жанкелдиннің орталыққа қару –жарақ, азық-түлік тиеген керуені де осы қаланың үстімен өткен.

Форт-Шевченко өлкетанушылық туристік маршруттар ашуға да толық мүмкіндік бар.

Тамшалы, Саура, Жығылған сияқты табиғаты көркем, су көзі бар, теңіз жағасында орналасқан қорықты аймақтар – экологиялық-экзотикалық туризмге сұранып тұр.

Түбекте құрамында адам ағзасына пайдалы тұздары көп қайнарлар да бар. Мацестикалық және феодосиялық қайнар көзі тәрізді бұлақтар бар. Бір кездерде шипалы балшықпен емдейтін санаторий де жұмыс істеген. Теңіз суының өзі бірқатар жараларды емдеуге жарамды. Бұл байлықтардың қасиетін астраханьдық саудагерлер біліп, жақсы пайдаланған. Бұлар шипажайлы-курорттық туризмді дамытуға мүмкіндік береді.

Қашағандағы мұнай кеніштерінің барлануымен байланысты Форт-Шевченко, Баутин елді мекендерінде адамға керекті барлық жағдайлар жасалған қонақ үйлер кешені дамып келеді. Ауданның облыс орталығымен, басқа аудандардың елді мекендерімен көлік-логистикалық байланысы да даму үстінде. Шағын аэропорт, теміржол бекетін салу да жоспарда тұр.


2.1.1. Экономика

Каталог: media -> uploads
uploads -> Утверждено
uploads -> Маңғыстау облысының 2015 жылғы қаңтар-маусымдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы Облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша жұмыс 2015 жылы Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»
uploads -> «ЖАҢАӨзен қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2015 жылда атқАРҒан жұмыстары туралы есебі
uploads -> «ЖАҢАӨзен қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2016 жылда атқАРҒан жұмыстары туралы есебі
uploads -> МаңҒыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы ақтау, 2015 жыл мазмұНЫ
uploads -> Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
uploads -> Аймақтық экспорт
uploads -> Информация по осуществлению мониторинга
uploads -> Бағдарламасы түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласы 015 жыл мазмұны өңірлік макроэкономика 9


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет