Байланыс операторларына қойылатын байланыстың әмбебап қызметтерін көрсету жөніндегі талаптары



жүктеу 44.5 Kb.
Дата14.02.2018
өлшемі44.5 Kb.


Қазақстан Республикасы

Үкiметiнің

201 жылғы « »

№ қаулысына

қосымша 3


Байланыс операторларына қойылатын байланыстың әмбебап қызметтерін көрсету жөніндегі талаптары

1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Байланыс операторларына қойылатын байланыстың әмбебап қызметтерін көрсету жөніндегі талаптарды (бұдан әрі – Талап) «Байланыс туралы», «Пошта туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленген және байланыстың әмбебап қызметтерiн көрсету құқығына әмбебап байланыс қызметтерін көрсету жөніндегі байланыс операторларына қойылатын талаптарды белгілейді.

2. Байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтері тізбесінің ішінен байланыстың әмбебап қызметтерін көрсетуді әмбебап қызмет көрсететін операторлар жүзеге асырады.

3. Пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1) әмбебап қызмет көрсету операторы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әмбебап байланыс қызметтерін көрсету жөніндегі міндет жүктелген байланыс қызметтерін көрсететін байланыс операторы;

2) байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтері – телекоммуникациялар және пошта байланысы секторында бекітілген, уәкілетті орган әзірлейтін және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін байланыстың көрсетілетін қызметтерінің ең аз тізбесі, оларды кез келген елді мекенде байланыстың көрсетілетін қызметтерін кез келген пайдаланушыға тағайындалған мерзімде, белгіленген сапада және осы көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ететін баға деңгейінде көрсету әмбебап қызмет көрсету операторлары үшін міндетті болып табылады;

3) байланыс операторы – Қазақстан Республикасында тіркелген, байланыс қызметтерiн көрсететін заңды тұлға;

4) уәкілетті орган - байланыс саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын, байланыс саласында қызметтер көрсететін немесе оларды пайдаланатын тұлғалардың қызметін мемлекеттік бақылауды, үйлестіру мен реттеуді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын орталық атқарушы орган.

2-тарау. Байланыс операторларына қойылатын байланыстың әмбебап қызметтерін көрсету жөніндегі талаптар
4. Әмбебап қызмет көрсету операторы орындауға тиіс негізгі талаптар:

1) Телекоммуникация саласында әмбебап қызмет көрсететін оператордың қызмет көрсету сапасының параметрлері:

Жергілікті телефон байланысы:

шұғыл қызметтерге қосылуды күту уақыты 15 секундтан аспайды;

техникалық мүмкіндіктер болған жағдайда желіге қосылуды күту уақыты абонент телефон желісіне қосылу құнын төлегеннен кейін 10 жұмыс күн ішінде;

өтінімдерді қарау уақыты – 15 жұмыс күннен аспайды;

қызмет көрсететін персонал ақаулықты анықтаған сәттен бастап немесе абоненттен өтінім түскен сәттен бастап зақымдануларды жою уақыты:

кабельдік - 120 сағат;

желілі-абоненттік - 24 сағат;

станциялық - 60 минут;

қызмет көрсететін автоматты телефон станциясы - 24 сағат;

қызмет көрсетпейтін автоматты телефон станциясы - 24 сағат;

аналогты және цифрлық беру жүйелері - 24 сағат.

EV-DO технологиясы бойынша Интернет желісіне қолжетімділік:

техникалық мүмкіндіктер болған жағдайда желіге қосылуды күту уақыты - 30 күнтізбелік күннен аспайды;

өтінімдерді қарау уақыты – 15 жұмыс күннен аспайды;

қызмет көрсететін персонал ақаулықты анықтаған сәттен бастап немесе абоненттен өтінім түскен сәттен бастап зақымдануларды жою уақыты:

WLL және EVDO бойынша қызмет көрсететін CDMA 450 жабдығы - 60 минут;

WLL және EVDO бойынша қызмет көрсетпейтін CDMA 450 жабдығы - 24 сағат;

CDMA 450 беру жүйелерінде - 24 сағат.

Әмбебап қызмет көрсету операторында қалааралық/халықаралық сөйлесу және қосудың бұзылу ұзақтығын белгілеуге техникалық мүмкіндік болуға тиіс;

Әмбебап қызмет көрсету операторы әрбір елді мекенді тұтынушылардың бар жүктемесіне сәйкес келетін ATC сыйымдылығымен қамтамасыз етуі керек.

2) Пошта байланысы саласында әмбебап қызмет көрсететін оператордың қызмет көрсету сапасының параметрлері:

Өтінімдерді қарау уақыты – 15 жұмыс күннен аспайды. Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайларда, қарау мерзімі 30 (отыз) күнтізбелік күннен аспайтын уақытқа ұзартылады да, бұл туралы қарау мерзімін ұзартқан күннен бастап үш күнтізбелік күн ішінде өтініш иесіне хабарланады;

Өндірістік объектілердің жұмыс жасау режимі:

республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда күн сайын, сағат 9-дан 18.00-ге дейін түскі үзіліспен, демалыс күндері – сенбі, жексенбі.

аудандардың ауылдық әкімшілік орталықтары аптасына 2 күннен 6 күнге дейін, қызмет көрсету көлеміне қарай жұмыс күннің кем дегенде 2 (екі) сағат ұзақтығымен.

пайдаланушыларға пошта байланысының көшпелі бөлімшелерімен қызмет көрсету бойынша жұмыс режимі бағыт бойынша қозғалыс кестесін дайындау кезінде қызмет көрсету көлеміне қарай белгіленеді, бірақ демалыс күндері – сенбі мен жексенбіні ескере отырып, елді мекенге 0,5 сағаттан кем болмайды.

Пошта жөнелтімдерін тасымалдаудың жиілігін қамтамасыз ету:

магистралдық желілер бойынша (облысаралық бағыттар) – күн сайын;

облыс ішіндегі бағыттар бойынша – аптасына кем дегенде 4 күн;

аудан ішіндегі бағыттар бойынша – аптасына кем дегенде 2 күн;

қала ішіндегі бағыттар бойынша қалалық бөлімшелерге дейін – күн сайын, демалыс күнмен жұмыс жасайтын бөлімшелер үшін – аптасына 5 күн.

Тіркелмейтін пошта бөлімшелерінің жеткізу жиілігін қамтамасыз етуі:

республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда – апатасына 5 күнде күніне бір рет;

аудандардың әкімшілік орталықтарында және аудандық маңызы бар қалаларда – аптасына 4 күннен сирек емес;



қалған елді мекендерде – аптасына 2 күннен сирек емес.




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет