Байланыс туралы 004 жылғы шілдедегі n 567-ii



жүктеу 0.82 Mb.
бет1/4
Дата30.12.2017
өлшемі0.82 Mb.
  1   2   3   4

Источник: ИС ПАРАГРАФ, 29.01.2010 16:38:21
Байланыс туралы 2004 жылғы 5 шілдедегі № 567-II

Қазақстан Республикасының Заңы

(2009.07.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында байланыс саласындағы қызметтің құқықтық негіздерін белгілейді, мемлекеттік органдардың аталған қызметті реттеу жөніндегі өкілеттіктерін, байланыс қызметтерін көрсететін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін айқындайды.



 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

2008.21.11  № 89-ІV ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)



1-бап. Байланыстың мақсаты

1. Байланыс Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылымының ажырамас бөлігі болып табылады, ол байланыс қызметіне жеке және заңды тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға және қауіпсіздіктің, қорғаныстың, құқық тәртібін қорғаудың, мемлекеттік органдардың қажеттілігін қамтамасыз етуге арналған.

2. Байланыс және есептеу техникасы, сондай-ақ ақпараттық жүйелер құралдары ақпаратты жинау, сұрыптау, жинақтау және тарату процесін қамтамасыз етудің техникалық базасын құрайды.

 

2006.31.01. № 125-III  ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)



2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) абонент – байланыс қызметін көрсету мақсатында абоненттік жол, абоненттік нөмір және (немесе) сәйкестендіру коды бөліне отырып, осындай қызмет көрсету үшін шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға;

2009.10.07. № 178-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



2) абоненттер туралы қызметтік ақпарат – абоненттер туралы мәліметтер (жеке тұлғалар үшін телефон нөмірлері, сәйкестендіру кодтары, электрондық почтаның мекенжайы, почталық мекенжай, жеке сәйкестендіру нөмірі және заңды тұлғалар үшін реквизиттері (бизнес-сәйкестендіру нөмірі, қосылған құн салығы бойынша есепке қойылғандығы туралы куәліктің деректері), биллингтік мәліметтер және абоненттерге көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтер, деректерді беру желісіндегі абоненттердің мекенжайы және деректерді беру желісіндегі интернет-ресурстарға кірудің адресі, интернет-ресурсты сәйкестендірушілер, деректерді беру желісінің хаттамалары;

2-1) абоненттік жол – жергілікті телекоммуникация желісінің бір бөлігі болып табылатын және абоненттік құрылғыны осы желінің телекоммуникация құралдарымен жалғайтын байланыс жолы;

2-2) абоненттік құрылғы – абонент берген ақпаратты беру немесе қабылдау үшін электр байланысы сигналдарын қалыптастыратын және байланыс операторының желісіне қосылатын жеке пайдаланылатын байланыс құралы;

3) арнаулы байланыс - почта байланысы ұйымдары жүзеге асыратын әрі заңмен қорғалатын кез келген құпия және құндылықтар, оның ішінде қымбат бағалы металдар, тастар және олардан жасалған бұйымдар бар арнаулы және өзге де жөнелтілімдерді қабылдауды, сұрыптауды, сақтауды, тасымалдауды және жеткізуді (тапсыруды) қамтамасыз ететін курьерлік байланыс түрі;

4) арнаулы және фельдъегерлік байланыс арналары - арнаулы жөнелтілімдерді фельдъегерлердің алып жүруімен жөнелтуге пайдаланылатын почта желілерінің, арнаулы және фельдъегерлік байланыс бөлімшелерінің жиынтығы;

5) арнаулы жөнелтілімдер - мемлекеттік құпиялар және оларды жеткізгіштер, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ұйымдардың аса маңызды хат-хабарлары, қорғаныс өнеркәсібінің бұйымдары, олардың құраушы бөлшектері (заттары) мен жүктері салынған тіркелетін пакеттер, посылкалар және металл бұйымдар;

6) әмбебап қызмет көрсету операторы - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес телекоммуникацияның әмбебап қызметін көрсету жөніндегі міндет жүктелген, ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісінде байланыс қызметін көрсететін байланыс операторы;

7) байланыс - ақпаратты, почта және арнаулы жөнелтілімдерді, почталық ақша аударымдарын қабылдау, жинау, өңдеу, жинақтау, беру (тасымалдау), жеткізу, тарату;

7-1) байланыс арнасы – жиіліктер белдеуінде телекоммуникация құралдарының арасында немесе осы байланыс арнасына тән беру жылдамдығымен сигнал беруді қамтамасыз ететін телекоммуникация құралдары мен тарату ортасының кешені. Байланыс түріне қарай арналар телефондық, телеграфтық, деректерді беру арналары болып, ал аумақтық белгілері бойынша – халықаралық, қалааралық, аймақтық және жергілікті арналар болып бөлінеді;

8) байланыс желісі - байланыс құралдары мен жолдарынан тұратын және телекоммуникацияға немесе почта байланысына арналған технологиялық жүйе;

9) байланыс желісін басқару - байланыс желісінің қызмет істеуін қамтамасыз етуге, оның ішінде жүктеме ағысын (трафикті) реттеуге бағытталған ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың жиынтығы;

10) байланыс жолдары - тарату жолдары (кәбілдік, радиорелелік, жерсеріктік және басқалары), байланыстың физикалық тізбектері және жол-кәбілдік құрылғылары, оның ішінде магистральдық (халықаралық және қалааралық) жолдар;

11) 2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен  алып тасталды (бұр. ред. қара)

12) байланыс қызметтері - почта жөнелтілімдері мен арнаулы жөнелтілімдерді, почталық ақша аударымдарын немесе телекоммуникация хабарламаларын қабылдау, сұрыптау, сақтау, беру, тасымалдау, жеткізу жөніндегі қызмет;

13) байланыс қызметтерін көрсету - байланыс операторларының пайдаланушыларға байланыс қызметтерін көрсетуге негізделген қызметі;

14) байланыс қызметтерін пайдаланушы - байланыс қызметін алатын және немесе заңды тұлға;

15) байланыс операторы - байланыс қызметін көрсетуге Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамалық актісінде белгіленген тәртіппен лицензия алған жеке немесе заңды тұлға;

16) байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілер - байланыс операторлары, арнаулы, ведомстволық және корпорациялық телекоммуникация желілерінің, ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне қосылатын жеке коммутациялық жабдықтың иелері, радиожиілік спектрін пайдаланушылар болып табылатын радиоэлектрондық құралдар иелері;

17) байланыс саласындағы ұлттық ресурстар - радиожиіліктердің, нөмірлеудің және байланыс жерсеріктері орбиталық позицияларының ресурстары;

18) байланыстың басым операторы - Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасына сәйкес байланыс саласында басым (монополиялық) жағдайға ие болып отырған байланыс операторы;

18-1) биллинг – абоненттерге көрсетілетін қызметтерді есепке алу операцияларын автоматты түрде орындауға, сондай-ақ оларды тарифтеуге және ақы төлеу үшін шоттар беруге арналған бағдарламалық-аппараттық кешен;

18-2) жалғау жолы – телекоммуникацияның жалғайтын және жалғанатын желілерінің арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін, байланыс жолы мен станциялық жабдықтау бөлігін қамтитын техникалық құралдар кешені;

18-3) жалғаудың (қосудың) стандартты нүктесі – үлгілік техникалық талаптарды пайдалана отырып және жалғаудың үлгілік шартына сәйкес бір желіні басқа желіге жалғауға арналған телекоммуникация құралдары;

19) желіаралық қосу - телекоммуникацияның бір желісін екіншісіне қосу қызметін көрсетудің нәтижесі болып табылатын телекоммуникация желілерінің әрекеттестігі;

2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен  42) тармақша жаңа редакцияда жазылды (бұр. ред. қара)



19-1) жергілікті телекоммуникация желісі – елді мекеннің аумағында электр байланысын жүзеге асыруға арналған телекоммуникация желісі мен құралы. Жергілікті телекоммуникация желілері елді мекеннің мәртебесіне қарай қалалық және ауылдық болып бөлінеді;

20) жергілікті телефондық қосылыс құнын уақытпен есепке алу жүйесі (бұдан әрі - жергілікті телефондық қосылысты уақытпен есепке алу) - телекоммуникацияның жергілікті желісінің қызметін пайдаланғаны үшін төлем сомасын есептеуді қамтамасыз ететін жергілікті телефондық қосылысты есепке алудың әдістері технологиясының жиынтығы;

21) жиіліктер белдеуін, радиожиілікті (радиожиілік арнасын) иелікке беру (тағайындау) - радиожиілік спектрін пайдалануға берілетін рұқсат, оны тиісті радиожиілік органы радиожиілік спектрін пайдаланушыға осы рұқсатта көрсетілетін жиіліктер белдеуін, радиожиілікті (радиожиілік арнасын) радиоэлектрондық құралдарды қолдана отырып пайдалану үшін береді;

22) жоғарғы жиілікті құрылғылар - телекоммуникация саласында қолдануды қоспағанда, өнеркәсіптік, ғылыми, медициналық, тұрмыстық немесе басқа мақсаттарда электромагниттік энергияны өндіруге және пайдалануға арналған жабдық және (немесе) аспаптар;

23) кәбілдік кәріз - байланыс кәбілдерін төсеуге, құрастыруға және техникалық қызмет көрсетуге арналған жер асты құбырлары мен құдықтардың жиынтығы;

24) қалааралық байланыс операторы - қалааралық байланыс жолын, қалааралық коммутация станцияларын иеленетін және (немесе) пайдаланатын әрі қалааралық телефон байланысы қызметін көрсететін тіркелген байланыс операторы;

25) қалааралық және халықаралық байланыс операторы - қалааралық және халықаралық байланыс жолдарын, қалааралық және халықаралық коммутация станцияларын иеленетін және (немесе) пайдаланатын және трафик транзиті мен басқа байланыс операторларына желілік ресурстарды беру бойынша қалааралық және халықаралық байланыс қызметін көрсететін тіркелген байланыс операторы;

26) қалааралық телефон байланыс жолы - Қазақстан Республикасының аумағында байланыс операторының қалааралық коммутация станцияларын қосатын байланыс жолы;

27) қалааралық телефон байланысы - жергілікті телефондық қосылыстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағындағы байланыс қызметін пайдаланушылар арасындағы телефондық қосылыс;

28) қосу қызметін көрсету - әрекеттес желілердің пайдаланушылары арасында қосуды орнату және ақпарат беру мүмкін болатын, байланыс операторларының байланыс желілерінің арасындағы әрекеттестікті ұйымдастыру қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған қызмет;

28-1) қызметке ақы төлеудің аралас жүйесі – белгілі бір уақыт кезеңі үшін байланысты пайдаланушының төлем сомасы:

тұрақты құрамдас бөліктен – абоненттік жолдың түріне қарамастан, оның абонентке тұрақты пайдалануға берілгені және жергілікті жалғаулардың тарифтеу бірлігінің белгілі бір көлемі үшін төлемақыдан;

уақытына қарай құрамдас бөліктен – телефондық қосылыс берілгені үшін оның тарифтеу бірлігімен алғандағы нақты ұзақтығына қарай төлемақыдан тұратын ақы төлеу жүйесі;

2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен  43) тармақша жаңа редакцияда жазылды (бұр. ред. қара)



28-2) қызметке уақытына қарай ақы төлеу жүйесі – белгілі бір уақыт кезеңі үшін байланысты пайдаланушының төлем сомасы тарифтеу бірлігімен алғандағы нақты ұзақтығына қарай телефондық қосылыстың берілгені үшін төлемақыны қамтитын қызметке ақы төлеу жүйесі;

29) магистральдық байланыс жолы - Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің телекоммуникация желілерінің аймақтық (қалааралық) және (немесе) халықаралық коммутация станцияларын қосатын жердегі (кәбілдік, соның ішінде талшықты-оптикалық, радиорелелік) немесе жерсеріктік байланыс жолы;

30) нөмірлеу ресурсы - байланыс желілерінде пайдаланылатын нөмірлер жиынтығы;

30-1) ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі – жеке және заңды тұлғалардың пайдалануы үшін қолжетімді телекоммуникация желісі;

31) почта байланысы - почталық және арнаулы жөнелтілімдерді түзу, өңдеу, тасымалдау және жеткізу, сондай-ақ почталық ақша аударымдары;

32) почта жөнелтілімдері - жазбаша хат-хабарлар, посылкалар, почта контейнерлері, сондай-ақ тиісті орамадағы баспасөз басылымдары;

32-1) радиоәуесқойлық қызмет – тиісті рұқсаты бар жеке тұлғалар жүзеге асыратын өздігінен үйрену, сөйлесу байланысы және техникалық зерттеу мақсатына арналған радиобайланыс қызметі;

33) радиобақылау - радиосәуле таратуларды техникалық бақылауды орындау арқылы бөгеуілдерінің деңгейі жол берілетіндей радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың пайдаланылуын, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларға инспекция жасауды, радиобөгеуіл көздерінің әсерін, радиожиіліктерді пайдалану тәртібін, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың сәуле тарату өлшемдерінің стандарттары мен нормаларын бұзылушылықтарды анықтауды және олардың жолын кесуді қамтамасыз ететін шаралар жүйесі;

34) радиожиілік органдары - жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөліп беруді, бөлектеуді және иелікке беруді, сондай-ақ олардың пайдаланылуына бақылау жасауды осы Заңға сәйкес жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік органдар;

35) радиожиілік спектрі - 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі ауқымдағы радиожиіліктердің белгілі бір жиынтығы;

36) радиожиілік спектрін пайдаланушы - жиіліктер белдеуі немесе радиожиілік (радиожиілік арнасы) берілген (тағайындалған) жеке немесе заңды тұлға;

37) радиожиілік спектрінің конверсиясы - радиожиілік спектрін пайдалануды азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдармен кеңейтуге бағытталған іс-шаралар жиынтығы;

38) радиоэлектрондық құрал - көмекші жабдықты қоса алғанда, радиотолқындарды таратуға және (немесе) қабылдауға арналған және бір немесе бірнеше таратушы және (немесе) қабылдаушы құрылғылардан не олардың құрамаларынан тұратын техникалық құрал;

2009.10.07. № 178-ІV ҚР Заңымен 38-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

38-1) сәйкестендіру коды – әзірлеуші зауыт беретін, байланыс операторының желісіне осы құрылғыны қосу кезінде берілетін абоненттік құрылғының немесе абоненттік станцияның коды;

38-2) тарифтеу бірлігі – Қазақстан Республикасы телекоммуникациясының бірыңғай желісіне кіретін байланыс операторлары мен барлық санаттағы желі иелері үшін міндетті болып табылатын, байланыс қызметінің тиісті түрі үшін төлемақы алынатын уақытты, ақпарат санын немесе көлемін өлшеу бірлігі;

39) телекоммуникация желілерінің күзетілетін аймағы - байланыс жолының бойында және байланыс объектілерінің айналасына орналасқан, ондағы өсімдіктерімен және құрылыстарымен қоса жер учаскесі;

39-1) телекоммуникация желісі – коммутациялық жабдықтардан (станциялардан, кіші станциялардан, концентраторлардан), жол-кабельдік құрылыстардан (абоненттік, жалғау жолдары мен арналарынан), тарату жүйелері мен абоненттік құрылғылардан тұратын телекоммуникация хабарламаларының берілуін қамтамасыз ететін телекоммуникация құралдары мен байланыс жолдарының жиынтығы;

39-2) телекоммуникация желісінің иесі – ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісінің бір бөлігі және (немесе) телекоммуникацияның бірыңғай желісінің тиісті санаты тиесілі жеке немесе заңды тұлға;

39-3) телекоммуникация құралдары (байланыс құралдары) – электромагниттік немесе оптикалық сигналдарды қалыптастыруға, беруге, қабылдауға, сақтауға, өңдеуге, коммутациялауға немесе оларды басқаруға мүмкіндік беретін техникалық құрылғылар, жабдықтар, жүйелер және бағдарламалық құралдар;

39-4) телекоммуникация хабарламалары – телекоммуникация құралдарының көмегімен берілетін ақпарат;

40) телекоммуникацияның (байланыс құралдарының) бір желісін екіншісіне қосу - телекоммуникацияның екі желісі арасында технологиялық әрекеттесуді ұйымдастыру, бұл кезде осы желілердің байланыс қызметтерін пайдаланушылар арасында қосуды іске асыру және ақпарат беру мүмкін болады;

41) телекоммуникацияның әмбебап қызметтері - уәкілетті орган әзірлейтін және Қазақстан Республикасының Yкіметі бекітетін телекоммуникация қызметтерінің ең аз тізбесі, оны кез келген елді мекенде байланыс қызметінің кез келген пайдаланушысына белгілі бір мерзімде белгіленген сапада және осы қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз ететін баға деңгейінде көрсету әмбебап қызмет көрсету операторлары үшін міндетті болып табылады;

2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен  42) және 43) тармақшалар жаңа редакцияда жазылды



44) телефондық қосылыстар қызметіне ақы төлеудің абоненттік тіркелген жүйесі (бұдан әрі - қызметке ақы төлеудің абоненттік жүйесі) - байланысты пайдаланушының белгілі бір уақыт кезеңіндегі төлемдер сомасы абоненттік желіні оның түріне қарамастан, абонентке тұрақты пайдалануға беру төлемақысын және жергілікті телефондық қосылыстың бір абонентке шаққандағы орташа ұзақтығына қарай төлемақыны қамтитын, қызметке ақы төлеу жүйесі;

45) трансляция - телевизия және радио бағдарламаларын тарату үшін таратушы радиоэлектрондық құралдарды, кәбілдік желілер мен радиожиілік спектрінің номиналдарын пайдалана отырып, ақпарат тарату процесін жүзеге асыру;

46) трафик - байланыс құралдарына жүктеме жасайтын шақырулар, хабарламалар мен сигналдар легі;

47) трафикті өткізу - байланыс қызметтерін (телекоммуникация желілерін) пайдаланушылар арасында қосу және ақпарат беру процесін жүзеге асыру;

47-1) тікелей сым-өткізгіш – телекоммуникация құралдарының арасында тікелей байланысты қамтамасыз ететін жергілікті телекоммуникация желісінің бөлігі болып табылатын физикалық жол;

48) уәкілетті орган - байланыс саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын, байланыс саласында қызмет көрсететін немесе оларды пайдаланатын тұлғалардың қызметін мемлекеттік бақылауды, үйлестіру мен реттеуді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын орталық атқарушы орган;

48-1) ұялы байланыс – қызмет көрсетілетін аумақты бірқатар ұяшықтарға бөлуді пайдаланатын, абонент ұяшықтан ұяшыққа өткен кезде байланыстың үзіліссіз болу мүмкіндігін қамтамасыз ететін және радиотолқындар арқылы көбінесе сөйлесу түрінде берілетін екіжақты (көпжақты) ақпарат алмасуға арналған электр байланысының түрі;

48-2) ұялы байланыс операторы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұялы байланыс қызметін көрсететін байланыс операторы;

49) үкіметтік байланыс - мемлекеттік басқару қажеттері үшін арнаулы қорғалған байланыс;

50) фельдъегерлік байланыс - мемлекеттік органдардың хат-хабарларын, соның ішінде мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді қабылдауды, сақтауды, тасымалдауды және жеткізуді қамтамасыз ететін үкіметтік курьерлік байланыстың түрі;

50-1) физикалық жол – телекоммуникация хабарламаларын беру үшін бағыттайтын ортаны қалыптастыратын металл сым-өткізгіштер немесе оптикалық талшықтар;

51) халықаралық байланыс жолы - Қазақстан Республикасының шекарасын кесіп өтетін немесе Қазақстан Республикасының шекарасында басқа елдің байланыс операторының байланыс жолымен түйісетін нүктесі бар және Қазақстан Республикасы байланыс операторының халықаралық коммутация станциясын басқа мемлекеттердің байланыс операторларының халықаралық коммутация станцияларымен қосатын байланыс жолы;

52) халықаралық байланыс операторы - халықаралық байланыс жолын, халықаралық коммутация станциясын иеленетін және (немесе) пайдаланатын әрі халықаралық телефон байланысы қызметін көрсететін тіркелген байланыс операторы;

53) халықаралық телефон байланысы - Қазақстан Республикасының аумағындағы байланыс қызметін пайдаланушылар мен басқа мемлекеттің аумағындағы байланыс қызметін пайдаланушылар арасындағы телефондық қосылыс;

54) шеткі жабдық - байланыс жолдары бойынша телекоммуникация сигналдарын таратуға немесе қабылдауға арналған, абонент жолдарына қосылған және абоненттердің пайдалануындағы не көрсетілген мақсаттарға арналған техникалық құралдар;

55) электр байланысы (телекоммуникация) - белгілерді, сигналдарды, дауыстық ақпаратты, жазбаша мәтінді, бейнелерді, дыбыстарды сым-өткізгіш, радио, оптикалық және басқа электромагниттік жүйелер бойынша тарату немесе қабылдау.

 


Каталог: images -> stories -> npa
npa -> «Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидасын бекіту туралы»
npa -> Ішкі су көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидасын бекіту туралы
npa -> Ќазаќстан Республикасыныѕ аќпараттандыру жјне байланыс Агенттігініѕ тґраєасыныѕ 005 жылдыѕ тамызындаєы №264 бўйрыєы
npa -> Механикалық көлік қүралдарын және олардың тіркемелерін
npa -> Темір жол көлігін техникалық пайдалану қағидасын бекіту туралы
npa -> Ўялы байланыс ќызметтерін кґрсету ережесін бекіту туралы
npa -> Автомобиль жолдары туралы
npa -> Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет