"Байлық" клубы туралы ақпарат



жүктеу 59.22 Kb.
Дата17.02.2018
өлшемі59.22 Kb.
түріҚұрамы

"Байлық" клубы туралы ақпарат

«Байлық» клубы №6 кітапхана-филиалдың қарамағында құрылып, құрамына Тараз қаласы №53 орта мектептің 11-12 жастағы оқушыларын біріктіріп отыр.

«Байлық» клубы өзінің жұмысын мүшелерінің ынтасы және бастамасы бойынша құрады. Клубтың өз таңбасы, жарғысы, ұраны бар.

Клубтың негізгі мақсаты: жасөспірімдерді салауатты өмір салтына дағдыландыру.

Клубтың міндеттері:

- салауатты өмір салты жайлы кітаптарды насихаттау;

- жас ұрпаққа адам денсаулығынан асқан қымбат ештеңе жоқтығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, денсаулықтың бағалы байлық екендігін түсіндіріп, жеткізу;

- жеткіншек бүлдіршіндерді денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза да әдемі болып жүруге тәрбиелеу.

«Байлық» клубының ережесі.

Клуб мүшесі болып:

- оның ережесін толық құрметтейтін;

- білімін арттыруға тырысатын;

- салауатты өмір салтын қадірлейтін;

- кітап оқуды сүйетін 11-12 жастағы балалар тағайындалады.

Клуб жұмысының ұйымдастыруын және басшылығын оның кеңесі іске асырады. Кеңестің мәжілісінде клубтың президенті бекітіледі. Клубтың жұмысы кеңестің бекіткен бағдарламасы бойынша жүргізіледі.

Жаңа мүшенің клуб құрамына кіруі кеңестің талқылануымен шешіледі.

Клуб жарғысы:

- салауатты өмір салты туралы өз біліміңді арттыруға тырыс және білім мен тәжірибеңмен басқалармен бөлісіп тұр;

- әрдайым есіңде сақта: денсаулығың, бақытың мен өміріңнің қуанышы өз қолыңда;

- өзіңді айнала қоршаған табиғатты аялап сүй – бұл сенің денсаулығың;

- денсаулығым жақсы болсын десең, өзгелердің де саушылығын сұрап, амандас;

- қолыңнан келгенше адамдарға, әсіресе қаріп-қасер, ауру-сырқау кісілерге көмектес. Олардың мұқтажын орындауға жаныңмен, жүрегіңмен ұмтыл, жәрдеміңді қуана-қуана жаса;

- өз бойыңдағы сараңдықты, жалқаулықты, екіжүзділікті жең;

- адамға сен, адамды сүй, олар туралы өзің әділетсіз сөз айтпа, біреулердің ғайбат сөзіне сене салма.


«Байлық» клубы

Үстіміздегі жылда клуб мәжілісітерінде түрі және мазмұны әртүрлі 9 іс-шара өткізілді. Олар:

«Менің шұғылалы әлемім» қайырымдылық әлеміне саяхат;

- «Салауаттылықты өзімізден бастайық» денсаулық эстафетасы;

- «Жас ұрпақ – ұлт болашағы» дөңгелек үстел;

- «Денсаулық – бақытты өмір кепілі» өзін-өзі тану сабағы;

- «Эмоция әлемінде: Көңіл-күй – О Кэй!» тренинг- сабақ;

- «Салауатты өмір салты» денсаулық сағаты;

- «Табиғат – ана, тәңірім» табиғаттың әсемдігіне көркемдік көзқарас;

- «Дені саудың – жаны сау» пайдалы кеңестер сағаты;

- «Біз өмірді таңдаймыз» әдеби калейдоскоп

Әйтсе де олардың мәні бір жерге келіп тоғысты: кітапхананың жас оқырмандарының психологиялық, адамгершілік және дене тәрбиесін жетілдіруге ұмтылысын қанағаттандыру, олардың саламатты өмір салты, таза және пайдалы тағамдар туралы, тұлғаның дамуындағы денешынықтыру мен спорттың орны туралы, адам организміне темекі шегудің, алкогольдің, есірткінің жағымсыз әсері туралы түсініктерін кеңейтуге қызмет етті.



«Әуелгі байлық денсаулық»

Денсаулық әлеміне саяхат

Мақсаты: Кітапхана қорындағы салауатты өмір салтына арналған әдебиеттерді насихаттау, жас жеткіншектерде салауатты өмір салтын қалыптастыру, оларға жалпы денсаулық жайлы ұғымды кеңінен түсіндіріп, өз денсаулықтарын сақтауға, денсалуыққа зиян келтіретін жаман әдеттерден қорғана білуді үйрету.

Кітапхана жанындағы «Байлық» клубының мүшелері - №53-ші орта мектептің 2 «ә» сынып оқушылары арасында «Әуелгі байлық - денсаулық» атты денсаулық әлеміне саяхат өткізді.

Оны бастамас бұрын, балаларға ««Денсаулық» дегеніміз не?» деген сұраққа нақты түсінік берілді.

Ал саяхат денсаулық жайлы пайдалы кеңестер беретін дәрігерлерді тағайындаудан басталды.

Дәрігерлерге арнайы өздерінің кім екендерін білдіріп тұратын, бастарына тәж жасалып, оларға сол кейіпкердің суреті салынды. Сөйтіп олар достарына пайдалы кеңестерін айтып берді.

Ауа дәрігері – ауаның денсаулыққа каншалықты пайдасы барын айтты.

- Күн дәрігері – күннің адам ағзасына тигізетін әсері мен пайдасы туралы жеткізді.

- Су дәрігері – сусыз жер бетінде тіршілік болмайтындығын және сумен адамдар, жан–жануарлар мен өсімдіктер қоректенетінін айтып шықты.

- Тамақтану дәрігері – денсаулықтың ең бірінші досы - ол дұрыс тамақтану, қандай тағам құнарлы әрі пайдалы және қай тағам зиян екенін айтып берді.

- Шынығу дәрігері – адам денсаулығына ең пайдалы нәрсе - шынығу екенін түсіндірді.

- Сымбат дәрігері – сымбаттылық жайлы және денені әртүрлі жағдайларда қалай ұстау керектігіне оқырмандардың назарын аударды.

- Махаббат дәрігері – адамдар мен табиғат арасындағы махаббат қаншалықты адам баласының табиғат байлығын аялап, қоршаған ортаны сақтауға, сонымен қатар адам бойында бір-біріне деген жақсы мінез адам денсаулығының бірден – бір шипасы екенін ұғындырып берді.

Мінеки осылай жас оқырмандар дәрігерлердің кеңесін мұқият тыңдап «Денсаулық» еліне әрі қарай саяхатын жалғастырды.

Әрі қарай балалар «Дидактикалық ойындар» ойнады.

Ойынға олар екі топ болып қатысты.

Ұлдар тобы: «Шымыр».

Қыздар тобы «Сымбат».

Екі топқа екі түрлі тапсырма берілді:

- Ұлдарға қағаз бетіне адам денесі мүшесі салынған қағаз қиындыларынан әр дене мүшесін орын-орнына дұрыс желімдеп, құрастыру тапсырылды.

- Қыздарға «Денсаулық» сандықшасын денсаулыққа байланысты заттар немесе пайдалы кеңестермен (оларды қағаз бетіне жазып) толтыру тапсырмасы берілді.

Екі топ та тапсырманы өте тиянақты орындады.

Клуб мүшелері дидактикалық ойыннан кейін «Сергіту жаттығуын» жасады. Жаттығуды клуб капитаны Еламан Айдана арнайы жаттығу өлеңімен жасатты.

Жаттығу өлеңі:

Орнымыздан тұрамыз,

Мойнымызды бұрамыз.

Қолымызды көтеріп,

Саусақты ашып- жұмамыз.

Онан соң төмен түсіріп,

Алақанды соғамыз.

Жаттығудан кейін балалар жұмбақ ойынын ойнады. Ойын барысында балалар дөңгелене тұрып, жетекшінің лақтырған добын қағып алған кезде денсаулыққа қажетті пайдалы кеңестердің атауын айтады.

Ал ойын тәртібі бойынша, айтқан бала жылдам допты қайта жетекшіге лақтыруы керек. Жауапты айтуда кешіккен бала ойыннан шығады.

Бұл ойын өте тартысты, қызықты өтті. Ойыннан кейін балаларға «Денсаулығым - байлығым» атты кітап көрмесіне шолу жасалынды.

Онда балаларға Роберт Уэлсонның «Менің денем неден құралған», «Менің алғашқы энциклопедиям», «Денсаулық» энциклопедиясы, «Балақай» атты Ивановтың 12 қағидасы, Райхан Мәженқызының «Денсаулық әліппесі», «Адам денесі» атты кітаптар мен кітапханаға келетін «Айгөлек», «Балдырған», «Мөлдір бұлақ» атты мерзімді басылымдар беттеріне шыққан денсаулық туралы мақалаларға шолу жасалынды.

Соңынан жас оқырмандар денсаулық пен салауатты өмір салты туралы ақпаратты қалай таба алатыны жайлы түсінік берілді.



Интеллектуалдық ойын

«Денсаулық әліппесі» атты интеллектуалдық ойынның негізгі мақсаты - жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығыны, денсаулықтың бағалы байлық екенін түсіндіріп, жазғы демалыс уақыттарын қызықты өткізу үшін денсаулыққа байланысты қызықты кітаптарымызды кеңінен насихаттау болды. Ойынға қатысушылар «Шымыр», «Денсаулық» және «Сымбат» атты өзінің ұрандары бар үш топқа бөлініп, 4 бөлімнен тұратын ойын шарттарын толық игерді. Олар:

1. Мақал – мәтел айтып жарысу;

2. Жарнама жасау;

3. Жұмбақ жасыру;

4. Сұрақтарға жауап беру.



Кітапханашылар «Тәні саудың - жаны» сау атты көрмеге шолу жасады.

«Табиғат – ана, тәңірім» атты әдеби тұрғыда табиғатты сүюге арналған кезекті мәжіліс

«Табиғат – ана, тәңірім» атты әдеби тұрғыда табиғатты сүюге арналған кезекті мәжіліс қызықты да тартымды өтті. Бұл іс-шара балалардың экологиялық тәрбие бойынша білімдерін байытуға, табиғат қорғау қызметіне қатысуға талап-тіліктері мен әзірлігін дамытуға, туған өлке табиғатына сүйіспеншілікті оятуға бағытталды. «Өсімдіктер әлемі» виртуалды галереясына жас оқырмандарды шақыра отырып, өсімдік әлемінің құпия сырларымен таныстырды. Ал, «Табиғат сырын ұғайық» экомарафон кезінде балалар табиғаттың түрлі құбылыстары жайлы жұмбақтарды шешумен жарысып, олардың пайдалы қасиеттері туралы әңгіме айтты.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет