Бала психологиясы



жүктеу 93.52 Kb.
Дата23.02.2018
өлшемі93.52 Kb.

УДК 316.35:39

Қ.Б.Баудиярова

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлтық Университеті

Қазақстан Республикасы, Алматы қ.

E-mail: bkb79@mail.ru

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТОЛЫҚ ЕМЕС ОТБАСЫНДАҒЫ

БАЛА ПСИХОЛОГИЯСЫ

Қазақ халқы бала тәрбиесіне үлкен мән беріп, ақыл-ойын, тәрбиелік тәжірибесін пайдаланбай өмір сүрген емес. Сан ғасырлар бойғы өмір әліппесі – отбасы тәрбиесі. Отбасының мақсаты баланы өмірге келтіру ғана емес, оған әлеуметтік-мәдени ортаның құндылығын бойына сіңіру және өз қоғамына пайдалы мүше етіп жеткізу. Соған қарамастан отбасын құрған ерлі-зайыптылар түрлі себептерге байланысты ажырасып жатады. Арты балалардың әкесіз не шешесіз өсуіне әкеледі. Толық емес отбасында өскен балалар психологиялық, эмоционалдық тұрғыдан күйзеліске ұшырайды. Бұл қазіргі таңдағы басты проблемалардың біріне айналып отыр.



Түйін сөздер: неке, отбасы, отбасылық тұрақтылық, ажырасу, алимент, толық емес отбасы, некесіз бала.

ПСИХОЛОГИЯ ДЕТЕЙ В НЕПОЛНЫХ СЕМЬЯХ КАЗАХСТАНА

Казахский народ уделял значительное внимание воспитанию детей, включая особенности их формирования, мировозрения и социолизации. Многовековое жизненное кредо – семейное воспитание. Задача семьи заключается не только в рождение детей, но и привитие не только навыков и ценностей социально-культурной среды, но и полнокровного члена своего общества. Несмотря на все это происходит распад семейных уз супругов. Последствием этого является социолизация детей без одного из родителей. Дети, живущие в неполных семьях подвергаются психологическому и эмоцианальному стрессу. Данное обстоятельство превращается в одну из злободневных проблем Казахстана.



Ключевые слова: брак, семья, семейная стабильность, развод, алимент, неполная семья, внебрачные дети.

PSYCHOLOGY OF CHILDREN IN INCOMPLETE FAMILIES OF KAZAKHSTAN

Kazakh people paid much attention to the education of children, including features of their formation, socialization and worldview. Centuries-old credo is family education. The aim of the family is not the birth of children, but also to impart not only the skills and values of social and cultural environment, but also a full-fledged member of their society. Despite all this this is a breaking-down of family ties of spouses. The consequence of this is socialization children without one parent. Children living is single-parent families is subjected under the psychological emotional stress. This circumstance is becoming one of the actual problems of Kazakhstan.



Key words: marriage, family, family stability, divorce, alimony, incomplete family, illegitimate children.

Өз тіршілігінің сан ғасырлық тарихының ішінде қазақ халқы бала тәрбиесі саласында мол тәжірибе жинақтады. Бірде-бір адамзат қоғамы өзінен бұрынғы жоғарғы буынның ақыл-ойын, тәрбиелік тәжірибесін пайдаланбай өмір сүрген емес. Ұзақ өмір әліппесі – отбасы тәрбиесі. Бала тәрбиесі қай кезде де назардан тыс қалып көрген емес, адами қасиеттерге баулу маңызды мәселе. Адамгершілік қасиеттің өзекті мәселесі қайырымдылық, достық. Халық ұғымында жақсылық пен жамандық, достық пен қастық адамгершілік қасиеттің екі түрлі белгісі ретінде қарастырылған. Қай халықта болмасын отбасын құрған ерлі-зайыпты баласының болуын армандайды. Сол сияқты қазақ халқы да баласын үйлендіріп, қызын ұзатқан соң олардың ендігі тілегі немерелерінің өмірге келуі. Жаңа үйленген жастар алғашқыда бала мәселесіне онша мән бермейді. Соған қарамастан отбасы үшін баланың орны ерекше. «Балалы үй базар, баласыз үй мазар» деген халық мақалы бекер айтылмаған. Соны біле тұра қазіргі таңда жастар үйлене салып ажырасып жатады. Ажырасқаннан кейін балалардың жағдайын ата-ана ойлай бермейді. Бала заң жүзінде анасының қолында қалып тәрбиеленеді[1]. Отбасы тұрақсыздығының нәтижесінде отбасының бірнеше типтері қалыптасады.

1. Жалғыз ана, бір өзі балаларымен тұрады. Ауылдық жерде көбіне тұрақты жұмыс болмағандықтан ана алиментке, мемлекеттің тарапынан берілетін көмекке өмір сүреді. Мектеп жасына дейін баланы үйде өзі қарайды. Мектеп жасына толысымен мектепке апарады. Жазғы демалыста баланы ата-әжесіне, туған-туысқандарына жібереді. Қалалық жерде ана баласын таңертең жұмысқа барарда балабақшаға апарып, кешке жұмыстан қайтарда алып қайтады. Мектепке барған уақытында осы процесс қайталанады. Бұл отбасының жақсы жағы бала отбасында болатын қарама-қайшылықты, ұрыс-керісті қабылдамайды. Отбасының жаман жағы: бала, әсіресе ер бала әкенің тәрбиесін көрмейді. Ана үй мен жұмыстың арасында балаға қарауға үлгермейді. Қаржы мәселесінде, бала ауырып қалған уақытта әке көмегі қажет. Бұндай отбасында бала әке мейіріміне зәру болып өседі. Бұл баланың ата-ананың тағдырын қайталауға әсер етеді. Толық емес отбасынан шыққан бала отбасылық құндылықтарды түсіне бермейді. Әйел ерінен көрген қиыншылықты, өмірге деген жаман көзқарасын баланың бойына сіңіріп, әкесіне қарсы қояды. Ересек балалар анасына ерегісіп, көрінбей жасырын әкесімен кездесіп жүреді. Ажырасқан отбасылардан шыққан балалардың жайын былай қарастыруға болады: 1)Бөлек тұратын ата-ана балаға қатысты объективтілікті әрқашан сақтай бермейді. Ажырасып кеткен әке баламен үнемі бірге болмағандықтан, біртіндеп баласымен ара қатынасы суыи бастайды. Баланың алдында өз дәрежесін көтеру үшін әке барын салады. Әке баласымен келесі рет кездескенге дейін ана кәмілетке толмаған баласын өз жағына шығару үшін қарсы қоюы мүмкін. 2)Кейбір жағдайда әке отбасын бұзғаны үшін өзін кінәлі санап, қайтадан бәрін қайтару үшін көп уақытын балаға арнайды. 3)Ата-ана уақыттың тапшылығына байланысты баламен кездесуге уақыты болмайды. Сирек кездесу бала тәрбиесімен айналысуға кері әсерін тигізеді. Өз кінәсін жуып-шаю үшін силықтар және ақша беру арқылы баланы өзіне қаратады. 4)Бала үшін ата-ананың екеуі де жақын. Таңдау қиындығына ұшыраған бала психикалық, эмоционалдық жағынан шаршайды [2].

2. Ажырасқан әйел балаларымен күйеуінің немесе өзінің ата-анасымен бірге тұрады. Балалар мектеп жасына дейін ата-әжесінің немесе отбасының басқа мүшелерінің тәрбиесінде болады. Бұндай баланың сүйіспеншілік сезімдерін қамқорлыққа алу қажет. Бұндай балалар толық отбасындағы балаға қарағанда өзін кем санай бастайды. Сондықтан баланы ақыл-оймен, төзімділікпен, психологиялық тәрбиемен бағыттауы қажет. Тәрбиелікке жету оңай емес. Балаға ең бірінші әділетті қоғам мен өмір сүрген ортасының имандылық тәлімі қажет. Тәрбиелі адам – шынайы парасат пен мінезге бай болатыны белгілі. Екінші бір бала тәрбиесіндегі тәрбиелікке үйретудің пәрменді тәсілі адамдардың балаға тәлім етер жеке бастарының үлгісі, олардың өзара сүйіспеншіліктері, айналасындағы жандармен сыйластықтары, тіпті олардың табиғатқа деген көзқарастары. Сондықтан да халық даналығы «Адамнан адам тәлім алады, ағаштан ағаш мәуе алады» деп бекер айтпаса керек.

3. Ажырасқан әйел баласын ата-анасына беріп, өзі бөлек тұрады. Бұл жерде баланың әлеуметтенуі барасында мынадай ерекшеліктер байқалады:


  1. Өз ата-анасының орнын ешқандай туысқан баса алмайтындықтан балаға мейірімділік жетіспейді.

  2. Бала өз ата-анасымен қалай қарым-қатнас жасау кректігін білмейді, өзіне жақын тарта алмайды.

  3. Ата-әжесі қайтыс болған жағдайда немересі өз анасына бауыр баса алмай, қиналады.

4. Ажырасқан әйел күйеуінің рұқсатымен немесе рұқсатынсыз өз баласын әпке-сіңлісіне немесе аға-інісіне береді. Бұл балаға мынадай қиыншылықтар тудырады:

  1. Өз ата-анасының орнын ешқандай туысқан баса алмайтындықтан балаға мейірімділік жетіспейді.

  2. Бала өз ата-анасымен қалай қарым-қатнас жасау кректігін білмейді, өзіне жақын тарта алмайды.

  3. Бала өз отбасына қайтадан келген кезде анасына бауыр баса алмай, қиналады.

5. Ана маскүнемдікке салынуға немесе психикалық ауруға шалдығуға байланысты аналық құқығынан айрылады. Бала ажырасқан әкемен қалады. әке басқа отбасын құрма баласын өзі тәрбилейді. Бұл тура бірінші типтегі ажырасқан отбасындағы жағдайды қайталайды. Тек әке орнына, ана мейірімі жетіспейді. Келесі жағдай әке екінші рет некеге отырады. Баланың жағдайы енді өгей шешеге байланысты қалыптасады. Әке үнемі жұмыста болғандықтан балаға қарауға қолы тие бермейді. Отбасындағы жағдай мындай жолдарға байланысты: өгей шеше бала туа алмайды, бірінші некеден туған балаларымен келеді, ортақ балаларының болуы. Қандай жағдай болса да бала қиыншылықтарға ұшырайды. Себебі, әке қызына аналық тәрбие бере алмайды. Екіншіден, өгей шешемен қарым-қатынас орнату балаға қиын соғады. Оған қоса өз анасы әкесі мен өгей шешесіне баланы қарсы қояды.

6. Бала ешкімге керек емес. Ата-ананың біреусі қайтыс болғаннан кейін, екіншісі балаға қарамайды. Оның екі жағы бар. Жақсы жағы: бала ағасы немесе әпкесінің қолында болады, бала жақын туысқандарының қолында болады. Жаман жағы: бала балалар үйіне түседі, қараусыз қалған бала қылмыстық істерге араласуы мүмкін. Біз жоғарыда ажырасқан жұбайлардың жалпы кең таралған отбасын құру түрлерін көрсеттік. Ал, шынайы өмірде толық емес отбасынан шыққан балаға әр түрлі жағдайлардың ықпал етуі мүмкін. Барлығын толықтыра келе, ажырасқан отбасылардан шыққан балалар үшін объективті және субъективті сипаттарды аңғарамыз.

1. Ажырасқан ата-ана балаларының жүрегін жараламау үшін барлық жағдайды жасайды. Баланың көзінше бір-бірімен ұрысып-керіспейді. Дұрыс тәрбие беруге қолдарынан келгенін жасайды. Бала бос уақытын тиімді пайдаланады. Спорт, шығармашылық, тіл дамыту үйірмелеріне қатысуға итермелейді. Аптаның демалыс күндері, мектептік демалыстарда әке балаларымен бірге қыдырады. Жоғарғы оқу орына түсу барысында әке балаға көмек көрсетеді. Ана олардың қарым-қатынасына кедергі келтірмейді. Бұндай тәрбие алған бала кейін өз балаларына да сондай көмек көрсетеді.

2. Баланың әкесі немесе шешесі басқа отбасын құрған жағдайда баланың алдында қиыншылықтар тұрады. Басқа отбасына түскен балаға әрі қарай өмір сүру, отбасының басқа мүшелерімен тіл табысу кедергі келтіреді. Баланың жақсы болып кетуі ішкі отбасылық қарым-қатынасқа байланысты.

3. Ажырасқан жұбайлар бірін-бірі жек көрушілікті балаларына береді. Бірнеше рет үйленген әке әр отбасында балаларын қалдырады. Оның көмегі алимент төлеумен ғана шектеледі[3].

Ажырасқан отбасылардағы бала психологиялық көмекке зәру болады. Қазіргі тұрмыс-тіршілігімізде эмоциялық дауылдар мен кездейсоқ кереғарлықтар тым көбейіп отыр. Бүгінгі таңдағы ұрпақ тәрбиесін қиындатып отырған негізгі себептердің бірегейі деуімізге әбден болады. Баланың жанын жаралайтын ажырасудың нәтижесіндегі психологиялық жаман әсерлер үнемі жалғаса берсе оның ішкі қарсылығын оятып, бірте-бірте тұрақтанған қарама-қайшылықты мінез-құлқын қалыптастырады. Бұдан кейін ол ешқандай психологиялық хабарларды қабылдамайтын күйге ауысады. Жалпы ішкі қарама-қайшылықтары мол адамдар ашуланса да, өкпелесе де өзін-өзі тоқтата алмай ұзақ әуреленеді. Бірақ біз өмір сүріп отырған қоғам ешуақытта адамның психикасын тәрбиелеуге мән берген емес. Соның салдарынан балабақшалар да, мектептер де, жоғарғы оқу орындары мен қызмет істейтін орындар да адамдардың психологиялық тәліміне көңіл аударылып келген емес[4].

Ең бірінші психологиялық көмектің бағдары – ажырасқан отбасындағы балалардың ауруға шалдыға бастаған психикасын сауықтыру болып табылады. Осымен қатар жүргізілетін екінші бағыт – тез арада ата-ана мен бала тәрбиесіне қатысты үлкендердің арасында жүргізілетін психологиялық көмектерді атауға болады. Мұның өзіне тән әдістері толып жатыр. Бала тәрбиесіне қатысты үлкендерге психикасының мән-жайы туралы түсінік беру, оны мұқалтпаудың маңызы жайлы, психологиялық тәрбиелерді үйретудің жолдарын – кітаптардан, кинофильмдерден тереңдей талдап көрсету арқылы, ата-аналар мен үлкендердің бала тәрбиесіндегі қатыгездіктен тиылуын талап ету. Бұл мәселелерді шешу үшін ата-ана бала тәрбиесінде өз орындарын анықтап алуы тиіс. Ажырасқан отбасындағы баланың жан дүниесі жарақаттанады. Үлкендер жағы өздерінің қателіктерін мойындаумен қоса, баланы тыныш қалпында қалдырғаннан артық шара жоқ. Ендігі жерде әке де, шеше де баламен достасуды ойлау керек. Осының бәрін табиғи қалыпта дамытуды ескерген жөн. Мұндай өзгерістер мен игерулердің жалпы жағдайы мөлшермен төмендегідей сипатта болуы мүмкін:

– баланы міндетті түрде тәрбиелеу қажет. Ал, қайыра жаңа көзқараспен тәрбиелеу үшін, үлкендер жағы үзілді-кесілді өздерін тексеру қажет. Баланың келешегіне керек ендігі тәрбие, соншама үлкен тазалықты талап етеді;

– егер үлкендер жағы өзін-өзі баланың ыңғайына орай өзгерте алмаса, ары қарай баланы тәрбиелеуден өз ықтиярлығымен бас тартқаны дұрыс;

– ешқандай күш көрсету тәлімін жүргізуге болмайды. Бұл – баланың келешігін сындыру мен құрту деген сөз;

– үлкендердің қатаңдығы мен қатыгездігі арқылы баланы жасытып жөндеймін деу, барып тұрған надандық. Тек қана мейірімділік пен сүйіспеншілік екі жақты да адамдық сипатқа жеткізетінін бірден ұққан жөн;

– психологиялық түзету жүргізетін кезеңдердің бәрінде де, басынан бастап, тек қана төзімділік керек. Тәрбиелік іс-әрекет үстінде – сабырлы ілтипат, салқынқандылық, ұстамдылық қажет;

– баланың саналы түсінгендігіне сенім көрсете отырып, өзара қарым-қатынастың жетістігі дәлелді де, мазмұнды болғаны жөн. Жеткен жетістіктер әділетті бағаланғанымен, тым асыра мадақтаудың да орын алмауын қадағалау есте болсын.Артық айтқан мақтау сөз, ешқандай жақсылық әкелмейді.

Осылайша психикалық зардап шеккен, тұрақсыз отбасындағы балаға психологиялық түзетулер жасаудың жолдары көп. Біздер келтірген әдістерден басқа да жолдары болуы мүмкін. Батыс елдеріне қарағанда ТМД мемлекеттерінде ажырасуға көзқарас басқаша. Ол жақта қаржы мәселесі алғашқы орында тұрады. Соған қарамастан жер шары баланы қорғауға алып отыр. Оған 1924 жылғы Женева Декларациясы, 1959 жылы 20 қарашадағы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының бала құқығы, 1989 жылғы 20 қарашадағы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының бала құқығына байланысты толықтырулары дәлел. Мемлекет пен қоғам толық емес обасылырдағы балалар мен жасөспірімдердің азамат болып өсуіне ат салысады [5]. Сонымен толық емес отбасынан шыққан балалардың өмірі бір жақты емес. Бала өз еркімен бұндай тағдырды қаламайды. Ата-ана, туысқандары, бүкіл қоғамның міндеті балаға дұрыс тәрбие беру, өмір сүру қажеттілігін түсіндіру.



Әдебиеттер

  1. Әбілова З.Ә. Этнопедагогика. – Алматы: Қазақ Әлем Тілдері Университеті, 1997. – 230 б.

  2. Жанқазақова Қ. Отбасында баланы дұрыс тәрбилеу жолдары // Бастауыш білім. – 2006. – № 1. – 23-24-бб.

  3. Калыш А.Б. Дети и подростки в разведенных семьях // Вестник КазГУ. Серия историческая. – 2002. – № 2 (25). – С. 65-67.

  4. Ғаббасов С. Халық педагогикасының негіздері. – Алматы: Әл-Фараби, 1995. – 450 б.

  5. Конвенция о правах ребенка: принята Генеральной Ассамблеей Организации Объединенных Нации 20 ноября 1989 г. – Алматы, 1997. – С. 5.


References

1 Abіlova Z.A. Etnopedagogika. – Almaty: Qazaq alem tіlderі Universitetі, 1997. – 230 b.

2 Zhanqazaqova Q. Otbasynda balany durus tarbileu zholdary // Bastauysh bіlіm. – 2006. – № 1. – 23-24-bb.

3 Kalysh A.B. Deti i podrostki v razvedennyh sem'jah // Vestnik KazGU. Serija istoricheskaja. – 2002. – № 2 (25). – S. 65-67.



4 Gabbasov S. Halyq pedagogikasynyn negіzderі. – Almaty: Әl-Farabi, 1995. – 450 b.

5 Konvencija o pravah rebenka: prinjata General'noj Assambleej Organizacii Obedinennyh Nacii 20 nojabrja 1989 g. – Almaty, 1997. – S. 5.
Каталог: edu.history -> media -> upload -> 2215 -> 2015
2015 -> Бөкей ордасында алғАШҚы мектептердің ҚҰрыла бастауы с. А. Сарсенов
2015 -> Молдабек е. Б
2015 -> Ресейдегі қазақтардың мәдени мұраларының сақталуы мен өзгерісі Т.ғ. д профессор Б. К. Қалшабаева мен А. К. Бейсегулованың «Ресейдегі қазақтардың мәдени мұраларының сақталуымен өзгерісі»
2015 -> «Қозы көрпеш – баян сұЛУ» эпосы көне дүниенің кескіндемелі қолданбалы өнерінде
2015 -> КүРЕҢбел өҢіріне этно-тарихи экспедиция
2015 -> Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент
2015 -> Қр мен қхр арасындағы экономикалық Әріптестіктің МӘселелері мен болашағЫ
2015 -> ОңТҮстік-батыс алтайдан табылған ортағасырлық ат үЗЕҢгісі хақында


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет