«балалар әдебиетін зерттеу» АҚпарат сағаты



жүктеу 53.45 Kb.
Дата25.09.2017
өлшемі53.45 Kb.

«БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІН ЗЕРТТЕУ» АҚПАРАТ САҒАТЫ
Мақсаты: жас кітапханашыларға балалар әдебиетінің туу, қалыптасу, өркендеу жолдарымен, кезеңдерімен, қазақ балалар ақын-жазушыларының шығармалары жөнінде, қазақ балалар әдебиеті жанрларының даму сипатымен, балалар әдебиетінің өзіндік ерекшеліктерімен таныстыру, балалар әдебиеті жайлы түсінік беру. Балалар әдебиетінің тарихи қалыптасу, даму жолдарын меңгерту.
Балалар әдебиеті  қазақ әдебиетінің мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларға арналған бір саласы. Балалар әдебиеті әдебиеттің өз алдына жеке дара саласы болғандықтан, бұл саланың өзіне тән ерекшелігі, тілі мен өзіндік бағыт-бағдары бар. Яғни, балалар әдебиеті – қазақ әдебиетінің бір арнасы. Оның да өсу, өркендеу жолдары бар. Басында жалпы әдебиеттік мұралармен бірге дамып келсе, соңынан өз алдына дараланып, өз ерекшеліктерімен таныла бастады.

Ерекшелігі

1. Тақырыбында

2. Бала тіліне лайық көркемдігінде

3. Тәрбиелік-танымдығында

4. Балаға тән юмор қажет.

Баланың қажеттілігінен, сұранысынан, талабынан шығу үшін оларға тән қылық, мінез керек. Ол үшін көркем шығарма шынайы, табиғи сурттелуі керек. Тілі жеңіл, көркем, түсінікті, айқын әрі әсерлі болуы тиіс,.Онсыз баланы алдау мүмкін емес.



Негізгі мақсаттары: жас буынның сана-сезімін оятып, ақыл-ойын дамыту, оларды адамгершілікке, отансүйгіштікке, т.б. ізгі мұраттарға баулу.

Балалар әдебиеті тарихында XIX ғасырдың алғашқы оныншы жылдарынан бастап, балалардың оқуына лайықталып, іріктелген ең алдымен И. А. Крыловтың мысал өлеңдері болғаны айтылған. Өйткені И. А. Қрыловтың мысалдарында өмір шындығын терең бейнелеп, адам бойындағы жағымсыз қылықтарды көрсетеді. Олар ауызша айтуға да, жаттауға да жеңіл.

«Жарлы бай» мысалына тоқтала кетсек Мысалда мақсатсыз баю, дуниеқоңыздық психологиясы көркем көрініс тапқан. Бас кейіпкер жаман шал кедей кезінде өмірге ойлы көзбен қарайтын болса, баюдың жолына түскеннен бастап, өзіне де өзгеге де сыни көзқарасын жоғалтып, қомағайлана түседі. Жарлы кезінде егер мен бай болсам, байлықпен алыс-жақынды жарылқар ем дейтін шал енді оған қолы жеткен соң, мүлдем өзгереді. «Кедей бай боламын дейді, бай құдай боламын» дейді. Бұл жерде автор байлықтан басы айналған «жарлы байдың» адам қалпынан айрылып, өзгеше бір күйге түскенін ертегі-мысал арқылы бейнелеген. Міне осындай шынайы дүниелер балаларға жақын, оқуына оңай.

Крыловты қазақ тіліне аударғандар : Абай Крыловтан барлығы 13 мысал аударған. Абай Крылов мысалдарын аударып, орыс мысалшысының есімін қазақ халқына таныстырып қана қойған жоқ, надандық пен зорлық-зомбылыққа, адам мінезіндегі жат қылықтарға қарсы күресте қуатты құрал ретінде пайдаланған.

Балалар әдебиетінің қайнар көзі - ауыз әдебиетінде. Сондықтан балалар әдебиетін зерттегенде халық ауыз әдебиетін аттап өтуге болмайды. Өйткені халық ауыз әдебиеті – балалар әдебиетінің алтын қоры, алтын бесігі. 

Ауыз әдебиеті дегеніміз не? Ауыз әдебиеті шығармаларын шығарушы халық болғандықтан халық ауыз әдебиеті деп аталады. Оған не жатады?



  • тұрмыс-салт жырлары,  қиял – ғажайып ертегілер- табиғат сырларын білсек деген тілектен туған;

  • хайуанаттар туралы ертегілер-адам бойындағы келеңсіз қасиеттерді көрсету;

  • тұрмыс- салт ертегілері-еңбек, адалдық, қарапайым ертегілер;

  • мақал-мәтелдер, жұмбақтар, аңыз-әңгімелер, батырлық дастан мен лиро-эпостық жырлар, шешендік сөздер

Қазақ ауыз әдебиетінің үлкен саласы - тұрмыс-салт жырлары. Тұрмыс - салт жырларына: беташар, бата - тілек, бесік жыры, төрт түлік мал жайындағы жырлар, наурыз жыры т. б. жатады.

Бесік жыры баланы тыныштандырып, жұбатады екен.

Балаға жағымды әуенмен айтылады, әуен - сазсыз мәні де, сәні де болмайды.

  • («Бесік жыры» тыңдалады)

Оқу жасына дейінгі балалар, бастауыш мектеп оқушылары әсіресе ертегілерді тыңдауды өте жақсы көреді. Ертегілердегі ғажайып оқиғалар, қызықты тартыстар мен адуын егестер, тапқырлық пен айлакерліктер, зұлымдық әрекеттерге қарсы күрескен қажырлы адамдардың қиян-кескі батырлық істері оларды таң-тамаша етеді. Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны iледi  дейді халық даналығы. Ал бірегей ғалым Альберт Эйнштейн былай деген: «Егер балаңыз ақылды болсын десеңіз, оған ертегі оқып беріңіз. Егер балаңыз асқан ақылды болсын десеңіз, одан да көп ертегі оқып беріңіз».

Бүгінгі балалар әдебиеті өрісі биік, өресі кең, жанры алуан, мәдениеті үлкен әдебиет.



Жанрлары

Балалар әдебиетінің алғашқы жазба үлгілерін XIX ғасырда қазақ даласының танымал ағартушысы, қазақ халқының бірінші педагогы, балалар әдебиетінің атасы және оның негізін салушы Ыбырай Алтынсарин жасады. Ол балаларды өнер-білімге тәрбиелейтін, еңбекке баулитын, этникалық, эстетикалық тәрбие беретін өлеңдер мен әңгімелер жазды, онда жастарды оқуға, талаптанып талпынуға, білім алуға шақырды:



Бір құдайға сиынып,
Кел, балалар, оқылық ,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық..

Қазақ балалар әдебиетінің негізін салушылар Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Спандияр Көбеев, Өтебай Тұрманжанов, Ахмет Байтұрсынов тағы басқа халықтық шығармалардың дәстүрлерін пайдалана отырып, балаларға арнап өлең жырлар жазған. Олардың шығармалары бала тәрбиелеудегі ізгі мақсаттарды дұрыс түсініп, балалардың тілін ширатып, ойын дамытады, еңбекке, отанды сүюге, оны қорғауға тәрбиелейді. Сондай-ақ олардың өлеңдері балалардың ұғымына оңай, қысқа, тұжырымды, тілге жеңіл жазылған. Мысалы, М.Әлімбаевтың «Күз» өлеңін оқып көрсек,

Сарғайды тоғай,
Сап-сары маңай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.
Айнала жым-жырт,
Көк аспан сұрғылт.
Жер жыртқан тыңда
Трактор қырда.

Міне, өлеңдердің бірі Отанды сүйіп, патриот болуға баулыса, бірі үлкен мен кішіні құрметтеуге шақырады...

  • (экраннан видео көрсетіледі)

Қазақ балалар әдебиетін бірнеше кезеңге бөліп қарастыруға болады:

1) Қазақ кеңес балалар әдебиетінің даму кезеңі;

2) Ұлы Отан соғысы кезіндегі балалар әдебиеті;

3) Соғыстан кейінгі жылдардағы балалар әдебиеті;

4) Қазіргі кездегі балалар әдебиеті.

Ұлы Қазан революциясының алғашқы күндерінен бастап-ақ Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Шолпан Иманбаева, Өтебай Тұрманжановтар халықтық шығармалардың дәстүрін пайдалана отырып, үлкендермен қатар балаларға да түрлі ұлттық , мазмұны жаңа шығармалар жазып бере бастады. Бұл жазушылар қазақ кеңес балалар әдебиетінің ірге тасын қалап, негізін тұрғызушылар болды.

Ұлы Отан соғысы кезіндегі балалар әдебиеті:

  • Ж.Жабаев “Ленинградтық өрендерім” «Москваға», «Алынбас қамал»

  • Ғ.Мүсірепов «Қазақ солдаты» романы

  • С.Бақбергеновтің «Талғат» повесі

  • Қасым Қайсеновтың «Жау тылындағы бала»

  • М. Хакімжанованың «Мәншүк»

  • (экраннан виртуалды викторина өткізіледі)


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет