Бағдарланған өнім алудағы экологиялық КӨрсеткіштерді анықтау сейітқазиев Ә. С., Орақбаева М. Ж., Шатаева Г



жүктеу 71.85 Kb.
Дата07.05.2019
өлшемі71.85 Kb.

ӘОЖ 631.95:631.4

БАҒДАРЛАНҒАН ӨНІМ АЛУДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРДІ АНЫҚТАУ
Сейітқазиев Ә.С., Орақбаева М.Ж., Шатаева Г.
Сипаттайтын алқап негізінен шөлейтті,кей жағдайда шөлейтті-далалық ыстық құрғақ климатты аймақта орналасқан.

Климатқа (ауа райына) сипаттама беру үшін үшарал метеорологиялық станциясының (абсолюттік белгісі 365 м.) орташа көпжылдық мәліметтерін пайдаландық.Алқаптың ауа райы өте құбылмалы суық,аз қорлы және жазы құрғақ ыстық болып келеді. Мұздықсыз аралық ұзақтығы 185 күнге дейін созылады. >100С-тан жоғары температуралар жиынтығы 35000С.Барлық басқа ауа райына қажетті көрсеткіштер кесте түрінде беріледі.

Кесте мәліметтерін талдаудан кейін, алқаптың жақсы жылу қамтамасыздығы жайлы қорытындылауға болады. Бұл ауаның ауа райы мәліметтеріне қарап, ауыл шаруашылық дақылдарының барлық аудандастырылған түрін өсіруге мүмкіндік бар. Дегенмен жауын-шашын өте аз 250-300 мм-ге дейінгі жылы кезеңдерде (көктемде, күзде), қар суы бойынша қор орташа есеппен 95 мм шамасында ғана.

Ауыл шаруашылық дақылдарының өсуі үшін мұндай мөлшердегі жауынмен тек қана суғармалы егіншілікті дамытуға ғана мүмкіндік бар.

Жауынның мөлшері, оның таралу сипаты және ауаның температурасы аралығында тығыз байланыста ауаның ылғалдлығы сипатталады.

Кесте мәліметтері бойынша, ең құрғақ айлар ретінде жаз айлары: ауаның салыстырмалы ылғалдылығы <= 30 %-те 120 күн, ал салыстырмалы ылғалдылық >=80%(артық ылғалдылықта) өте сирек келетін жылы аралық көп жылдық мәлімет бойынша 5 күнге дейін созылады. Тапшы ауа ылғалдылығының ең үлкен шамасы әдетте жылдың ең ыстық айы шілде 21 мб көрсетеді.

Ауа райы көрсеткіштерінің ең бір маңыздысы – мелиоративтік және сутекдестігі мәнінде абсолютті буланғыштық болып табылады.(кесте)

Сипаттап отырған алқаптың ауа райы, тұздардың көшуі жағдайына қарай, топырақта тұздардың жиналуына өте қолайлы тұрғыда таралуы мүмкін. Бұл топырақтың бірден құрғайтын (кебетін) гидрогеологиялық алмасуын және топырақ- ыза суы жүйесінде тұздың жиналуына тез мүмкіндік беретін жағдайға бейім келеді.

Алқаптың жер бедері көп жылдық зерттеулер нәтижесінде [1] және инженерлік-геологиялық түсірілген есеп беру қорытындыларында дәлелді көрсетілген [2]. Біз бұл жердің негізгі сипаттамасын алқаптағы топырақтың таралуындағы әсері бойынша көрсете аламыз.

Сондықтанда зерттелген алқап төмендегідей белгілермен айқындалады:



  • делювиалды-прлювиалды көлбеулі тегістік;

  • аллювиалды-пролювиалды тегістік;

  • көлдік және көлді-аллювиальды тегістік;

  • аллювиальды тегістік;

  • эоловты, желұйырғын тегістік.

Делювиальды-пролювиальды жер бедерінің түріне тау етегі еңісіндегі тегістік және ысыранды шашақ аймақтың солтүстігінде Үлкенсайқан, Баласайқан және Қатқан тауларына енеді.

Тау етегі тегістігі мен төбешік аймақтардың жалпы ені бірнеше жүз метрден 3-4 км-ге дейін ауытқиды.Бұл аралықтардың еңістігі біркелкі емес 0,001-0,005-тен 0,1-0,08 дейін өзгереді.

Жыныстық төсеніштерге көпшілік бөлігі жеңіл механикалық құрамдағы (құмдық,жеңіл саздақтар) элювиальды-делювиальды түзілістері жатады. Бұл шөгінділер бірнеше метр қабатында көбінесе шағалда болып келеді. Мұндай жағдайларда ашық қызыл қоңыр топырақтар қалыптасқан (толық пішінді,жартылай дамыған,аз дамыған).

Аллювиальды-пролювиальды тегістік солтүстік-шығыс бағыттағы еңістіктер орманды биіктен ойысқа ауысқан жер көрінісінен құралады. Бұл ойыстардың үстірті мен табаны жиі уақытша арналармен ағын сулары және терең емес сайлық жылғалар,кейде тереңдігі 1 м-ге дейін қиын өтеді.

Топырақ құраушы жыныстар пролювиальды-делювиальды, аллювиальды-пролювиальды әр түрлі механикалық құрамдағы шөгінділер болып келеді.

Зерттелетін алқаптың солтүстік және солтүстік-шығыс бөлігі көлдік тегістік құрайды, ал солтүстік-шығысқа өтетін бөлігі көлді-аллювиальдыға жатады.

Сасықкөл жақтағы солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай әлсіз еңістіктегі барлық біркелкі жазықтық беті тегістік болып келеді. Бұл тегістік аралығындағы биіктіктің ауытқуы 1 км-ге, 1-1,5 м-ден аспайды.

Топырақ құраушы жыныстар аллювиальды шөгінділер,бұлардың жоғары бөлігі әртүрлі қалыңдықтағы сары-сұр құрылымдағы балшықтар, саздақтардан тұрады. Саздақтардан төмен құмдақтар мен құмдар орналасқан.

Тентек және Шынжылы өзендері жайылымында орналасқан, зерттелген алқап аллювиальды жер бедері түріне жатады.

Эоловтік жер бедері кең таралмаған және Шынжылы өзенінің бойында көп кездесетін майда еркешті (дөңесті) құмдар болып келеді. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай созылған қырқалы түрде кездеседі.

Алқап негізінен шөлейтті аймақта сұрғылтты және шалғынды-сұрғылтты топырақтарда орналасқан. Оңтүстік бөлігі (тау етегі) тау-далалық аймақтан шөлейтті өту тақтасы бейнеленеді, мұнда ашық қоңыр қызыл топырақтар қалыптасады.

Барлық бөлінген зерттеу кезіндегі топырақтар төмендегі жүйелікке біріктірілген: ашық қоңыр қызыл топырақтар; сұрғылтты азкарбонатты; шалғынды-сұрғылтты топырақтар; сұрғылтты-шалғынды топырақтар; шалғынды топырақтар; шалғынды-батпақты топырақтар; аллювиальды-шалғынды топырақтар; шалғынды-шөлейтті сортаңдар; сорлар; тақырлар; бекітілген құмдар және ұсақ шоңырлы жартылай бекітілген құмдар.

Қарастырылатын топырық жамылғысы алқабы,оңтүстіктен солтүстікке,тікелей аймақты көріністі байқауға болады.

Таулы-далалықтан шөлейтті аймаққа өту аудандарын ашық қызыл қоңыр топырақтар алып жатыр.Бұлар тау жиегіндегі тегістікте және ысырынды шошақ (капуста) аймақтарында қалыптасады. Барлық қызыл қоңыр топырақтар тұзданған және жер бедері бойынша қолайлы,мелиорацияның көмегінсіз суғармалы егіншілікке пайдалануы мумкін.

Ең коп тарағаны шалғынды-сұрғылтты топырақтар,мұнда гидроморфты қатардан автоморфтығы өту тобындағы және аллювиальды – пролювиальды тегістікке үйлескен топырақтар кіреді.

Аллювиальды – пролювиальды тегістік аралығынан солтүстікке,жартылай гидроморфты топырақтар басымырақ,бұлардын қалыптасуы топырақтың үлкен дымқылдануы салыстыруымен байланысты.

Шалғынды – батпақты топырақтар солтүстік – шығыс бөлігіндегі аздаған сілемінде бөлінген және көлдік пен көлдік – аллювиальды тегістікте таралған.

Аллювиальды – шалғынды топырақтар кеңінен таралмаған,Тентек және Шынжалы өзендерінің бойындағы бірнеше бөліктерде тараған. Шалғынды топырақтар негізінен сазды аудандарда шалғынды – батпақты топырақ ортасында сирек кездеседі.

Сортаңдар шөлейтті аймаққа үйлесімді,кейде қыраулы жинақсыз (компексті емес) бөліктен,көбінесе сортаңданудың жинақталуы (комплексті) басқа топырақтар кездеседі.

Шөлейтті аймақтарда өте коп тараған сорлар,бұл тауетегі тегістігінде төмендеуі және аллювиалды – пролювиальды жерлерде ағынсыз және көлдік тегістікте қалыптасады.

Тақырлар солтүстік бөліктегі қоршаған ойыста бір контурмен бөлінген.

Ауыл шаруашылық дақылдардың өнімі сыртқы ортаның коптеген салаларына тәуелді және өсімдіктер өздерінің талаптарына қарай барлық салалармен қаншалықты қанағаттандырылатынына байланысты. Бағдарланған өнім ауылдағы ауа райы күйінің өзгеруіндегі табиғи қорларға төмендегідей мәліметтер қажет болады: егістің табиғи ылғалымен,жылумен, сонымен қатар егістік дақылдарының өсіп дамуы кезеңінде күн сәулесі жылуынан келіп жететін көміртегі, сулардың, белогтардың, майлардың, фотосинтетикалық өтімді радиацияның мөлшерімен қамтамасыз етіледі. Егістің табиғи ылғалмен қамтамасыз етілуі төмендегідей агроклиматтық көрсеткіштер арқылы жүргіземіз:буланғыштық тапшылығы, ылғалдану коэффициенті Н.Н. Иванов бойынша, жауын шашынның күзгі қысқы мөлшерін ескеретін ылғалдану коэффициенті.

Егістің жылуды табиғи түрде қабылдауын көрсететін агроклиматтық мәндер: +50С; +100С –тан жоғары болғандағы температуралардың жиынтығы. Табиғаттағы ауа райы күйінің өзгеруі жағдайы өнімділігінің биогидротермиялық потенциалы болып саналады.

Егістіктің өнімділігін арттырудың аса маңызды саласы фотосинтез процесінде күн сәулесі радияциясын пайдалануды барынша арттыру, мұның өзі дақылдар мен сорттардың биологиясын, егіншілік және өсімдік шаруашылығының негізгі заңдары мен заңдылықтарын неғұрлым толығырақ ескеріп, оларды жоғары қарқынды (интенсивті) технологиясын игергенде іске асады.

Жоғарыда аталған агроклиматтық көрсеткіштер кестеде көрсетілген формулалар арқылы анықталады.

Анықталған мәліметтерді талдай отырып, табиғат өзгерісінің қорларына байланысты дақылдардан бағдарланған өнім алудан төмендегідей тұрғыда баға беруге болады.

Ауыл шаруашылығында, оның ішінде, өсімдік шаруашылығында өнім бағдарлауды жүргізу анағұрлым күрделі, өйткені, табиғи жағдайлармен байланысты көптеген кездейсоқ, қиындықтарды болжай білу керек. Сонымен қатар, есте ұстайтын жәйт, табиғи жағдайға реттелмейтін немесе нашар реттелетін сыртқы ортаның жекелеген салаларына жарық, жылу және ылғалға тиісті агротехникалық шараларды, мысалы себу мерзімі – 25 наурыз күні анықтап, оны қолдану арқылы бейімдеуді, ал кей жағдайларда, мәселен өсімдіктерді қоректік заттар мен қамтамасыз етуді, тиімді егін сабағының жиілігін жасауда, арамшөптерге және зиянкестермен ауруларға қарсы күресті, осы жағдайға ылайықты дақылдар, көкөністер және арнайы сорттарды өсіруді суғару арқылы ылғалдандыруды т.б. бірқалыпқа келтіруге болады.

Олай болса, агроклиматтық көрсеткіштердің мәндері арқылы, өндірістік шаруашылықтар алқабы тау етегі және жартылай шөлейтті аймаққа жатады. Мәліметті пайдалана отырып анықтағанымыз: буланғыштық тапшылығы 908 мм, буланғыштығы (4-9 айлары ) аралығында 1043 мм, дымқылдану коэффициенті Н.Н. Иванов өрнегімен 0,17; ал топырақтағы пайдалы ылғал қорын есепке алғанда 1,4 тең. Өтімді температуралар жиынтығы (<-+100С):

35370С; ФАР-дың мөлшері 48 ккал/см2; биогидротермиялық коэффициент (4-9 айлар) аралығында Кр=1,3 балды құрайды. Сонымен, алқап көрсеткіштерін талдай отырып, дақылдардан бағдарланған жоғары, сапалы өнім алу- жетілдірілген суғару техникасы мен тәсілдерін, қолайлы агротехникалық қарқынды технологияны қолдану нәтижесінде ғана жүзеге асады.

Дақылдар өнімінің негізгі массасы(95%-ға дейін) өсімдіктердің фотосинтетикалық қызметінің нәтижесінде құралатындықтан, егін өнімінің экологиялық мүмкіндіктерін фотосинтез құбылысы арқылы күн сәулесінің радиациясын пайдалануды арттыру, осы заманғы өсімдік шаруашылығын дамытудың өзекті мәселесінің бірі болып отыр.


Әдебиет


  1. Сейітқазиев Ә.С. Суғармалы геоэкожүйелердегі тұзданған топырақтың су-тұз алмасуы; Тараз, 2010, 294б.

  2. Сейітқазиев Ә.С., Музбаева К.М., Салымбаев С.Ж. Моделирование водно-солевого и теплового режимов деградированных почв; Тараз, 2011, 356 б.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет