Балалар қҰҚЫҒы туралы бұҰ конвенциясы



жүктеу 493.17 Kb.
бет1/3
Дата26.11.2018
өлшемі493.17 Kb.
  1   2   3

БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫ ТУРАЛЫ БҰҰ КОНВЕНЦИЯСЫ

(қысқаша баяндама)

1. Бала деген кім? 18 жасқа толмаған жеткіншек бала деп саналады. Ал кейбір жағдайда жергілікті ұлттық заңдар бойынша кәмелеттік жас одан ерте көрсетілуі мүмкін.

2. Дискриминацияның болмауы. Барлық құқық барлық балаға бірдей тарайды. Мемлекет баланы зорлық-зомбылықтың барлық түрінен қорғауға және оның құқығын қорғау үшін тиісті шараларды қолдануға міндетті.

3. Балалардың мүддесін қамтамасыз ету. Балаға қатысты жасалатын барлық іс-әрекет оның мүддесін толық көлемде ескеруі қажет.

4. Құқықты іске асыру. Мемлекет осы Конвенцияда көрсетілген құқықтарды жүзеге асыру үшін қолдан келгеннің барлығын жасау керек.

5. Ата-ана, отбасы, қоғам міндеті мен құқығы. Мемлекет баланы жан-жақты дамып келе жатқан қабілетін ескере отырып, оның тәрбиесі жолында ата-аналар кеңейген отбасылардың құқығы мен жауапкершілігін құрметтеуі тиіс.

6. Өмір сүру және даму. Әрбір бала өмір сүруге құқұғына ие, және Мемлекет оның өсуі мен дамуын қамтамасыз етуге міндетті.

7. Есім мен азаматтық. Бала дүниеге келген соң өзіне есім алуға құқылы. Бала срндай-ақ азаматтық алуға, және мүмкіндігі барынша, өз ата-анасын танып білуге, олар тарапынан қамқорлық көруге құқылы.

8. Жеке тұлғалықты сақтау. Егер баланы заңсыз түрде жеке тұлғасынан айырса, Мемлекет баланы өзіндік қайталанбас тұлғалығын сақтауға, тіпті керек болған жағдайда оның негізгі қасиеттерін қайтадан қалпына келтіруне міндетті.

9. Ата-анадан ажырау. Бала өз мүддесіне қарама-қайшы келетін жағдайда ғана болмаса, ата-анасымен бірге тұруға құқылы.

10. Отбасының қосылуы. Бала мен ата-ана отбасын біріктіру немесе өзара қарым-қатынастарын нығайту мақсатында кез келген елден шығып өз еліне келуге құқылы.

11. Заңсыз орын алмастыру және оралмау. Мемлекет ата-ананың немесе үшінші бір жақтың баланы шет елде заңсыз ұстап тұруына болмаса ұрлауына жол бермеуге және бұл жағдайда тиісті шаралар қолдануға міндетті.

12. Баланың көзқарасы. Бала өз ойын, пікірін еркін жеткізуге құқылы және балаға қатысты мәселелерді шешу барысында бұл пікірлерге тиісті назар аударылуы лазым.

13. Пікір айту еркіндігі. Бала қандай шекара болмасын өз ойларын ашық жеткізуге, ақпарат алуға, сондай-ақ ақпараттарды, идеяларды беруге, таратуға құқылы. 

14. Ой, ар-намыс және дін бостандығы. Ата-ананың балаға тиісті деңгейде жетекшілік етуі барысында мемлекет сол баланың ой еркіндігін, ар-ұяты мен дінін құрметтуге міндетті.

15. Ассоциация бостандығы. Бала басқа дамдармен кездесуге және ассоциацияларға кіруге, болмаса оны құруға құқылы.

16. Жеке өмір сүру құқығын сақтау. Балалар өздерінің жеке, жанұялық және отбасылық өміріне қол сұғушылардын, сондай-ақ өзара хат алмасуларына кедергі болушылардан, арандатушылардан қорғау құқығына ие.

17. Тиісті ақпараттарды алу құқығы. Мемлекет балаларға ақпарат алуға және әр-түрлі ақпарат көздерінің мәліметтерімен танысуға жағдай жасауға міндетті.

18. Ата-ананың жауапкершілігі. Ата-ана бала тәрбиелеудің негізгі жауапкершілігін бірге тартады. Ал мемлекет бұл істе оларды барынша қолдап-қуаттауы керек.

19. Асыра пайдаланушылық пен жаны ашымаушылықтан сақтау. Мемлекет баланы ата-анасының немесе қамқор болу жауапкершілігін мойнына алған басқа да тұлғалар тарапынан жасалған қысым көрсетушіліктің, зорлық-зомбылықтың барлық түрінен қорғауға міндетті.

20. Отбасынан айырылған баланы қорғау. Мемлекет жанұялы ортадан айырылған балаға әлеуметтік қорғау көрсетуге міндетті.

21. Асырап алу. Баланы асырап алуға рұқсат етілген мемлекеттерде асырап алу әрекеттері тек баланың мүддесі үшін ғана жасалуы тиіс.

22. Босқын балалар. Босқын балалар, немесе босқын мәртебесін алуға ұмтылған балалар ерекше қорғауға алынуы тиіс. 

23. Мүгедек балалар. Мүгедек бала еркіндігі, әлеуметтік интеграцияны қамтамасыз ететін ортада толыққанды және лайықты өмір сүруіне көмектесетін ерекше күтім, білім және қадетті дайындық алуға құқылы.

24. Денсаулық сақтау.Бала нақты түрде қамтмасыз етілген, ең жоғарғы стандрттарға сай медициналық көмек алуға құқылы.  

25. Қамқорлыққа алу жағдайында тұрақты тексеру. Арнайы күтім, қорғау немесе емдеу көрсету мақсатында мемлекет арқылы қамқорлыққа берілген бала, мемлекет тарапынан сол қамқорлықтың тұрақты тексеріліп тұруына құқылы.

26. Әлеуметтік қамтамасыз ету. Сен әлеуметтік сақтандырумен қоса әлеуметтік қамтамасыз етудің басқа игіліктерін пайдалануға құқылысын.

27. Өмір деңгейі. Әрбір бала өзінің денелік, ойлық, рухани және сондай-ақ адамгершілік пен әлеуметтік дамуына лайықты өмір деңгейіне мүдделі және құқылы.

28. Білім алу. Бала міндетті түрде алғашқы тегін білім алуға құқылы.

29. Білім алудың мақсаты. Білім алу тұлғалық, дарындық, саналық және шымырлық қабілеттің барынша дамуына бағытталуы керек. Білім, баланы азат қоғамдағы ересек әрі белсенді өмірге дайындауы керек.

30. Сен өз мәдениетінді және туған тілінді пайдалануға құқылысыз.

31. Демалыс, бос уақыт және мәдени өмір. Сіз бос уақыт пен демалуға және ойын-сауық пен мәдени ойындарға қатысуға құқылысыз.

32. Экономикалық қанау. Сіз қауіпті еңбек түрі мен қанаудан қорғануға құқылысыз.

33. Есірткі заттарды заңсыз қолдану. Балалар есірткі және «психотропты» заттарды заңсыз қолданудан, сондай-ақ осындай заттарды өндіру мен сату жұмыстарына тартылудан қорғану құқығына ие.  

34. Сексуалды қанау. Мемлекет баланы жезөкшеліктен және сексуалды қанау мен зорлаудан қорғауы тиіс.

35.Балаларды ұрлау мен сату. Мемлекет балаларды ұрлау мен сатудан қорғау қажет.  

36. Қанаудың басқа түрлері. Сіз қанаудың барлық түрінен қорғануға құқылысыз.

37. Азаптау, өлім жазасы, бас бостандығынан айыру. Сіз қинау мен қорлауға душар болмауға құқылысыз. Сізді уақытша қамауға алса, сіз ол жерде ересек адаммен бірге болуыңыз ұқажет, сізді ешқашан өлім жазасына және өмір бақи бас бостандығыңыздан айыра алмайды. Сіз отбасыңызбен байланысуға құқылысыз.

38. Қарулы қақтығыстар. 15 жасқа толмаған кез келген бала қарулы күштер қатарына қызметке шақырылмауы керек. 

39. Қайта қалпына келтіру жолындағы күтім. Егер де сіз қандай да бір жанжалдың құрбаны болсаңыз, сіздің денсаулығыңызды қайта қалпына келтіру үшін қажетті емдік шаралармен қаматамасыз етуі керек. 

40. Кәмелетке толмаған заңбұзушыларға қатысты сот үкімін қолдану. Заң бұзған бала өзінің ар-намысын, тұлғалығын оятатын және оны дамытатын лайықты ілтипат алуға құқылы.

41. Конвенцияны тарату. Сіз өз құқығыңыз туралы ақпарат алуға құқылысыз, бұл процесске мемлекет қатысуы қажет.  

2 Қосымша

ШАҒЫН СӨЗДІК

АДАМ ҚҰҚЫҒЫ – азаматтың құқықтық статусын сипаттайтын ережелер жиынтығы;

БОСТАНДЫҚ – заң шектеу қоймаған нәрсеге шектеу қойылмаған жағдай (қылық, қызмет).

ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ – төмендегі негізгі белгілерді анықтайтын, демократиялық мемлекет:

- заңның үстінен қарау (жалпы, ешқандай шектеулісіз барлығының заң алдындағы міндеті);

-      Заңнамалы, атқарушы және сот үкіметіне өкіметтің бөлінуі.

-      Заң және тәртіп қызметін атқаратын мықты тәуелсіз сот үкіметі

-      ҚҰҚЫҚ МҮМКІНШІЛІГІ – құқық және міндет мүмкіншіліктері.  Азаматтық құқық мүмкіншілігі азамат туғаннан бастап өмірден қайтқан уақытына дейінгі міндеті.

КОНСТИТУЦИЯ - ( лат. тілінен Constitutions – құрылғы, құру) – мемлекеттің негізгі заңы.  Қазақстан Республикасының конституциясы 1995 жылы 30 тамызда республикалық форумында қабылданды, сол жылдың 5 қыркүйегінде күшіне енді.

Міндет – дегеніміз осы міндетті алып жүрушінің заңмен анықталған шарасы. Міндет деген басқалардың да құқығын сыйлау деген сөз.

БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ

КОНВЕНЦИЯ

1989 жылғы 20 қарашада

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас

Ассамблеясы қабылдады

НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРДЫҢ БИРЕСМИ ТҮРДЕГІ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

Kіріспеде Біріккен Ұлттар Ұйымының негізгі принциптері және адам құқығына



байланысты кейбір пактілермен декларациялардың негізгі қағидалары атап өтіледі. Онда балалар өздерінің табиғи нәзіктігіне байланысты ерекше қамқорлық пен қорғауды қажет ететіндігі, әсіресе басты қамқорлық пен жауапкершілік от басы иелеріне жүктелетіндігі расталады. Сондай-ақ онда баланы туылғанға дейін және туылғаннан кейін құқықтық және басқалай қорғау қажеттігі, оның туған халқының мәдени құндылықтарын құрметтеу маңыздылығы және бала құқығын қорғау жолында халықаралық ынтымақтастықтың ролі мақұлданады.

Кіріспе


Осы Конвенцияға қатысушы мемлекеттер, Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында жария етілген қағидаттарға сәйкес қоғамның барлық мүшелеріне тән қадір-қасиетін, теңдей және ажырамас құқықтарын тану жер бетінде бостандықты, әділдікті және бейбітшілікті қамтамасыз етудің негізі болып табылады деп есептей отырып, Біріккен Ұлттардың халықтары Жарғыда өздерінің адамның негізгі құқықтарына, жеке адам баласының қадір-қасиеті мен

құндылығына деген сенімін қуаттағанын және кең ауқымды бостандықта әлеуметтік прогреске және өмір сүру жағдайларын жақсартуға жәрдемдесуге бекем бел буғанын назарға ала отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымы Жалпыға бірдей адам құқығы декларациясында1 және Адам құқықтары туралы халықаралық пактілерде2 жария еткен құқықтар мен бостандықтардың бәріне

және әрбір адамның нәсілі, түр-түсі, жынысы, тілі, діні, саяси немесе өзге де сенім-нанымдары, ұлттық немесе әлеуметтік шығу тегі, мүліктік жағдайы, туылуы сияқты белгілері немесе өзге де жағдайлары бойынша қандай да бір айырмасыз ие болуға тиіс екендігіне келіскендігін тани отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымының Жалпыға бірдей адам құқықтары декларациясында балалардың ерекше қамқорлық пен көмекке құқылы екендігін жариялағанын еске ала отырып, отбасына қоғамның негізгі ұясы ретінде және оның барлық

мүшелерінің, әсіресе балалардың өсіп-жетілуінің және игілігінің табиғи ортасы ретінде, қоғам шеңберінде өз міндеттерін мойнына толық ала алатындай қажетті қорғау және жәрдем көрсетілуі тиіс екендігіне кәміл сене отырып, баланың жеке басы толық және үйлесімді дамуы үшін оның отбасы аясында, бақыт, махаббат және түсінушілік ахуалында өсуі қажет екендігін тани отырып, бала қоғамда өздігінше өмір сүруге толық дайын болуға және Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында жария етілген идеалдардың, әсіресе, бейбітшілік, қадір-қасиет, төзімділік, еркіндік, теңдік және ынтымақтастық рухында тәрбиеленуге тиіс

деп санай отырып, баланы осындай ерекше қорғауға деген қажеттіліктің 1924 жылғы Бала құқықтарының Женева декларациясында3 және 1959 жылғы

20 қарашадағы Бас Ассамблея қабылдаған Бала құқықтары декларациясында қамтылғанын және оның Жалпыға бірдей адам құқықтарының декларациясында, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактте (атап айтқанда, 23 және 24-баптарда)2, Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарытуралы халықаралық пактте (атап айтқанда, 10-бапта)2, сондай-ақ

балалардың игілігі мәселесімен айналысушы мамандандырылған мекемелер мен халықаралық ұйымдардың жарғыларында және тиісті құжаттарында танылғанын назарға ала отырып, Бала құқықтарының декларациясында «бала туылғанға дейін, сондай- ақ туылған соң да тиісті құқықтық қорғауды қоса алғанда, оның тәні мен ақыл-есінің жетілмегендігіне байланысты арнайы қорғау мен қамқорлықты қажет етеді» деп көрсетілгенін назарға ала отырып, балаларды қорғауға және олардың игілігіне қатысты, әсіресе балаларды ұлттық және халықаралық деңгейлерде тәрбиелеуге және асырап алуға беру кезінде, Әлеуметтік және құқықтық қағидаттар туралы декларацияның ережелеріне5, Біріккен Ұлттар Ұйымының жасы кәмелетке толмағандарға қатысты әділ сот

жүргізу жөніндегі («Пекин ережелері»6) Минимальды қалыптық ережелеріне және Төтенше жағдайлар мен қарулы жанжалдар кезінде әйелдер мен балаларды қорғау туралы декларацияның ережелеріне сілтеме жасай отырып,

дүниежүзінің барлық елдерінде аса ауыр жағдайларда өмір сүріп жатқан балалар бар екенін және мұндай балалар ерекше көңіл бөлуді қажет ететіндігін мойындай отырып, баланы қорғау және оның үйлесімді дамуы үшін әрбір халықтың дәстүрлері мен мәдени құндылықтарының маңыздылығын тиісті

түрде ескере отырып, әрбір елде, атап айтқанда, дамушы елдерде балалардың өмір сүру жағдайын жақсарту үшін халықаралық ынтымақтастықтың

маңыздылығын тани отырып, төмендегілер туралы келісті:

І БӨЛІМ


1-бап

Осы Конвенцияның мақсаттары үшін әрбір адам баласы 18 жасқа толғанға дейін, егер осы балаға қолданылатын заң бойынша ол кәмелеттік жасқа бұрынырақ толып қоймаса, бала болып саналады.

2-бап

1. Қатысушы мемлекеттер өздерінің юрисдикциясы шектерінде тұратын әрбір баланың осы Конвенциямен көзделген, оның ата-анасының немесе қамқоршысының қандай да бір кемсітушіліксіз нәсіліне, түр-түсіне, жынысына, тіліне, дініне, саяси немесе өзге де сенім-нанымдарына, ұлттық, этникалық немесе әлеуметтік шығу тегіне, мүліктік жағдайына, баланың денсаулығының



және туылуының жай-күйіне немесе өзге де жағдайларына қарамастан, барлық құқықтарын құрметтейді және қамтамасыз етеді.

2. Қатысушы мемлекеттер баланы кемсітушіліктің немесе баланың, оның ата-анасының, заңды қамқоршыларының немесе отбасының өзге де мүшелерінің мәртебесінің, қызметінің, көзқарасының немесе сенім-нанымдарының негізінде

жазалаудың барлық нысандарынан қорғауды қамтамасыз ету үшін қажетті шаралардың бәрін қабылдайды.

3-бап


1. Балаларға қатысты қолданылатын іс-әрекеттердің, оларды әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерімен айналысатын мемлекеттік немесе жеке мекемелердің, соттардың, әкімшілік немесе заң шығарушы органдардың қабылдағанына қарамастан, бәрінде де ең бірінші кезекте баланың мүдделерін

барынша толық қамтамасыз етуге көңіл бөлінеді.

2. Қатысушы мемлекеттер заң бойынша бала үшін жауапкершілікті мойнына алған оның ата-анасының, қамқоршыларының немесе басқа да адамдардың құқықтары мен міндеттерін назарға ала отырып, баланың игілігі үшін қажетті қорғау мен қамқорлықты қамтамасыз етуге міндеттенеді және осы мақсатпен барлық тиісті заң шығару және әкімшілік шараларын қабылдайды.

3. Қатысушы мемлекеттер балалардың қамқорлығына немесе оларды қорғауға жауапты мекемелердің, қызмет көрсетуші орындар мен органдардың құзыретті органдар белгілеген нормаларға, атап айтқанда қауіпсіздік пен денсаулық

сақтау саласында және олардың персоналының саны мен жарамдылығы, сондай-ақ құзыретті қадағалау тұрғысынан да сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

БАЛА СИПАТТАМАСЫ

18 жасқа толмаған жеткіншек бала деп саналады. Ал кейбір жағдайда жергілікті ұлттық заңдар бойынша кәмелеттік жас одан ерте көрсетілуі мүмкін.

ДИСКРИМИНАЦИЯНЫ, ЯҒНИ ЗОРЛЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ

БОЛДЫРМАУ

Барлық құқық барлық балаға бірдей тарайды. Мемлекет баланы зорлық-зомбылықтың барлық түрінен қорғауға және оның құқығын қорғау үшін тиісті

шараларды қолдануға міндетті.

БАЛА ҚҰҚЫҒЫН АНАҒҰРЛЫМ ТОЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Балаға қатысты жасалатын барлық іс-әрекет оның мүддесін толық көлемде ескеруі қажет. Егер ата-ана, немесе басқа тұлғалар балаға керекті қамқорлықты көрсете алмаса, онда бұл жауапкершілікті мемлекет өз мойнына алуы тиіс.

4-бап

Қатысушы мемлекеттер осы Конвенцияда танылған құқықтарды жүзеге асыру үшін барлық қажетті заң шығарушы, әкімшілік және басқа да шараларды қабылдайды. Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарға қатысты қатысушы мемлекеттер мұндай шараларды мүмкіндігінше өздерінде қолда бар ресурстарды пайдалана отырып, қажет болған жағдайда, халықаралық



ынтымақтастық шеңберінде қабылдайды.

5-бап


Қатысушы мемлекеттер ата-аналардың және тиісті жағдайларда кеңейтілген отбасы немесе қауымдастық мүшелерінің, жергілікті салт-дәстүрімен көзделгендей, қамқоршылардың немесе баланың дамып келе жатқан қабілеттеріне сәйкес және осы Конвенциямен танылған құқықтарды жүзеге асыруда балаға тиісті түрде басшылық жасап және жетекшілік ететін, бала үшін заң бойынша жауапты басқа да адамдардың жауапкершілігін, құқықтары мен

міндеттерін құрметтейді.

6-бап

1. Қатысушы мемлекеттер әрбір баланың өмір сүруге деген ажырамас құқығы бар екенін таниды.



2. Қатысушы мемлекеттер барынша мүмкін дәрежеде баланың тірі қалуын және денсаулығының мықты болып өсуін қамтамасыз етеді.

7-бап


1. Бала туылған бетте тіркеуге алынады және туылған сәттен бастап оның есімі қойылып, азаматтық алуға құқығы бар, сондай-ақ мүмкіндігінше өзінің ата-аналарын білуге және олардың қамқорлығына ие болуға құқылы.

2. Қатысушы мемлекеттер өздерінің ұлттық заңнамасына сәйкес осы құқықтардың жүзеге асуын және осы саладағы тиісті халықаралық құжаттарға сәйкес, атап айтқанда, егер өзгеше түрде баланың азаматтығы болмаған жағдайда, өздерінің міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етеді.

8-бап

1. Қатысушы мемлекеттер заңмен көзделгеніндей, баланың жеке басының даралығын, бұған азаматтығын, есімін және отбасылық байланыстарын сақтау құқығын қоса алғанда, оған заңсыз араласуға жол бермей, құрметтеуге міндеттенеді.



2. Егер бала заңсыз түрде өзінің жеке басының даралығының бір бөлігінен немесе барлық элементтерінен айырылса, қатысушы мемлекеттер оған оның жеке басының даралығын тез арада қалпына келтіру үшін қажетті көмек пен қорғауды қамтамасыз етеді.

ҚҰҚЫҚТЫ ІСКЕ АСЫРУ

Мемлекет осы Конвенцияда көрсетілген құқықтарды жүзеге асыру үшін қолдан келгеннің барлығын жасауы керек.

ОТ БАСЫНДАҒЫ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ БАЛА ҚАБІЛЕТІНІҢ ДАМУЫ.

Мемлекет баланың жан-жақты дамып келе жатқан жатқан қабілетін ескере отырып, оның тәрбиесі жолында ата аналар мен кеңейген от басылардың құқығы мен жауапкершілігін құрметтеуі тиіс.

ӨСУ МЕН ДАМУ

Әрбір бала өмір сүру құқығына ие және мемлекет оның өсуімен дамуын қамтамасыз етуге міндетті.

ЕСІМ МЕН АЗАМАТТЫҚ

Бала дүниеге келген соң өзіне есім алуға құқылы. Бала сондай-ақ азаматтық алуға, және мүмкіндігі барынша, өз ата-анасын танып білуге, олар тарапынан қамқорлық көруге құқылы.

ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛЫҚТЫ САҚТАУ

Мемлекет баланың өзіндік қайталанбас тұлғалылығын сақтауға, тіпті керек болған жағдайда оның негізгі қасиеттерін қайтадан қалпына келтіруге міндетті. Ал негізгі қасиеттердің қатарына есім, азаматтық және отбасылық қарым-қатынас жатады.

9-бап


1. Қатысушы мемлекеттер сот шешіміне сәйкес құзыретті органдар қолданыстағы заңға және рәсімдерге сәйкес баланың ең қажетті мүдделері үшін оны ата-анасынан айыру қажет екендігін анықтаған жағдайларды қоспағанда, баланың өзінің ата-анасымен өздерінің тілегіне қарсы айырылыспауын

қамтамасыз етеді. Мұндай анықтама сол немесе өзге бір нақты жағдайда, мысалы, ата-анасы балаға мейрімсіздік танытқан немесе оған қамқорлық жасамаған, не болмаса ата-анасы бөлек тұрып жатқан және баланың тұрып жатқан жеріне қатысты шешім қабылдау қажет болғанда керек болуы мүмкін.

2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес кез келген іс қарау барысында мүдделі тараптардың бәріне іс қарауға қатысу мүмкіндігі және өз көзқарастарын білдіруге мүмкіндік беріледі.

3. Қатысушы мемлекеттер ата-анасының біреуімен немесе екеуінен де айырылысқан баланың құқығын құрметтейді, тұрақты негізде оның ата-анасының екеуімен де жеке қарым-қатынастарын және тікелей байланыстарын, бұл баланың ең бір қажетті мүдделеріне қайшы келетін жағдайларды қоспағанда,қолдайды.

4. Бұлай айыру қатысушы мемлекет қабылдаған қандай да бір шешімнен туындайтын жағдайларда, мысалы, қамауға алынған, түрмеге жабылған, жер аударылған, депортацияланған немесе ата-анасының біреуінің не болмаса екеуінің де не баланың қайтыс болған кезінде (бұған осы адамның мемлекет

қарауында болған кезіндегі кез келген себептен болған өлімді қоса алғанда) болғанда, мұндай қатысушы мемлекет ата-анаға, балаға немесе, егер қажет болса, отбасының басқа да мүшесіне олардың өтініші бойынша отбасы мүшесінің/мүшелерінің қай жерде жүргеніне қатысты қажетті ақпаратты, егер мұндай ақпарат беру баланың әл-ауқатына нұқсан келтірмейтін болса,

беретін болады. Қатысушы мемлекеттер бұдан әрі осындай өтініштің өзі тиісті тұлға/тұлғаларға қатысты жағымсыз салдарларға әкеп соқпауын қамтамасыз етеді.

10-бап


1. Қатысушы мемлекеттердің 9-баптың 1-тармағы бойынша міндеттемелеріне сәйкес отбасымен қосылу мақсатында баланың немесе оның ата-анасының қатысушы мемлекетке келуі немесе одан кетуі туралы өтініштерін қатысушы

мемлекеттер оң сипатта, адамгершілік тұрғыда және жедел түрде қарауға тиіс. Қатысушы мемлекеттер бұдан әрі осындай өтініш берудің өтініш берушілер мен олардың отбасы мүшелері үшін жағымсыз салдарларға әкеп соқпауын қамтамасыз етеді.

2. Ерекше бір жағдайларды қоспағанда, ата-анасы әртүрлі мемлекеттерде өмір сүріп жатқан бала тұрақты негізде ата-анасының екеуімен де жеке қарым-қатынастар және тікелей байланыстар орнатуға құқылы. Осы мақсатта және 9-баптың 2- тармағы бойынша қатысушы мемлекеттердің міндеттемелеріне

сәйкес қатысушы мемлекеттер баланың және оның ата-анасының кез келген елден қоныс аударуы, бұған өз елін қоса алғанда, және өз еліне қайта оралу құқығын құрметтейді. Кез келген елден қоныс аудару құқығына қатысты тек қана заңмен белгіленген және мемлекеттік қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті (ordre publiс), халықтың денсаулығын немесе рухани ізгілігін не болмаса басқа да адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін қажет және осы Конвенциямен танылған басқа да құқықтармен қатар қолданылатын әрі сәйкес келетін шектеулер ғана қолданыста болады.

АТА АТА-АНАДАН АЖЫРАУ

Бала өз мүддесіне қарама-қайшы келетін жағдайда ғана болмаса, ата-анасымен бірге тұруға құқылы. Сондай-ақ бала ата-анасының екеуінен, немесе біреуінен ажыраған жағдайда олармен байланыс жасап тұруға құқылы.

ОТ БАСЫНЫҢ ҚОСЫЛУЫ

Бала мен ата-ана от басын біріктіру немесе өзара қарым-қатынастарын нығайту мақсатында кез келген елден шығып өз еліне келуге құқылы.

11-бап

1. Қатысушы мемлекеттер балалардың шетелге заңсыз жөнелтілуіне және қайтарылмауына қарсы күрес үшін шаралар қабылдайды.



2. Осы мақсатта қатысушы мемлекеттер екі жақты немесе көп жақты келісімдердің жасалуына немесе қолданыстағы келісімдерге қосылуға жәрдемдеседі.

12-бап


1. Қатысушы мемлекеттер өз ой-пікірін жеткізуге қабілетті балаға оған қатысты барлық мәселелер бойынша осы ой-пікірлерді еркін білдіру құқығын қамтамасыз етеді, бұл ретте баланың жасына және өсіп-жетілуіне сәйкес баланың ой-пікіріне тиісті түрде назар аударылады.

2. Осы мақсатпен, атап айтқанда, балаға қатысты кез келген сот немесе әкімшілік іс қарау барысында не тікелей өзі не болмаса өкілі немесе тиісті орган арқылы ұлттық заңнаманың процессуалдық нормаларымен көзделген тәртіпте оны тыңдау мүмкіндігі беріледі.

13-бап

1. Бала өз пікірін еркін білдіруге құқылы; бұл құқыққа шекараларға қарамастан ауызша, жазбаша немесе басылым нысанында, көркемөнер шығармасы нысанында не болмаса баланың өз таңдауы бойынша басқа да құралдардың көмегімен әр түрлі ақпарат пен идеяларды іздеу, алу және беру еркіндігі кіреді.



2. Осы құқықты жүзеге асыру кейбір шектеулерге әкеп соғуы мүмкін, алайда, бұл шектеулер тек заңмен көзделген және:

а) басқа да адамдардың құқықтары мен абыройын құрметтеу үшін; немесе

ғ) мемлекеттік қауіпсіздікті немесе қоғамдық тәртіпті (ordre publiс) не болмаса халықтың рухани ізгілігін қорғау үшін қажет шектеулер ғана болуы мүмкін.

14-бап


1. Қатысушы мемлекеттер баланың ойлау, ар-ұждан және дін бостандығына деген құқығын құрметтейді.

2. Қатысушы мемлекеттер ата-анасының және тиісті жағдайларда заңды қамқоршылардың баланың дамып келе жатқан қабілетіне сәйкес келетін әдісін жүзеге асырудағы балаға басшылық ету құқықтары мен міндеттерін құрметтейді.

ЗАҢСЫЗ ОРЫН АЛМАСТЫРУ ЖӘНЕ ОРАЛМАУ

Мемлекет ата-ананың немесе үшінші бір жақтың Баланы шет елде заңсыз ұстап тұруына болмаса ұрлауына жол бермеуге және бұл жағдайда тиісті шаралар қолдануға міндетті.

БАЛАНЫҢ КӨЗҚАРАСЫ

Бала өз ойын, пікірін еркін жеткізуге құқылы және балаға қатысты мәселелерді шешу барысында бұл пікірлерге тиісті назар аударылуы лазым.

ПІКІР АЙТУ ЕРКІНДІГІ

Бала қандай шекара болмасын өз ойларын ашық жеткізуге, ақпарат алуға, сондай-ақ ақпараттарды, идеяларды беруге, таратуға құқылы.

ОЙ, АР АР-НАМЫС ЖӘНЕ ДІН БОСТАНДЫҒЫ


Каталог: uploads -> doc -> 1258
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
1258 -> Сабақтың тақырыбы: Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық бірліктері
1258 -> Сыныбы: 7 Тақырыбы: Бунақденелілер—адам ауруларын тасымалдаушылар. Ауру тасымалдаушылармен күресу. Мақсаты
1258 -> Генетические основы селекции организмов


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет