Балалар айналасындағы әлем кел, балапан, жаттайық!



жүктеу 61.45 Kb.
Дата27.06.2018
өлшемі61.45 Kb.


Балалар айналасындағы әлем
КЕЛ, БАЛАПАН, ЖАТТАЙЫҚ!

Құрастырған қазақ тілі мен әдебиеті

пәні мұғалімі

Ибраева Қалдыбала Алдабергеновна

Астана қаласы №31мектеп-гимназия

Кірпі

-Кірпі,қайда үйің?

-Ағашты жерде үйім!

-Арқаңа не салған?

-Балаларға алмам!

Бөліп берем,теңдей,

Олар да титтей сендей!

Әжесі мен бағлан

-Жүрегім кім менің?

-Мен.

-Тірегім кім менің?



-Мен.

-Сәнім кім менің?

-Мен.

-Ботақаным,бағлан қозым,



-Не деген тәтті баласың өзің! (Қ. Ыдырысов)

Түлкі,түлкі,түлкішек

( халық ауыз әдебиетінен)

Түлкі,түлкі,түлкішек Ешкі сауып сүт берер,

Түнде қайда барасың? Лақ сойып ет берер.

Апам үйіне барамын. Оны қайда қоясың?

Апаң саған не берер? Тал түбіне қоямын.

Ит жеп кетсе қайтесің?

Бақан ала қуамын.

Жеткізбесе қайтесің?

Жылай-жылай қаламын.

Көктем келді

-Күн,сен неге күркірейсің?

-Көктем келді!

Көктем келді!

-Жаңбыр ,сен неге сіркірейсің?

Көктем келді!

Көктем келді!

-Бұлақ, сен неге сылдырайсың?

-Көктем келді!

Көктем келді!

Құлын, неге құлдырайсың?

-Көктем келді!

Көктем келді!

-Гүлдер,неге жайнайсыңдар?

-Көктем келді!

Көктем келді!

-Құстар, неге сайрайсыңдар?

-Көктем келді!

Көктем келді!

(Б.Серікбаев)



Мен боламын ғарышкер

--Қай баласың? -Мұсамын.

Қайда барасың? -Ұшамын.

-Не іздейсің,сен аспаннан? -Күнге жетсін құшағым. –Шырағым-ау,күйесің ғой –Қорқытпайды алыс жер, -Ата-анаңа көп қайғы үйесің ғой! -Мен боламын ғарышкер,

-Жұлдызарға жетемін,

-Атамды ала кетемін.



Бақа

-Бақа, бақа, балпақ -Темір телпек көп киіп,

Басың неге жалпақ? Басым содан жалпақ!


-Бақа, бақа, балпақ -Қарауылға көп қарап,

Көзің неге тостақ? Көзім содан тостақ!

Бақа, бақа, балпақ . –Көп отырдым ерініп,

Бұтың неге талтақ? Бұтым содан талтақ!



Бұлтқа

-Ақсың, сұрсың, қарасың -Жерге нөсер төгемін

Қайда қалқып барасың? Өссін гүлдер, көп егін!
-Гүл-гүл жайнап өсер көк,

Нөсерлетсең, нөсерлет!


Шортан
-Судан, аға, қорқам, -Шортан -жыртқыш балық,

Жұтып қояр шортан?! Емес сонша алып.

Айналайын, ботам,

Жұта алмайды шортан!



Бақыт деген не?

Құрылысшы: Халыққа жылы үй салу.

Отыншы: Үйлердің отын жағу.

Дәрігер: Халықтың денін сақтау.

Аспаз: Дәмді етіп тамақ дайындау.

Мұғалім: Балаға білім беру.

Ұшқыш: Ғарышты шарлап көру.

Жалқау: Тәтті ұйқы, дәмді тағам.

Біздер: Бақыт жоқ жалғыз саған.

Бұлт

-Бұлт-ау, көктен төнесің, Бу боп судан туғанмын!

Қайдан көшіп келесің, -Ақсың, сұрсың, қарасың,

-Мұхит үрлесе, желемін! Қалқы қайда барасың?

Жел үрлесе желемін! -Жерге нөсер төгемін,

-Қайдан қалай жаралдың, Өссін гүлдер, көп егін!

Қайдан қайтіп нәр алдың? -Гүл-гүл жайнап өсер көк,

-Теңіз, мұхит суданмын, Нөсерлетсең, нөсерлет?



Қайдан келдің бауырсақ?

Дастарқанға шашылып, Наубайға келдің қай жақтан?

Жатты аппақ бауырсақ. Диірменнен келдім ұн тартқан.

Бауырсаққа қызығып, Диірменге келдің қай жақтан?

Қарап тұрып көзін сап, Даладан келдім жан-жақтан.

-Қайдан келдің, бауырсақ?- Жер-анам менің көсілген,

Деп сұрады қуыршақ? Диқандар мені өсірген.

-Дүкеннен келдім нан сатқан,- Арғы тегім ақ бидай,

Деді оған бауырсақ. Тәттімін, жеп көр,

-Дүкенге келдің қай жақтан? Жесең өзің байқарсың

-Наубайдан келдім нан жапқан. Рақметіңді айтарсың.

Бал бала

-Бала, бала, балдайсың, -Бала, бала, балдайсың,

Бал жеміспен қандайсың? Балдан берсем, қандайсың?

-Бал жемістен ал деңіз. -Алыптардай толамын,

Бала, бала, балдайсың, Балпанақтай боламын!

Бауырсақпен қандайсың?

-Бауырсақтың майы көп,

Жеймін «нәйім, нәйім» деп.



Бір үйде біз нешеуміз?

Е.Елубаев

Бір үйде біз нешеуміз? Шылдыр шүмек - мен.

Кел, санайық екеуміз. Титтей бөбек - сен.

Бас бармағым – атам, Бір үйде біз нешеуміз?

Балаң үйрек - апам, Бір үйде біз бесеуміз.

Ортан терек - ағам,

Тіл сындыру

К.Сауғабаев


Тоғай барып қайтайық,

Тоқай жырын айтайық,

Айға барып қайтайық,

Абай жырын айтайық,

Елге барып қайтайық,

"Ер Төстікті" айтайық!


Бес көмекші

Бас бармағым қой бақсын, Шылдыр шүмек күй салсын,

Балаң үйрек ой бақсын, Кішкене бөбек ойнасын,

Ортан терек үй салсын, Ойынға бір тоймасын


Кір қуыршақ

Ж.Қашқынов



-Кір басқан қуыршақ

Қайтеді жуынсақ?

Айтқанды тыңдамай

Отырсың,


Бұл қалай?

Әй-әй, әй, кір бала-ай!

Әй-әй, әй, кір бала-ай!

Балалар

С.Сейфуллин


Міне, дала... Табандарын көк бояп.

Бір топ бала, Жұлып сасыр,

Жүгіреді айнала. Салады асыр,

Мінген таяқ, Аунап жерге көк -жасыл.

Жалаң аяқ,
Боз торғай

Міне, торғай

Үйін қорғай,

Жер бауырлап зырлайды.

Шырқап биік,

Күнге күйіп,

Қалмай, сайрап жырлайды.

Түйе, түйе, түйелер

Халық өлеңі

-Түйе, түйе, түйелер,

Тұзың қайда түйелер?

-Балқан таудың басында,

Балғын қоян қасында.

Еніп кеттім егіске,

Қойным толды жеміске,

Жемісім жерге төгілді

Жер жусанын берді.

Жусанын қойға бердім,

Қой қозысын берді.

Қозысын қонаққа сойдым,

Қонақ қамшысын берді.

Қамшысын қызға бердім,

Қыз түймесін берді.

Түймесін көлге бердім,

Көл көбігін берді.

Көбігін терекке бердім,

Терек қабығын берді.

Қабығын келіншекке бердім,

Келіншек орамалын берді.

Орамалын апама бердім,.

Апам асық берді,

Асығын мұзға бердім,

Мұз суын берді.

Суын қара сиырға бердім,

Қара сиыр сүтін берді,

Сүтін пісіріп отыр едім:

Көбелек келіп көлп етті,

Көбігін ішіп ол кетті.

Жапалақ келіп жалп етті,

Жартысын ішіп ол кетті.

Қарға келіп қаңқ етті,

Қалғанын ішіп ол кетті.

Сауысқан келіп саңқ етті,

Сарқып ішіп ол кетті.

Әтекем келіп еді,

Қаспағын қырып бердім.

Тікен - гүлін қорғайды

Ө.Тұрманжанов

Терек-бүрін қорғайды,

Тікен-гүлін қорғайды,

Ара-балын қорғайды,

Құлын қағын қорғайды,

Киік -лағын қорғайды,

Шағала -көлін қорғайды,

Шопан-төлін қорғайды,

Егінші жерін қорғайды,

Ер жігіт-елін қорғайды.
Кім нені сүйеді?
Кесіртке құмын сүйеді,

Тасбақа тыңын сүйеді,

Сұңқар шыңын сүйеді,

Тұлпар қырын сүйеді,

Байыз түнін сүйеді,

Құмырсқа күнін сүйеді,

Бал ара гүлін сүйеді,

Төрт түлік төлін сүйеді,

Бақа көлін сүйеді,

Боз торғай шөлін сүйеді,

Бұлдырық белін сүйеді,

Егінші жерін сүйеді,



Ер жігіт елін сүйеді.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет