Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу қағидалары Жалпы ережелер



жүктеу 0.9 Mb.
бет1/5
Дата23.02.2018
өлшемі0.9 Mb.
  1   2   3   4   5


Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрінің

2015 жылғы « __ » ________

№______ бұйрығына

1-қосымша



Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды

тағайындау және төлеу қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) ақпараттық жүйе – аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып, ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздеуге, таратуға, тапсыруға және беруге арналған жүйе;

2) балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар мынадай түрдегі ақшалай төлемдер:

бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі – бала туғанда берілетін жәрдемақы);

бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі – бала күтімі жөніндегі жәрдемақы);

мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қамқоршыға (қорғаншыға) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі – мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы);

он сегіз жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі – балаларға арналған жәрдемақы);

3) бала туғанда берілетін, бала күтімі жөніндегі және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері;

4) балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган – республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы;

5) бірінші бөлім – жәрдемақының мөлшерін тағайындаумен, жаңартумен, өзгерту және қайта қараумен және ағымдағы қажеттілікті қалыптастырғаннан кейін өтініш берушінің тұрғылықты жерін ауыстыруымен байланысты төлемнің ағымдағы айға қажеттілігі енгізілмеген жәрдемақы сомасы;

6) дәйексіз құжат (қолдан жасалған) – дәйексіз (жалған) мәліметтерден тұратын түпнұсқадағы құжаттардың үлгілері бойынша жасалған құжат;

7) жәрдемақы алушы – бала туғанда берілетін жәрдемақы, бала күтімі жөніндегі жәрдемақы және (немесе) мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы тағайындалған өтініш беруші;

8) жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілетті ұйым – банктік операциялардың тиісті түрлеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар, «Қазпочта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері;

9) отбасы – некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасы қатынастарын нығайтып, дамытуға септігін тигізуге арналған мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты адамдар тобы;

10) отбасының жиынтық табысы – отбасының ақшалай да, заттай да нысанда алған табысының жалпы сомасы;

11) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы – отбасы жиынтық табысының отбасының әрбiр мүшесіне ай сайын келетін үлесі;

12) Орталық филиалы – уәкілетті ұйымның облыстық, Астана және Алматы қалаларындағы филиалдары;

13) Орталық бөлімшесі – уәкілетті ұйымның қалалық, аудандық бөлімшелері;

14) өтініш беруші – жәрдемақылар тағайындату үшін отбасы атынан жүгінетін адам;

15) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға жүгінген отбасылардың материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнайы комиссия;

16) уәкілетті ұйым (бұдан әрі – Орталық) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;

17) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиыны;

18) электрондық құжат – ақпарат электрондық цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;

19) электрондық өтініш – электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

20) электрондық өтінім – бала туғанда берілетін жәрдемақы, бала күтімі жөніндегі жәрдемақы, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы және балаларға арналған жәрдемақыны тағайындауға қажетті Халыққа қызмет көрсету орталығының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы мәліметтер.

2. Бала туғанда берілетін жәрдемақыға, бала күтімі

жөніндегі жәрдемақыға жүгіну, оны тағайындау және төлеу тәртібі

3. Бала туғанда берілетін жәрдемақыны, бала күтімі жөніндегі жәрдемақыны (бұдан әрі – жәрдемақылар) тағайындау үшін жәрдемақы алуға құқығы бар адамдар тұрғылықты жері бойынша Орталық бөлімшесіне немесе Халыққа қызмет көрсету орталығына немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүгінеді.

Бала күтімі жөніндегі жәрдемақы міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры жүйесінің қатысушысы болып табылмайтын адамдарға тағайындалады.

4. Жәрдемақыларды тағайындауға жүгіну мерзімдері бала туған күннен бастап он екі айдан аспайды.

5. Бала күтімі жөніндегі жәрдемақы бала туған күннен бастап бір жасқа толық толған күнге дейін тағайындалады.

Отбасы құрамында ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған немесе ата-ана құқығы шектелген балаларды қоспағанда, туған, асырап алынған, сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алынған балалар ескеріледі, сондай-ақ отбасы құрамында егер басқа ата-ананың отбасында ескерілмесе, өгей балалар да ескеріледі.

Оралмандарға бала күтімі жөніндегі жәрдемақы бала туған күннен бастап, бірақ оралман мәртебесі белгіленген күннен кейін тағайындалады.

6. Жәрдемақы баланың отбасының табысына қарамастан тағайындалады.

7. Жәрдемақылар тағайындау үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішке жәрдемақы тағайындауға құқығы бар адамдар жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) болған кезде мынадай құжаттарды қоса ұсынады:

1) сәйкестендіру үшін өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктің тұруға ықтиярхаты);

сондай-ақ оралмандар үшін – оралман куәлігі;

2) баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) не туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме;

3) өтініш беруші деректерінің баланың тууы туралы куәлігіндегі деректермен сәйкес келмеген жағдайда – неке қию (бұзу) туралы куәлік;

4) балаға немесе бала асырап алушыға қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген жағдайда – балаға немесе бала асырап алушыға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеуді растайтын құжат;

Жәрдемақылар тағайындау үшін тұрғылықты жерін растайтын құжаттарды, баланың (балалардың) тууы туралы куәлікті (куәліктерін) не Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірмені, Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымнан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша неке қию (бұзу) туралы куәлікті, сондай-ақ балаға немесе бала асырап алушыға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеуді растайтын құжатты ұсыну, оларда қамтылған ақпаратты осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған жағдайда талап етілмейді.

Түпнұсқаларда ұсынылған құжаттар сканерден өткізіледі және құжаттардың электрондық көшірмелері Орталық бөлімшесі немесе Халыққа қызмет көрсету орталығы маманының ЭЦҚ-мен куәландырылады, содан кейін өтініш берушіге қайтарылады.

8. Жәрдемақылар тағайындау үшін өтінішті және қажетті құжаттарды үшінші адамдардың беруі тиісті жәрдемақыны алуға құқығы бар адамның нотариат куәландырған сенімхаты бойынша жүзеге асырылады.

Нотариат куәландырған сенімхат сканерден өткізіледі, Орталық бөлімшесі немесе Халыққа қызмет көрсету орталығы маманының ЭЦҚ-мен куәландырылады, содан кейін өтініш берушіге қайтарылады.

9. Өтініш беруші жәрдемақылар тағайындау үшін тиісті құжаттарды бергеннен кейін оның қатысуымен Орталық бөлімшесінің немесе Халыққа қызмет көрсету орталығының маманы:

мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес сұрау салуды;

Орталықтың ақпараттық жүйесіне өтініш берушіде жәрдемақыларды тағайындау, төлеу немесе тағайындауға өтініш беру фактісінің болуына сұрау салуды қалыптастырады.

Мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар сұратылған мәліметтерді растайтын электрондық құжаттарды ұсынған кезде сұрау салуды жүзеге асырған Орталық бөлімшесі немесе Халыққа қызмет көрсету орталығы өтініш берушіге: Орталықта құжаттарды қабылдағаны туралы белгісі бар, Халыққа қызмет көрсету орталығында тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхаты бар үзбелі талон береді.

Мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар ақпараттық жүйелерде өтініш беруші туралы сұратылып отырған мәліметтердің жоқ екенін немесе өтініш беруші берген мәліметтермен сәйкессіздігін растайтын электрондық құжаттарды ұсынған кезде сұрау салуды жүзеге асырған Орталық бөлімшесі немесе Халыққа қызмет көрсету орталығы өтініш берушіге құжаттардың түпнұсқаларын және мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріндегі ол туралы мәліметтерді сәйкестікке келтіру үшін келісу туралы өтініш беру қажеттігі туралы хабардар етеді.

Орталықтан жәрдемақы тағайындау, төлеу немесе өтініш беру фактісін растайтын ақпарат алу кезінде Орталық бөлімшесі немесе Халыққа қызмет көрсету орталығы өтініш берушіге осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы хабарлайды. Хабарламаға Орталықтың ЭЦҚ-сы қойылады.

10. Өтініш беруші құжаттардың түпнұсқасын және келісу туралы өтініш берген кезде Орталық бөлімшесінің немесе Халыққа қызмет көрсету орталығының маманы құжаттардың түпнұсқасын сканерден өткізеді, оларды ЭЦҚ-мен куәландырады және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және мерзімдерде жеке тұлға туралы мәліметтерді сәйкестікке келтіру үшін мемлекеттік органдарға және (немесе ұйымдарға) жібереді.

Егер өтініш беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және мерзімдерде хабарламада көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда Орталық бөлімшесі не Халыққа қызмет көрсету орталығы өтініш берушіні осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жәрдемақыларды тағайындауға өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы (себебін көрсете отырып) хабардар етеді.

11. Орталық бөлімшесі немесе Халыққа қызмет көрсету орталығы тиісті жәрдемақыны тағайындау үшін өтініш берушіден қабылданатын құжаттар топтамасының, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтердің толықтығын тексереді, сканерлеу сапасын және өтініш беруші осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес ұсынған құжаттардың электрондық көшірмелерінің түпнұсқаларға сәйкестігін қамтамасыз етеді.

12. Орталық бөлімшесі өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті жәрдемақыны тағайындау туралы өтінішті электрондық журналға тіркейді.

Халыққа қызмет көрсету орталығынан және (немесе) «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы келіп түскен электрондық өтінім осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығы қабылдаған және (немесе) төлемдерді тағайындауға арналған «электрондық үкіметтің» веб-порталына келіп түскен азаматтардың өтініштерін тіркеудің электрондық журналына тіркеледі.

13. Халыққа қызмет көрсету орталығы жәрдемақы тағайындауға өтінішті қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде электрондық өтінімді өтініш беруші түпнұсқада ұсынған өтініштің, құжаттардың электрондық көшірмелерін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтерді қамтитын құжаттар топтамасымен бірге Орталық бөлімшесіне жібереді. Электрондық өтінім Халыққа қызмет көрсету орталығы маманының ЭЦҚ-мен куәландырылады.

14. Халыққа қызмет көрсету орталығынан электрондық өтінім келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Орталық бөлімшесі келіп түскен құжаттар топтамасын тексереді. Құжаттар тізбесінің толық түспегені анықталған жағдайда Халыққа қызмет көрсету орталығына осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жоқ құжатты көрсете отырып, хабарлама жібереді және электрондық өтінімді қарамастан құжаттардың топтамасын қайтарады. Хабарлама Орталық бөлімшесі маманының ЭЦҚ-мен куәландырылады.

Халыққа қызмет көрсету орталығы Орталық бөлімшесінен хабарлама келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде анықталған қатені жояды және өтініш беруші түпнұсқада ұсынған өтініштің, құжаттардың және мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтердің электрондық көшірмелерін қамтитын құжаттарды қоса бере отырып, Орталық бөлімшесіне электрондық өтінімді жібереді.

15. Жәрдемақыларды тағайындау үшін өтініш беруші «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүгінген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес өтініш нысанында көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады.

16. Мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар сұратылған мәліметтерді растайтын электрондық құжаттарды ұсынған кезде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы сұрау салуды жүзеге асырған өтініш беруші электрондық өтінішті өзінің ЭЦҚ-мен куәландырады және Орталықтың автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне жібереді.

17. «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы келіп түскен жәрдемақылар тағайындау үшін ұсынылған электрондық өтініш мынадай параметрлер бойынша тексеруден өтеді:

1) ұсынылған мәліметтердің толықтығы;

2) жәрдемақылар тағайындау, төлеу, сондай-ақ жәрдемақы тағайындауға өтініш беру фактісінің болмауы;

3) жәрдемақы тағайындалатын баланың бір жасқа толмауы;

4) әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болмауы (бала күтімі жөніндегі жәрдемақыны тағайындау үшін).

Жоғарыда келтірілген параметрлер бойынша тексерудің оң нәтижесі болған жағдайда өтінішті өңдеуге арналған кіріс хабарламалары журналына орналастыру жүргізіледі.

18. Орталық бөлімшесі «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жіберілген электрондық өтінішті қабылдау кезінде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтініш берушінің жеке кабинетіне осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес электрондық өтінішті қабылдағаны туралы хабарлама жіберіледі. Хабарлама Орталық бөлімшесі маманының ЭЦҚ-мен куәландырылады.

19. Орталық бөлімшесі өтініш тіркелген күні өтініш берушінің мыналарды қамтитын электрондық іс макетін қалыптастырады:

өтініш беруші түпнұсқада ұсынған өтініштің және құжаттардың электрондық көшірмелері, сондай-ақ мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтер немесе

өтініш беруші түпнұсқада ұсынған және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және мерзімдерде жеке тұлға туралы мәліметтерді сәйкестікке келтіру үшін мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйесіне жіберілген өтініштің, құжаттардың және мәліметтердің электрондық көшірмелері.

Жәрдемақылар үшін электрондық іс макеті Орталық бөлімшесінде өтінішті тіркеген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қалыптастырылады және ЭЦҚ арқылы куәландырылады.

Орталық бөлімшесінің маманы осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шешім жобасын қалыптастырады, жәрдемақылардың мөлшерін есептеуді жүргізеді және оларды ЭЦҚ-мен куәландырады.

Шешімнің жобасы жәрдемақы тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық-цифрлық нысандағы құжатты (бұдан әрі – шешім жобасы) білдіреді.

Орталық бөлімшесінің басшысы жәрдемақылар мөлшерін есептеудің, шешім жобасын ресімдеудің дұрыстығын тексереді және оны ЭЦҚ-мен куәландырады, содан кейін Орталық бөлімшесі электрондық іс макетін Орталықтың филиалына жібереді.

20. Орталық филиалы электрондық іс макеті мен шешім жобасы келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қарайды, есептеудің және шешім жобасын ресімдеудің дұрыстығын тексереді, содан кейін уәкілетті органға жібереді. Бұл ретте, шешім жобасы Орталық филиалы маманының және басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылады.

21. Уәкілетті орган келіп түскен электрондық іс макетін шешім жобасымен қарайды және үш жұмыс күні ішінде жәрдемақыларды тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.

Автоматты режимде шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Орталық бөлімшесіне немесе Халыққа қызмет көрсету орталығына немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтініш берушінің жеке кабинетіне осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жәрдемақыларды тағайындау туралы хабарлама жіберіледі. Хабарлама уәкілетті орган басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылады.

22. Егер уәкілетті орган ұсынылған электрондық іс макетінде шешім қабылдауға қажетті құжаттың (құжаттардың) жоқтығын анықтаса, электрондық іс макеті шешім жобасымен Орталық бөлімшесіне электрондық іс макеті келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде оны жеткіліксіз құжатпен толықтыру үшін қайтарылады. Осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша себебін көрсете отырып, құжатты (құжаттарды) қайта рәсімдеу қажеттігі туралы хабарлама уәкілетті органның ЭЦҚ-мен куәландырылып, Орталық бөлімшесіне немесе Халыққа қызмет көрсету орталығына жіберіледі.

Орталық бөлімшесі және (немесе) Халыққа қызмет көрсету орталығы бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіні хабарламада көрсетілген қосымша құжаттарды жиырма бес жұмыс күні ішінде ұсыну қажеттігі туралы хабардар етеді.

Орталық бөлімшесі өтініш беруші және (немесе) Халыққа қызмет көрсету орталығы қосымша құжаттарды ұсынған кезде осы Қағидалардың 19, 20-тармақтарында көзделген тәртіппен электрондық іс макетін дайындайды.

Егер Орталық бөлімшесіне электрондық іс макеті келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде құжаттар қайта ресімделмесе, уәкілетті орган қолдағы бар құжаттар бойынша тиісті жәрдемақы тағайындау туралы немесе тағайындаудан бас тарту туралы электрондық шешім шығарады.

23. Егер уәкілетті орган ұсынылған электрондық іс макетінен және (немесе) шешім жобасынан қате тапқан жағдайда, қайтару себебін көрсете отырып, электрондық іс макетін шешім жобасымен бірге қателерді жою үшін Орталық бөлімшесіне жіберіледі.

Орталық бөлімшесі қайтарылған электрондық іс макеті келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде анықталған қателерді жояды, осы Қағидалардың 19, 20-тармақтарында көзделген тәртіппен электрондық іс макетін қайта ресімдейді.

24. Жәрдемақы тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда уәкілетті орган шешімде бас тарту негіздемесін көрсетеді.

Бұл ретте, осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жәрдемақы тағайындаудан бас тарту себептері көрсетілген уәкілетті органның шешімімен электрондық іс макеті Орталық бөлімшесіне қайтарылады. Уәкілетті органның жәрдемақыны тағайындаудан бас тарту себептері көрсетілген электрондық хабарламасы осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Орталық бөлімшесіне, Халыққа қызмет көрсету орталығына немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтініш берушінің жеке кабинетіне жіберіледі.

Хабарлама уәкілетті орган басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылады.

25. Мемлекеттік органнан және (немесе) ұйымнан ақпараттық жүйелердегі жеке тұлға туралы мәліметтерді өтініш берушінің дәйексіз құжаттарын ұсыну себебі бойынша сәйкестікке келтіруден бас тартуды растайтын электрондық құжат келіп түскен жағдайда уәкілетті орган жоба шешімін Орталық бөлімшесіне қайта ресімдеуге жібереді.

Орталық бөлімшесінің маманы осы Қағидалардың 19, 20-тармақтарында көзделген тәртіппен өтініш берушінің дәйексіз құжаттарды ұсынғаны туралы мемлекеттік органның және (немесе) ұйымдардың ақпаратына сәйкес дәлелді бас тартуды көрсете отырып, осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жәрдемақыларды тағайындаудан бас тарту туралы шешім жобасын қалыптастырады.

Егер ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген мерзім ішінде мемлекеттік орган және (немесе) ұйым уәкілетті органға ақпараттық жүйелердегі жеке тұлғалар туралы мәліметтерді сәйкестікке келтіруден бас тартылған электрондық құжатты ұсынбаса, онда жәрдемақылар тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім Орталық бөлімшесінің маманы сканерлеген өтініш беруші ұсынған құжаттардың түпнұсқалары негізінде қабылданады.

26. Орталық бөлімшесі жәрдемақыны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаны өтініш берушіні өзі жүгінген кезде тапсыру арқылы немесе өтініш берушінің ұялы телефонына sms-хабар жіберу арқылы уәкілетті орган қабылдаған шешім туралы хабардар етеді. Хабарлама осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламалар журналында тіркеледі. Sms-хабарлар осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша sms-хабарлардың электрондық журналында тіркеледі.

Жәрдемақы алушы ісінің қағаз нұсқасын қалыптастыру үшін электрондық іс макеті басып шығарылады.

27. Жәрдемақылар төлемі уәкілетті ұйым өтініш берушінің таңдауы бойынша жәрдемақылар беру жөніндегі уәкілетті ұйымдар арқылы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

28. Жәрдемақылар облыстар, Астана және Алматы қалалары бөлінісінде Орталық жасаған жәрдемақыларды төлеу жөніндегі кестеге сәйкес уәкілетті орган қабылдаған шешім негізінде төленеді.

29. Бала күтімі жөнiндегi жәрдемақы ағымдағы ай үшiн ай сайын төленеді.

Жәрдемақыны тағайындауға, қалпына келтіруге, өзгертуге және мөлшерін қайта қарауға және тұрғылықты жерін өзгертуіне байланысты төлем айының ағымдағы қажеттілігіне енгізілмеген жәрдемақы сомалары ағымдағы қажеттілікті қалыптастырғаннан кейін, бірінші бөлімнің сомалары ретінде, келесі айдың қажеттілігіне енгізілуге тиіс және бір рет төленеді.

Төлемді тағайындайтын немесе жүзеге асыратын органның кінәсінен уақытында алынбаған жәрдемақы сомалары бірінші бөлім ретінде өткен уақыт үшін мерзімі шектелмей бір уақытта төленеді.

30. Айлық есептiк көрсеткіш мөлшері өзгерген жағдайда Орталық бөлімшесі осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шешімнің жобасын дайындайды және оны уәкілетті органға бекітуге жібереді.

31. Бала күтімі жөнiндегi жәрдемақының мөлшеріне әсер ететін негіз болып табылатын мән-жайлар туындаған, алушы ауысқан жағдайда, Орталық бөлімшесі шешiм жобасын дайындайды және оны жаңадан ұсынылған құжаттармен (олар болған кезде) толықтырылған электрондық іс макетімен бірге уәкілетті органға бекітуге жібереді.

32. Артық төленген сомалар ерікті тәртіппен, ал бас тартылған жағдайда – сот шешімінің негізінде сот тәртібімен қайтарылуға жатады, бұл жөнінде Орталық бөлімшесі жәрдемақы алушыны хабардар ету үшiн хат дайындайды.

33. Бала күтімі жөнiндегi көрсетілген жәрдемақыны алушылар құқығына және (немесе) олардың мөлшеріне әсер ететін мән-жайлардың өзгергендігі туралы Орталық бөлімшесін күнтiзбелiк он күн ішінде хабардар етеді.

Алушы бала күтімі жөнiндегi жәрдемақының мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туралы уақытында хабарламаған жағдайларда, жәрдемақы мөлшері көрсетілген мән-жайлар туындаған сәттен бастап, бірақ оның тағайындалған сәтінен асырмай қайта қаралады.

34. Орталық уәкілетті орган қабылдаған шешімдердің негізінде жәрдемақыларды төлеуге қаражат қажеттілігі туралы өтінім жасайды.

Орталық ай сайын 25-күнi Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) жәрдемақыларды төлеуге қаражат қажеттілігі туралы өтінімді ұсынады.

35. Министрлік қаражатты тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер мен төлемдер жөнiндегi қаржыландыру жоспарларына сәйкес бөлінген сомалар шегінде Орталықтың есеп айырысу шотына аударады.

36. Орталық облыстар, Астана және Алматы қалалары бөлінісінде жәрдемақыларды төлеу жөнiндегi кестені жасайды және белгіленген тәртіппен алушылардың ағымдағы шоттарына аудару жолымен жәрдемақыларды беру жөнiндегi уәкілетті ұйымға төлем тапсырмаларымен аударады.

37. Бөлінген қаражат бойынша Министрлік пен уәкілетті ұйым арасында ай сайын салыстырып тексеру актісі жасалады.

38. Төленген сомалар бойынша Орталық пен жәрдемақыларды беру жөнiндегi уәкілетті ұйымдардың арасында ай сайын салыстырып тексеру актілері жасалады.

39. Орталық бюджеттік қаражаттарды алғаннан кейін төлем кестесіне сәйкес жәрдемақыларды төлеуге төлем тапсырмаларын қалыптастырады.

40. Жәрдемақыларды беру жөнiндегi қызметтерге ақы төлеу Орталық пен жәрдемақылар беру жөніндегі уәкілетті ұйым арасында заңнамада белгіленген тәртіппен жасалған шарт негізінде жүргiзiледi.

41. Бала қайтыс болған, кеткен және (немесе) алушы Қазақстан Республикасы шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен немесе оған басқа себептер бойынша төлем тоқтатылған жағдайда Орталық бөлімшесі істі жабуды жүргізеді және оны мұрағатқа жібереді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет