Қазақстан аумағы бойынша 7-9 наурыз күндеріне арналған ауа райы болжамы белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Фото Pixabay

Қазгидромет ұсынған ақпаратқа сүйенсек, еліміздің оңтүстігінде ауа температурасы жоғарылап, жаңбыр жауады.

“Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашын жаңбыр мен қар түріндегі күтіледі. 9 наурызда Қазақстанның оңтүстігінде, күндіз оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады деп күтілуде”, – делінген мәліметте.

  • "Ауаға зиян заттар тарайды": Синоптиктер еліміздің жеті қаласының тұрғындарына ескерту жасады
  • Магнит дауылының соңы қуатты жер сілкінісін тудыруы мүмкін бе – Сейсмолог маманмен сұхбат

Республика бойынша жел күшейеді, батыста, солтүстікте және орталықта тұман болжанатыны айтылады.

“Күндізгі уақытта термометр көрсеткіштері мынадай белгіге жетеді: республиканың батыс облыстарында 0-8 градус аяз, солтүстік облыстарда 4 градус аяз 1 градус жылы, оңтүстік облыстарда 10-20 градус жылы болады”, – деп қосты Қазгидромет.

Бұған дейін синоптиктер наурыз айына арналған ауа райы болжамын жариялаған.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.