«Бақытты балалық шақ» атты балаларды қорғау күніне



жүктеу 40.25 Kb.
Дата30.04.2019
өлшемі40.25 Kb.

Толқын АХМЕТОВА,

Жамбыл облысы,

Талас ауданы,

Амангелді атындағы орта

мектеп жанынан ашылған

шағын орталық тәрбиешісі
Бақытты балалық шақ

Ертеңгіліктің сценариі
Өтетін орыны: «Балдырған» шағын орталығы.

Мақсаты: Егеменді еліміздің ертеңі, болашағы, келешегі балаларды білімге, еңбекке тәрбиелеу және олардың денсаулығын жақсарту, сонымен қатар балаларды қорғау күнін көпшілікке мерекелеу.

Безендірілуі: Сахнаға тақырыбы: «Бақытты балалық шақ», «1 маусым балаларды қорғау күні құтты болсын!» т.с.с сөздер жазылған, плакаттар, суреттер қабырғаға ілінді.

Шақырылған қонақтар: Ата-аналар, Мектеп ұжымы шақырылды.

Жүргізуші:

Құттықтау сөз:

Құрметті де, сүйікті балалар мен ата-аналар және қонақтар! Сіздерді

1 маусым халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздерге ашық аспан, елімізге тыныштық тілейміз.



Жүргізуші:

1 Маусым – балалар,

Қорғайтын күн сендерді.

Жайнап жатсын далалар

Гүл көмкеріп белдерді.

Балалардың бақшасында бүгін той!

Балаларды қорғау күні, біліп қой.

Алақай ау алақай,

Той тойлайық, балақай.

Қызарғанша алақан,

Қол соғайық, балақай.

Бас қосты бүгін жиынға

Аналардың қауымы.

Таусылмасын әрдайым

От басының саулығы.

Сенен өскен балалар

Бақыттылар даналар.

Құтты болсын мереке

Құрметті ата-аналар.

Ал, балалар тұрмайық

Әндетейік жырлайық.

Ортамызды ашайық,

Думандатып би билеп,

Інжу маржан шашайық.
Жүргізуші: Бүлдіршіндер Аяжан, Дамира, Ерасылдың орындауында «Қошақаным» әнін қабыл алыңыздар.

Балалардың тақпағы.

Айсерік

Отан біздің анамыз

Әлпештеген өсірген

Өмір нәрін аламыз

Оның нұрлы төсінен
Амангелді

Жүреді олар арман боп

Тұрады олар маржан боп

Балалары бақытты

Аналарда арман жоқ
Жүргізуші: Хор. Күн шуақ.

Шуақ шашып жайнаған

Күнге толсын айналам

Бас қадамды сенімді

Төмендетпе көңілді

Бүлдіршінім өнерім

Мен өзіңе сенемін

Айналайын күн шуақ

Жүре берші жарқырап

Біз қандаймыз қандаймыз

Шұғылалы таңдаймыз

Күлімдеген күндейміз

Еш уайымды білмейміз
Бауырсақ ертегісі

Кейіпкерлері:



Кемпір: Шұға

Шал: Әнуар

Қоян: Бақдәулет

Қасқыр: Ерасыл

Түлкі: Қарақат

Ертеде бір шал мен кемпір, өмір сүріпті. Шал жұмсақ бауырсақ жегісі келіп кемпіріне бауырсақ пісіртеді. Кемпір әп-әдемі, сап-сары етіп, томпитып бауырсақ пісіреді. Шәй қайнағанша шалының қасына келіп дәм алып отырады. Терезенің алдында тұрған бауырсақ домалап жерге түсіп қаша



жөнеледі.

Бауырсақ: Мен апамнан қаштым,

Мен атамнан қаштым,

Мен орманға барамын.

Гүл теремін күлемін,

Саяхаттап жүремін.

Автор: Осы кезде бауырсақтың алдынан бір қоян шыға келеді.

Қоян: Бауырсақ бауырсақ мен сені жеймін.

Бауырсақ: Қоян сен мені жемеш өлең айтып беремін.

Қоян: Жоқ мен өлең тыңдағым келмейді. Сен менің мына кірпіштерімнен үй жасап бер.

Бауырсақ: Жарайды мен саған үй жасап берейін.

Қоян: Рахмет саған бауырсақ жолың болсын мен саған ризамын.

Автор: Бауырсақ қуанғаннан өлеңін айтып домалай жөнеледі.

Бауырсақ: Мен апамнан қаштым,

Мен атамнан қаштым,

Мен орманға барамын.

Гүл теремін күлемін,

Саяхаттап жүремін.

Автор: Бауырсақ қалың орманға кіре бергенде шырша түбінен қасқыр «ыррр, ыррр» деп шыға келеді.

Қасқыр: Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.

Бауырсақ: Қасқыр, сен мені жемеші, мен саған билеп берейін.

Қасқыр: Менде билей аламын.

Бауырсақ: Онда мен саған Атамекен әнін айтып берейін.

Қасқыр: Жарайды, тыңдайын айта ғой.

Бауырсақ: Ән айтады

Автор: Қасқыр өлеңді тыңдап риза болып қала береді. Бауырсақ ары қарай домалай жөнеледі.

Біраз уақыт өткенде келесі шырша түбінен бір қу түлкі шыға келеді. Бауырсақты көріп түлкі құйрығын бұлғақтатып қуанып кетеді.

Түлкі: Бауырсақ бауырсақ мен сені жеймін.

Бауырсақ: Сен мені жемеші мен саған өлең айтып беремін.

Түлкі: Мен оған келіспеймін сен менің мына пішіндерімді түр-түрімен жинап бер дейді.

Бауырсақ: Жарайды деп пішіндерді жинап берейін.

Түлкі: Бауырсақ саған көп көп рахмет жолын болсын.

Автор: Бауырсақ өзінің ақылдылығымен қоян қасқыр түлкінің тапсырмаларын орындап шығады. Сөйтіп әндетіп ары қарай өзінің апасымен атасына қарай кете береді.

Жүргізуші: Балалардың орындауында хор: «Әрқашан күн сөнбесін!»

Жүргізуші:

Теңіздей терең болып, дара тұнбай,

Көз салған жан құмары қанатындай.

Өсіңдер бәрін ұлы адамдар боп,

Тарихтың беттерінде қалатындай.

Гүлденсін, өсе берсін өркеніңіз,

Шындыққа айналғандай ертеңіміз.

Бүгіннен де шуақты, нұрлы болып,

Жарқырасын болашақ, ертеңіміз, – деп ертеңгілігімізді аяқтаймыз


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет