Бала тілін дамытудағы әдебиеттің алатын орны



жүктеу 71.28 Kb.
Дата19.11.2018
өлшемі71.28 Kb.

ЭССЕ

"Бала тілін дамытудағы әдеби шығармалар мен тарихи туындылардың алатын орны"

Дүйсенбаева Айзада Арыстанбекқызы

МҚҚК "Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы Орталығы"

әдіскер, қосымша білім беру педагогы

Аннотация

Халықтық тәрбие дәстүрлерін жетік білу Баласағұнша мінез- құлық ережелерін жүйелеуге жәрдемдесті. Ол тұлғаға табиғаттың ықпалы жайлы халық сенімін өз сенімі тақырыбы етіп алады және табиғатқа үйлесімділік қағидасын ұсынады. Осылайша ұлы ұстаз алыптан үйрене отыра халықты үйретті. Халыққа қызмет ету оның рухани қазынасын игерусіз мүмкін емес: халықтық - халық балаларына, автордың негізгі өсиеті осыдан тұрды. Халықтардың рухани өмірінің мәнді нышандарын жетік білуге сүйенетін халықтың қағидасы. Баласағүни педагогикасына ерекше тартымды күш берді. Сондықтан бұл қағида оның педагогикалық жүйесінің патриоттық өзегі болып табылады. Сол себептен осы тақырыптың өңірегінде мынадай мәселелер қозғалып отырады. Ияғни, тарихи шығармалар мен әдеби туындылар адам өміріндегі тек ғана құндылықты емес, сонымен қатар дамуындағы ерекшеліктерді де оның, мінез құлықы мен мәдениеттілігін де зерттей көрсетеді. Сол себептен осы мақаламда тек ғана әдеби туындыларға ғана емес, сонымен қатар ол туындылардың ғылыми бағыттылығына да сүйене айта кетуге болады.
Балапанның ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілетінін қазақ атам бекер айтпаған. Балам жаман өссін дейтін ата- ана жоқ. Дүниедегі бар сұлулық та, жүрек жылуы да ең алдымен, анадан тарайды. Бірақ бала бойында сонымен қатар ізгі ниет пен имандылықты дарытып, өсіп тәрбиелететін қызыл тіл- әдебиеттің де алатын орны аса зор.

Қазақстанның қазіргі тәуелсіздік кезеңіндегі тарихи дамуында қоғамның мәдени саласының маңызы ерекше күшейіп, салмағы арта түспек. «Өткенсіз болашақ жоқ» немесе «тарихтан тағылым» деген қағидаларға сүйенсек, қоғам өміріндегі барлық құбылыстардың себеп- салдарын өткен тарихтан іздеуіміз қажет. Осы тұрғыдан алғанда, мәдениетіміздің өткен тарихын жан-жақты сараламай, рухани өміріміздегі оң өзгерістер мен шешуін таппаған мәселелерді қарастыру мүмкін болмас еді. Кеңес дәуірінде қыспаққа ұшыраған төл мәдениетіміз неден ұтылып, нені жоғалтқанын тарихи тұрғыдан объективті түрде зерделеу қажет-ақ. Осы орайда, Француз тарихшысы Ж.Мишле атап көрсеткендей, «кімде кім, егер тек бүгінгіні ғана ұстанса, ол болашақты түсіне алмайды».

Баланың тілін дамытудың негізгі – көркем шығарманың мәтіні екеніне ерекше тоқталып өтуге болады.

Энциклопедистер шығармашылығын салыстырмалы педагогикалық талдау тәрбиенің бүкіл салаларындағы дерлік идеялардың ұқсастығын ашуға көмектеседі.

"Білік біліп - төрден орын аларсың,

Білік білсең - күшті, берік адамсың.

Біліксіз тіл, жүрек неге жарасын,

Жанды судай біліктен күш табасың.

Канша білсең, ізден тағы, тағы да,

Білікті адам жетер тілек, бағына".

Ж.Баласағұнидің ізімен немесе, одан төуелсіз ғылымнан не үздіксіз бәрін алу идеясын Махмұд Кашқари, Ахмет Үгенеки, Қожа Ахмет Яссауи, Имад ад-дин Әбул -Насыр Әл-Фараби, Реванди Хорезми, Сайф Сараи кайталайды. Ерекше езгешеліктері ғылым мен өнер, мәдени құндылықтар әрбір халықтың туған тілінде, халық оқымыстыларының, халыққа шын ықыласпен берілген білімпаз адамдардың күшімен жасалуы қажеттілігіне назар аудартулары болып табылады. Туған тілдің ролін түсінудегі пікірлестік олардың түркі халықтарының рухани сұраныстары мен тілектеріне жақындастырды. Мәселен, кезінде ел арасына кеңінен тарап, авторға ізгі атақ әкелген "Құтты білік" жайында зерттеушілер "Халықтың талғам-білігін аңғартатын толып жатқан арналардың біреуін ғана, яғни тілдің қоғамдық-әлеуметтік, әсіресе, эстетикалық орнын айқындайтын жәйіттерге назар аударсақ, қазақ жағдайында бірауыз сөзбен адам тағдырын шеше беретін дәстүрдің алғашқы бастауын көріп, өткенімізде каншама рухани байлық жатқанын аңғарамыз" - деген орынды пікір айтады. Қандай да бір ұлы педагог секілді ол энциклопедист-философ, психолог, тарихшы, лингвист, этнограф, фольклорист, әдебиеттанушы болатын. Түркі халықтарының рухани асыл қазынасы оның көз алдында болады, ғалым олардың мәдениетіндегі сабақтастық пен ортақтыққа қызықты. Адамдық жетілулердің мәні мен мазмұны жайлы түсінік тәрбиенің халықтық идеалдарының тұрақтылығынан куә етеді. Кемелденген тұлға сипаттары тек тілек-сөздер аумағында ғана мүмкін болған жоқ. Олар тәрбие тәжірибесі мен тығыз байланысты алға шықты, яғни сөз бен істің бірлігі халық педагогикасының ең күшті тұстарының бірі деп арнайы көрсетеді. Тәрбие мақсатын жүйеге келтіруге әрекеттенеді. Жақсы тілек, жақсы сөз, жақсы іс, автор көрсетуінде түркі халықтары үшін белгілі өсиет. Аса байқалатыны, олардың адамдық кемелдену зандылығын тәрбиелеу, өзін-өзі тәрбиелеу, кайта тәрбиелеумен өзара байланыста, бірлікте қарастыратындықтары. Жетілу түркілер ұғымында тұлғаның ұнамды және ұнамсыз сапаларының бірін-бірі жоққа шығаруы. Жағымды сипаттардың қалыптасуы бұл жерде, ең алдымен адамның жағымсыз сапаларға қарсы тұра алатын ішкі күштерін қолдау ретінде түсіндіріледі. Егер адамда ізгілікке қарсы тұратын белгілерді жеңетін күш жоқ болса, онда ұнамды сапалар жойылады, жоғалып кетеді.

Бұл құндылықтар мен олардың қарама-қарсылықгарының халықтық түсіндірмесі мыналар:

• біріншісі ақыл, оны ашулану, өшігу күңгірттендіреді;

• екіншісі - достық, оны күншілдік бұзады;

• үшіншісі - ұят, оны тойымсыздық, ашкөздік жояды;

төртіншісі - жақсы тәрбие; оған нашар орта әсер етуі

мүмкін;

• бесіншісі - бақыт, оны қызғаншақтық бүлдіреді.



Халықтық тәрбие дәстүрлерін жетік білу Баласағұнша мінез- құлық ережелерін жүйелеуге жәрдемдесті. Ол тұлғаға табиғаттың ықпалы жайлы халық сенімін өз сенімі тақырыбы етіп алады және табиғатқа үйлесімділік қағидасын ұсынады. Осылайша ұлы ұстаз алыптан үйрене отыра/ халықты үйретті. Халыққа қызмет ету оның рухани қазынасын игерусіз мүмкін емес: халықтық - халық балаларына, автордың негізгі өсиеті осыдан тұрды. Халықтардың рухани өмірінің мәнді нышандарын жетік білуге сүйенетін халықтық қағидасы. Баласағүни педагогикасына ерекше тартымды күш берді. Сондықтан бұл қағида оның педагогикалық жүйесінің патриоттық өзегі болып табылады. "Құтты біліктің ғылымға белгілі веналық, каирлық және намангандық нұсқалары бар. Тұлғалы туынды Батыстағы әлемге австриялық шығыстанушы фон Хаммер Пургшталь арқылы белгілі болады.

Рухани – адамгершілік адамдық тәртіп пен рухани дағдыны қалыптастыратын жүйе. Осы жүйе негізі – рухани – адамгершілік құндылықтар арқылы салауатты өмір сүру дағдысын қалыптастыруда ұрпақ санасына құндылықтар арқылы жол көрсеткен ғұламалар мен билер, жыраулар еңбектерінде, өмір сүруді өздерінше саралап көрсетеді.

Мәселен, Қазыбек би былай деп ой толғайды:

Өркенім өссін десең

Кекшіл болма,

Кесапаты тиер еліңе

Өршіл болма –

Өскеніңді өшірерсің

Бұл ұлы бидің айтқандары жалпы адамзаттық бірліктің негізі – адам өмір сүретін ортада қалыптасатын өмірлік құндылықтарды меңзейді. Сонымен қатар, ХҮ ғасырда өмір сүрген ғұлама ғалым Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы адамгершілікке тәрбиелеу әдіс-тәсілдеріне, ұлттық құндылықтың негізі ретінде тыйым сөздердің тәрбиелік мәнін аша отырып, “Қырық бірге жұғыспау”, “Жетіге тиіспеу”, “Он екіден айырылмау”, “Тазалықты сақтау” деген мағыналы ережелерді ұсынады.

Әрбір халықтың рухани азығының қайнар бұлағы оның халықтық ұлттық салт-дәстүрлері болып табылады. Тән азығы мен жан азығының тепе-теңдігін сақтап, әсіресе жан азығына басым көңіл бөлген халқымыз өміртануды діттеп, оның философиялық заңдылықтарын терең ұғынған. Жан азығынан мақұрым қалған адамның адамдық қасиеті жойылып,оның айуанға айналатынын ертеден ұғынған халқымыз жан азығын ең әуелі нәрестеге бесік жыры арқылы әуезді әуенмен беруден бастайды,одан соң жас балдырған жеке сөздерді ұғына бастағанда-ақ оған жақсы жаманды ажыратып түсіндіреді. Жас баланың нәресте, бөбек балдырған кезіндегі адам болып қалыптасуы 12-ге келгенде әдептілік негіздерін үйренеді, оның бойында тектік қасиеттер қалыптасады. Адам өмірінің алтын бесігі – мектептің есігін ашқан балдырған жарығы мол жаңаша өмірде адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір заңдылықтарын үйренеді.

Халық тәрбиені бала іште жатқан кезде бастайды. Ананың денсаулығына қарап, оған жағдай жасау қамқорлығы бала дүниеге келген соң бесік рәсімдерімен жалғасады. Баланы бесікке салу рәсімі көбінесе бөбек қырқынан шыққан соң, кіші-гірім той ретінде өтеді. Бесікке салу рәсіміне шақырылған ауылдас жол-жоралғыларын ала келеді. Баланы бесікке салу рәсімі ұрпақ өсірген үбірлі-шүбірлі анаға беріледі.

Абай – қазақтың ұлттық философиясының негізін салушы, жаратылыстың құпиясына, табиғат пен қоғамның, адам мен заманның сырына терең бойлаған ойшыл дана.

Бүкіл әлемнің өмір сүру заңдылығының бес тірегі бар екен, олар: Жоғары Тәңір, тірі жандар, табиғат (материалдық әлем), уақыт және іс-әрекет. Осы бес ақиқатты және олардың өзара байланыстарын дұрыс ұғына түсінген адам өмірдегі мақсатына жете алатын көрінеді.

Абайдың даналығы да сол, осы бесеуін саналықпен түсіне отырып “Отыз сегізінші” – қарасөзінде “Адам баласы жылап туады, кейін өледі. Екі ортада бұл дүниенің рахатының қайда екенін білмей, бірін-бірі аңдып, бір-біріне мақтанып, есіл өмірді ескерусіз, босқа жарамсыз қылықпен қор етіп өткізеді де, таусылған күнінде бір күндік өмірді бар малына сатып алуға таба алмайды” – дейді. Абайдың осы дүниедегі тіршілік пен өмірдің құндылығы мәңгілік өмірдің иесі Адам өмірі екенін айтқысы келгені болар. Абай шығармасындағы негізгі құндылықтар ұғымы: ар, намыс, ұят. Арманы – ақыл, жігер, білім, әділ, адал Адам. Адамдық қасиет тамыры – арын сақтау.

Негізгі ұғымы – рухани байлық – денсаулық. Ұраны – адам бол!

Парасаттылығы – ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.



Салауаттылығы – ізгілік (гуманистік), адамгершілік, имандылық.

“Отыз сегізінші” нақыл сөзінде – “атаңның баласы болма, адамның баласы бол”, өсиеті – талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақымдылық. Ескерететін жат қылығы – көрсеқызарлық, опасыздық, орынсыздық, мақтаншақтық, пасықтық, өсек. Х1Х ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасыр басындағы озық ойлы, көзі ашық ұлт зиялылары мен қазақ оқығандары өз қызметімен және зерттеу мақалаларымен қазақ халқының тарихы, әдебиетін зерттеп, жинауға және сол арқылы бай мұраларымызды кейінгі ұрпаққа жеткізуге көп үлестерін қосты. Ежелгі заманнан бергі жинақталған халқымыздың асыл мұрасы- ауыз әдебиетінен бастап, кеңестік дәуірде саяси қудалауға ұшырап, кейіннен ақталған барлық ақын-жазушылардың мұраларын жинау мен зерттеу ісінде, халыққа насихаттауда әдебиетші-ғалымдардың еңбектері зор. Сондай-ақ белгілі қайраткерлер мен танымал шығармашылық өкілдерінің өмірбаяны мен шығармашылық қызметін зерттеу ісіне маман тарихшылар да өз үлестерін қосуда. Қорыта айта әр туынды шығармалардың өз өзекті орны болады. Сол себептен бір шығарманы пайдалана отырып, оның түпкі түбіріне енбей қорытынды жасау өте қиын. Сол себептен әрбір туындының түбіне еніп, мән мағынансын тереңнен ашқан зор.
Каталог: uploads -> konspekt -> drygie-materiali -> statiya
statiya -> Сабақтың тақырыбы: «Қымыз» Этнолингвистикалық атаулар (7-сынып)
statiya -> Сабақтың мақсаты : а Сөйлем оның түрлері туралы түсінік бере отырып,оқушыларды сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру
statiya -> Темиргалиев Дидар Тулеуұлы технология және сызу пәнінің мұғалімі Май ауданы білім беру бөлімі «Қосымша білім беру мекемесі»
statiya -> В обществе возрастает потребность в людях, обладающих нестандартным мышлением, способным внести новое содержание в социальную, культурную, производственную сферы жизни, умеющих ставить и решать новые задачи
statiya -> Отбасылық спорттық жарыстарға қатысудағы ата-аналар белсенділігін арттыру жолдары
statiya -> Басқару қызметіндегі коммуникация
statiya -> Заманауи мектептегі технология сабағындағы электронды оқулықтарды қолдану
statiya -> Өнеге сағаты: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» Білімділік мақсаты
statiya -> Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру
statiya -> Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы Жай мұғалім хабарлайды


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет