Бағдарламасының орындалу барысы туралы сөзі «Қазақстан Жаңа жаһандық нақты ахуалда: Өсім, реформалар, даму»



жүктеу 96.37 Kb.
Дата06.05.2019
өлшемі96.37 Kb.
түріБағдарламасы

Жаңғызтөбе кенті әкімі Е.Т.Закимовтың кенттің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының орындалу барысы туралы сөзі

«Қазақстан Жаңа жаһандық нақты ахуалда: Өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев « Қазақстан халқына жолдауымдағы барлық міндеттерді жүзеге асыруда мен « Нұр Отан»партиясына ерекше орын беремін. Жолдау барлық партия мүшесі үшін іс –қимыл негізі және таяудағы жылдарға арналған бағдарлама болуы тиіс» деп атап көрсеткен болатын. Біз барлығымыз Президенттің командасын құраймыз,оның Стратегиялық бағытын жақтаушылармыз және барлық мүмкіндіктерімізді Жолдауды жүзеге асыруға толықтай жұмылдыруға міндеттіміз. Еліміздің ертеңіне бағыт берген бұл жаңа бағдарламалық құжат халықтың жағдайын жақсартуға бағытталған.Күні бүгінге дейінгі айтылған міндеттердің барлығы жыл өткен сайын бірте –бірте орындалуда. Тәуелсіздік жылдарында егеменді еліміз жаңа экономикалық өрлеу жолына түсті. Дегенмен Елбасы бүгінгі алмағайып заманда әлі талай өткелдерден өтуіміз керектігін, мемлекетімізді тұғырын мызғымастай ету үшінбізге әлі талай күрделі, өтпелі көп, бұралаң жолдардан өтуге тура келетіндігін деп атап өтті. 2016 жылдың 1 қаңтарынан «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын орындаудың практикалық кезеңі басталды.

Мемлекетті, экономика мен қоғамды дамыту үшін қағидатты жаңа құқықтық орта қалыптастыратын 59 заң күшіне енді.

Әрбір қазақстандық Тәуелсіз қазақ елінде тынбай еңбек етіп, еліміздің өркендеуіне өз үлестерін қосулары керек және оны абыройлы іс деп білген абзал. Бізді биік белестерден көрінуге апаратын жарқын жол- Ұлт жоспарын оныңжүзеге асыру бағытында жұмыс істелу тиіс.

Кент әкімі аумағына Жаңғызтөбе кенті Шуақ ауылы, 10 айырық енеді, осы елді мекендерде 4672 адам тұрады, экономикалық белсенді халық саны 2549, жұмыспен қамтылғандар 2004, өздігінен жұмыспен қамтылғандар 325 адам, 215 адам жеке қосалқы шаруашылығымен шұғылданады, жұмыссыз ретінде аудандық есепке тіркелгендер -3.

2015 жылы дүниеге 90 нәресте келді, қайтыс болғандар саны 25 адам, келген адамдар –26, кеткендер – 9. Кент әкімі аумағында – 2 орта мектеп,«Бастау»бала бақшасы, 2 кешкі мектеп және №1 Жарма колледжі, 1 дәрігерлік амбулатория,1 – ФАП, 4 түзеу мекемелері, 3 әскери бөлім, әкім аппараты, темір жол стансасы, мал дәрігерлік пункті, «Жаңғызтөбе мұнай өнімдері» және «Теньши»ЖШС, РМК «Еңбек –Өскемен»№110 филиалы, аудандық байланыс, электрэнергиясын тарату станциялары бөлімшелері жұмыс істеп халыққа қызмет көрсетіп отыр.

Экономикалық белсенді халық саны 2549, жұмыспен қамтылғандар 1912, оның ішінде мемлекеттік мекемелерде 989 адам жұмыс істейді, кәсіпорындарында- 186, ауыл шаруашылығында- 19, өздігінен жұмыспен қамтылғандар 321 адам, 225 адам жеке қосалқы шаруашылығымен шұғылданады, басқа жұмыстағылар саны- 46.

Кент аумағында 95 субъект бар, оның ішінде 2 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 62 жеке кәсіпкер,6 шаруа қожалығы, мемлекеттік мекемелер-14, кәсіпорындар- 2, бөлімшелер-8, мешіт-1.

Жаңғызтөбе кенті әкімшілік-аумақтық бірлігі аумағында 2015 жылы 72 адам жұмысқа орналастырылды, 75 жаңа жұмыс орны ашылды, әлеуметтік жұмыс орны бойынша 1 сұраныс түсіп, оның 3 адам жұмысқа орналасты.

«Өрлеу» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша кент аумағында жұмыстар атқарылуда, бүгінгі күнге 9 жанұяға осы «Өрлеу» арқылы қаржылай көмек тағайындалды.

Кент аумағындағы темір жол стансасы бөлімдері транспорттық салаға, «Жаңғызтөбе мұнай өнімдері»ЖШС-і облыстың 4 ауданын жағар-жағар май өнімдерімен қамтамасыз етуде, ВК РЭК және теміржол электростанциялары, аудандық байланыс торабы және теміржол байланысы бөлімшелері тұрақты қызмет көрсетіп отыр.

Ауыл шаруашылығы бойынша:

Мал басы 2015 жылдың 1 қаңтарына 2016 жылдың 01 қаңтарына

Ірі қара мал 1543 1571

Ұсақ мал 8300 7953

Жылқы 644 716

Құс 2800 2360

Өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдері-

сүт 14163 ц. 18038

ет 5360 ц. 5514

жүн 113 ц. 202

жұмыртқа 185,8 мың дана 218 мың дана

Асыл тұқымды мал басын дамыту жұмыстары жүргізіліп, 8 бас ет бағытындағы бұқа сатылып алынды.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020 бағдарламасының жүзеге асырылуына аудандық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімімен бірлесе отырып, жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың санын тексерілді, тұрғындардың бизнес-бастамалары мен ұсыныстары қаралып, кәсіпкерлікті дамытуға «Жұмыспен қамту 2020- жол картасы бағдарламасы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

«Құлан» бағдарламасы бойынша «Ерлан» шаруа қожалығы 12 бас жылқы, «Казагроқаржыландыру» АҚ- арқылы жеңілдетілген пайызбен ауыл шаруашылық техникасын алды.

«Тілек» шаруа қожалығы «Сыбаға» бойынша -39 бас ірі қара мал алды.

«Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасы бойынша 4 адам жеке кәсіпкер ретінде 4 адам тіркелді, оның екеуі мүгедек.

Жеке кәсіпкер М.Абдрахмановтыңпластикалық терезе жасау цехы, жеке кәсіпкер Е.Садуакасовтың жанармай құю станциясы, жеке кәсіпкер М.Турганбаев дөңгелек жөндеу шеберханасын кеңейтіп халыққа қызмет көрсетіп отыр.



Округ бойынша барлығы 3090 мың теңгеге меморандум орындалды. Екі орта мектептің оқушыларына ыстық тамаққа 2015 жылы 290 мың теңгеге үш жақты меморандум жасалып орындалды.

Жергілікті салықтың түсімдері бойынша 2015 жылы 4618,0 мың теңге салық түсіп, 103 пайыз орындалды.

Жыл көлемінде кентке 34,3млн теңге инвестиция тартылды:

Ауыл шаруашылық техникасын алу -5 млн. мал шаруашылығын дамыту және ірі қара малға субсидия- 9,3 млн. Kaz Iimе Indusries -20 млн. теңге.

2015 жылы«Теньши»ЖШС-гінде орта есеппен 90 адам жұмыспен қамтылып, барлық құны 111 млн. теңге өнім шығарылды. 2016 жылға 12 мың тонна әктас жеткізіп беруге келісім шарт жасалған.

Құрылыс саласы бойынша 398 млн теңге игеріліп, мектеп және жеке тұрғын үйлерінің құрылыс жұмыстары жүргізілді.

Жаңғызтөбе кентінде балалар алаңы орнатылды,3 млн. 130 мың теңге.

Округте санитарлық тазалық жұмыстарына 2 млн 907 мың теңге жұмсалды.

Кенттегі су жинау мұнарасы орнатылып, су айдау стансасы іске қосылды, электр желісіне қойылды.

Кент ішіндегі ішкі жолдарға жартылай ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілді.



Аудан әкімінің 2015 жылғы 26 наурыздағы №73 «Ауданның елді қарасты елді мекендерді көркейту, көгалдандыру және санитарлық жағдайын жақсарту бойынша жұмыстарды жүргізу туралы» Қаулысын орындау бойынша округте өткізілген 3 айлық тазалық барысында қоқыс төгетін алаңдар тазаланып, 620 тонна қоқыс шығарылды, 780 тұрғын үй аулалары, 16 мекеме маңдары, кент көшелеріне тазарту жұмыстары жүргізілді. Көгалдандыру бойынша 300 түп ағаш, 120 шаршы метр гүлзарлар отырғызылды. Кент әкімшілігінің ұйымдастыруымен айлық барысында жұртшылық арасында тазалықты сақтау ережелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, учаскелік инспекторларға тазалықты сақтамағандар тізімі берілді.

Әлеуметтік қолдау бойынша:

Кент аумағындағы табысы аз адамдар анықталып, еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, әлеуметтік көмек көрсету бағытында жұмыстар жүргізіліп отыр.

Қазіргі уақытта кент бойынша аз қамтылған отбасылар саны 24, мүшелері- 78 адам.

«Өрлеу» бағдарламасына 9 жанұя, 2014 жылы 686 мың теңге , 2015 жылы 4 отбасына 639 888 теңге төленген.

«Мектепке жол» акциясы бойынша округтегі 23 аз қамтамасыз етілген отбасы балалары мектепке дайындалды, үйде оқитын 2 мүгедек балаға көмек берілді.

Кент аумағы бойынша 12 жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет әлеуметтік қызметкерлер көмегі ұйымдастырылды. Ай сайын 5 адам қоғамдық жұмысқа қамтылады.

8 Наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай кент аумағындағы мекемелерде еселі еңбектерімен жетістікке жеткен абзал нәзік жандар мен көпбалалы аналарға арналған мерекелік шара өткізіліп, марапатталды.

Биылғы жылғы 22 наурыз күні кенттің орталық алаңында«Әз, Наурыз!» мерекесі өткізілді. Мекемелер мен жеке кәсіпкерлердің ұйымдастырылуымен 6 киіз үй тігіліп, әр үйдің жанында ұлттық салт дәстүрлер насихатталып, мерекелік- спорттық шаралар өткізілді.

№236 орта мектебінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай халықтар достығы фестивалі өткізілді.

7 мамыр күні ҰОС-ның 70 жылдығына арналып орталық алаңда жиын өткізіліп соңы концерттік бағдарлама тамашаланды..

Жаңғызтөбе кенті әкімінің аумағында «Ассамблеяның 20  жылдығына – 20 жарқын іс» эстафетасы барысында округте барлық мекемелерде, ұжымдарда, қоғамдық ұйымдарда іс шаралар ұйымдастырылды. «Мерекеңмен, қазыналы қарттарым» атты мерекелік кеш ұйымдастырылып, ауыл қарттарына және ұстаздарға арналған концерт болды. Қарт адамдарға мектеп жылыжайының өнімдерінен тарту-таралғы жасалды және ескерткіш сыйлықтар табыс етіледі. Мектептің тимуршылар командасы апта бойы көмек қажет ететін қарт адамдардың үйлеріне барып, тазалық жұмыстарын жасауға көмектесті

Шуақ ауылындағы № 236 орта мектепте «Ұлт достығы – ел ынтымағы» атты дәстүрлі мерекелік іс-шара өткізіліп сонынан Қазақ елінің бауырмалдығын, бір шаңырақ астындағы ұлттар достығын паш еткен «Этносаралық келісім-Қазақстанның баға жетпес байлығы» атты іс-шара мерекелік жәрмеңке ұйымдастырылды.

Округте тұрақтандыру қоры бойынша жеке кәсіпкер Д.Орынбасаровамен көкөніс қоймасында көкөніс өнімдерін сақтап, қыс маусымында ауыл тұрғындарын қамтамасыз етеді. Жеке кәсіпкер Сабыр Женисханович Нургалиевпен 15 тонна пияз және 10 тоннаға меморандум жасалып, ауыл тұрғындарына төмен бағамен көкөніс сатылды.

3 қазан күні кенттің орталық алаңында ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өткізіліп,ауыл тұрғындарының қыс маусымына дайындық жасап, қажетті ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алуы ұйымдастырылды.

Тұңғыш Президент күні, Тәуелсіздік мерекесін мерекелеуге арналған ісшаралар өткізілді.

«№236 орта мектебі» КММ-де Тәуелсіздік күні қарсаңында мектептің 50 жылдық мерейтойымен байланысқан «Елу жылда-ел жаңа» атты КВН өткізілді. КВН-ға Шуақ ауылындағы мекемелер мен мектеп қатынасты. Барлық командалар өздерінің өткір әзілдерімен көрермендерді әзіл-қалжыңға бөледі. Әділқазылар алқасының әділ шешімдерінің нәтижесінде төмендегідей қорытынды шығарылды. Бас жүлдеге ОВ 156\18 мекемесінің «Мәңгілік ел» командасы, І орынды «№236 орта мектебі» КММ-ң «50\50» командасы, ІІ орынға 6699 әскери бөлімінің «Алаш ұлдары» командасы, ІІІ орынға Еңбек –Өскемен құрама командасы ие болды. Жарма колледжінің «Шеберлер» командасы «Көрермендер көзайымы» номинациясымен, ОВ 156/21 мекемесінің «Жастар» командасы «Бірлігі жарасқан» номинациясымен марапатталды.

Кентіміздің спортшылары облыс, аудан көлемінде өтетін жарыстарға үнемі қатысып отырады. 2015 жылы тамыз айында өткен аудан әкімінің жүлдесіне арналған X халықтық спорт ойындарына қатысып жалпы командалық есепте біздің спортшыларымыз І –жүлделі орынды иеленді.

2013 жылғы 31 желтоқсандағы №1542 ҚР-сы Үкіметінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» қаулысымен бекітілген «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес кент әкімі аппаратында 2015 жылы 150 тұлғаға қызмет көрсетілді.

2015 жылдың 12 айында жеке тұлғалардан 25 өтініш, заңды тұлғалардан 12 өтініш түсті, өтініш сұрақтары–елді мекен жерлері, жер пайдалану мәселелері- 35, әртүрлі мәселелер бойынша -2. Түскен өтініштер толық орындалды.

Шуақ ауылында әкімшілік теңгерімінде 16 көпқабатты бос үйлер бар, осы үйлердің 2-уі ғана қайтадан жарақтауға жатады, қалған 14 апатты жағдайдағы үйлерді теңгерімнен шығарып, орнын тазарту қажет. 108,126 көпқабатты апатты жағдайдағы үйлер теңгерімнен шығарылған, адам өміріне қауіпті төндіріп тұрғандықтан бұл үйлер тез арада бұзылып, орнын тазалауға қаражат қажет.

2015 жылға жоспарланған іс-шаралардан:

1. Жаңғызтөбе кентіндегі ішкі автокөлік жолдарын ағымдағы жөндеуден өткізуге қаражат қарастырылған.

2. №236 орта мектептің шатыры мен жылу жүйесі 33 млн. теңге көлемінде күрделі жөндеуден өткізілді.

3.Жаңғызтөбе кенті аумағында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салуға жер қарастырылды, қаражат тапшылығынан биыл қолға алынбады.

4. Жаңғызтөбе кентінде сутаратқыш мұнараны ауыстыру және су құбырларын жөндеу жұмыстарын жүргізуге 6 млн теңге қарастырылған.

5. Жаңғызтөбе кентінде балалар алаңы орнатылды, 3 млн.130 мың теңге.

6.Шуақ ауылында балалар ойын алаңын салу жобасы 2016 жылы шегерілді.

7. Жаңғызтөбе кентінде жаңа мектеп құрылысы аяқталды.

8. Жаңғызтөбе кентінде қоғамдық моншаны іске қосу.

9. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша ірі қара малдарын сатып алуға несиеге тілек білдіргендер болмады.

Сонымен қатар кент бойынша алдағы уақытта басты назар аударуды қажет жағдайлар бар:

1.Жаңғызтөбе кенті мен Шуақ ауылындағы ішкі автокөлік жолдары күрделі жөндеуді қажет етеді.

2.Жаңғызтөбе кентінде құлаған үйлер мен бұзылған мекемелердің орнын тазалауға қаражат қажет, сметалық құжаттары дайын.

2016 жылға жоспарланып отырған іс шаралар :

1.Шуақ ауылында құны 4 млн.207 мың балалар ойын алаңын жасау


Құрметті Нұрлан Батташұлы!

Құрметті кент тұрғындары!

Мен кенттің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпаратымда

негізгі атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталдым, әлі атқарылатын істер көп.

Аудан әкімінің қолдауымен биыл жаңа мектеп құрылысы аяқталды, су мұнарасы орнатылып, балалар алаңы жасалды, абаттандыруға қаражат бөлінді. Кент әкімшілігі халық игілігі үшін, кенттің әлеуметтік-экономикалық дамуының күннен -күнге жақсаруына ат салысып келеді.

Ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты ұлы құндылықтар ғана мәңгі. Біз көлденең шыққан кедергілерге кідірмей, дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсатына қадам басамыз.    

Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік Ел болу үшін бізде бәрі бар. Тәуелсіздіктің туын желбіретіп, тұғырын нығайтқан біздің тарих алдында жүзіміз жарқын! Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік! Елбасы айтқандай, баршаңызды Ұлт жоспарын жүзеге асыруға және реформаларды жүргізуге барынша белсенді қатысуға, олар ашатын мүмкіндіктерді пайдалануға шақырамын.



Тыңдағандарыңызға рахмет!


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет