Бала асырап алудың исламдағЫ Үкімі



жүктеу 20.74 Kb.
Дата04.03.2018
өлшемі20.74 Kb.

БАЛА АСЫРАП АЛУДЫҢ ИСЛАМДАҒЫ ҮКІМІ

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!

Бала асырап алу екі түрлі болады:

1) Өзіңнің туған балаң ретінде асырап алу, оған өз тегіңді тағу;

2) Жетімді асырап, оған қамқорлық көрсету. Бірақ бала да, әкесі де бір-біріне туған туыстар ретінде қарамайды.

Бірінші түрі жайында айтар болсақ, онда ол Исламда тыйым салынған. Аллаһ Тағала былай деді: «Ол сендердің асырап алған балаларыңды туған бала етпеді» («Ахзаб» сүресі, 4-аят).

Бұл жәһилиет (надандық) дәуірінде орын алған ғұрыптардың бірі етін. Тіпті кейбір сахабалар өздерін кезінде асырап алған әкелерінің есімдерімен атап жүрген. Мысалы, Микдад ибн әл-Әсуадтың өз әкесінің аты `Амр болған, алайда ол әл-Әсуад деген өзін асырап алған кісінің есімімен атанып кеткен.

Бала асыраудың бұл түрінің тыйым салынған себебі – тектердің шығу шежіресі жайында мәліметтің жоғалуы. Ал бізге бұл тыйым салынған еді. Абу Заррдан жеткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Өзіне бөтен кісіні әке ретінде әдейілеп теліген адам күпірлік жасады. Ал кім өзін туысқандығы жоқ кісілерге телісе, Тозақтан орын алуға дайындала берсін» (әл-Бухари 3317, Муслим 61).

Бұл жерде «күпір» деп кіші күпірлік айтылуда. Яғни оны жасаған адам діннен шығып кетпейді.

Ал бала асыраудың екінші түріне келер болсақ, онда бұл – жетімге қамқорлық көрсету, оған дін мен дүние тәрбиесін беру. Ислам мұсылмандарды бұл іске ынталандырады. Аллаһ Тағала былай деген: “Олар сенен жетімдер туралы сұрайды. Айт: «Оларға игілік жасау - жақсылық. Егер істеріңді біріктірсеңдер, онда олар – сендердің бауырларың ғой. Аллаһ кімнің игілік жасап, кімнің бұзақылық жасайтынын біледі. Егер Аллаһ қалағанда, сендерді ауыр жағдайға салатын еді. Аллаһ – Ұлы, Дана!»” («Бақара» сүресі, 220-аят).

Ал Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жетімге қамқорлық көрсетіп, оны асырауды, Ақыретте өзімен жақын болудың себебі екенін хабарлаған. Сәһл ибн Са`дтан жеткен хадисте Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың иглігі мен сәлемі болсын): «Мені мен жетімді өз қамқорлығына алған адам Жәннатта мыналар сияқты боламыз», - деп, арасы сәл ғана ажырап тұрған сұқ саусағы мен ортаңғы саусағын көрсеткені хабарланады (әл-Бухари 4998).



Айтпақшы, Исламда жетім деп әкесі жоқ бала саналады. Сондай-ақ шариғи тұрғыдан балиғат жасына жеткен бала да жетім болып саналмайды. `Али (Аллаһ оған разы болсын) былай деп айтқаны хабарланады: “Мен Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын есіме сақтап алдым: «Балиғат жасына жеткен соң жетімдік жоқ, әрі түн болғанша күні бойы үндемеу жоқ» (Абу Дәуд 2873, әт-Табарани “әл-Әусат” 1/96, әт-Тахауи 1/280. Имам ән-Нәуауи мен шейх әл-Әлбани хадистің сенімділігін растаған).

Аллаһ жақсырақ біледі!

Дерек көзі: саляф-форум

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет