«Бала би» шешендікке бастар жол



жүктеу 12.94 Kb.
Дата23.02.2018
өлшемі12.94 Kb.

«Бала би» - шешендікке бастар жол!
Ұлттық рухымызды көтере отырып, егемен еліміздің от ауызды, орақ тілді азаматтарын тәрбиелеу мақсатында 28 қазан күні Ақадыр орта мектебінде ІІ аудандық «Бала би» шешендік өнер сайысы өтті. Сайысқа ауданымыздан үш мектеп қатысып, өздерінің бақтарын сынады. Ұшқыр ойлы, сөзге шешен сайыскерлер 4 айналымнан да сүрінбей өтіп, өздерінің жан – жақты білімдерін, шеберліктерін көрсете білді.

Топ мүшелері «Қоржын» айналымында «Рухани жаңғыру мен Қазақстанның мәңгілік елге айналу жолындағы жасұландықтардың қосар үлесі» және елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың негізгі екі бағдарламалары тақырыбында өздерінің білімдерін ортаға салса, «Таразы» айналымында тақырыптан білген, түйген түйіндерін зерделеп, ой таразысына салды.

Балалар шығармашылық үйінің директоры Сейдахметов Бақытбек Есімбекұлы мен аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Досқарина Анар Мұсабекқызы сайыскерлерге өздерінің әділ бағаларын берді. Сайыс өте тартымды әрі тартысты өтті. Мектебіміздің 8-сынып оқушысы Шумков Евгений «Үздік бала би» номинациясын жеңіп алды. Сайыс қорытындысы бойынша Ақадыр орта мектебі 1-орынға, Игілік орта мектебінің оқушылары 2- орын, Қошқарбай негізгі мектебі 3 – орынға ие болып, мақтау грамоталарымен марапатталды.

Жастарға шешендік өнердің қыр-сырын терең меңгертіп, озық ойлы азаматтар болып шығуы үшін тәрбиелік мәні өте зор осындай іс-шаралардың алатын орны ерекше. Сайысты ұйымдастыруға ұйытқы болған балалар шығармашылық үйінің «Болашақ» пікір – сайыс клубының жетекшісі Нұршәріп Сәндігүл мен Ақадыр орта мектебінің ұжымына айтар алғысымыз шексіз. Еңбектеріңіздің жемісін көріп, биік белестерден көріне беріңіздер демекпін.




Қошқарбай негізгі мектебінің



9-сынып оқушысы

Ескенова Әсел

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет