Бағдарламасында "Байтақ өлке -ақтөбе"



жүктеу 80.6 Kb.
Дата25.03.2019
өлшемі80.6 Kb.
түріБағдарламасы

"Қазақ" радиосының "Туған жер" бағдарламасында "Байтақ өлке -Ақтөбе" Ақтөбе облысының мәдениет саласының

2017 жылғы дамуы туралы басқарма басшысы М. Қорғанбаеваның



АҚПАРАТЫ
(2017 жылғы 24 желтоқсан)
Елбасымыз, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бастамалық мақаласында: «Заманауи әлемдегі бәсекелік қабілет – мәдениеттің де бәсекелік қабілеті деген сөз. Біз ХХІ ғасырдың жаһандық картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт боламыз десек, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыруға тиіспіз. Әлем бізді қара алтынмен немесе сыртқы сая­сат­тағы ірі бастамаларымызбен ғана емес, мәдени жетістіктерімізбен де тануы керек» деп атап көрсетілген болатын.

Осы мақсатта биылғы жылы «Рухани жаңғыру» Бағдарламасының «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында аталған және «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Туған жер» арнаулы жобалары бойынша өңір мәдениетін, кәсіби өнерін, ұлттық тарихи мәдени мұрасын – музейлер, ескерткіштер, архивтерді сақтай отырып, әрі қарай дамыту мен нығайтуда 2017 жылдың қорытындысы бойынша барлығы 490, оның ішінде 478 мемлекеттік (239 кітапхана, 195 клубтық мекеме, 21 музей, 2 саябақ, 2 театр, филармония, 13 архив және өзге де мәдениет мекемелері) мәдениет ұйымдары және архивтер облыс тұрғындарына қызмет көрсетуде.

Бүгінгі күні салада жалпы саны 2970 штаттық бірлік, оның ішінде 2883 - мәдениет, 87 - мұрағат қызметкері саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асырып, жұмыс жасауда.

(2017 жылдың 1 қазанына cалаға жылдық нақтыланған қаржыландыру жоспары бойынша 5174,4 млн. теңге қаралып, оның 9 айда 3725,7 млн.теңгесі игерілді)

Биылғы жылы облыстық бюджет қаражаты есебінен Қарғалы ауданы Шәмші Қалдаяқов атындағы, Алға ауданы Самбай ауылдық клубтары салынып, Қобда ауданы Қобыланды мемориалдық кешені қайта жаңғыртылды және Абат-Байтақ кешені айналасы қоршалып, аббаттандырылды. Алға ауданындағы Бестамақ ауылдық, Ақтөбе қаласындағы «Геолог» мәдениет үйлері күрделі жөндеуден, Темір ауданы Алтықарасу ауылдық МҮ ағымдағы жөндеуден өткізілуде.

2017 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында 1200 орындық залы бар «Өнер орталығы» ғимараты салынып, оны жабдықтауға облыстық бюджеттен 350,0 млн. теңге қаражат бөлініп, ғимараттың іші толығымен қазіргі заманға сай қажетті жиһазбен, құрал-жабдықтармен жабдықталуда.

Осы жылы мемлекеттік - жекеменшік әріптестік аясында Қарғалы ауданында Қосестек ауылдық клубы, Ақтөбе қаласында «Жұбановтар әлемі» орталығы салынып, облыстық тарихи-өлкетану музейі ғимаратының құрылысы аяқталу сатысында.

Биылғы негізгі кең көлемді мәдени-көпшілік шаралар Ақтөбе облысының 85 жылдығы, «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандырылған көрмесі аясында ұйымдастырылды. Атап айтқанда, «Туған жерім – нұрлы елім» акциясы аясында Ақтөбедегі аудандар Күндері, Ресей Федерациясының көршілес Орынбор облысындағы, Тараздағы Ақтөбе облысының Күндері, Республикалық «Ән ғұмыр» ретро әндер фестивалі, «Жібек жолы» эстрада әндер байқауы, «Балауса» драма театрлар арасындағы экспериментальдық қойылымдар фестивалі, «Ұлы Жібек жолындағы жаңғырған Көкжар жәрмеңкесі» атауында Ойыл ауданында Көкжар жәрмеңкесінің 150 жылдығына театрландырылған керуен шеруі, көрме-жәрмеңке, Гала-концерт, «Мұхит» спектаклінің премьерасы, 5 облыс өнерпаздарының қатысуымен «Жан серігім - домбыра» атты аймақтық дәстүрлі әншілер мен термешілердің байқауы, көптеген облыстық байқау-фестивальдер, шығармашылық кештер, кездесулер, көрмелер өткізілді.

Бұдан тыс есепті мерзімде «Рухани жаңғыру» Бағдарламасының «Рухани қазына» кіші бағдарламасы арнайы жобалары аясында басқа да кең көлемді, қоғамдық-маңызды мәдени іс-шаралар өткізілді. Атап айтқанда маусым-қыркүйек айларында «Туған жер» бағдарламасы аясында «Туған жерге тағзым» акциясымен облыс әкімімен бекітілген кестеге сәйкес облыс аудандарының Ақтөбедегі Күндері өнер жұлдыздарының қатысуымен өтіп, гала-концерттер, қайрымдылық акциялары, көше мерекелері, көрмелер және басқа да мәдени шаралар ұйымдастырылды.

27-29 қыркүйек аралығында қазір 21 елде тұратын ақтөбеліктердің 200-ден астам өкілі келген «Туған жер» республикалық Форумы аясында Ақтөбе қаласындағы «Қобыланды батыр» атындағы стадионда 4,5 мың өнерпаздың қатысуымен театрландырылған көрініс және республика, әлемге танымал Димаш Құдайберген, Жанар Айжанова, Мирас-Құралай Бекжановтар, басқа да өнер жұлдыздарының қатысуымен Гала-концерт, Ақтөбе облысының 85 жылдығына арналған «Ақтөбе кеше, бүгін» жылжымалы фотокөрмесі, Бақытжан Әбішев, Марат Габдрахмановтың шағын мүсіндік композицияларының және Қазақстандық суретшілердің картиналарының көрмелері болды.

Есепті мерзімде облыстық театрлар мен филармония тарапынан 925 қойылым мен концерттер көрсетіліп, оларға 296,2 көрермен қамтылды.

Облыс кітапханаларына есепті мерзімде келушілер саны – 1835,7 мың адамды, оның ішінде тұрақты оқырман саны – 211,9 мың адамды құрады. Облыс кітапханаларымен 2811,1 мың дана кітап беріліп, жаңа әдебиет, кітаптар алуға ұйымдастырылған акциялар нәтижесінде кітапханалардың кітап қоры 3,9 млн. данадан асты.

Сондай-ақ облыс музейлеріне келушілер саны 240,6 мыңнан астам адамды, жалпы экспонат саны – 180,4 мың дананы құрады.

Облыс архивтерімен өткен 10 айда 7090 сақтау бірлігі басқару құжаттамасы, 6879 с.б. жеке құрам бойынша құжаттар, 645-дан астам фотоқұжаттар сақтауға қабылданды. Осы салада азаматтар мен ұйымдардың әлеуметтік-құқықтық сұраныстарын орындауда 10024 анықтама берілді.

Архивтер қоймаларының шамадан тыс, мәселен облыстық мемлекеттік архив пен оның Қобда, Шалқар филиалдары, Алға, Қарғалы, Мәртөк, Хромтау аудандық архивтері қоймаларының құжаттармен толуы 100%-дан асып отыр.

Қараша айында Есет батыр Көкіұлының 350 жылдығы аясында кең көлемді мәдени-көпшілік шаралар, Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы «Ақжелең» халықаралық күйшілер байқауы, «Туған жерім – нұрлы елім» акциясы аясында өткізілген Аудан күндерінің, Ғ.Жұбанованың 90 жылдығына орай «Жыр жазамын жүрегімнен» атты жазба ақындар Республикалық мүшайрасы өтті.

Осы іс-шаралар мен міндеттерді «Рухани жаңғыру» Бағдарламасының «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында, биыл үшінші жыл іске асырылудағы еліміздегі Мәдениет саясат Тұжырымдамасы талаптарына сай іске асырып, үдеден шығуда облыстың мәдениет, өнер және архив мекеме, кәсіпорындары іс-қимылын жұмылдыруға бағытталған жұмыстар әрі қарай жалғастырылатын болады.



«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын жүзеге асыру мақсатында облыс әкімі орынбасары Е.Ж.Нұрғалиев басшылық ететін арнайы жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, жергілікті ғалымдар, өлкетанушылар, археологтар және т.б. кірді.Жұмыс тобының негізгі мақсаты Ақтөбе облысының микро және макро қасиетті орындарын анықтау.

Ақтөбе облысының мәдени мұра нысандарын «Қазақстанның қасиетті географиясы» жобасына енгізу мақсатында жұмыс тобының бірнеше отырысы, дөңгелек үстелдер, ескерткіштерге экспедициялар өткізілді. Солардың нәтижесінде облыстың республикалық және жергілікті маңызы бар қасиетті нысандардың тізімі, олардың сипаттамасы және суреттері анықталып, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығына жіберілді.

Бүгінгі таңда Ақтөбе облысы бойынша республикалық маңызы бар ескерткіштердің тізіміне 10 нысан енгізілді. Олардың қатарында Қобыланды батыр мемориалды кешені, Абат-Байтақ кесенесі, Хан моласы, Есет батыр Көкіұлы мемориалды кешені, Кенесары ханның қарындасы – Бопайдың моласы, Есет-Дәрібай кесенесі, Ойсылқара қорымы, Досжан Ишан мешіті, Исатай батыр кесенесі, Жаманшың метеорит кратері бар. Бұл нысандарды облысымыздың мақтанышы, еліміздің туристік әлеуеті болып табылады деп айтуға болады.

Жергілікті маңызы бар ескерткіштерге тоқталар болсақ, облыс бойыншабұл тізімге 35 нысан енді. Жұмыс тобы өлкетанушылар мен өлке тарихымен қызығушылармен бірлесіп, ескерткіштердің барлық типін қамтыды. Тізімге археология, қала құрылысы және архитектура ескерткіштері енгізілді. Мысалы, біз археологиялық ескерткіш ретінде 10 мың жыл бұрын пайда болған Төлеубұлақ үңгіріндегі петроглифтерді ұсындық. Кейбір ғалымдардың есебінше, үңгірдегі суреттер осыдан 40 мың жыл бұрын пайда болып, Қазақстан, тіпті Орталық Азиядағы ең көне бейнелер саналады. Қала құрылысы және архитектура ескерткіштері ретінде тарихи тұлғалар жерленген орындар (Көтібар батыр, Бақтыбай батыр, Ботакөз батыр, Жалымбет, Қазанғап қорымдары және кесенелері), мешіттер (Дүйсенбі ахуан, Исатай, Нұрпейіс мешіттері), табиғи мұра ескерткіштері және өзге де нысандар енгізілді. Жұмыс тобы мыңжылдық тарих пен мәдениетті ашатын, өңірдің қасиетті географиясының ерекшеліктерін көрсететін нысандарға таңдау жасады деп айтуға әбен болады. Жергілікті маңызы бар тізім 35 нысанмен шектеліп қалмайтындығын айта кеткен жөн. Бүгінде өзге де ескерткіштер жөнінде материалдар жинақтау жұмыстары жүргізілуде. Жинақталған материалдар өңделген соң жаңа нысандар тізімге енгізілуге ұсынылатын болады.

Жобаны жүзеге асыру мақсатында тиісті мемлекеттік органдармен бірлесе Іс-шаралар жоспары жасақталды. Соның аясында 2017 жылы «Қобыланды батыр» мемориалды кешенің реконструкциялау, «Абат-Байтақ» кесенесі және Шырақшы үйі территориясын көркейту жұмыстары атқарылды. Қобыланды батыр, Есет Көкіұлы және Исатай Тайманұлына жаңа ескерткіштер орнатылды.

Қазақстанның қасиетті нысандарын насихаттау аясында Ақтөбе облысы оқушыларын Оңтүстік Қазақстан, Кызылорда, Алматы және Жамбыл облыстарының қасиетті орындарымен таныстыру мақсатында турситік экспедициялар ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. Әр облыстың қасиетті географиясы бойынша туристік бағыттар жасақталды. Ақтөбе облысы тарихи-мәдени мұра нысандарының картасы жасақталуда.

Қатысушылар «Қожа Ахмед Яссауи» кесенесі (ХІҮ ғ.), «Арыстан баб кесенесі» (ХІ ғ.), «Қорқыт ата» кешені, Сауран қалашығы, «Айша бибі» кесенесі (Х-ХІІ ғ.), «Бабажы қатын» кесенесі (Х-ХІ ғғ.), «Қарахан кесенес»і (ХІ ғ.), Тараз қалашығы, «Үңгіртас» архитектуралық ескерткіші, Жаркент мешіті және т.б. қаситеті жерлерге сапар шегеді.

Сонымен қатар қасиетті нысандарды дәріптеу мақсатында аймақтың туристтік әлеуеті туралы бейнебаяндар жасалды, және де Ақтөбе облысының негізгі көрікті жерлері ретінде қасиетті жерлер мен объектілер көрсетілген жарнамалық және жәдігерлік бұйымдар жасап шығарылды.

«Қасиетті Қазақстан географиясы» жобасының жүзеге асырылуына Ақтөбе облысы бойынша келесі жылға келесі бағыттар бойынша жұмыстар жүргізу жоспарлануда:

Тарихи және мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру және қорғау. 2017 ж. Тарихи-мәдени мұраны зерттеу, қалпына келтіру және қорғау орталығының қызметкерлерімен ӨМК «Қазрестоврация» ғылыми-зерттеу жобалық фелиалының сәулетшісімен бірлесе «Қыз әулие» кесенесіне, Абат-Байтақ қорымына және Керуен сарай тарихи-архитектуралық кешеніне фотофиксация мен өлшеу жасалды. Қазіргі таңда осы нысандар бойынша жобалық-сметалық құжаттамалар дайындалуда. Осы ескерткіштерден басқа «Рухани жаңғыру» жобасы бойынша Хан моласы қорымына абаттандыру жұмыстарын (қоршау қондыру) жүргізу жоспарлануда.

Облыстың қасиетті география нысандарына жол инфраструктурасын жеткізу. Бұл бағыт бойынша 2018 ж. Абат-Байтақ мемориалдық кешеніне, Исатай Тайманұлы кесенесіне автокөлік жолын салу, Қобланды батыр мемориалдық кешеніне автокөлік «Қобда-РФ шекарасы (Соль-Илецк)» (334-375 км) жолын күрделі жөндеу жоспарланып отыр.

Туристер мен қажыларға қасиетті география нысандарында инфроструктура құру және абаттандыру. Айта кету керек, 2017 ж. Қобланды батыр мемориалдық кешенінде ескерткіш жанына қонақ үй құрылысының жұмысы басталып кетті.

Облыстың қасиетті нысандарна 3 тілде (қаз., орыс.,ағылшын.) белгілер мен информациялық қалқандар орнату.

Ғылми зерттеу және өңдеу жүргізу (археологтардың, этнографтардың, мәдениеттанушылардың, өлкетанушылардың далалық зерттеулері, экспедициялар.)

Қазақтың ұлттық стилінде безендірілген қасиетті нысандар туралы видеоматериалдар жасау

Ақтөбе облысының қасиетті нысандарының картасын жасау.



Мектеп, орта оқу орны, жоғарғы оқу орны оқушыларына Қазақстанның қасиетті нысандарына туристтік экскурсиялар және экспедициялар ұйымдастыру.

«Қасиетті Қазақстанның географиясы» жобасының жүзеге асырылуы, жеке өңірлерде де, жалпы Қазақстанның ішкі туризмінің дамуна жаңа серпін беретіндігі сөзсіз. Қазақстан, соның ішінде Ақтөбе облысы, табиғи және мәдени мұралар ескерткіштеріне, тарихи және саяси оқиғаларға, сондай-ақ қазақ халқының жадында өз таңбаларын қалдырған тұлғаларға бай.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет