Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған



жүктеу 257.2 Kb.
Дата26.02.2018
өлшемі257.2 Kb.
түріБағдарламасы


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2010 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен

қамтамасыз ету жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған

«Балапан» бағдарламасы

1. «Балапан» бағдарламасының

ПАСПОРТЫ


Атауы

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010–2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы


Әзірлеу үшін негіздеме

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 қаңтардағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары



Негізгі әзірлеуші

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі




Негізгі орындаушылар

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігі

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі


Бағдарламаның мақсаты

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының сапалы қызмет көрсетуінде халықтың қажеттілігін қанағаттандыру


Бағдарламаның міндеттері

2015 жылға дейін мектепке дейінгі жастағы балалардың мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 70 %-ын қамтамасыз ету;

2015 жылға дейін 5-6 жастағы балаларды білім беру ұйымдарында мектепалды даярлықпен толық қамтуды қамтамасыз ету;

республикадағы демографиялық жағдайды және халықтың білім алуға деген қажеттілігін ескеріп, мектепке дейінгі ұйымдардың вариативті желісін арттыру;

мектепке дейінгі ұйымдарға деген тапшылық проблемасын шешу үшін қажетті қаржы-экономикалық жағдай жасау;

мектепке дейінгі ұйымдарды білікті кадрлармен толық қамтамасыз етуді және олардың біліктілігін тұрақты түрде арттыруды жүзеге асыру




Бағдарламаның іске асырылу мерзімі және кезеңдері



2010- 2014 жылдар

I кезең – 2010 ж.

II кезең – 2011 ж.

III кезең – 2012 ж.

IV кезең – 2013 ж.

V кезең – 2014 ж.




Нысаналы индикаторлар




  • мектепке дейінгі білім жүйесіне қосымша ашылған орындардың саны - 300 628 орын;

  • мектепке дейінгі жастағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту - 70 %;

  • топтардың толықтырылуының орташа көрсеткіші – 25 бала;

- 5-6 жастағы балаларды мектепалды даярлықпен қамту – 100 %;

  • бірінші және жоғары білікті санаттағы педагог қызметкерлер үлесі – 25 %.


Қаржыландырудың көлемі мен көздері

2011 – 2014 жылдары Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру көлемі 216 283, 5 млн. теңгені құрады, оның ішінде:

республикалық бюджет есебінен 213 040,0 млн.

теңге;


жергілікті бюджеттер есебіне 3 243, 5 млн.теңге

2. Кіріспе
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі «Балапан» бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 қаңтардағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын іске асыру мақсатында әзірленген.

Тәуелсіздікке қол жеткізгенге дейін Қазақстанда Орталық Азиядағы ең үздік мектепке дейінгі білім жүйесі болды, ол 7 жасқа дейінгі балалардың шамамен 70 %-ын қамтыды.

1991 жылы 8743 балабақша болды, олардың жартысынан астамы (4868) «оңтайландыру» кезеңінде жекешелендірілген, бір бөлігі бос қалған, қираған. Жалпы, 2000 жылға дейін республикадағы балабақшалар саны 1144-ке дейін азайды.

Республиканың тәуелсіздік жылдарында мектепке дейінгі білім жүйесі қайта жандана бастады: балабақшалар саны өсуде, мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған ұйымдардың жаңа түрлері құрылуда.

2007 жылдан бастап 2009 жылдар кезеңінде 142,1 мың орындық 2557 мектепке дейінгі ұйым ашылды, оның ішінде 75 орындық 612 балабақша.

Бүгінгі күні республикада 4972 мектепке дейінгі ұйым бар, олардың 2003-і балабақша. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 373 160 адамды немесе мектепке дейінгі балалар санының 38,7 %-ын құрайды.

Сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымдардан орын алу кезегінде 260 мыңнан астам бала тұр, оның ішінде 3 жастан 6 жасқа дейінгі 147 084 мың бала.

Елдегі демографиялық процестер – республикадағы мектепке дейінгі ұйымдардан орын алу кезегінің өсуін айқындайтын бірден бір фактор; 2008 жылдан бастап балабақшалардан орын күтушілер саны 20,8 мың балаға өсті.

Қазақстанда соңғы 20 жылда бала тууды талдау барысы: 1990 - 1999 жылдарда туудың төмендегенін, ал 2000-2010 жылдары бала туу орташа есеппен 13 мың адамды көрсетті, ол кейіннен мектепке дейінгі ұйымдардан орын алу кезегі жылына 5-7 %-ға өскенімен негізделеді.

Бағдарламасы елдегі мектепке дейінгі ұйымдарға деген тапшылық деңгейін төмендету жөніндегі түбегейлі шараларды қабылдауды, мектепке дейінгі білім беру қызметінің сапасын арттыруды қамтамасыз етеді.



3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің

ағымдағы жай-күйін талдау
Қазіргі Қазақстандағы қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдай баланың интеллектуалды, жеке және табиғи дамуын қамтамасыз ету жүйесін тұрақты дамытуға мүмкіндік береді.

Азаматтар мен отбасыларын әлеуметтік қолдауды реттейтін заңнамалық база жетілдірілуде. Мектепке дейінгі балалық шақтың толық дамуын қамтамасыз ететін нормалар қабылданды.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнының сапасын арттыру мақсатында 2008 жылы Мемлекеттік мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті білім беру стандарты әзірленді және бекітілді.

Мемлекеттік мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті білім беру стандартының танымдық саласын іске асыру мақсатында білім беру процесінде сараптаудан өткен және балалардың оқуына рұқсат етілген 300-ден астам әдебиеттер пайдаланылады.

Сөйлеу, ойлау қабілеттері, еркі жағынан және мінез-құлқы бұзылған және дамуында басқа да ерекшеліктері бар мектеп жасына дейінгі балаларды топтық және жеке психологиялық-педагогикалық алып жүру бағдарламалары әзірленді және сынақтан өткізілді.

Балабақшаға бармайтын балалар үшін үй жағдайларында мектеп жасына дейінгі балалардың дамуын қамтамасыз етуге бағытталған «Язык детской игры» атты білім беру курсы әзірленді. Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгі ережесі, үй тәрбиесіне қолдау көрсету мақсатында Ата-аналарға арналған консультациялық пункттерді ұйымдастырудың үлгі ережесі, Отбасылық бала-бақшаның, «Мектеп – балабақша» кешендерінің, мектеп жасына дейінгі бала-ларға арналған тузету және инклюзивті білім беру кабинеттерінің қызметін ұйымдастырудың үлгі ережелері жасалды және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 27 бұйрығымен бекітілді.

Мектепке дейінгі білім беру жүйесін дамытудың қазіргі жағдайларында көбінесе педагог кадрларды даярлау және қайта даярлау мәселесі қаншалықты тиімді жүзеге асырылып жатқанына негізделген.

Республиканың мектепке дейінгі ұйымдарында қазіргі уақытта 29,8 мың адам жұмыс істейді, оның ішінде жас педагог қызметкерлер – 8,3 (27,9 %).

Балабақшалардың педагог қызметкерлерінің білім беру деңгейі соңғы жылдары күшейту үрдісіне ие: 54,4 %-ының жоғары білімі бар, 3,6 % – аяқ-талмаған жоғары, 40,7 % - арнайы орта, 1,3 % - жалпы орта.

Педагог қызметкерлердің орташа жасы – 35 – 40 жас.

25 жоғары оқу орнында және 31 техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орнында (бұдан әрі -ТжКБ) «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бойынша кадрлар даярлау жүзеге асырылады.

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бойынша ТжКБ біті-рушілерінің саны өсуде. Мәселен, 2006 жылы 349, 2007 жылы - 528, 2008 жылы – 705, 2009 жылы - 750 маман даярланды. 2010-2014 ж.ж. ТжКБ оқу орындарының күтілетін бітірушілер саны 5884 адам.

2008–2009 жылы жоо бітірушілері 742-ні құрады. 2009 – 2010 жылы 717 адам бітіреді деп күтілуде.

Мектепке дейінгі ұйымдардың барлық бітірушілері заңнамаға сәйкес медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз етілген. Мектепке дейінгі ұйымдарда 8-9 және одан да көп топтарға арналған медбикенің 1,5 ставкасы және диеталық бикенің 0,5 ставкасы көзделген. Баланың табиғи және психикалық денсаулығын сақтау және нығайту жөніндегі міндеттерді орындайтын және физиотерапия кабинеттері бар ұйымдарда дәрігер лауазымының бір штаттық бірлігі көзделген.

2010-2014 жылдары медициналық колледждердегі медбикелердің күтілетін бітірушілер саны 720 адам, бұл 2010-2014 жылдары мектеп жасына дейінгі оқушыларға медициналық қызмет көрсетулерге арналған кадрларға деген қажеттілікті қанағаттандырады.

Бұдан басқа, шағын орталықтардағы, қысқа мерзімде болатын топтардағы мектеп жасына дейінгі балаларға медициналық қызмет көрсету алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудің (МАСК) аумақтық ұйымдарында жүзеге асырылатын болады.

Қазақстан балаларының мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту құқығы мынадай мектепке дейінгі ұйымдардың әртүрлі үлгілерімен және түрлерімен қамтамасыз етіледі:

балабақшалар;

ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған арнаулы ұйымдар;

мектепке дейінгі оқу-тәрбие орталықтары;

дамыту орталықтары;

қысқа уақытта келу (кешкі, демалыс, мерекелік) және басқалар.

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды арттыру үрдісі байқалуда: соңғы 4 жылда аталған көрсеткіш 27,6 %-дан 38,7 %-ға өсті.

Мемлекет мектепке дейінгі білім беру саласындағы жеке меншік жеткізушілердің қызметін қолдау шараларын қабылдауда. Қызылорда, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру практикасы бар.

Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еліміздегі 6770 елді мекеннің 4691-інде, немесе 69 %-ында, мектепке дейінгі ұйымдары жоқ. Аталған факт білім беру ұйымда-рын ашу үшін балалардың жоқтығымен немесе жеткіліксіздігімен түсіндіріледі.

2006 жылдан бастап мектепке дейінгі ұйымдардың бір түрі ретінде шағын орталықтар құрыла бастады, бүгін де 2969 шағын орталықта 75 872 бала тәрби-еленуде.

Мектепке дейінгі ұйымдардың тапшылығын азайту жөнінде 2009 жылдың аяғында қабылданған шаралар балалардың қамту көрсеткішін 37-ден 38,7 %-ға дейін арттыруға мүмкіндік берді: республикада қосымша 17 155 орынға арнал-ған 404 мектепке дейінгі ұйым қосымша іске қосылды.

271 мыңнан астам бес-алты жастағы балалар мектеп алды дайындықпен қамтылды. 6430 жалпы білім беретін мектептің базасында 10754 мектепалды сынып ұйымдастырылды, онда 168,7 мың бала оқуда. 1271 балабақшада 102,6 мың балаға арналған 3480 мектепалды топ ұйымдастырылды.

Мемлекеттік тілдегі мектепке дейінгі ұйымдарды құру қамтамасыз етілуде, ал ұлттық топтардың шоғырланған жерлерінде - олардың ана тілдерінде.

940 (46,9%) мектепке дейінгі ұйымда білім процесі қазақ тілінде жүзеге асырылады, 260-ында (13%) - орыс тілінде, 801-інде (40%) - қазақ және орыс тілдерінде, 2-інде (0,1%) - өзбек тілінде.

Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік ережелеріне сәйкес балабақшаға 3 жастан бастап қабылданады.

Әлемдік тәжірибе мектепке оқуға дайындау үшін аса қолайлы жас баланы дамытудың 3 жастан 6 жасқа дейінгі жастағы кезеңі болып табылатынын көрсетті. Францияда мектепке дейінгі білім міндетті болып табылмайды, бірақ 3 жастан 6 жасқа дейінгі барлық балалар балабақшаға барады. Осындай ұқсас жағдай Германияда, Канадада, Венгрияда, Англияда бар. Данияда мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту құрылымы қазақстандыққа ұқсас: бөбекжай ­ бір жарым жастан 3 жасқа дейін, балабақшалар – 3 жастан бастап 6-7 жасқа дейінгілер.

Барлық тәрбиеленушілер санынан алғанда Қазақстанның 89,7% мектепке дейінгі ұйымында -3-6 жастағы балалар, 2-ден 3 жасқа дейінгілер -10,3%.

Республиканың 9 облысының балабақшасында бөбекжай топтары жұмыс жасайды. Онда 2 жасқа дейінгі балалар тәрбиеленеді. 2007-2009 жылдары бөбекжай жасындағы балалардың саны 1305-тен 942-ге азайды.

Сонымен қатар, елде мектепке дейінгі ұйымдардың жетіспеушілік проблемасы бар. Ұйымдастырылған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға қажеттілік 1 жастан 6 жасқа дейінгі 260 мыңнан астам бала бар барлық өңірлерде байқалады. 2007 жылдан бастап балабақшаларға кезек 40 %-ға (185-тен 260 мың адам) өсті, әсіресе қалаларда толық: әрбір 100 орынға орташа алғанда республика бойынша 111 адамнан келеді.

Мектепке дейінгі ұйымға орын алу кезегінде 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар саны кезектегі балалардың жалпы санының 147084-тін немесе 56,4%-ын құрайды.

Бағдарламаның басты басымдығы 3-6 жасқа дейінгі балаларды ұйымдастырылған тәрбиемен және оқумен қамту, оқу қызметіне балаларды сапалы дайындау үшін жағдайлар жасау болып табылады.

Бағдарламаны іске асыру барысында мақсатқа қол жеткізуге кедергі жасайтын демографиялық процестерге байланысты қауіп-қатерлер туындауы мүмкін.

Демографиялық процестердің оң динамикасы болған жағдайда мектепке дейінгі ұйымдарға деген қажеттілігі туындайтын немесе өсетін елді мекендердің саны көбейеді.

Қауіп-қатерлер деңгейін азайту үшін балаларды қамту және мектепке дейінгі ұйымдар ашуды қаржыландыру үшін жыл сайынғы нақтылау кезінде Бағдарламада көрсетілген мектепке дейінгі ұйымдарға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру және мемлекеттік-жекеменшік серіктестік тетігін жандандыру қажет.



4. Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері,

нысаналы индикаторлары және оны іске асыру

нәтижелерінің көрсеткіштері
4.1. Бағдарламаның мақсаты:

Тұрғын халықтың мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының сапалы қызметтеріне деген қажеттілігін қанағаттандыру.


4.2. Бағдарламаның міндеттері

Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:

- 2015 жылға дейін мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен мектеп жасына дейінгі балалардың жалпы санынан 70 %-ын қамтамасыз ету;

- 2015 жылға дейін 5-6 жастағы балаларды білім беру ұйымдарындағы мектепалды даярлықпен толық қамтамасыз ету;

- республикадағы демографиялық жағдайды және тұрғын халықтың білім алуға қажеттілігін ескере отырып мектепке дейінгі ұйымдардың вариативті желісін ұлғайту;

- мектепке дейінгі ұйымдардың тапшылығы проблемасын шешу үшін қажетті қаржылық-экономикалық жағдай жасау;

- мектепке дейінгі ұйымдарды білікті кадрлармен толық қамтамасыз етуді және үнемі олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыру.


    1. Нысаналы индикаторлар

Бағдарламаның міндеттеріне қол жеткізу мынадай индикаторлар бойынша көрсеткіштері бар аралық нәтижелерді салыстыру және өлшеу арқылы анықталатын болады:

мектепке дейінгі білім беру жүйесінде қосымша ашылатын орындардың саны;

мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту;

топтардың толықтырылуының орташа көрсеткіші;

5-6 жастағы балаларды мектепалды даярлықпен қамту;

жоғары және бірінші санатты біліктілігі бар педагог қызметкерлер үлесі.




    1. Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

2010 жылы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына 89 723 орын енгізіле-ді, оның ішінде:

34104 орын шағын орталықтарға;

55619 орын заңнамада белгіленген тәртіппен қалпына келтірілген, коммуналдық меншікке берілген және бұрын сатып алынған жекешелен-дірілген балабақшаларға.

2011-2014 жылдары 210 905 орын енгізіледі, оның ішінде: 2011 ж. – 84657; 2012 ж. – 58441; 2013 ж. – 38447; 2014 ж. – 29360.

2015 жылға қарай ұйымдастырылған мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 1 жастан 6 (7) жасқа дейінгі балалардың жалпы санынан 70 %-ы қамтылатын болады, оның ішінде: 2010 жылы – 48 %, 2011 ж. – 55,6 %, 2012 ж. – 60,8 %, 2013 ж. – 65 %, 2014 ж. – 70 %.

Мектепке дейінгі ұйымдардағы топтардың орташа толықтырылуының көрсеткіші 2010 ж. – 29 адамға; 2011 жылы – 28 адамға; 2012 жылы – 27 адамға; 2013 жылы – 26 адамға; 2014 жылы – 25 адамға төмендейтін болады.

2015 жылға қарай мектепалды даярлықпен 5-6 жастағы барлық бала қамтамасыз етіледі, оның ішінде: 2010 ж. – 88 %, 2011 ж. – 92 %, 2012 ж. – 95 %, 2013 ж. – 97 %, 2014 ж. – 100 %.

Мектепке дейінгі ұйымдардың жоғары және бірінші санатты педагог қызметкерлерінің үлесі педагог қызметкерлердің жалпы санынан:

2010 ж. – 23 %-ға; 2011 ж. – 24 %-ға; 2012 ж. – 24,5 %-ға, 2013 ж. – 24,8 %-ға; 2014 ж. – 25 %-ға дейін өседі.

Жоғары оқу орындарында және кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарында 2015 жылға дейін мектепке дейінгі білім берудің 18 мыңнан астам педагог қызметкерлері даярланады, қайта даярлау курстарынан өтеді және жұмысқа орналастырылады.

Ата-аналар үшін консультациялық пункттердің желісі дамитын болады, бала күтушілер даярлау бағдарламасы әзірленеді және үй тәрбиесі практи-касына енгізілетін болады.

Әрбір елді мекенде, кемінде, бір мектепке дейінгі ұйым болады немесе мектепке дейінгі тәрбиенің басқа да нысандарын жүзеге асыру үшін жағдайлар жасалады.



5. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері
Бағдарламаны іске асыру мынадай кезеңдерде жүзеге асырылады және тиісінше мынадай міндеттер шешіледі:

1-кезең – 2010 жыл – балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды 48 %-ға қол жеткізу;

2-кезең – 2011 жыл – балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 55,6 % қамту;

3-кезең – 2012 жыл – балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 60,8 % қамту;

4-кезең – 2013 жыл – балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 65 % қамту;

5-кезең – 2014 жыл – балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 70 % қамту.

Мектеп жасына дейінгі балаларды ұйымдастырылған тәрбиемен және оқытумен:

1) республикалық және жергілікті бюджет қаражаты және жеке инвестицияларды тарту есебінен тең құқықтық жағдайларда мектепке дейінгі балалар ұйымдарын салу;

2) шағын орталықтар ашу, заңнамада белгіленген тәртіппен бұрын жекешелендірілген балабақшаларды қайтару және сатып алу, меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында қосымша мемлекеттік білім беру тапсырысты орналастыру арқылы жекеменшік балабақшалар ашуды ынталандыру;

3) шағын комплектілі мектепке дейінгі ұйымдар ашу үшін салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің төменгі қабаттарындағы тұрғын үйге жатпайтын орын-жайларды пайдалану;

4) Жол картасы шеңберінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдары үшін педагог кадрларды қайта даярлау;

5) 5-6 жастағы барлық балалардың мектепалды даярлықтан өтуіне мүмкіндік беру арқылы қамтамасыз ету қажет.

Бағдарламаны іске асырудың барлық кезеңінде жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде мектепке дейінгі ұйымдарды құрады және ашады.

Сондай-ақ, әкімдіктер орталық және жергілікті атқарушы органдардың ведомстволық бағынысты мекемелері алып қойған бұрынғы балабақшалардың ғимаратында мектепке дейінгі ұйымдарды ашу үшін оларды босату жөнінде қажетті шаралар қабылдауы қажет.

Мектепке дейінгі ұйымдар тапшылығы проблемаларын шешудің тиімді жолының бірі – меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдарға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру.

Республикалық бюджет қаражатынан жеке меншік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қаржы-ландырылатын болады. Балаларды ата-аналар төлемінің есебінен тамақ-тандыру шығыстарының орнын толтыру қағидаты сақталатын болады.

Мектепке дейінгі білім берудің мемлекеттік ұйымдары нормативтік-құқықтық актілермен бекітілген мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің норма-лары мен ережелерін сақтау кезінде оларға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жөніндегі қызметті жеткізушілердің тізбесіне қосылады.

Жергілікті атқарушы органдармен жекеменшік мектепке дейінгі ұйым-дарда мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады, Комиссияның қызметі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) бекітіледі.

Жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдардың тізімін Комиссия Ережеге сәй-кес конкурстық негізде қалыптастырады. Конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік білім беру тапсырысына үміткер жеке меншік мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары қажетті құжаттарды ұсынады, олардың тізбесі Ережемен айқындалады.

Жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдардың тарапынан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орындар санынан ұсыныстары асып кеткен жағдайда қызмет көрсетудің өнім берушілерін Ережеде айқындалған қосымша өлшемдер бойынша конкурстық негізде Комиссия айқындайды.

Комиссия 3 жұмыс күні ішінде мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесі бойынша ұсыныстар шығарады.

Комиссия мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін барынша мүмкін болатын орындар санын көрсете отырып жергілікті атқарушы органға хаттама ұсынады.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балалар контингентін жинақтау қалалардың (аудандардың) білім бөлімдері объективтілік пен айқындылықты сақтай отырып кезектілік тізіміне сәйкес жүзеге асырады.

Жергілікті атқарушы орган мен мектепке дейінгі ұйымның арасындағы қарым-қатынас шартпен ресімделеді.

Мемлекеттік білім беру тапсырысын жеке меншік мектепке дейінгі ұйым-дарда орналастыруға арналған конкурсты өткізу тәртібі уәкілетті органның қосымша ұсынымдарымен айқындалады.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы жан басына шаққандағы қаржылан-дыру әдісімен қаржыландырылады.

Бір балаға есептелінген мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі және мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қызметтерді алатын балалар үшін ата-аналар төлемінің ең жоғарғы мөлшері облыс әкімінің жыл сайынғы шеші-мімен белгіленеді.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы жан басына қаржыландырылған кезде тапсырыс беруші мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған қызметтердің құнын баланың нақты болған уақытына төлейді. Осы ретте ай ішінде дәлелді себептермен (баланың ауруы, баланың медициналық, санаториялық-курорттық және өзге де ұйымдарда емделуі және сауықтырылуы, ата-аналарының біреуіне еңбек демалысының берілуі және баланың жаз уақытында 2 айға дейінгі мер-зімде сауықтырылуы) болмаған балалар есепке алынады.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы транс-ферттер арқылы қаржыландырылған жағдайда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен келісім жасайды.

Келісімдерде объектілер мен орындарды енгізу кестесі олардың саны мен қаржыландыру кестесі арқылы көрсетіледі. Ақша аудару төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

Бюджет қаражаттарын мақсатты және тиімді пайдалану жөніндегі әкімдіктің есептілігі бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне белгіленген нысанда және белгіленген мерзімдерде ұсынылады.

Жалпы, Бағдарламада көрсетілген іс-шараларды іске асыру қосымша 297288 баланы 2003 балабақшаға және 75872 баланы 2969 шағын орталыққа, 300 628 баланы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға тартуға мүмкіндік береді.


Мемлекеттік білім беру тапсырысты орналастыру есебінен енгізілетін орын саны және 2010-2014 жылдардағы мектепке дейінгі ұйымдар құрылысы


Облыс және қала атаулары

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

барлығы

бар-

лығы

мемлекеттік тапсырыс бойынша енгізілетін орын саны

құрылыс есебінен енгізілетін орын саны

мемлекеттік тапсырыс бойынша енгізілетін орын саны

құрылыс есебінен енгізілетін орын саны

мемлекеттік тапсырыс бойынша енгізілетін орын саны

құрылыс есебінен енгізілетін орын саны

мемлекеттік тапсырыс бойынша енгізілетін орын саны

құрылыс есебінен енгізілетін орын саны

мемлекеттік тапсырыс бойынша енгізілетін орын саны

құрылыс есебінен енгізілетін орын саны

мемлекеттік тапсырыс бойынша енгізілетін орын саны

құрылыс есебінен енгізілетін орын саны

орын саны

Ақмола

3785

0

3550

460

1580




2180




1710




12805

460

13265

Ақтөбе

3779

0

3175

320

2320




2695




2100




14069

320

14389

Алматы

12340

0

9900

640

11115




2270




1250




36875

640

37515

Атырау

5425

0

2615

560

4050




1070




1300




14460

560

15020

Шығыс Қазақстан

5865

0

3710

420

2355




3115




2310




17355

420

17775

Жамбыл

6355

0

3115

1880

2365

840

2010




2085




15930

2720

18650

Батыс Қазақстан

3064

0

1905

600

3885




3542




2240




14636

600

15236

Қарағанды

4303

0

8095

640

3145




0




0




15543

640

16183

Қостанай

837

0

2875

0

2070




1715




1530




9027

0

9027

Қызылорда

2415

0

281

1440

2100

320

0




0




4795

1760

6555

Маңғыстау

5981

0

2705

280

3205




2870




2370




17131

280

17411

Павлодар

8156

0

2750

560

520




120




110




11656

560

12216

Солтүстік Қазақстан

5968

0

2722

880

280




0




0




8970

880

9850

Оңтүстік Қазақстан

9035

0

10260

65660

7071




7600

2160

7315

960

41281

9680

50961

Алматы қ.

4140

0

1750

640

1180

2400

2220




840

1560

10130

4600

14730

Астана қ.

8275

0

9370

0

5400

2240

3200

1680

0

1680

26245

5600

31845

Барлығы__89723__0__68777__15880'>Барлығы

89723

0

68777

15880

52641

5800

34607

3840

25160

4200

270908

29720

300628

2015 жылға қарай мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 673 788 бала қамтамасыз етіледі.



6. Қажетті ресурстар
Бағдарламаны іске асыру үшін бюджет қаражаты пайдаланылады, сондай-ақ мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі пайдаланылатын болады.

2010–2014 жылдары бағдарламаны іске асыруға байланысты қаржылық шығындар:




Жылдар

Мемлекеттік бюджет (млн.т.)

Республикалық бюджет (млн. т.)

Жергілікті бюджет (млн.т.)

Барлығы

216 283,5

213 040,0

3243,5

2010

21 523,0

19 678,0

1 845,0

2011*

58 346,7

57 558,7

788,0

2012*

41 234,7

41 095,2

139,5

2013*

44 835,6

44 588,6

247,0

2014*

50 343,5

50 119,5

224,0

* аталған бағдарламаны қаржыландырудың жыл сайынғы көлемі республикалық бюджеттің мүмкін болатын кіріс бөлігіне қарай тиісті қаржы жылына арналған бюджетті қалыптастыру кезінде анықталатын болады.
Көрсетілген қаражат шеңберінде республикалық бюджет есебінен 135 792, 2 млн. теңге сомасына мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мем-лекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға қосымша 270 908 орын бері-летін болады.

Берілетін қосымша орындар үшін республикалық бюджет қаражаты есебі-нен 1 009,1 млн.теңге сомасына мектепке дейінгі ұйымдардың 6 945 педагог қызметкерлерін қайта даярлауды жүзеге асыру қажет.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы орын тапшылығын жою мақ-сатында балабақшалар салынуы қажет.

Өңірлер бойынша деректерді талдай келе, қосымша берілетін орындарды есепке ала отырып, орындардың барынша тапшылығы Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Алматы және Астана қалаларында сақталатындығын атап өткен жөн.

Аталған өңірлерде жалпы сомасы 40,7 млрд. теңгеге 18 360 орынға арнал-ған барлығы 82 балабақша салу ұсынылады:

республикалық бюджет қаражатынан 39,3 млн. теңге

жергілікті бюджеттен бірлесіп қаржыландыру 1,4 млрд. теңге мөлшерінде.

Құрылысты қаржыландырудың жыл сайынғы көлемі 2010 жылдың лимитінен аспайды.



2011-2014 жылдары Бағдарламаны қаржыландырудың көлемі жыл сайын тиісті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту кезінде нақтыланатын болады.



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет