Байтенова Н. Ж., филос.ғ. д., әл-фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, Ұлан М., әл-фараби атындағы ҚазҰУ магистранты



жүктеу 97.32 Kb.
Дата01.05.2019
өлшемі97.32 Kb.

Байтенова Н.Ж.,

филос.ғ.д., әл-фараби атындағы ҚазҰУ профессоры,

Ұлан М.,

әл-фараби атындағы ҚазҰУ магистранты
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИСЛАМ ДІНІ
Қазақ халқы ғасырлар бойы Ислам дінін берік ұстанып, оның құндылықтарын ұрпақтан ұрпаққа мұра етіп келеді. Ислам – адам баласы өмірінің барлық салаларын қамтитын соңғы әрі кемел дін. Ғылым мен техниканың заманауи жетістері бұл діннің қыр-сыры уақыт өткен сайын ашыла беретінін дәлелдеді. Ислам дінінің экономика мен технологияға, халықтың әлеуметтік жағдайларына әсер ететіндігі түрлі саладағы ғалымдар еңбектерінде көрініс тапқан.

Қазақстан Республикасында қалыптасқан діни ахуал – Исламның даму деңгейінің көрсеткіші.

Ислам – он төрт ғасындан бері бүкіл адамзатты сеімі мен нанымына, тегі мен нәсіліне қарамай бейбітшілікм пен ынтымаққа, сабырлық пен тазалыққа шақырып келе жатқан Алла тағаланың бірегей діні. Тарих сахнасына көтерілшгеннен бері, өмірдің өзі көрсеткендей, Ислам дінінің ғылым-білім мен өркениеттің сарқылмас кәусар бұлағы екендігін әлем мойындауда.

Елбасымыздың бастамасымен өткізілген Әлемдік және дәстүрлі діндердің I, II, III, съездері қазақ елінің дінаралық сұхбаттастық пен ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің Қазақстандық моделінің әлемдік қауымдастық тарапынан оң бағасын алуын қамтамасыз етті. Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында ел өмірінде діни төзімділік, дінаралық келісім және ұлтаралық татулық орныққан. Елімізде 46 конфессияға тиесілі 5000 жуық діни бірлестіктер қызмет атқаруда. Сүнниттік ислам және православиялық христиандық ел халқының басым көпшілігі ұстанады. Ислам діні Қазақстан халқының 20-дан аса ұлттары мен ұлыстарының діни бірегейлігінің факторы және мәдениетінің рухани негізі болып табылады.

Жаһандану жағдайында еліміздің ұлттық және мемлекеттік бірегейлігін сақтау үшін өзіміздің ұлттық болмысымыз бен төлтума мәдениетімізді, рухани құндылықтарымызды танып білу, ұлттық бет-бейнемізді жоғалтпай, болашақ ұрпаққа ұлттық құндылықтарымызды сабақтастықпен жеткізу өмір талабы. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев: «Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекетімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгніміз жөн» [1, 273 б.], – деп айтады.

Еліміздің тәуелсіз ел ретінде әлемдік қауымдастыққа ену, ұлт руханиятының қайнар көзі тіл, дін, дінді өркендетуге жол ашты. Халқымыздың рухани құндылықтарының бірі ислам дінінің қайта жаңғыру үрдісі діни сана мен діндарлықтың жандануына ықпал етті.

Елбасымыз: «Біздің, қазақтар үшін ислам – ең алдымен бір кездегі мүлде ұмыт болуға айналған, біздің бабаларымыздың рухы мен аса бай мұсылман мәдениетіне лайықты бағасын беруге мүмкіндік тудыратын, біздің дүниетанымымызды анықтап беруші, биік идеал мен фактор, былайша айтқанда, символ» [2, 100 б.].

Бәрімізге белгілі Орта Азия аймақтарында исламның таралуы VII ғасырдың екінші жартысынан, яғни бірінші омейяд халифі Муавии Ибн-Суфьянның билік ету кезеңінде басталады. Өзбекістан, Тәжікістанмен салыстырғанда Қазақстан аумағында ислам дінінің орнығуы ұзақ және қиын болы да, бірнеше ғасырға созылды.

Ғалымдар (тарихшылар, дінтанушылар) Қазақстандағы исламның таралуын бірнеше салаға бөлді.

Алғашқы сатысы – VIII-IX ғасырда Еуразия даласына исламның енуі.

Екінші кезең – X-XVII ғасырда ортағасырлық мемлекеттерде ислам діні басым болды. Осылайша ислам X ғасырда Жетісудағы Қараханидтер мемлекетіне енді. Кейінірек Алтын Ордада, қазақ хандықтарында кеңінен таралып, орнықты.

Сонымен бірге Қазақстандағы исламның екі ерекшелігін атап өту керек. Біріншіден, исламның өздігінен ену сипаты. Екіншіден, ұзаққа созылу үрдісі (VIII-XVI ғасырлар). Бұл өз кезегінде көшпелі ортадағы діннің синтетикалық сипатына әсер етті.

XVI ғасырда исламның тереңдеп енуі хандар билігінің (көшпелі қоғамға ғана тән) орталықтануына ғана емес, соған сәйкес қазақ тайпаларының біртұтас этникалық қауымдастыққа бірігуіне де ықпалын тигізді.

XVIII ғасырдың басында исламның орнығуы Тәуке ханның “Жеті жарғы” заңдарында да айтылып, онда мұсылман дінін мемлекеттің қолдайтындығы туралы жазылған.

XVIII-XIX ғасырдың соңында Қазақстандағы ислам тарихының үшінші сатысы – Ресей империясының құрамына ену, суфизм рөлінің, Ресей отаршыл әкімшілігінің исламға деген екі жақты саясатына қатысты татар молдаларының миссионерлік қызметінің төмендеу кезеңі. Бұл кезеңде қазақ дінбасылары Орынбор мүфтиатының қарамағына енген болатын.

Қазақстан халқы этникалық құрамының қалыптасу ерекшеліктеріне әсер еткен көші-қон процестері, ендігі жерде жекелеген мұсылман институттары этткалық сипат алуына да ықпалын тигізді. Бұл исламға тән емес көрініс екенін атап өткен жөн. Осылайша XX ғасырдың басындағы орыс әкімшілігінің арнайы құжаттарында Верный қаласындағы (қазіргі Алматы) сегіз мешіттің болғандығы, олардың арасында татар, дүнген, ұйғыр, өзбек мешіттері тіркелген.

Мешіттердің этникалық таңбалау дәстүрі кейін де қазіргі күнде де кездеседі, бұл Қазақстандағы этникааралық тұрақтылықтың нығаюына кедергі болады.

Қазақстандағы ислам тарихының төртінші кезеңі – XIX ғасырдың аяғы - XX ғасырдың басын қамтиды. XIX ғасырдың соңынан бастап Қазақстан аумағындағы ислам бағытының нығаюы Ресей үкіметінің, отаршыл әкімшіліктің талаптарына сай келмеді. Белгілі бір дәрежеде бұл сыртқы факторлармен – орыс-түрік қатынастарының шиеленісуі, “мұсылмандық сепаратизмнен” сақтану сылтауы, жергілікті мұсылмандардың Осман Түркиясымен байланысының өсуімен байланысты болды. Нәтижесінде әр түрлі діни ағымдардың пайда болу “панисламизмді” насихаттау деп көрсетілді.

Қазақстандағы ислам тарихының бесінші кезеңі – кеңес дәуірі. Исламға деген саясат жалпы дінге қатысты саясат аясында жүргізілді. Қазақ діни басқармасы 1923 жылдан кейін орталығы Уфа қаласы болып саналатын ішкі Ресей және Сібір мұсылмандарының Орталық діни басқармасының қарамағына енді.

ХХ ғасырдың 20-жылдарының екінші жартысынан бастап тоталитарлық жүйенің діндерге, оның ішінде исламға қарсы қуғындау саясаты анық байқалды. Арнайы құжаттарда исламның “антикеңестік сипаты” 1920 жылдардың соңында “исламмен күрес” “еңбекшілердің тап жауымен” күрес ретінде кең етек алды. Осылайша дінді, оның ішінде исламды бұрмалау бағыты күшейтілді.

1941 жылы орталығы Ташкент қаласы болған, Орталық Азия және Қазақстан мүсылмандардың діни басқармасы құрылды. Тоталитарлық саясат жүйесіндегі барлық діни ұғымдар секілді, бұл басқарма да толығымен мемлекеттік бақылауда болды.

Соңғы он жылдықтарда, яғни ХХ ғасырдың 80-жылдарының екінші жартысын толық қамтыған аралықта мемлекет тарапынан діндер бостандығын шектеу жоспарлы түрде жүргізіліп, қоғамды діннен бездіру саясаты үстемдік етті.

Қазақстандағы ислам дамуының алтыншы (қазіргі) кезеңі. 1980 жылдардың соңынан бастап Қазақстандағы исламның қайта жаңғыруы жүрді. Дінге деген халықтың қызығушылығы арта түскені байқалады. Демократиялық қайта құрулар халықтың дінге сенуңн емес, догматикалық жағына да қызығуға жол ашты. Қазақстан тарихында алғаш рет 1990 жылы жеке мұсылман діни басқармасының (муфтиат) құрылуы маңызды, айтылуы оқиға болып саналады.

Көптеген зерттеулердің пайымдауынша өте қатал кең көлемде жүргізілген тоталитарлық, мәні жағынан кеңестік саяси жүйенің исламға деген ұстанымының өктемдігін, 70 жыл бойы халықты діннен бездіру саясатын қолдағандығын, әрі кеңестік кезеңге дейінгі уақытта қазақтарда ислам институтының аса жетілмегендігін айта келіп, қазіргі Қазақстанда исламның дамуын тек қайта даму деп қана қарастырмайды, оның жаңа сатысы деп таниды. Сонымен қатар біздің пікірімізше діни-рухани саладағы үрдістерді исламның қайта өрлеуі, оны дәстүрлі тамырына қайта оралудың табиғи жолы деп тану қажет.

Дін, көпдінділік анықтамасы ҚР Конституциясының “Діни сенім және діни бірлестіктердің еркіндігі туралы” Заңында айтылады. Аталмыш Заң сарапшылардың пікірі бойынша кеңестік кезеңнен кейінгі мемлекеттердегі діни ұйымдардың ережесін жүйелеп отыратын заңдардың ішіндегі анағұрлым либералды заң болып табылады [3, 29 б.]. Қазақ елінің ұлт болып қалыптасуы мен мемлекеттік құруда ислам дінімен құндылық- тарының алатын орны ерекше. «Жас ұрпақты ынтымақ пен ауызбірлікке үндеп, ата-баба діні исламды құрметтеп, шариғат құндылықтарын қастерлеуде үлкен өнеге болары сөзсіз. Өйткені қоғамның тұтастығы мен оның рухани деңгейіне тікелей байланысты» [4]. Бүгінгі Қазақстан халқының 72 пайызын құрайтын мұсылмандар, 26 ұлттың өкілдері болып табылады. Ислам діні дүние жүзі елдеріне Мұхаммедтің ( с.а.у) – сахабалары арқылы тарады. Ислам діні əрбір елдің əдет- ғұрыптары мен дəстүрлеріне, діліне байланысты жергілікті ерекшеліктеріне қарай орнықты. Қазақ елі ислам дінін қабылданғаннан бастап құлшылықтарын, ғибадаттарын имам əл-Ағзам Əбу Ханифа мазһабы жəне имам Матуриди діни сенім мектебі негізінде атқарған. Ислам діні адамзатты бейбітшілікке, татулыққа, ынтымаққа, ізгілікке, тақуалыққа, əділдікке, тазалыққа, тура жолға үндейді[5]. Бұрынғы даналар: «Қараңғылықты жамандай бергенше, кішкентай болсын шамшырақ жақ, қараңғылық өздігінен кетеді», – деген екен. Олай болмаған жағдайда дау-дамайдан дін Исламның атына айықпас кір жұқтыруымыз мүмкін. Бұл үшін біздің тарапымыздан даналық пен көркем мінез, ықылас пен кешірімділік талап етілді. Ауызбіршіліктен айырылып қалмау мақсатында бүкіл топтарды бір мәзһабтың астына біріктіріп, ҚМДБ бекіткен жоспарға сай жұмыла білсек Алла еңбегімізді жеміссіз қардырмас. Қазіргі азаматтығымызды алған кезімізде, тәуелсіздігімізді баянды ету үшін тіл, дәстүр, тарихымызбен бірге дінімізді де дамыту мәселесі тұр. Біз аталғандарды біртұтас қарастыруымыз қажет. Қазіргі тәуелсіздігімізді құру кезеңіндегі уақытша түрлі әлеуметтік, экономикалық қиындықтарды жоққа шығаруға қажет. Бұл азаматтарымызды қорғау болып табылады. Өкінішке орай, соңғы кезде өзге діндердің көп насихаттауы, ал бұқаралық ақпарат құралдарының кейбіреулерінде Ислам діні бұрмалап терроризмге, экстремизмге теңеліп жүр. Ел басы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Азаматтық радиосына және басқа да ақпарат құралдарына берген жауаптарында мәселені тереңнен қарауға шақырып, Ислам джінінің ізгілікті насихаттаушы дін екеніне баса назар аударғаны көңілге қуаныш ұялатады.

Таза ғылыми тұрғыдан зерттегенде Исламнан тыс ағымдарды Исламға таңып, Ислам дінінде барғып көрсетіп, ашық бұрмалау арқылы адастыру етек алып барады. Ислам діні бүкіл әлемді жаратушыны бірлей отырып, адам баласын бірлікке шақырады. Біздің Қазақстан мемлекеті, қазақ ұлты үшін де бірліктің орны ерекше. Қазіргі кезде халқымыздың рухани дамуы үшін де, мемлекетіміздің қауіпсіздігі үшін де дініміздің халыққа жеткізілуі өте қажетті жұмыс. Сонда ғана біз ұлттық бірлігімізді қорғап біреулерідің ықпалына түсуден сақтана аламыз [6, 26 б. ]. Тағы бір қынжылатын мәселенің бірі – ислам дінінің өзінде көптеген тармақтарға бөлінушілік мәселелерінің белең алуы дер едік. Ханифиттік мазһаб негізінде жұмыс жүргізетін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының оңды бағытын ескермей, өз беттерінше «сүрлеу салып», түрлі жолдарды ұсынып, халықты адастырып, шатастырып жүрген көптеген діни тармақтар өз беттерінше жұмыстарын жүргізуде. Бұлардың қатарына ханафиттік мазһабты ұстана отырып, жұмыс жүргізетін сопылық бағыттағы тариқатшылар мен зікірші – исматуллашыларды, кей сәттерде қылаң беріп қалатын нұршылар мен сүлейменшілер жамағатын жатқызуға болады. Жоғарыда атап өткендей, бұлардың барлығы да Имам Ағзам Әбу Ханифа мазһабын ұсынушы топтар. Түпкі қазығы бір болып табылатын мұндай топтардың бастары бірікпей отырғандығы өзге діндегілер үшін таптырмас жағдай болып отырғанын біреу түсінер, екінші біреу түсінбес. Бұлардан бөлек, ел өмірінде ортодоксальды исламды ұсынушы – уахабилік-сәләфилік ағым, тәкфиршілер жамағаты мен «Таблиғи жамағат» сияқты ұйымдар бар. Сондай-ақ, орталығын Лондын қаласы етіп отыврған ахмадиялықтар да өз қызметін жүзеге асыруда.

Мұсылмандықты бетперде етіп, халықты түрлі жолдармен алдап-арбап өз қатарларын толтырып жатқан мұндай кері ағымдардың біздің елімізге берері шамалы. Тек кейбір қандастарымыздың осылардың алдау-арбауына оп-оңай түсіп қалатындығы қынжылтады. Қасиетті Құран Кәрімнің Хужрат сүресіндегі 10 аятында: «Шын мәнінде мұсылмандар бір-біріне бауырлар» делінсе, хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыздың хадис шәріптерінде «Мұсылман – мұсылманға бауыр» дейді. Түрлі ағымдардың жетегінде кетіп отырған азаматтардың барлығы да шет жақтан келгендер емес, өзіміздің қарагөз бауырларымыз. Олардың адаспаушылығының негізінде өздерінің қандай құрылған торға түсіп отырғандығын сезінбеитіндіктері қынжылтады. Осының барлығы айналып келгенде діни сауаттылықтың жетіспеушілігінен әрі дінге деген немқұрайлылықтан туындауда.

Қазіргі кезде ел болашағы – жастар, Қазақстанның келешегін көркейтетін білімді ұрпақ деген сөздерді жиі естеитін болдық. Әдетте, қай халықтың да болмасын, мемлекеттік даму стратегиясында жастарға, жас буынға, олардың тәрбиеленіп, ортаға сай озық білім игеріп шығуына басты назар аударады, Жас ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие, білім беру адам дамуының рухани үйлесімділігін, өмірдің құндылықтарын түсінуге, өзін қоршаған ортамен үйлесілімдікте ұстай білу, жердегі тіршлікті сақтау үшін өзінің қажеттін түсінуін қамтамасыз ету қажет.

Рухани тәрбие адамның ізгілік ұстанымдарын тәрбиелеиді. Жеке тұлғаның ақылойы мен іс-әрекеттерін жүрек арқылы ізгілік мұраттарға бағыттап, өмір даналығын түсінуге рухани көзқарас қалыптпстырады.

Руханилықтың тағы бір келбеті адамның өз бойындағы барлық жақсы қасиеттерін әлемге паш етуге дайындығы, өзінің ақылы, дарыны, қабілеті, ішкі нұры мен жүрек жауын айналасындағылармен бөлісуге ұмтылысы.

Қазақ халқының дін туралы танымы, сенімі ерекше. Дін туралы білу-әрбір саналы адамға мәдени қажеттілік болып табылады.

Діннің адам қоғам арасын жалғастырушы, жаратушы және үйлестіруші қасиетін жете түсініп, оны жан мен тән тазалығын сақтайтын, парасат тағылымдарын демеуші, адамға өнеге тәлім берер, пейілге мейірім ұялатар рухани күшке бағалаған. Қазіргі заман талабына сай діни сауаттылық қажеттігін қоғам мойыдап отыр. Жастарды имандылыққа тәрбиелейтін-дін. «Жастар- қоғамның тұтқасы» дейміз. Содықтан дін жастарға әсер етпей қоймайды. Демек, жастарға, олардың психологиясына әсер ету арқылы ғана имандылыққа, әдептілікке тәрбиелеуге болады. Жастарымыз иманды болса, ел де иманды болады. Ал иманды ел- инабатты ел. Сонда иманды елде қылмыс кеміп, ар мен ұят үстемдік құрады. Ал адамзаттың түпкі максаты- соған біртіндеп жол салып, жету болып табылады. Біз асыл дінімізді түрлі саяси мақсатқа пайдаланғысы келетіндерге жол бермеу, әрі олардың жетегіне кетпей, біртұтас Қазақстан үшін жұмыла жұдырық болып, діндер арасындағы түсіністікке, диалогқа жол ашып, жікшілілдік пен фанатизмге тосқауыл болуға тиіспіз. Бұл үшін бізде ең алдымен бірлік болуы керек. «Бірлігі жарасқан ел озады» деген сөз бар қазақта. Сондықтан барлығымыз өз ара ынтымақ пен бірлікте болып, өзара сыйластықта жүрсек бізді алар жаудың болмайтындығы сөзсіз.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:




  1. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра, 1999. – 273 б.

  2. Назарбаев Н.Ә. Сындарлы он жыл. – Алматы: Атамұра, 2003. – 100 б.

  3. Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Бесінші Құрылтайы. Астана 2010, ҚМДБ төрағасы, Бас Мүфти, Шейх Әбсаттар Қажы Дербісәлінің 2005-2010 жылдарға арналған есепті баяндамасы, Мешіт жұмысы. – 205 б.

  4. Мұрат Жұрынов Құтықттау // Ислам ынтымақ пен бірлік жолында. Алматы, 2008, 4-бет.

  5. Б.Бейсенов.Қазақстандағы ислам кеше және бүгін ҚазҰУХабаршысы .

2009.№-1.176б.

6. Сәрсекенова А.Б. Жас ұрпаққа рухани адамгершілік тәрбие мен білім беру // Дін және құқық, - Астана, 2009, - № 3 (11), - 41 б.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Беткі сулардың сапасын талдау: НҰра өзені алабының мысалында
publications -> Этносаралық Үйлесімділік жүйесіндегі саяси-мәдени механизмдердің орны әлеуметтік ғылым магистрі, аға оқытушы Сыздықова С. М
publications -> Қазақ әдебиетін дәуірлеу мәселесі Темірбай Мұқашев
publications -> Спортшылардың интеллектуалдық ой өрісі және оның спорттық Қызметтегі маңыздылығы абусейтов Бекахмет Зайнидинович
publications -> Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа бағыттары түйін Мақалада ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа жолы «Агробизнес 2020»
publications -> Қазақстандағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік: құқықтық реттеу
publications -> 1 қаңтар 2012, 12: 09 Бұл дағдарысты әлем экономикасының уақытша тежелуі деп түсіну қажет 49
publications -> Қазақстандағы корей тілін оқытуда интерактивті құралдарды қолдану әдісі
publications -> Әож 378-1а оқУ Үрдісінде мультимедиялық ҚҰрылғыларды қолданудың Қажеттілігі
publications -> Үндістан-Бангладеш қарым-қатынастарының кейбір астарлары


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет