Шымкентте 20 жастағы келіншек үшем дүниеге әкелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Шымкент қалалық денсаулық сақтау департаменті

Бұл Шымкентте бір айдың ішінде дүниеге келген екінші үшем.

Жас ананы 10 қаңтар күні қалалық перинаталдық орталық дәрігерлері кесір тілігі арқылы босандырып алған. Сәбилердің салмағы 1925, 1625, 1900 грамм, бойы 43-47 см аралығында.

Бүгінде нәрестелер салмақ қосып, денсаулығы жақсарған. Ата-анасы үшемге Айлу, Саллахаддин, Аль-Сафи деген есім беріпті. Біршама уақыт дәрігер бақылауында болған нәрестелер бүгін перзентханадан үйіне шығарылды.

Еске салсақ, бұған дейін астаналық әйелдің егіз баладан кейін үшем дүниеге әкелгені туралы жазған едік. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.