Бағдарламасы зайсан қаласы, 015 жыл мазмұны ағымдағы жағдайға талдау. Табиғи потенциалы



жүктеу 1.68 Mb.
бет1/9
Дата21.08.2018
өлшемі1.68 Mb.
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
    Навигация по данной странице:
  • I кезең

Зайсан аудандық мәслихатының

2015 жылғы «22» желтоқсандағы

№ 41-8/2 шешімімен бекітілген




Зайсан ауданының 2011-2015 жылдарға

арналған аумақтық даму

БАҒДАРЛАМАСЫ

Зайсан қаласы, 2015 жыл

МАЗМҰНЫ


2. Ағымдағы жағдайға талдау. 7

2.1. Табиғи потенциалы. 7

2.2. Ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайының сипаттамасы. 8

2.2.1.1 Агроөнеркәсіптік кешен 8

2.2.1.2. Өнеркәсіп 13

2. Туризм саласында қызмет ететін мамандардың болмауы. 17

2.2.1.4. Шағын және орта кәсіпкерлік. 17

2.2.1.5. Сауда 19

2.2.1.6. Негізгі капиталға салынған инвестиция. 19

2.2.1.8. Қоршаған ортаның жағдайы. 21

2.2.2. Әлеуметтік сала. 22

2.2.2.1. Білім беру. 22

2.2.2.2. Денсаулық сақтау 24

2.2.2.6. Дене шынықтыру және спорт 35

2.2.2.9. Азаматтық қорғаныс жүйесін дамыту. 39

Жыл сайын аудан бойынша орта есеппен 17,0 мың түп әр түрлі ағаш көшеттері отырғызылады. 42

2.2.4. Аумақтық құрылым 49

2.2.4.1 Ауылдардың тіршілігін қамтамасыз ету 49

2.2.4.2 Шекаралық аймақтар 50

Аудандық бюджеттің шығыс бөлігі 2014 ж 99,6 % орындалды (2012 ж – 99,9%, 2013 ж – 100 %). Аудан бюджетінің шығыс құрылымында шығыстың көп бөлігін әлеуметтік салаға кеткен шығындар құрайды. 2014 жылы олар 57,1 % құрап 2013 ж салыстырғанда 15,9 % өскен. 55

2.3.Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамытудың 55

мемлекеттік саясатына талдау. 55

2.4.Жиынтық жағдайлар сипаттамасы, тәуелділік, бәсеке 55

басымдылығы және мүмкінділік. 55

4.Аймақтың дамуының көрінісі . 57

6. Қойылған мақсаттарға жетуге қажетті ресурстар. 80

6.1 Қаржыландыру көздері бойынша: 80

7. Бағдарламаны басқару 81




Төлқұжат


Атауы

Зайсан ауданының 2011-2015 жылдарға арналған Даму бағдарламасы

Негіздеме



Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 «Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлығы, 2010 ж. 19 наурыздағы № 958, ҚР 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы, ҚР Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары, 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген елдің аумақтық – кеңістіктік дамуының 2020 жылға дейінгі болжамдық схемасы

Зайсан ауданының негізгі сипаттамасы

Зайсан ауданы 1928 жылы құрылған, облыстың оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. 1997 жылы аудан аумағына Шілікті ауылдық округі қосылған. Аумағы- 10,4 мың. кв. км.

Аудан Қытайдың Синьцзян-Уйгур автономиялық аймағымен шекаралас.

Әкімшілік орталығы – Зайсан қаласы.

Ауданда 9 әкімшілік-аумақтық бірлік, оның ішінде 8 ауылдық округ, 1 қала округі бар.

Халық саны– 38,1 мың адам. 2015 жылдың 1 қаңтарына этникалық құрамы: қазақтар – 96,7 %, орыстар – 2,5%, басқа ұлттар – 0,8%.

Ауданның аумағы су ресурстарына бай. Басқы су артериясы Қара Ертіс болып табылады. Оған Үйдене, Жеменей, Кендірлік және басқа тау өзендері келіп құяды. Бұдан басқа ұсақ көлдер, су қоймалары бар, оның ішінде ең үлкені Үйдене су қоймасы.

Аудан климаты тез континентальді, ауа температурасының маусымдық және орташа жылдық өзгерісі үлкен амплидулалы.

Ауданда тас көмірдің кен орны және сланцтың, газ, құрылыс материалдарын өндіруге қажетті шикізат қоры бар.

Транспорттық комплексті автомобиль және әуе қатынасы құрайды.

Аймақтың ортақ қолданыстағы автомобиль жолдарының жүйесі – 460 км.

Автомобиль жолының қатты қабатты бөлігінің жалпы автомобиль жолының ұзындығына үлесі 43,7% құрайды.

Аймақтың аумағынан Омск – Майқапшағай автомагистралі өтеді.

Аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму динамикасы нақты секторда да, әлеуметтік салада және инфраструктура комплексінде де оң өзгерістермен сипатталады.

Әзірлеуші



Зайсан аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі мүдделі аудандық салалық бөлімдермен бірге.

Стратегиялық бағыттар

Өндіріске жоғары өндірімді инновациялық технологиялы қолдану арқылы аудан экономикасын аумақтық жедел дамыту;

аграрлық комплексте, инновацияда, инвестицияда, кіші және орта кәсіпкерлікте, саудада және қоршаған ортада;

экономиканы индустрияландыру және сапалы тұрғын-үй коммуналдық және транспорттық қызмет көрсетуге қабілетті инфраструктуралық комплексті жетілдіру;

территориялық құрылым;

жергілікті атқару және өзін-өзі басқару жүйесін дамыту;


Мақсат


Аймақтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

өнеркәсіптің орнықты әрі теңгерімді дамуын қамтамасыз ету;

аймақтың экономикасына инвестицияның құйылуын ынталандыру ;

қоршаған ортаның сапасын жақсарту және тұрақтандыру;

адам әлеуметтілігі және әлеуметтік саланы, халықтың өмір сүру деңгейін дамыту, әлеуметтік қызметтің барлық түрімен сапалы қамтамасыз ету;

сапалы білім алуды қамтамасыз етуге қол жеткізу, балалардың заңды мүдделерін және құқықтарын қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру;

халықтың денсаулығын сақтау және нығайту;

отандық мәдениетті насихаттау және сақтау;

бұқаралық спортты дамыту;

әлеуметтік аз қорғалған тұрғындарды атаулы көмек арқылы қолдау:

мемлекеттік тілді дамыту;

халықтар бірлігін қамтамасыз ету және қазақстандық патриотизмді нығайту;

көшеде және қоғамдық жерлерде сенімді құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, заңбұзушылықтың алдын алу жүйесін дамыту;

кідіріссіз және сапалы электрэнергиясымен қамтамасыз ету;

аймақтың тұрғындарын жеткілікті мөлшерде ауыз сумен орнықты әрі кепілді сапада қамтамасыз ету, жылумен қамтамасыз етілетін аймақтың елді-мекендерін кідіріссіз және сапалы қызметпен қамтамасыз ету;

автокөлік саласында инфраструктура- ның деңгейін дамыту ;

халықты сапалы әрі қол жетімділік байланыс қызметімен қамтамасыз ету;

шекаралас елді-мекендердің инженерлік инфраструктурасын және экономикалық әлеуетін дамыту;

елді-мекендердің территориялық құрылысын нәтижелі дамыту, тұрғын үй жетімділігін қамтамасыз ету;

ауданның жерін ұтымды пайдалану үшін жер қорын үлестірудегі өзекті мәліметтер қалыптастыру және т.б.



Міндет

Ішкі нарықта отандық азық-түлік тауарларының үлесін ұлғайту;

өнеркәсіптің басым секторын дамыту;

инвестиция тарту үшін қолайлы жағдай жасау;

халықтың денсаулығын одан әрі нығайту;

медициналық көмек көрсетуде қол жетімділікті жетілдіру;

халықтың аз қамтылған еңбекке қабілетті бөлігінің экономикалық белсенділікке ынталандыру;

қоғамдық тәртіпті нығайту және азаматтардың құқықтары мен еркіндігіне, денсаулығына қажетті өмірлік қауіпсіздік деңгейін қолдау;

тұтынушыларды тұрақты энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ету;

елді мекендерді сумен жабдықтауды орнықты дамыту;

транспорттық инфраструктураны қалпына келтіру және жетілдіру;

тұрғын-үй құрылысын дамыту;


Жүзеге асыру кезеңі

I кезең (аралық) – 2011 – 2013 жылдар, бірінші кезектегі іс-шараларды жүзеге асыру.

II этап (қорытынды) – 2014-2015 жылдар, жеткізілген міндеттерді шешу үшін белгіленген іс-шараларды жүзеге.

Мақсат индикаторлары

Ауылшаруашылық өнімінің нақты көлемін 105,5% жеткізу;

өнеркәсіп өнімінің нақты көлемін 100,2% жеткізу;

өңдеу өнеркәсібінің нақты көлемін 100,3% жеткізу;

орналасқан жері бойынша қызмет көрсетілген келушілер саны 9763 адам;

бөлшек сауданың нақты көлемін 108,8% жеткізу;

тіркелген кәсіпорындар ішінде белсенді шағын және орта бизнес өкілдерінің үлесі 63,9%;

негізгі капиталға салынған инвестицияның нақты көлемін 100,1% жеткізу;

мүмкіндігі шектеулі балалар ішінде инклюзивті біліммен қамтылғандары 13,2%;

мектепке дейінгі біліммен қамтылғандар үлесі (3-6 жас) 99,7%;

1000 адамға шаққандағы өлім деңгейін 7,2 мың адамға азайту;

күн-көріс деңгейінен төмен тұратын тұрғындар үлесін минимумға 5,7%-ға төмендету;

жұмыссыздық бойынша тіркелгендердің ішінде жұмысқа орыналасқандар саны 78,7%;

мемлекеттік тілді меңгерушілер үлесін 100%-ға жеткізу;

жүйелі түрде физкультура және спортпен айналысатын барлық жастағы тұрғындарды қамту үлесін халықтың жалпы санынан 32%-ға жеткізу;

туристік қызметпен жылдық қамтылу үлесін 4,68%-ға жеткізу;

тұрғындардың қоғамдық ұйымдар институты мен мемлекеттің ара қатынасын оң тұрғыдан бағалау үлесін 59%-ға жеткізу;

құрылыс жұмыстарының нақты көлемін 102%-ға жеткізу;

жергілікті деңгейдегі автомобиль жолдарын жақсы және қанағаттанған жағдайда ұстау үлесін 72,5%-ға арттыру;

жолаушы тасымалдау айналымының көлемін 2,45 млн.жолаушыға жеткізу;

тұрғындардың орталықтандырылған су жүйесін пайдалану деңгейін 81,3%-ға көтеру;

тұрғындардың су бөлу деңгейін пайдалануды 12%-ға көтеру;

жоғары қарқынды даму қатарында жататын елді-мекендер санын 2 бірлікке дейін арттыру;

шекаралас аудандардағы халық санын 100,5-%ға өсіру;

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына халықтың қанағаттану дейгейін 70% көтеру.








Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет