Бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі n 1438 Жарлығы



жүктеу 0.7 Mb.
бет2/4
Дата26.02.2018
өлшемі0.7 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4

мен оны iске асыру тетiктерi

      Бағдарламаны iске асыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:


      1. Мемлекет пен адамның адам денсаулығы үшiн ынтымақтасқан және бiрлескен жауапкершілігi.
      2. Халыққа медициналық көмектi ұйымдастыру жүйесiн реформалау және дамыту:
      БМСК-нi реформалау - денсаулық сақтау жүйесiнiң қызмет ету тиiмдiлiгiнiң негiзi;
      ауылдағы денсаулық сақтауды дамыту;
      санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету;
      салауатты өмiр салтын және аурулардың алдын алуды қалыптастыру;
      халықтың денсаулығын сақтауға сектораралық-көзқарас.
      3. Денсаулық сақтау iсiн басқару жүйесiн жетiлдiру:
      функциялар мен өкілеттілiктердiң ара жiгiн ұтымды ажырату;
      медициналық қызметтердiң сапасын басқару жүйесiн жетілдiру;
      денсаулық сақтау жүйесіндегi бәсекенi дамыту;
      қаржыландыру жүйесiн жетiлдiрудiң негiзгi қағидаттары;
      дәрілік заттар айналымы саласын мемлекеттік реттеудің тиiмдiлiгiн арттыру;
      денсаулық сақтаудың бiрыңғай ақпараттық жүйесi.
      4. Ана мен бала денсаулығын қорғау.
      5. Әлеуметтiк жағынан елеулi аурулардың алдын алу, диагностика, емдеу және оңалтуды жетiлдiру; медицина ғылымын дамыту.
      6. Денсаулық сақтау кадрларын даярлау және қайта даярлау.

 5.1. Мемлекет пен адамның адам денсаулығы үшiн


ынтымақтасқан және бiрлескен жауапкершiлiгi

      Мемлекет азаматтардың мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн алуға конституциялық құқықтарын iске асыруды қамтамасыз етуге тиiс.


      Тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемi шеңберiнде ең төменгi стандарттар бойынша қажеттi медициналық қызметтер ұсынылады (дәрiгерлер мен медперсоналдың қызметтерi, қажеттi зерттеулер, өмiрлiк маңызы бар негiзгi дәрiлiк заттар, емдiк тамақтандыру). Тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемi шеңберiнде ұсынылатын қызметтер топтамасын қалыптастыру мынадай принциптермен жүзеге асырылады:
      мемлекеттiң қаржылық мүмкiндiктерiне сәйкес келу;
      медициналық көмекке қолжетiмдiлiкке әлеуметтiк әдiлеттiлiк;
      транспаренттiлiк;
      серпiндiлiк;
      денсаулық сақтау және оны нығайту үшiн мемлекеттiң, жұмыс берушiнiң және азаматтардың өздерiнiң жауапкершiлiктерiн бөлу.
      Мемлекеттiң қаржылық мүмкiндiктерiнiң ұлғаю дәрежесiне қарай тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемi кеңейтiлiп, екi жылда бiр рет бекiтiлетiн болады.
      Емдiк көмек көрсетуден басқа, кепiлдi көлем шегiнде мынадай шаралар да жүзеге асырылады:
      халықты кейiннен серпiндi байқау және сауықтыру жұмысын жүргiзе отырып, кезең-кезеңiмен алдын ала медициналық тексеру өткiзу;
      халықты денсаулық сақтау, ұтымды тамақтану, аурулардың алдын алу жөнiндегi дағдыларына қалыптастыру принциптерiне қатысты анық, объективтi және қолжетiмдi ақпаратпен қамтамасыз ету;
      нашақорлыққа, алкоголизмге, темекi тартуға қарсы күрес жөнiндегi бағдарламалар мен iс-шараларды iске асыру;
      мектепке дейiнгi мекемелерде, жалпы бiлiм беретiн мектептерде, жоғары және орта кәсiптiк оқу орындарында денсаулықты нығайту және сақтау жөнiндегi санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргiзу.
      Уақтылы медициналық тексерулерден дер кезiнде өтiп тұруы үшiн жауапкершiлiк айқындалады.
      Тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiнен тыс медициналық көмек ұсыну:
      азаматтардың жеке қаражаты есебiнен;
      еркiн медициналық сақтандыру жүйесi шеңберiнде;
      жұмыс берушiнiң есебiнен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да көздерден жүзеге асырылады.
      Қосымша алынған қаражаттарды медицина ұйымдары жалақыны ұлғайтуға, келтiрiлген шығындардың орнын толтыруға, материалдық-техникалық базаны нығайтуға, кадрларды қайта даярлауға жұмсайтын болады. Аталған қаражаттарды пайдалану тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалатын болады.

 5.2. Халыққа медициналық көмектi ұйымдастыру жүйесiн реформалау және дамыту



5.2.1. БМСК-нi реформалау - денсаулық сақтау жүйесiнiң
қызмет ету тиiмділігiнiң негiзi

      Дамыған елдердiң тәжiрибесi медициналық көмектi ересек адамдар мен балалардың көпшiлiгi, БМСК ұйымдарында, соның iшiнде, жалпы практика дәрiгерiнен алатындығын көрсетедi.


      Қазақстан Республикасында БСМК-нің ұсынылып отырған үлгiсi жалпы дәрiгерлiк практиканың принциптерiне негiзделедi және жергiлiктi денсаулық сақтауды басқару органдарынан мемлекеттiк тапсырыс алатын БМСК орталықтарынан тұратын болады. Бұл модел, "ынталандырушы" құрамдас бөлiгi бар, екi жиынтықты жан басына шаққандағы нормативтi енгiзудi қоса алғанда, дәрiгердi еркiн таңдап алу және басқарудың экономикалық әдiстерi принципiне негiзделетiн болады. Мұның өзi көрсетiлетiн медициналық қызметтердiң қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз етуге және сапасының жақсаруына, медицина қызметкерлерiнiң өз еңбегiнің түпкi нәтижелерiне мүдделiлiгiн арттыруға мүмкiндiк туғызады.
      БМСК-нi реформалау және дамыту 2 кезеңде жүзеге асырылады.
      I-кезеңде (2005-2007 жылдары) амбулаториялық-емханалық ұйымдардың қазiргi желiсi, соның iшiнде жалпы дәрiгерлiк практика принциптерiнде жұмыс iстейтiндерi сақталып, дамытылатын болады. Олардың материалдық-техникалық базасы нығайтылады, мұның өзi жаңа емдеу-диагностикалық технологияларын енгiзуге мүмкiндiк бередi. Аурулардың түрлерi және амбулаториялық емделу кезiнде азаматтардың жекелеген санаттарын тегiн немесе жеңілдiкпен дәрiлiк қамтамасыз ету жақсартылады.
      БМСК-нi кезең-кезеңiмен реформалау жалпы дәрiгерлiк практика принципiн эволюциялық енгiзуге бағдарланатын болады. 2005-2007 жылдары жалпы дәрiгерлiк практика және мамандандырылған көмек қызметтерiн ұсынатын аралас типтегi емханаларды құра отырып, қалалық жерлерде амбулаториялық-емханалық көмектi қайта құрылымдау жүргiзiледi. Аудан орталықтары мен қалаларда азаматтарға мамандандырылған көмек және де стационарларда жоспарлы жатқызу БМСК дәрiгерлерiнiң жолдамасы бойынша ғана көрсетiледi.
      Материалдық-техникалық базаны теңдестiру және нығайту принципiн iске асыру үшiн күрделi құрылысты мақсатты инвестициялау, БМСК объектiлерiн қайта құру және жөндеу саясаты, бiрiншi кезекте амбулаториялық қызмет қуатының жетiспеушiлігін бастан кешiрiп отырған өңiрлерде жүргiзiлетiн болады.
      БМСК рөлi мен функцияларының кеңеюiне байланысты оның қызметiнiң нормативтiк-құқықтық базасын жетiлдiру, аурулардың диагностикасы мен оларды емдеу хаттамаларын енгiзу, диспансерлеу, санитарлық-эпидемиологиялық нормалау және халықты дәрiлiк қамтамасыз ету мәселелерi бойынша нұсқаулық құжаттар әзiрлеу талап етiледi.
      БМСК-нi реформалаудың бiрiншi кезеңiнде мынадай ұйымдастырушылық және емдеу-алдын алу шаралары жүзеге асырылатын болады:
      амбулаториялық-емханалық құрылымдарды стационарлардан қаржылық және заңдық жағынан бөлу;
      әлеуметтiк қорғау органдарымен және басқа да мүдделi қызметтермен, сондай-ақ үкiметтiк емес ұйымдармен сектораралық өзара iс-қимыл;
      бекiтiлген халықтың ауруға шалдығу құрылымын зерделеу, оны азайту мен алдын алу жөнiнде шаралар әзiрлеу және iске асыру;
      азаматтардың жекелеген санаттарын алдын ала тексеру;
      иммундық алдын алу;
      диспансерлiк есепте тұратындардың, сондай-ақ әлеуметтiк жағынан елеулi аурулардың алдын алу, емдеу-диагностикалық және оңалту шараларының көлемiн кеңейту;
      тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiнiң шеңберiнде дәрiлiк қамтамасыз ету арқылы стационарды алмастыратын технологиялар енгiзу және дамыту;
      халықтың жекелеген санаттарына, сондай-ақ аурулардың белгiлi бiр тiзбесi бойынша ауруларға амбулаториялық деңгейде жеңiлдiктi дәрiлiк қамтамасыз етудi енгiзу;
      жедел-диагностика әдiстерiн енгiзудi қоса алғанда, зертханалық қызметтердi одан әрi нығайту;
      емдеу-диагностикалық процестi бақылау жүйесiнен қызметтi түпкi нәтиже бойынша бағалауға көше отырып, БМСК деңгейiнде қызметтер сапасын арттыру;
      дәрiгердi еркiн таңдау принципiнiң негiзiнде халықтың БМСК ұйымдарының қызметiне қатысуы.
      Аталған iс-шараларды iске асыру медициналық көмек көрсетудiң жалпы құрылымындағы амбулаториялық медициналық қызметтердiң үлесiн елеулi түрде ұлғайтуға және ауруханаға жатқызудың деңгейiн төмендетуге әкеледi. 2005 жылдан бастап медициналық көмектiң көлемiн кеңейту және сапасын арттыру дәрежесiне қарай БМСК деңгейiнде жан басына шаққандағы норматив мөлшерi ұлғаятын болады.
      Екiншi кезеңде (2008-2010 жж.) БМСК жүйесiнiң жалпы дәрiгерлiк практика принципiне көшуi басталады. БМСК-нiң дербес орталықтары құрылатын болады. Мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде аталған ұйымдарды қаржыландыру қорды ұстау элементтерiмен бiрге жан басына шаққандағы қаржыландыру әдiсiнiң негiзiнде жүргiзiлетiн болады. БМСК орталықтары көрсететін қызметтердiң көлемi елеулi түрде кеңейтiлiп, олардың материалдық-техникалық базасы (Үйлер, коммуникациялар, жабдықтар) жаңa талаптарға сәйкес келтiрiледi. Орталық персоналы кемiнде 5 жылда 1 рет біліктілігін арттыруға және қайта даярлықтан өтуге тиiс болады.
      Көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатында тұрақты негізде БМСК мекемелерiн тiркеу және әрбiр 3 жылда - тәуелсiз сарашпылардың қатысуымен медицина кадрларының кәсiби бiлiктiлiгiне аттестаттау жүзеге асырылатын болады.
      2010 жылға қарай БМСК-нi қаржыландыру көлемi тегін медициналық көмектiң кепілдi көлемiне бөлінетін қаражаттың жалпы көлемiнің кемiнде 40%-тi болады.
      Бастапқы буынды реформалау БМСК-нің ажырамас құрамы болып табылатын жедел медициналық көмек қызметiн ұйымдастыру бiр мезгiлде қайта құруды көздейдi.
      Бұл қызметтi дамыту мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:
      негізсiз шақыруларды қысқарту және шұғыл (төтенше емес) көмекке мұқтаждық ететiн сырқаттардың мекен-жайына жiберу, амбулаториялық буынды ұйымдастыру есебiнен, сондай-ақ бастапқы деңгей қызметі мен оның қолжетiмділігінің ауқымын кеңейту жолымен жедел медициналық көмектiң көлемiн азайту;
      қызметтердi бекiтілген нормативтерге сәйкес материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
      өмiр тiршiлiгiн қамтамасыз ету қызметтерi персоналының (полиция, жол полициясы, өрт қызметі) және көлік құралдары жүргiзушілерiнiң бастапқы медициналық көмек көрсетуi iс-қимылдарын үйлестіру.
      БСМК-нi реформалаудың екiншi кезеңiнде жедел медициналық көмек көрсететiн ұйымдар дербес болуға тиiс.
      Алдын алу бағытын күшейту және БСМК-нi нығайту жөнінде жүргізілетiн реформалардың нәтижесi стационарлық медициналық көмек қызметін ұтымды ету, төсек-орынға бағдар жасаудан бас тарту болады. Болашақта мамандандырылған бөлiмшелерi бар көп бейіндi ауруханалар құрылатын болады. Туберкулезге қарсы диспансерлер, жұқпалы және басқа да ауруханалардың ерекшелiктерi ескеріле отырып, күшейтіледi және жұмыс iстейтiн болады.
      Емдеу ұйымдарының жаңаларын салу және барларын қайта құру стационарлық көмек сияқты нысандарды дамыту қажеттігін және БСМК ұйымдарының басымдығын ескере отырып жүргізілетiн болады.
      Бұл peттe медициналық көмек көрсетудің кезеңділігі мен сабақтастығы принциптерiн ескеріле отырып сырқаттарды ауруханаға жатқызу өлшемдерi барынша айқын белгіленедi.
      Осылайша, Қазақстан Республикасында медициналық көмектi ұйымдастыруды жетілдiрудің басым бағыты жедел көмек қызметтерiнің және стационарлардың жұмыстарын ұтымды етумен қатар, жалпы дәрiгерлік практикаға негiзделген БМСК-нiң жаңа моделiн құру болады. Бұл модел халықтың қажеттіліктерiне толық дәрежеде сай келiп, денсаулық сақтау үшiн медицина қызметкерлерi мен азаматтардың өзара жауапкершілігiне негізделетiн болады. Бұл халыққа медициналық көмек көрсетудегi сабақтастық пен кезеңділiктi қамтамасыз ете отырып, назарды шығынды стационарлықтан амбулаториялық-емханалық көмекке аударуға мүмкiндiк бередi.

5.2.2. Ауылдағы денсаулық сақтауды дамыту

      Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың мемлекеттiк және өңiрлiк бағдарламаларының шеңберiнде 2004-2010 жылдары ауылдық денсаулық сақтаудың материалдық-техникалық базасы жақсартылатын болады. Денсаулық сақтау объектілерiн салу, қайта салу, күрделi жөндеу және белгіленген нормативтерге сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi әзiрлеген денсаулық сақтау салаларының басымдық берiлетiн ұйымдары желiсiн дамытудағы қажеттілiкті және оларды салу мен қайта құруды қаржыландыру көздерiн айқындау жөнiндегi әдiстемеге сәйкес БМСК объектілерiн медициналық жабдықтармен және санитарлық автокөлiктермен толық жарақтандыру жүзеге асырылатын болады.


      2005-2007 жылдарда денсаулық сақтау объектілерiнiң 90-ы салынып, 450-i жөнделуден өтуге тиiс. Бұл ретте туберкулездi емдеу мен әйелдердi босандыруға көмектiң барлық қажеттiлiктерi толық қамтамасыз етілуге тиiс.
      Ұтқыр медицина мен телемедицинаны қолдану жалғасады.
      Ауылда БМСК-нi көрсетудiң жұмыс iстейтiн жүйесi сақталатын болады. Медициналық көмектi ұйымдастыруды жетілдiрудiң негiзгi бағыты жалпы практикадағы дәрiгердiң ролiн арттыру және қызметiн кеңейту болып табылады. Оған ФП мен ФАП персоналдарына басшылық ету (фелъдшерлер, акушерлер, медбикелер), сондай-ақ әлеуметтiк қызметкерлермен қызметтi үйлестіру жүктелетiн болады. әойылған мiндеттердi орындау үшiн жалпы практика жөнiндегi фельдшер-акушер персоналды дайындауды тереңдету көзделiп отыр.
      2005 жылы АДА (ауылдық дәрiгерлiк амбулатория), АУА/АА (ауылдық учаскелiк аурухана/ауылдық аурухана) және аудандық емханаларды мемлекеттік мекемелер мәртебесiне көшiру аяқталатын болады.
      Қаржыландырудың жаңа схемасына және функцияларының айқын бөлiнуiне байланысты аудандық емханалар аудандық орталық ауруханалардан қаржылық және заңдық жағынан бөлiнетiн болады.
      Екiншi кезеңде медицина ұйымдарының ұйымдастыру-құқықтық нысаналарын өзгерту мәселесi қаралатын болады.
      Ауылдық жерлерде аудандық орталық ауруханаларға (аудандық) ерекше рөл берілетін болады.
      Ауылдық денсаулық сақтау объектілерiн біліктi медицина және фармацевтика кадрларымен қамтамасыз ету мақсатында медициналық және фармацевтикалық жоғары және орта білімi бар мамандарды ауылдық жерге тұрақтандырудың, қызметтiк тұрғын үй беру, бiр жолғы көмекақылар төлеудiң, ауылдық жерлерде үш жыл жұмыс iстеген жағдайда мемлекеттік білім беру кредиттерiн өтеу сияқты пәрмендi тетiктер әзiрленетiн болады.
      Облыстық атқарушы органдарға мамандарды олардың үш жыл бойы ауылда жұмыс iстеу шартымен даярлауға тиiстi жергіліктi бюджеттер қаражаттары есебiнен мақсатты гранттар бөлу құқығы берілетiн болады.

5.2.3. Санитарлық-эпидемиологиялық
 салауаттылықты қамтамасыз ету

      Санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды жақсарту, соның iшiнде жұқпалы, кәсiби және жұқпалы емес аурулардың алдын алу және оларды азайту, халықтың денсаулығына тiршiлiк ету ортасының қолайсыз факторларының зиянды әсерлерiн азайту мақсатында мынадай мiндеттер шешiлетiн болады:


      БМСК-мен мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызметтi, әсiресе халық арасында санитарлық-алдын алу жұмысына бағытталған шараларды күшейту бөлiгiнде интеграциялау;
      жұқпалы ауруларды, соның iшiнде туберкулездi, жыныс жолдары арқылы берiлетiн жұқпалы ауруларды және АҚТБ/ЖҚТБ-ны азайту жөнiнде санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттiк органдарымен iс-шараларды жалпы үйлестiрудi қамтамасыз ету;
      жұқпалы аурулардың зертханалық диагностикасын жүргiзуге мүмкiндiк беретiн оңтайлы жағдайларды жасау және оларды аудандық деңгейде санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттiк ұйымдарда орталықтандыру;
      санитарлық-эпидемиологиялық қызмет зертханаларын кезең-кезеңiмен жаңғыртуды жүргiзу;
      жұқпалы ауруларға қарсы күрес, аумақтарды санитарлық қорғау және биологиялық лаңкестiктiң зардаптарын жою жөнiнде жүргiзiлетiн санитарлық-эпидемияға қарсы (алдын алу) iс-шараларды одан әрi жетiлдiру;
      санитарлық-эпидемиологиялық нормалаудың ғылымы негiздемесiн қамтамасыз ету және мемлекеттік жүйесiнiң құжаттарын жүргізу;
      табиғи және техногендiк апаттардың медициналық зардаптарын жою жөнiндегi iс-шараларға мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп қатысу.
      Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметiнiң алдын алу бағытын күшейту мақсатында БСМК деңгейiнде мынадай iс-шаралар iске асырылатын болады:
      назарды қадағалаушылық пен әкiмшілiктен қауiпсiз тауарлар өндiру мен қызмет көрсетулердi оқыту мен ынталандыру шараларына аудару;
      бiрқатар функциялар мен өкiлеттiктердi республикалықтан облыстыққа және облыстықтан - басқарудың қалалық және аудандық деңгейлерiне беру.
      Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң зертханалық желілерiн жаңғырту, бiрiншi кезекте, осы заманғы зерттеу стандарттарын қолдануға және халықтың денсаулығына тiршiлiк ету ортасының қолайсыз факторлары әсерлерiнiң себептi-салдарлы байланыстарын белгілеуге негiзделген санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың сапалық жаңа деңгейiне ауысуды көздейтiн болады. Ол үшін барлық деңгейлердегi зертханалық қызметтi жаңғыртумен қатар тиiстi деңгейлер (республикалық, облыстық және аудандық) бойынша жүргiзiлген зертханалық зерттеулердiң мақсаттарын, көлемдерi мен номенклатураларын шектеу көзделедi, ол 3-кезеңде жүзеге асырылатын болады (І - республикалық деңгей 2005 жылы; II - облыстық деңгей - 2006-2007 жылдары; III - аудандық деңгей - 2007-2009 жылдары).
      Референс-зертханалар желiсiнiң негiзiнде орталықтанған, көп функциялы зертханалық қызмет құрылатын болады, мұның өзi зертханалық зерттеулер сапасының елеулi түрде артуын қамтамасыз етедi.
      Ерекше қауiптi жұқпалы ауруларға қарсы күрес, аумақтарды санитарлық қорғау және биологиялық лаңкестiктiң зардаптарын жою халықтың ерекше қауiптi жұқпалы ауруларға шалдығуының алдын алуға және оларға жол бермеуге бағытталатын болады.
      Ел аумағына ерекше қауiптi жұқпалы ауруларды және халықтың денсаулығы үшiн қауiптi өнiмдердi әкелуге жол бермеу мақсатында мемлекеттік шекараның қиып өтетiн жерлерiнде санитарлық-карантиндiк пункттердi нығайту жөнiнде шаралар қолданылатын болады.
      Санитарлық-эпидемиологиялық нормалау саласында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы бойынша халықаралық стандарттарға, соның iшiнде ДДҰ-ның талаптарына сәйкес келетiн ғылыми негізделген нормативтiк базаны құру қамтамасыз етiлетiн болады.

5.2.4. Салауатты өмiр салтын қалыптастыру
және аурулардың алдын алу

      Ауруларды емдеуге бағдарланған денсаулық сақтау жүйесiнен алшақтау және интеграцияланған медициналық қызмет көрсетудi енгiзу адам денсаулығына байланысты проблемалар кешенiн шешуге бағытталған көп салалы қызметті көздейдi.


      Денсаулықты сақтау үшiн азаматтар мен мемлекеттiң ынтымақтасқан жауапкершілік принципiн iске асыру профилактикалық iс-шараларды жүргiзу және салауатты өмiр салтын қалыптастыру, халықты кейiннен серпiндi түрде қадағалай және сауықтыра отырып, кезеңдiк алдын алу медициналық тексерулермен қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылатын болады.
      Денсаулықты насихаттау, жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың алдын алу, ана мен баланың денсаулығын нығайту, ұтымды тамақтану принциптерiн енгiзу, дене белсенділiгiн күшейту, отбасын жоспарлау, нашақорлықтың, жарақаттану мен бақытсыз жағдайлардың, АҚТБ/ЖҚТБ-ның, ЖЖБЖ-ның алдын алу, темекi тартуға және алкогольге салынуға қарсы күрес сияқты қоғамдық денсаулық сақтау бағдарламалары әзiрленедi және iске асырылады. Бұл бағдарламаларды iске асыру БМСК-нiң, мамандандырылған медициналық көмек көрсететiн ұйымдардың және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң өзара iс-қимылы кезiнде жүзеге асырылатын болады.
      Сондай-ақ артериалдық гипертония, диабет және басқа да ең көп таралған жұқпалы емес аурулардың алдын алу бойынша мақсатты бағдарламалар әзiрленедi. Бұл ретте денсаулық сақтаудың жаңа моделiн дамыта отырып, салауатты өмiр салтын насихаттау және аурулардың алдын алу бағдарламаларын қаржыландыру халықты мейлiнше тиiмдi қамту мақсатында аудандық деңгейге берiлуi мүмкiн.
      БМСК ұйымдарының базасында халықты салауатты өмiр салтына, оңалтуға оқыту жөнiнде бағдарламалар енгізiледi, созылмалы аурулары бар науқастарға арналған мектептер ұйымдастырылатын болады. Қамқорлық қызметке, салауатты өмiр салтын насихаттау мен санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылыққа жауапты орта медициналық персоналдың саны БМСК-нiң әрбiр аумақтық бөлiмшесiндегі жұмыстардың алдын алу бағытын күшейту үшiн штаттық нормативтердi қайта қарау арқылы көбейтiлетiн болады. Мектепке дейiнгi және мектеп жасындағы балаларды, оқушылар мен студенттердi медициналық тексерулерден өткiзуге ерекше назар аударылатын болады. Бұл үшiн барлық бiлiм беру ұйымдарында медициналық пункттер желiсi қалпына келтiрiледi.

5.2.5. Халықтың денсаулығын сақтауға сектораралық көзқарас

      ДДҰ-ның деректерi бойынша адам денсаулығы көбiне тұрмыс салтына, генетикалық факторларға, қоршаған ортаға және денсаулық сақтау жүйесiне байланысты болады. Денсаулық сақтауды басқаруды жетiлдiру мәселелерiндегi негiзгi мiндеттердiң бiрi денсаулық сақтау субъектiлерiнiң қызметiн үйлестiру және халықтың денсаулығын сақтауға сектораралық қағидаттармен келу болып табылады.


      Осы мақсаттарда қызметi халық денсаулығы жай-күйi мен денсаулық сақтау қызметтерiнiң жұмыс iстеуiне тiкелей және жанама әсер ететiн әр түрлi мемлекеттiк органдардың, ведомстволар мен ұйымдардың жұмыстарын үйлестiру көзделедi. Бағдарламада алға қойылған мiндеттердi табысты орындау үшiн денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк саясаттың жекелеген басым бағыттарын iске асыру үшiн әр түрлi ведомстволардың күш-жiгерi бiрiктiрiлiп, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы денсаулық сақтау жөнiндегi Ұлттық үйлестіру кеңесi, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдар жанындағы үйлестiру кеңестерi құрылатын болады.
      Сектораралық ынтымақтастықтың мынадай элементтерi iске асырылуға тиiс:
      демография және көшi-қон органдарымен тығыз байланыс жасау арқылы белсендi демографиялық саясат жүргiзу және демографиялық процестерді реттеу;
      еңбек және халықты әлеуметтік қорғау органдарымен бiрге азаматтарға профилактикалық, медициналық-әлеуметтiк көмек және оңалту көмегiн көрсетудiң негiзгi бағыттары бойынша, сондай-ақ медицина қызметкерлерiне сараланған жалақы төлеу бойынша өзара iс-қимыл жасау;
      қоршаған ортаны қорғау мәселелерi бойынша тиiстi мемлекеттiк органдармен бiрлескен шаралар қабылдау;
      бiлiм беру, iшкi iстер, спорт, қорғаныс, мәдениет және ақпарат мемлекеттiк органдарымен балалар мен жасөспiрiмдердi тәрбиелеу, оқыту және денсаулығын сақтау мәселелерiнде өзара iс-қимыл жасау;
      ауыл халқын ауыз сумен, телекоммуникация құралдарымен, жолдармен, санитарлық көлiкпен, медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету жөнiндегi мәселелердi шешу және тиiстi орталық және жергіліктi атқарушы органдармен өзара iс-қимыл жасауда санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық жөнiнде шаралар өткiзу;
      құқық қорғау және басқа да мемлекеттiк органдармен туберкулезге қарсы қызметтi одан әрi интеграциялау;
      халықтың қалың жiгi арасында дене шынықтыру мен спортты дамыту, дене шынықтыру, спорт, туризм ұйымдарының қызметтерiн үйлестiру, салауатты өмiр салтын және спортпен айналысуды енгiзу үшiн жағдайларды уәждеу және жасау жөнiндегi шараларды күшейту;
      салауатты өмiр салтын және аурулардың алдын алуды насихаттау үшiн бұқаралық ақпарат құралдарын кеңiнен пайдалану;
      табиғи және техногендiк сипаттағы Дүлей зiлзалалар, сондай-ақ жұқпалы аурулардың тұтану мүмкiндiгi туындаған кезде төтенше жағдайлар жөнiндегi қызметтермен iс-қимылдарды үйлестiру;
      хоспистердi, медбикелiк күтiм жасауды ұйымдастыруды қоса алғанда, мүдделi министрлiктер мен ведомстволарды тарта отырып, сондай-ақ халықаралық және үкiметтiк емес ұйымдардың қатысуымен оңалту қызметi мен паллативтiк көмектi дамыту;
      жүрiс қауiпсiздiгін қамтамасыз ету, экологиялық жағдайды жақсарту проблемалары бойынша көлiктiк-коммуникациялық кешен қызметтерiмен ынтымақтастықты күшейту.
      Осы Бағдарламаның шеңберiнде кейiннен ұлттық денсаулық сақтау жүйесiне бейiмделу үшiн алыс және жақын шетелдердiң оң тәжiрибесiн пайдалану мақсатында халықаралық ұйымдармен тығыз ынтымақтастық жасау көзделедi.

 5.3. Денсаулық сақтауды басқару жүйесiн жетiлдiру

      Денсаулық сақтауды басқарудың қазiргi жүйесi негiзiнен әкiмшiлiк әдiспен басқаруды көздейдi, соның салдарынан, лицензиялауды, тiркеудi, мемлекеттiк сатып алуды және басқаларын қоса алғанда, саланы басқарудың тиiмсiздiгiн тұтастай айқындап беретiн барлық негiзгі функциялар iс жүзiнде Денсаулық сақтау министрлiгi деңгейiнде орталықтандырылған.
      Бiрiншi кезеңде Бағдарлама басымдықтарының бiрi тиiсті нормативтiк құқықтық база жасай отырып, орталық, жергiлiктi басқару органдары мен медициналық ұйымдар арасында функциялардың ара жiгiн нақты ажырата отырып, экономикалық әдiстерге көшу арқылы орталықтандырылған әкiмшілiк басқаруды өзгерту құралы болып табылады.
      Екiншi кезеңде денсаулық сақтауды басқару осы заманғы ақпараттық технологиялардың негiзiн және халықаралық стандарттарды ескере отырып, медициналық қызметтер көрсетудiң сапасы мен сала жұмысы тиiмдiлiгінiң басқа да өлшемдерiн бақылау жүйесiн енгiзу арқылы жүзеге асырылатын болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет