Бала денсаулығын нығайтудың маңызы



жүктеу 29.24 Kb.
Дата26.02.2018
өлшемі29.24 Kb.

Бала денсаулығын нығайтудың маңызы


Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев биылғы жылғы Жолдауында  «Салауатты  өмір салты мен адамның өз денсаулығы үшін,  ынтымақты жауапкершілік қағидаты, міне осылар  денсаулық саласындағы және халықтың күнделікті тұмысындағы, мемлекеттік саясаттың ең басты мәселесі болуы тиіс »-екенін атап көрсеткен.

Балалардың денсаулығын нығайтуда, спортқа әуестендіріп,күн тәртібі ережелерін сақтай білуге, жаңа инновациялық жолдар арқылы шынықтыру,  салауаттылыққа  тәрбиелеу мектепке дейінгі мекеменің негізгі мақсаты.

Жан-жақты  физикалық жетілген және денсаулығы жақсы баланы өсіріп тәрбиелеу әрбір ата-ана мен балабақшаның міндеті.

Организимді шынықтыру бала денсаулығын күшейтудің ең негізгі жолы. Шынықтыру дене тәрбиесінің маңызды бөлігі, ол табиғи факторлардың үйлестірілген әсерлеріне жүйелі түрдегі  жаттығулар  арқылы орындалады.

Шыныққан бала аз ауырады, тәбеті мен ұйқысы жақсы,бітімі үйлесімді,әрі сымбатты  келеді және ауа-райының  кез келген жағдайында жеткілікті дәрежеде  серуендей алады.

Шынықтыру шаралары жүйелі түрде жүргізілуі тиіс.Үзу немесе тоқтату салдарынан организмді шынықтыру барысында қалыптасқан бейімделу реакциялары жойылады.Сондықтан да,шынықтырудың жүйелілігі,яғни шынықтыру әрекеттері күнделікті кез келген мезгілде жүргізілуі тиіс.

Денсаулық табиғаттың берген құнды байлығы,оны бастапқы  күйде сақтау ол адамның жеке салауатты өмір сүруіне байланысты  екенін есте сақтай отырып, шынықтыру жұмыстары жергілікті жердің климаттық жағдайларына сай жүргізілуі  керек. Баланың  дене құрылысын шынықтырушы  іс- шаралар балаға  ұнап ,  жақсы эмоция тудыруы  мүмкін.

Жаңа инновациялық техналогиялар бойынша балалар Порфирий Ивановтың  төмендегідей әдістерін күнделікті шынықтыру шараларында пайдаланылды.

-Балаларға жалаң аяқ тұзды суға салынған алаша бойымен жүріп өту.

-Жалаңаяқ жүру

-Қабырғалы тақтай үстімен және қиыршық тастар үстімен жүріп өту.

-Ашық су қоймаларында шомылдыру.

-Денені ылғалды сүлгімен  ысқылап сүрту.

Біздің педагогтар бағдарламада

-«Хатка-йоги

-Шығыс жаттығуы Ци-Гун»

-«Тыныс алу жаттығуы»

-«Кинезиолог»

-«Артикуляция»

-«Фитбол» жаттығулары балаларға тиімді жолдар арқылы ұйымдастырылды.Сондай-ақ қаламыздағы  «Дельфин» атты жаздық бассейініне  шынықтыру саяхаты ұйымдастырылады.

Педагогтардың  кешенді жұмыс бағдарламасының құрылымына енетін қосымша материалдар баланың дене бітіміне,денсаулығына әсер етіп жан-жақты дамытып,баланы еңбексүйгіштікке,ептілікке  тәрбелейтіні сөзсіз.

«Дені  сау болса –дәулет сол» демекші балдырған балаларымыздың дендері сау,дене бұлшық еттері қалыптасқан,батыл болып өсуіне ата-аналармен  бірлесе отырып жұмыс жүргізілсе баланың қызығушылығы артады. Осы бағытта балабақша Елбасымыздың  айтқандай  «Шынықсаң шымыр боласың» насихат сөзіне сүйене отырып:

 -Эстафеталық ойындар

 -Әр түрлі кеңестер

 -Практикалық тәжиірбе

 -Дамытушы жаттығулар

 -Психожаттығулар тиімді және жоғары деңгейде  өтеді.

Балабақшада емдік – сауықтыру жұмыстары   әртүрлі шаралар арқылы өткізіледі:

 -фитотерапия

-кислород коктейлдер

-нүкте массажы



-табиғи факторлармен шынықтыру.

Байқап отырғанымыздай, бүгінгі таңда педагогтар мен тәрбиешілерде тәрбиенің тәсілдері мен әдістері,сондай-ақ бүкіл тәрбие бағдарламаларын саралауың, оған белгілі бір жаңалықтар енгізудің мүмкіндіктері мол. Қазақстанда білім жүйесінің түрі ұлттық, мазмұны интернационалдық жаңа үлгісі жасалып, өмірде қолдануда. Жаңа талғам-талаптарды ескере отырып, бала тәрбиесінің бүкіл көп қыртысты жүйесі жасақталуда.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет