Алматыда 23 ақпанда Медеу биік таулы сел бөгетінен ер адамның денесі табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: zakon.kz

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, зорлық-зомбылық белгілері жоқ жас жігіттің мәйіті табылған.

“Аталған факті бойынша тергеу басталды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол биіктен құлаған", — делінген хабарламада.

Фото: volontery_lider.kz_almobl

Ведомство мәліметінше денесі табылған 19 жастағы жігіт Сержан Жәкежан. 

"Лидер" еріктілер қозғалысының айтуынша, өлімнің себебін тергеу анықтамайынша жария етілмейді.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.