Бағдарламасының қаржысы «Бизнестің жол картасы 2020»



жүктеу 56.92 Kb.
Дата26.06.2018
өлшемі56.92 Kb.
түріБағдарламасы

 «Береке» несиелеу бағдарламасы

 


Қаржы көздері

 «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының қаржысы

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының қаржысы

Бағдарламаның мақсаты

Ауылшаруашылық өнім алу үшін ауылшаруашылық мал мен құсты бордақылау

Мақсатты топ

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»* бағдарламасына сәйкес

«Бизнестің жол картасы 2020»** бағдарламасына сәйкес

Мақсатты бағытталу

Ауылшаруашылық өнім алу үшін ІҚМ, ҰММ, жылқы және ауылшаруашылық мал мен құсты бордақылау сатып алу;

- мал азықты сатып алу



Бір қарыз алушыға қарыз/несие желісінің максималды сомасы

- 3 000 000 (үш миллион) теңгеге дейін – өз ісін ұйымдастыру немесе кеңейтуге;

- 5 000 000 (бес миллион) теңгеге дейін – ҚР Үкіметі бекіткен аймақтарға келген және оралмандар мен көшіп келгендерді қабылдау бойынша аймақтық квотаға енгізілген оралмандар мен көшіп келгендер үшін;

- 6 000 000 (алты миллион) теңгеге дейін – жеке қосалқы шаруашылық негізінде ұсақ тауарлы өндірістерді ұйымдастыруға (ұсақ тауарлы өндірісті ұйымдастыру үшін шағын несиелер Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда облыстарында беріледі);

- 5 000 000 (бес миллион) теңгеге дейін – 500 000 (бес жүз мың) теңгеге дейін шағын несиелерді мерзімнен бұрын өтеген бағдарламаға қатысушылар үшін, өз ісін кеңейту үшін шағын несиелеуге екінші рет шағымданған жағдайда



- 10 000 000 (он миллион) теңгеге дейін

Қаржылық құрал

Қарыз, жаңартылмайтын несие желісі

Сыйақы үстемесі

- 500 000 (бес жүз мың) теңгеге дейін (қоса алғанда) – жылдық 4,8 %, жылдық тиімді сыйақы үстемесі – жылдық 5 % аспайды;

- 500 000 (бес жүз мың) теңгеге дейін – жылдық 6 %, жылдық тиімді сыйақы үстемесі 6,7 % аспайды



- жылдық 6 %, жылдық тиімді сыйақы үстемесі 6,7 %  аспайды

 

 



Несиелеу мерзімі

- 500 000 (бес жүз мың) теңгеге дейін (қоса алғанда) - 36 (отыз алты) айдан аспайды;

- 500 000 (бес жүз мың) теңгеден жоғары - 54 (елу төрт) айдан аспайды;



- 54 (елу төрт) айдан аспайды

- асыл тұқымды бұқа-өндірушілерді сатып алуға - 24 (жиырма төрт) айдан аспайды

Негізгі борышты өтеу мерзімділігі

- ай сайын/ тоқсан сайын/ жыртыжылдықта 1 рет, несиелеудің мерзімі бойынша жарым-жартылай/ толық өтеу мүмкіндігімен

Сыйақыны өтеу мерзімділігі

- ай сайын/ тоқсан сайын/ жартыжылдықта 1 рет, несиелеу мерзімі бойынша нақты пайдаланған уақытқа есептелген сыйақыны өтеу мүмкіндігімен

Негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдетілген мерзім

6 (алты) айдан аспайды

Сыйақыны өтеу бойынша жеңілдетілген мерзім

- 500 000 (бес жүз мың) теңгеге дейін (қоса алғанда) - 3 (үш) айдан аспайды;

- 500 000 (бес жүз мың) теңгеден жоғары - 6 (алты) айдан аспайды



 

- 6 (алты) айдан аспайды



Өтеу әдісі

Аннуитеттік (тепе-тең төлемдерді төлеумен)/ дифференцияланған (негізгі борышты тепе-тең үлестермен төлеумен)/ жылжымалы кесте бойынша

Қамту

Қоғамның Кепілдік саясатына сәйкес

Қарыз алушыға қойылатын негізгі талаптар

1)     несиелеуге өтінімді беру немесе қарау күніне салықтар және басқа да міндетті бюджеттік төлемдері бойынша кешіктірілген борышкерлігінің болмауы;

2)     cоңғы есеп мерзімінде (өтінімді беру ағымдағы айда) екінші деңгейлі банк (ЕДБ) және басқа да қаржы институттарының алдында кешіктірілген борышкерлігінің болмауы;

3)     несиелеуге болатын несиелік тарих (егер тарихы болса);

4)     сатып алынатын мал басын ұстау үшін қажетті ғимарат, құрылыстардың болуы;

5)     ауылдық округте оңды ветеринарлық-санитарлық жағдайдың болуы;

6)     қарыздық қаржы немесе өз қаржы есебінен мал азықпен қамту, жобаны талдау кезінде мал азықтың, немесе ақшалай қарыздың болуын дәлелдеумен;

7)     оқытудан өту, жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейтетін тұлғаларды, немесе бұрын кәсіпкерлік негіздерін оқытудан өткен тұлғаларды, немесе шағын несие алуға дейін үш жылдың ішінде кәсіпкерлік негіздерін оқытудан өткендігін дәлелдейтін құжаттары бар тұлғаларды қоспағанда (бұл талап тек «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы қатысушыларына ғана қойылады)


Жоба мен оның мақсатты бағытталуына қойылатын талаптар

Мақсатты бағыттау:

- ІҚМ, ҰММ, жылқы, басқа да ауылшаруашылық мал мен құсты сатып алу;

- қарыз сомасының 20% (жиырма) көп емес жалпы мөлшерде мал азық сатып алу.

Жобаға қойылатын талаптар:

- сатып алынатын ІҚМ жасы: 12-ден (он екі) 24 (жиырма төрт) айға дейін (қоса алғанда);

- сатып алынатын жылқы жасы: 18-ден (он сегіз) 60 (алпыс) айға дейін (қоса алғанда);

- сатып алынатын ҰММ жасы: 6-дан (алты) 18 он сегіз айға дейін (қоса алғанда);

- жеке меншіктегі немесе несиелік қаржы есепбінен сатып алынатын асыл тұқымды бұқа-өндіруішілердің болуы міндетті, ІҚМ ара-қатынасы келесідей: аналық малдың 30 (отыз) басына 1 (бір) асыл тұқымды бұқа-өндіруші, немесе мамандырылған ұйыммен қолдан ұрықтандыруды өткізу бойынша келісім-шарт (асыл тұқымды бұқа-өндірушінің ұрығы етті мал шаруашылығында – етті тұқымды, сүтті мал шаруашылығында – сүтті тұқымды болуы қажет), немесе асыл тұқымды бұқа-өндірушісі бар тұлғамен ұрықтандыру бойынша қызметтерді көрсетуге келісім-шарт, дәлелдеу құжаттарын қоса тіркеп;

- бар және сатып алынатын ІҚМ. ҰММ, жылқылардың идентификациясы, ауылшаруашылық малды идентификациялау Ережелеріне сәйкес;

- сатып алынатын ІҚМ басын қаржыландыру бір басқа 150 000 (жүз елу мың) теңгеден аспау керек;

- сатып алынатын жылқы басын қаржыландыру 250 000 (екі жүз елу мың) теңгеден аспау керек;



- сатып алынатын ҰММ басын қаржыландыру 20 000 (жиырма мың) теңгеден аспау керек

Қарызды беру тәртібі

Қоғамның ІНҚ және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 221 бұйрығымен бекітілген, Жұмыспен қамту шараларына қатысатын тұлғаларға кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелеріне сәйкес

Қоғамның ІНҚ және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 шілдедегі № 599 Қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» Бизнесті қолдау мен дамытудың біріңғай бағдарламасы аясындағы Шағын кәсіпкерлік субъектілерін шағын несилеу Ережелеріне сәйкес

Жоба бойынша шектеулер

Берілген шағын несиені тұтынушылық мақсатта, бұрыңғы қарыздарды өтеуге, тұрғын үй сатып алуға, сауда-саттық саласында қызмет етуге қолдануға болмайды

Несие тұтынушылық мақсатқа, бұрыңғы несиелерді өтеуге, тұрғын үй, жер телімін сатып алуға, жалға беруді төлеуге берілемейді


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет