Бағдарламасының «Қолдаудың қаржылық емес шаралары» атты төртінші бағыты шеңберіндегі «Бизнес-мектеп»



жүктеу 0.88 Mb.
бет1/6
Дата28.03.2019
өлшемі0.88 Mb.
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6








«Бизнестің жол картасы 2020» кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың Біріңғай бағдарламасының «Қолдаудың қаржылық емес шаралары» атты төртінші бағыты шеңберіндегі «Бизнес-мектеп» құрауышы бойынша оқыту жобаларының тиімділігі жөніндегі есеп





2016 жылғы 01 шілдедегі жағдай бойынша

Астана, 2016 г.

МАЗМҰНЫ

Қысқартулар…………………………………………………………………………………………….

3

Кіріспе……………………………………………………………………………………….....………...

4

1. «Бизнес-Кеңесші» жобасының тиімділік көрсеткіштеріне талдау....……………….

7

1.1 «Бизнес – Кеңесші» жобасы жөнінде………………………………………………..

7

1.2. Өңірлік, салалық, жас мөлшері, гендерлік және ұйымдық-құқықтық нысаны бөлінісіндегі қатысушылар саны …...........................……………………………………

8


1.2.1. Өңірлер бөлінісіндегі қатысушылар саны…..........……………………………….

11

1.2.2. Ұйымдық-құқықтық нысаны бойынша қасытушылар саны................…………..

13

1.2.3. Салалық бөліністегі қатысушылар саны………………………………….............

10

1.2.4. Гендерлік бөліністегі қатысушылар саны…………………………………….......

14

1.2.5. Жас мөлшері бөліністегі қатысушылар саны…………………………………...

15

1.3. «Бизнестің жол картасы 2020» кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың Біріңғай бағдарламасының басқа бағыттарына әрі қарай қатысу бойынша көрсеткіштер.........

17


1.4. Жүргізілген сауалнамаға сәйкес өңірлердегі өткізілген оқудың сапалық бағасы

18

1.5. Жобаны жүзеге асырылған сәттен бастапқы жаңа бизнестің ашылуы мен қызметін кеңейті бойынша көрсеткіштер......…………………………………………

23


2. «Бизнес – Өсу» жобасының тиімділік көрсеткіштеріне талдау ………………………..

25

2.1. «Бизнес- Өсу» жобасы жөнінде …………………………………………………….

25

2.2. Өңірлік, салалық, жас мөлшері, гендерлік және ұйымдық-құқықтық нысаны бөлінісіндегі қатысушылар саны ...........................………………………………………

26


2.2.1. Өңірлер бөлінісіндегі қатысушылар саны .........………………………………….

26

2.2.2.Ұйымдық-құқықтық нысаны бойынша қасытушылар саны …………...........…..

27

2.2.3. Салалық бөліністегі қатысушылар саны ………………………………… ...........

28

2.2.4. Гендерлік бөліністегі қатысушылар саны…………………………………….......

29

2.2.5. Жас мөлшері бөліністегі қатысушылар саны…………………………………..

30

2.3. «Бизнестің жол картасы 2020» кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың Біріңғай бағдарламасының басқа бағыттарына әрі қарай қатысу бойынша көрсеткіштер.........

31


2.4. Жүргізілген сауалнамаға сәйкес өңірлердегі өткізілген оқудың сапалық бағасы

31

3. «Тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып жобалық оқыту» жобасының тиімділік көрсеткіштеріне талдау ……………………………........................………………………...

33


3.1.«Тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып жобалық оқыту» жобасы жөнінде...

33

3.2. Салалық, жас мөлшері, гендерлік және ұйымдық-құқықтық нысаны бөлінісіндегі қатысушылар саны ......…………………………………………………….

35


3.2.1. Ұйымдық-құқықтық нысаны бойынша қасытушылар саны ......................…......

35

3.2.2. Салалық бөліністегі қатысушылар саны …………………………………............

36

3.2.3. Гендерлік бөліністегі қатысушылар саны…………………………………….......

37

3.2.4. Жас мөлшері бөліністегі қатысушылар саны…………………………………...

37

3.3. «Бизнестің жол картасы 2020» кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың Біріңғай бағдарламасының басқа бағыттарына әрі қарай қатысу бойынша көрсеткіштер.........

38


3.4. Жүргізілген сауалнамаға сәйкес өңірлердегі өткізілген оқудың сапалық бағасы

38

3.5. Жобаны жүзеге асырылған сәттен бастапқы жаңа бизнестің ашылуы мен қызметін кеңейті бойынша көрсеткіштер.........................................................................

39


Қорытынды………………………………………………………………………………………….....

45


ҚЫСҚАРТУЛАР (АБРЕВИАТУРА):


  1. ӨКП – Өңірлік кәсіпкерлер палатасы;

  2. «Атамекен» ҚР ҰКП – «Атамекен» Қазақастан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;

  3. КҚКО – Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары;

  4. КҚО – Кәсіпкерлерді қолдау орталықтары;

  5. ИИДМБ – 2015-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриальды-инновациялық дамуының Мемлекеттік бағдарламасы;

  6. ҚР ҰЭМ – Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрлігі;

  7. ШОБ – Шағын және орта бизнес;

  8. ШОК – Шағын және орта кәсіпкерлік;

  9. ДК– Дара кәсіпкер;

  10. ЖШС – Жауапкершілігі шектеулі серіктестік;

  11. ШҚ – Шаруа қожалығы;

  12. БАҚ – Бұқаралық ақпарат құралдары;

  13. БЖК 2020 - «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың Біріңғай бағдарламасы;

  14. ЖЖК 2020 – Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020;

  15. БҚО – Батыс-Қазақстан облысы;

  16. ШҚО – Шығыс-Қазақстан облысы;

  17. ОҚО– Оңтүстік-Қазақстан облысы;

  18. СҚО – Солтүстік-Қазақстан облысы;

  19. ЭҚЖЖ – Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктемесі

  20. ЖКС –Жеке кәсіпкерлік субъектісі;

  21. ШОКС – Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі;

  22. ЖСН – Жеке сәйкестендіргіш номер;

  23. ҚҚ – Қоғамдық қор.



КІРІСПЕ

Жалпы елдің орнықты экономикалық дамуын қамтамасыз ету жеке кәсіпкерліктің және, ең алдымен, шағын және орта бизнестің даму жай-күйі мен деңгейіне тәуелді. Мемлекеттің экономикалық өсуіне ықпалын тигізетін бәсекелестіктің дамымауы, материалдық және материалдық емес ресурстарды тиімсіз пайдалану, ішкі сұраныстың импортқа тәуелділігі, жұмыссыздық, кедейшілік және басқалары сияқты көптеген проблемаларды шешу үшін экономиканың нақ осы секторының әлеуетті мүмкіндіктері өте зор.

Шағын және орта бизнестің экономиканы әртараптандырудағы рөлі де маңызды. ИИДМБ іске асыру шарттарында ірі өндірістер барған сайын көбірек қалыптастырылатын болады, олардың жұмыс процестеріне шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қатарынан көптеген қосалқы мердігерлер жұмылдырылатын болады. Ауылдарда, шағын қалалар мен моноқалаларда шағын кәсіпкерлік субъектілері тұрғындардың тұтынушылық сұранысын қанағаттандыруға бағдарланған секторларда жұмыс істей отырып, дамуға жаңа түрткі беруге тиіс.

Осыған байланысты, жеке кәсіпкерлікті қолдау жөнінде жүйелі шаралар қабылдау қажет, олар қаржыландыруға қолжетімділікті жақсартуды, қажетті инфрақұрылымды қамтамасыз етуді, құзыретті арттыруға жәрдемдесуді, консультациялық қолдау алуды және кәсіпкерлік бастамаларды бірлесіп іске асыру үшін әріптестер тартуды қамтитын болады, бірақ олармен шектелмейді.



«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың Біріңғай бағдарламасы Қазақстан мен оның аймақтарындағы кәспкерлікті кешенді қолдаудың маңызды құралы болып табылады.

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 ақпандағы № 925 Жарлығымен бекітілген Қазақстанның 2020 жылға дейінгі жалпыұлттық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленді. Бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан - 2030» Стратегиясы» және «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына жолдауларының мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған

Бағдарламаның жүзеге асырылуы аймақтық кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз етуге, сонымен қатар әрекет етуші бизнесті қолдау және тұрақты жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған.

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың Біріңғай бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлердің құзіреттілігін арттыру мен оларға мекен-жай бойынша қолдау көрсету мақсатында «Кәсіпкерлкті қолдаудың қаржылай емес шаралары» атты 4-ші бағыттың жүзеге асырылуы басталды.

«Бизнес-мектеп» құрауышы «Бизнестің жол картасы 2020» бірыңғай бағдарламасының «Кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылай емес шаралары» деген төртінші бағыты шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №168 қаулысына (бұдан әрі – Қаулы), Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі мен «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының арасындағы «Бизнес-мектеп» құрауышы шеңберіндегі оқыту жобаларын іске асыру бойынша көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы 2016 жылғы 05 сәуірдегі № 58 шартқа (бұдан әрі – ҚР ҰЭМ шарты) және 2016 жылғы 01 маусымдағы №13 Хаттама 2016 жылғы 01 маусымдағы №13 Хаттамасындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының шешімімен бекітілген, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау Жүйесінің құжаттарыменен қарастырылған, жеке тұлғалар мен кәсіпкерлік субъектілеріне (кәсіпкерлік қызметпен айналысуға үміткер) қаржылай емес қолдау көрсету тәртібі туралы ережеге (бұдан әрі – Ереже) сәйкес іске асырылады.

Қаулыға сәйкес Қаржылай емес қолдаудың операторы «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – ҚР ҰКП) болып табылады. ҚР ҰКП жергілікті жерлерде облыс орталықтарындағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – КҚКО) арқылы, сондай-ақ моноқалалардағы, шағын қалалардағы және аудан орталықтарындағы Кәсіпкерлерді қолдау орталықтары (КҚО) арқылы бизнес оқыту жүргізеді.

Бизнес оқыту экономиканың барлық секторларында жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілеріне (бұдан әрі – ШОБ субъектілері) тегін ұсынылады.

«Бизнес – мектеп» құрауышы моноқалалардағы, шағын қалалардағы және аудан орталықтарындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа оқыту жобаларын ұсынуға бағытталған.

«Бизнес – мектеп» құрауышының қызметтері моноқалаларда, шағын қалаларда және аудан орталықтарында КҚО, Астана, Алматы, Семей, Түркістан қалаларында және облыс орталықтарында КҚКО ұсынылады.

«Бизнес-Мектеп» құрауышы аясында жоғарыда көрсетілген жобаның шеңберінде оқудан өткен және Excel форматында сертификаттар алған тыңдаушылар базасы әзірленді.

«Бизнес-Мектеп» құрауышы бойынша экономиканың басым салаларында (барлығы 10 сала) маркетингтік зерттеулер жүргізді және Қазақстанның кәсіпкерлеріне арналған «Бизнес аумағы» бірыңғай порталында орналастыру үшін ҚР ҰЭМ-ге енгізілді, сондай-ақ оқыту барысында оқытылатын респонденттер бойынша DVD-дискіде ұсынылды (инновациялар, бизнес-жоспарлар және т.б.).

«Бизнес-мектеп» құрауышы шеңберінде келесідей оқыту жобалары ұсынылады:



  1. «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша кәсіпкерлікті жүргізудің негіздеріне қысқа мерзімдік оқыту;

  2. «Бизнес-Өсу» жобасы бойынша кәсіпкерлікті дамытудың функциональдық бағыттары бойынша қысқа мерзімдік оқыту;

  3. Тәлімгерлік қағидаттарды пайдалана отырып жобалық оқыту.

2016 жылы бизнес-оқыту Қаулының, ҚР ҰЭМ шартының және ҚР ҰКП ішкі құжаты – Ереженің негізінде іске асырылады, онда бизнес-жаттықтырушыларды, тәлімгерлерді іріктеу қағидаты және өңірлер бөлінісінде алға қойылған міндеттерді іске асыруға арналған іс-қимылдардың қадамдық алгоритмі жазылған.

ҚР ҰЭМ шартына және Ережеге сәйкес ӨКП жергілікті жерлерде барлық стандарттарға сәйкес келетін бизнес-кластар ашқан, онда тәлімгерлер, менторларды, жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерді және қаржы консультанттарын тарту арқылы көрсетілетін бизнес оқыту бойынша қызметтердің көлемі айқындалған.

2016 жылғы 5 шілдедегі жағдай бойынша ҚР ҰЭМ бизнес-мектеп бойынша 37 облыстық жаттықтырушы келісілген, олармен «Бизнес-мектеп» құрауышы шеңберінде өтеусіз қызметтер көрсетуге шарттар жасалған. Өңірлерде жобаларды іске асыру мақсатында шебер-кластар өткізу үшін тәлімгерлер (менторлар) шақырылды. ҚР ҰЭМ шартына сәйкес «Жобалық оқыту» (Тәлімгерлік) шеңберінде тәлімгерлікті растау мақсатында кәсіпорынның (кемінде 3 жыл) тіркеу мерзімдері көрсетілген ЖК, ЖШС және ШҚ мемлекеттік тіркеу куәліктері ұсынылды.

Осы есеп «Бизнес-мектеп» құрауышы шеңберіндегі «Бизнес-Кеңесші», «Бизнес-Өсу» және «Тәлімгерлік қағидаттарды пайдалана отырып жобалық оқыту» жобаларының тиімділігіне талдау жүргізу мақсатымен әзірленген.

«Бизнес-мектеп» құрауышы шеңберіндегі «Бизнес-Кеңесші», «Бизнес-Өсу» және «Тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып жобалық оқыту» жобаларының жүзеге асырылуының негізгі көрсеткіштерінің динамикасы мен жағдайына мониторинг жасау, жобалардың Қазақстан экономикасындағы ролін зерттеу, жоба қатысушыларынан сауалнама және телефон арқылы сұрау негізінде жобалардың тиімділігін талдау және жобалар шеңберінде оқытудан кейінгі кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындар мен кәсіпкерлердің қызметіне мониториг жүргізу есептің негізгі міндеттері болып табылады.

Есепті әзірлеу барысында «Бизнес-Кеңесші», «Бизнес-Өсу» және «Тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып жобалық оқыту» жобаларының қатысушыларына мониторинг жасау кезінде жиналған «Атамекен» ҰКП мәліметтері пайдаланылды. Сауалнамалар жоба қатысушыларынан оқу аяқталғаннан сәттен кейін алынды, сонымен қатар қатысушылардан телефон арқылы сауалнама алынды, сұрау барысында қатысушылардың оқу сапасына қатынасы мен оның әрі қарай табысты болуына әсері зерттелді.



1. «БИЗНЕС – КЕҢЕСШІ» ЖОБАСЫНЫҢ ТИІМДІЛІК КӨРСЕТКІШТЕРІНЕ ТАЛДАУ.
1.1. «Бизнес –кеңесші» жобасы жөнінде

«Бастауыш кәсіпкерлерді қолдау (Старт-ап жобалар)» жобасы «Даму» Қорымен 2009 жылдан бастап жүзеге асырылуда, және оның тиімді болуынан 2011 жылдан бастап «БЖК 2020» Бағдарламасының «Кәсіпкерлік әлеуетті нығайту» атты төртінші бағытының «Бизнес-Кеңесші» құрауышы ретінде қосылды. 2015 жылдан бастап қаржылай емес қолдаудың операторы «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы болып табылады.

Мақсаты Қазақстанның барлық аймақтарындағы шағын және орта бизнестің сапалы дамуын ынталандыру болып табылатын «Бизнес-кеңесші» жобасы, кәсіпкерлік қызметті жүргізудің негіздеріне кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындар мен шағын және орта бизнес субъектілерін қысқа мерзімде оқытуды қарастырады.

«Бизнес - Кеңесші» жобасы бойынша оқытуды кәсіби бизнес-жаттықтырушылар жүргізеді. Сабақтар тәжірибелік жағдайларды және жаттығуларды талқылаумен интерактивті режимде жүргізіледі.

Оқыту курсының ұзақтығы – екі күнтізбелік күн ішінде, кемінде 16 сағат.

Курс бағдарламасына ҚР ҰЭМ шартына сәйкес мынадай тақырыптар енгізілген:



  1. Кәсіпкерлікке кіріспе;

  2. Кәсіпкерлік психологиясы;

  3. Франчайзинг;

  4. Кәсіпкерлерге арналған қаржы;

  5. Маркетингтік қызмет;

  6. Бизнес – жоспарлау;

  7. Кәсіпкерліктегі заңдық аспектілер;

  8. Персоналды басқару;

  9. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.

В ходе обучения слушателям предоставляются учебные материалы на бумажных и/или электронных носителях.

Оқыту курстарын өткізу туралы ақпарат, өткізу кестелері БАҚ (телеарналар, радио және баспа басылымдарында) ақпарат орналастыру және жарнамалық плакаттар орналастыру арқылы жарияланады. Кәсіпкерлер мен халықты бизнес жүргізу негіздеріне оқытуға қатысты барлық ақпарат пен материалдар барлық облыстарда ӨКП беттерінде, сондай-ақ жергілікті БАҚ орналастырылған.




1.2. Өңірлік, салалық, жас мөлшері, гендерлік және ұйымдық-құқықтық нысаны бөлінісіндегі қатысушылар саны

2011 жылдан бергі кезең бойынша «Бизнес-Кеңесші» жобасы шеңберінде 93 307 адам оқудан өткен. Жылдар бөлініснде қатысушылардың ең көп саны 2013 жылы тіркелген – 19 274 адам, бұл көрсеткіш 2012 жылғы деңгейден 12,4% артық. 2015 жылы қатысушылар саны 2014 жылмен салыстырғанда году 37,6% төмендеді.

Жоспар бойынша қамтылатын адамдар саны – 12 000 (он екі мың) адам болуы тиіс. 2016 жылы оқу 2016 жылдың 15 ақпанында басталды. Аталған бағдарламаның шеңберінде жоспар 83,4%-ға орындалды, яғни жарты жыл ішінде 10010 респондент оқытылды, бұл көрсеткіш 2015 жылдың сәйкес кезеңінен 13,4% жоғары. (Диаграмма 1)


Диаграмма 1. «Бизнес – Кеңесші» жобасы бойынша қатысушылар санының динамикасы
Оқуға ниеттілердің көп көлемінің болуын «БЖК 2020» біріңғай бағдарламасының шарттарына сәйкес бизнесті ашу үшін кепілдік және грант алу бойынша конкурска қатысу, сонымен қатар «ЖЖҚ 2020» бағдарламасы шеңберіндегі шағын несие алу үшін «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша сертификаттың қажеттілігімен байланысты.
1.2.1. Өңірлер бөлінісіндегі қатысушылар саны

2016 жылдың қаңтар айынан маусым айына дейін 13 000 астам өтінім берілді, оның ішінде ӨКП бизнес-жаттықтырушылары 10 010 өтініш берушіні оқытты.



2016 жылдың 6 айына аталған бағдарлама бойынша мына өңірлерде ең көп оқытылған қатысушылар саны байқалған: Жамбыл облысы – 915 адам немесе оқытылғандардың жалпы санының 9,14%, Қарағанды облысы – 907 адам немесе оқытылғандардың жалпы санының 9,06% және Алматы облысы – 851 адам немесе оқытылғандардың жалпы санының 8,5%. (Кесте 1)
Кесте 1. «Бизнес- Кеңесші» жобасы бойынша өңірлер бөлінісінде оқығандардың жалпы саны.



Өңір атауы

Қатысушылар саны, адам

%

1

Жамбыл облысы

915

9,14%

2

Қарағанды облысы

907

9,06%

3

Алматы облысы

851

8,5%

4

Ақтөбе облысы

751

7,5%

5

ОҚО

729

7,3%

6

Қостанай облысы

723

7,2%

7

Қызылорда облысы

684

6,8%

8

Ақмола облысы

674

6,7%

9

ШҚО

636

6,4%

10

Алматы қаласы

570

5,7%

11

СҚО

510

5,1%

12

Павлодар облысы

483

4,8%

13

Маңғыстау облысы

420

4,2%

14

Атырау облысы

407

4,1%

15

Астана қаласы

399

4%

16

БҚО

351

3,5%




ҚР бойынша барлығы

10 010

100%


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет