Балалы отбасыларєа берілетін



жүктеу 0.64 Mb.
бет1/4
Дата27.04.2019
өлшемі0.64 Mb.
  1   2   3   4



«Балалы отбасыларға берілетін

мемлекеттік жәрдемақылар туралы»

Қазақстан Республикасының

Заңын іске асыру жөніндегі

кейбір шаралар туралы»

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және әлеуметтік

даму министрінің 2015 жылғы

5 мамырдағы № 319 бұйрығына

өзгеріс енгізу туралы

«Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы


1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 319 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11507 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

  1. көрсетілген бұйрықпен бекітілген Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

  2. көрсетілген бұйрықпен бекітілген Балаларға арналған жәрдемақы алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу қағидалары күші жойылды деп танылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

  1. осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

  2. осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап бір данада қағаз және электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі оның көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберуді;

  3. осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

  4. осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

  2. Осы бұйрық 2018 жылғы 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.



Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрі Т. Дүйсенова


КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Ақпарат және коммуникациялар министрі

_____________________ Д. Абаев



2017 жылғы ___ ______________

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

Орынбасары – Ауыл

шаруашылығы министрі

_______________ А. Мырзахметов

2017 жылғы ___ ___________



Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің

2017 жылғы « »

№ бұйрығына

қосымша
Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және әлеуметтік

даму министрінің

2015 жылғы 5 мамырдағы

№ 319 бұйрығымен

бекітілген

Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес (бұдан әрі – Заң) әзірленді және балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

2) ақпараттық жүйе – аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып, ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздеуге, таратуға, тапсыруға және беруге арналған жүйе;

3) балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар мынадай түрдегі ақшалай төлемдер:

бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі – бала туғанда берілетін жәрдемақы);

бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі – бала күтімі жөніндегі жәрдемақы);

«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқасымен марапатталған немесе бұрын «Ардақты ана» атағын, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі – көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы);

мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қамқоршыға (қорғаншыға) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі – мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы);

4) бала туғанда берілетін, бала күтімі жөніндегі, көпбалалы аналарға берілетін және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган) – уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері;

5) бірінші бөлім – жәрдемақының мөлшерін тағайындаумен, жаңартумен, өзгертумен және қайта қараумен және ағымдағы қажеттілікті қалыптастырғаннан кейін өтініш берушінің тұрғылықты жерін ауыстыруымен байланысты төлемнің ағымдағы айға қажеттілігі енгізілмеген жәрдемақы сомасы;

6) дәйексіз құжат (қолдан жасалған) – дәйексіз (жалған) мәліметтерден тұратын түпнұсқадағы құжаттардың үлгілері бойынша жасалған құжат;

7) жәрдемақы алушы – бала туғанда берілетін жәрдемақы, бала күтімі жөніндегі жәрдемақы және (немесе) мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы тағайындалған өтініш беруші;

8) жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілетті ұйым – банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдары, «Қазпочта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері;

9) Мемлекеттік корпорацияның бөлімшелері – Мемлекеттік корпорацияның қалалық, аудандық бөлімшелері;

10) Мемлекеттік корпорацияның филиалдары – Мемлекеттік корпорацияның облыстық, Астана және Алматы қалаларындағы филиалдары;

11) уәкілетті мемлекеттік орган – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

12) отбасы – некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасы қатынастарын нығайтып, дамытуға септігін тигізуге арналған мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты адамдар тобы;

13) өтініш беруші – жәрдемақылар тағайындату үшін жүгінетін адам;

14) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиыны;

15) электрондық құжат – ақпарат электрондық цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;

16) электрондық өтініш – электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

17) электрондық өтінім – бала туғанда берілетін жәрдемақы, бала күтімі жөніндегі жәрдемақы және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны тағайындауға қажетті Мемлекеттік корпорацияның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы мәліметтер.

2. Бала туғанда берілетін жәрдемақы, бала күтімі жөніндегі жәрдемақыны тағайындату үшін жүгіну тәртібі
3. Заңның 4-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша бала туғанда берілетін жәрдемақы және бала күтімі жөніндегі жәрдемақы (бұдан әрі – жәрдемақы) алуға құқығы бар адамдар жәрдемақы тағайындату үшін тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және сәйкестендіру үшін – жеке басты куәландыратын құжатты (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, Қазақстан Республикасы азаматының паспорты), сондай-ақ оралмандар үшін – оралман куәлігі жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) болған жағдайда мынадай құжаттармен қоса ұсынады:

1) баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) не туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірмесі;

2) өтініш беруші деректерінің баланың тууы туралы куәлігіндегі деректерімен сәйкес келмеген жағдайда – неке қию (бұзу) туралы куәлік;

3) балаға немесе бала асырап алушыға қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген жағдайда – балаға немесе бала асырап алушыға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеуді растайтын құжат;

Жәрдемақыларды тағайындау үшін тұрғылықты жерін растайтын құжаттарды, баланың (балалардың) тууы туралы куәлігін (куәліктерін) не Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірмесін, Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымнан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша неке қию (бұзу) туралы куәлігін, сондай-ақ балаға немесе бала асырап алушыға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеуді растайтын құжатты ұсыну, оларда қамтылған ақпаратты осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған жағдайда талап етілмейді.

4. Бала күтімі жөніндегі жәрдемақы міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры жүйесінің қатысушысы болып табылмайтын адамдарға тағайындалады.

5. Жәрдемақыларды тағайындауға жүгіну мерзімдері бала туған күннен бастап он екі айдан аспайды.

6. Бала күтімі жөніндегі жәрдемақы бала туған күннен бастап бір жасқа толық толған күнге дейін тағайындалады.

Отбасы құрамында ата-аналары ата-ана құқықтарынан айырылған немесе ата-ана құқықтары шектелген балаларды қоспағанда, туған, асырап алынған, сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алынған балалар ескеріледі, сондай-ақ отбасы құрамында егер басқа ата-ананың отбасында ескерілмесе, өгей балалар да ескеріледі.

Оралмандарға бала күтімі жөніндегі жәрдемақы бала туған күннен бастап, бірақ оралман мәртебесі белгіленген күннен кейін тағайындалады.

7. Жәрдемақы баланың отбасының табысына қарамастан тағайындалады. Екi және одан да көп бала туған кезде бала туғанда берiлетiн жәрдемақы әр балаға тағайындалады және төленедi.

3. Көпбалалы анаға мемлекеттік жәрдемақыны

тағайындату үшін жүгіну тәртібі
8. Заңның 4-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген негіз бойынша көпбалалы ана ретінде жәрдемақы алуға құқығы бар адамдар көпбалалы ана жәрдемақысын тағайындату үшін тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және сәйкестендіру үшін – жеке басты куәландыратын құжатты (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктің ықтиярхаты), сондай-ақ оралмандар үшін – оралман куәлігі мынадай құжаттармен қоса ұсынады:

1) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен, I және II дәрежелі «Ана Даңқы» ордендерімен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған көп балалы аналардың наградталғанын немесе атақ алғанын растайтын құжаты;

2) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін –Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімнің анықтамасы);

3) жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік есеп шоттың нөмірі туралы мәліметтер.

Тұрғылықты жерін растайтын құжатты ұсыну оның ішінде қамтылған ақпаратты ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған жағдайда талап етілмейді.

9. Көпбалалы ана ретінде жәрдемақы оны алу құқығы туындағаннан кейін жәрдемақы тағайындау үшін жүгінген күннен бастап тағайындалады. Барлық қажетті құжаттарымен бірге өтініш берілген күн жүгінген күн болып есептеледі.



4. Мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін мемлекеттік

жәрдемақыны тағайындату үшін жүгіну тәртібі
10. Заңның 4-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген негіз бойынша мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны алуға құқығы бар адамдар мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны тағайындату үшін тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және сәйкестендіру үшін – жеке басты куәландыратын құжатты (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, Қазақстан Республикасы азаматының паспорты), сондай-ақ оралмандар үшін – оралман куәлігі ЖСН болған жағдайда мынадай құжаттармен қоса ұсынады:

1) баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері);

2) өтініш беруші деректерінің баланың тууы туралы куәлігіндегі деректерімен сәйкес келмеген жағдайда – неке қию (бұзу) туралы куәлігі;

3) балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілегендігін немесе асырап алу болған жағдайда – балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілегендігін немесе асырап алуды растайтын құжат;

4) өтініш берушінің және мүгедек баланың тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;

5) баланың мүгедектігі туралы анықтама;

6) жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік шоттың нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжат.

Жәрдемақыларды тағайындау үшін тұрғылықты жерін растайтын құжаттарды, баланың (балалардың) тууы туралы куәлігін (куәліктерін) не Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірмесін, Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымнан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша неке қию (бұзу) туралы куәлігін, сондай-ақ балаға немесе бала асырап алушыға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеуді растайтын құжатты ұсыну, оларда қамтылған ақпаратты осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған жағдайда талап етілмейді.

11. Мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы жүгінген күнінен бастап бала мүгедектігінің барлық кезеңіне тағайындалады. Барлық қажетті құжаттарымен бірге өтініш берілген күн жүгінген күн болып есептеледі.

Мүгедек бала толық мемлекеттік қамсыздандыруға алынған кезде мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған ана немесе әке, бала асырап алушы, қорғаншы (қамқоршы) тиісті мемлекеттік мекемелер аталған фактіні құжаттамалық растаған жағдайда, бала отбасында демалыста болған кезеңде мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыға құқығы бар.

12. Мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы баланың отбасысының табысына қарамастан тағайындалады. Отбасында екі және одан да көп мүгедек бала тұрған жағдайда мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы әрбір мүгедек балаға тағайындалады және төленеді.

5. Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу тәртібі
13. Ата-аналарының, қорғаншыларының немесе қамқоршыларының біреуінің жеке жүгінуге мүмкіндігі болмаған жағдайда сәйкесінше жәрдемақы тағайындау үшін өтініш Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 167-бабына сәйкес берілген сенімхат бойынша береді.

Нотариат куәландырған сенімхат сканерден өткізіледі және Мемлекеттік корпорация бөлімшесі маманының ЭЦҚ-сы арқылы куәландырылады, содан кейін өтініш берушіге қайтарылады.

14. Түпнұсқада берілген құжаттар сканерден өткізіледі және құжаттардың электрондық көшірмесі Мемлекеттік корпорация бөлімшесі маманының ЭЦҚ-сы арқылы куәландырылады, содан кейін өтініш берушіге қайтарылады.

15. Өтініш беруші балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар жәрдемақыларды тағайындату үшін тиісті құжаттарды бергеннен кейін оның қатысуымен Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің маманы:

Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесіне өтініш берушіде балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау, төлеу немесе тағайындауға өтініш беру фактісінің болуына сұрау салуды;

мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес сұрау салуды қалыптастырады.

Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесінен балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау, төлеу немесе тағайындауға өтініш беру фактісін растайтын ақпарат алу кезінде Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі өтініш берушіге осы Қағидаларға
5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

Мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар сұратылып отырған мәліметтерді растайтын электрондық құжаттарды ұсынған кезде сұрау салуды жүзеге асырған Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі өтініш берушіге құжаттардың қабылданғандығы туралы белгісі бар үзбелі талон беріледі.

16. Мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар ақпараттық жүйелерде өтініш беруші туралы сұратылып отырған мәліметтердің жоқ екенін немесе өтініш беруші берген мәліметтермен сәйкессіздігін растайтын электрондық құжаттарды ұсынған кезде сұрау салуды жүзеге асырған Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі өтініш берушіге құжаттардың түпнұсқаларын және мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріндегі ол туралы мәліметтерді сәйкестікке келтіру үшін келісу туралы өтініш беру қажеттігі туралы хабардар етеді.

Заңның 5-бабының 4-тармағына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және мерзімдерде өтініш беруші құжаттардың түпнұсқасын және келісу туралы өтініш берген кезде Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің маманы құжаттардың түпнұсқасын сканерден өткізеді, оларды ЭЦҚ арқылы куәландырады және жеке тұлға туралы мәліметтерді сәйкестікке келтіру үшін мемлекеттік органдарға және (немесе) ұйымдарға жібереді.

Егер өтініш беруші хабарламада көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда, сондай-ақ сәйкесінше жәрдемақыларды тағайындау үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) деректердің (ақпараттардың), оларда қамтылған деректердің және ақпараттардың дәйексіздігі анықталған жағдайда Мемлекеттік корпорация бөлімшесі өтініш берушіге осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сәйкесінше жәрдемақыны тағайындауға құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы (себебі көрсетілген) қолхат береді.

17. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі тиісті жәрдемақыны тағайындау үшін өтініш берушіден қабылданатын құжаттар топтамасының, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтердің толықтығын тексереді, сканерлеу сапасын және өтініш беруші ұсынған құжаттардың электрондық көшірмелерінің түпнұсқаларға сәйкестігін қамтамасыз етеді.

18. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті жәрдемақыны тағайындау туралы өтінішті электрондық журналға тіркейді.

«Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы келіп түскен электрондық өтінім осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төлемдерді тағайындауға арналған «электрондық үкіметтің» веб-порталына келіп түскен азаматтардың өтініштерін тіркеудің электрондық журналына тіркеледі.

19. Бала туғанда берілетін және (немесе) бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау үшін өтініш беруші «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүгінген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес өтініш нысанында көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады.

20. Мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар сұратылған мәліметтерді растайтын электрондық құжаттарды ұсынған кезде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы бала туғанда берілетін және (немесе) бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау туралы сұрау салуды жүзеге асырған өтініш беруші электрондық өтінішті өзінің ЭЦҚ-сы арқылы куәландырады және Мемлекеттік корпорацияның автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне жібереді.

21. «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы келіп түскен бала туғанда берілетін және (немесе) бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау үшін ұсынылған электрондық өтініш мынадай параметрлер бойынша тексеруден өтеді:

1) ұсынылған мәліметтердің толықтығы;

2) сәйкесінше жәрдемақыларды тағайындау, төлеу, сондай-ақ өтініш беру фактісінің болмауы;

3) жәрдемақы тағайындалатын баланың бір жасқа толмауы;

4) әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болмауы (бала күтімі жөніндегі жәрдемақыны тағайындау үшін).

Жоғарыда келтірілген параметрлер бойынша тексерудің оң нәтижесі болған жағдайда өтінішті өңдеуге арналған кіріс хабарламалары журналына орналастыру жүргізіледі.

22. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жіберілген электрондық өтінішті қабылдау кезінде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтініш берушінің жеке кабинетіне осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес электрондық өтінішті қабылдағаны туралы хабарлама жіберіледі. Хабарлама Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі маманының ЭЦҚ-сы арқылы куәландырылады.

23. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі өтініш тіркелген күні өтініш берушінің түпнұсқада ұсынған өтініштің және құжаттардың электрондық көшірмелері, сондай-ақ мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтер және (немесе) қажет болған жағдайда жеке тұлға туралы мәліметтерді сәйкестендіру үшін мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне жіберілген және өтініш беруші түпнұсқада ұсынған өтініштің, құжаттардың және мәліметтердің электрондық көшірмелерін қамтитын электрондық іс макетін қалыптастырады.

Сәйкесінше жәрдемақыларды тағайындау үшін электрондық іс макеті Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесінде өтінішті тіркеген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қалыптастырылады және Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі маманының ЭЦҚ арқылы куәландырылады.

Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің маманы осы Қағидаларға 11, 12, 13-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша сәйкесінше шешім жобасын қалыптастырады, жәрдемақылардың мөлшерін есептеуді жүргізеді және оларды ЭЦҚ арқылы куәландырады.

Шешімнің жобасы жәрдемақы тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық-цифрлық нысандағы құжатты (бұдан әрі – шешім жобасы) білдіреді.

Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің басшысы Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі маманының ЭЦҚ арқылы куәландырылған жәрдемақылар мөлшерін есептеудің, шешім жобасын ресімдеудің дұрыстығын тексереді, содан кейін Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі электрондық іс макетті Мемлекеттік корпорацияның филиалына жібереді.

24. Мемлекеттік корпорацияның филиалы электрондық іс макеті мен шешім жобасы келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қарайды, есептеудің және шешім жобасын ресімдеудің дұрыстығын тексереді, содан кейін жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган жібереді. Бұл ретте, шешім жобасы Мемлекеттік корпорацияның филиалы маманының және басшысының ЭЦҚ-лары арқылы куәландырылады.

25. Жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган келіп түскен электрондық іс макетін шешім жобасымен қарайды және үш жұмыс күні ішінде жәрдемақыларды тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.

Автоматты режимде шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтініш берушінің жеке кабинетіне осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сәйкесінше жәрдемақыны тағайындау, тағайындаудан бас тарту туралы хабарлама жіберіледі. Хабарлама жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган басшысының ЭЦҚ-сы арқылы куәландырылады.

26. Егер жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган ұсынылған электрондық іс макетінде шешім қабылдауға қажетті құжаттың (құжаттардың) жоқтығын анықтаса, электрондық іс макеті шешім жобасымен Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне электрондық іс макеті келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде оны жеткіліксіз құжатпен толықтыру үшін қайтарылады. Осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша себебін көрсете отырып, тағайындауға құжатты (құжаттарды) қайта ресімдеу қажеттігі туралы хабарлама жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органның ЭЦҚ-сымен куәландырылып, Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне жіберіледі.

Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіні жиырма бес жұмыс күні ішінде хабарламада көрсетілген қосымша құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы хабардар етеді. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі өтініш берушімен қосымша құжаттар ұсынылған жағдайда осы Қағидаларға 23 және 24-тармақпен көзделген тәртіпте электрондық іс макетін дайындайды.

Егер Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне электрондық іс макеті келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қажетті құжаттар қайта ұсынылмаса, жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган қолдағы бар құжаттар бойынша жәрдемақы тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы электрондық шешім шығарады.

27. Егер жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган ұсынылған электрондық іс макетінен және (немесе) шешім жобасынан қате тапқан жағдайда, қайтару себебін көрсете отырып, электрондық іс макетін шешім жобасымен бірге қателерді жою үшін Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне жіберіледі.

Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі қайтарылған электрондық іс макеті келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде анықталған қателерді жояды, осы Қағидалардың 23 және 24-тармақтарында көзделген тәртіппен электрондық іс макетін қайта ресімдейді.

28. Сәйкесінше жәрдемақы тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган шешімде бас тарту негіздемесін көрсетеді.

Бұл ретте, осы Қағидаларға 11, 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша жәрдемақы тағайындаудан бас тарту себептері көрсетілген жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган шешімімен электрондық іс макеті Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне қайтарылады. Жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органның жәрдемақыны тағайындаудан бас тарту себептері көрсетілген электрондық хабарламасы осы Қағидаларға


16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтініш берушінің жеке кабинетіне жіберіледі. Хабарлама уәкілетті орган басшысының ЭЦҚ-сы арқылы куәландырылады.

29. Мемлекеттік органнан және (немесе) ұйымнан ақпараттық жүйелердегі жеке тұлға туралы мәліметтерді өтініш берушінің дәйексіз құжаттарын ұсыну себебі бойынша сәйкестікке келтіруден бас тартуды растайтын электрондық құжат келіп түскен жағдайда жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган жоба шешімін Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне қайта ресімдеуге жібереді.

Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің маманы осы Қағидалардың 23, 24-тармақтарында көзделген тәртіппен өтініш берушінің дәйексіз құжаттарды ұсынғаны туралы мемлекеттік органның және (немесе) ұйымдардың ақпаратына сәйкес дәлелді бас тартуды көрсете отырып, осы Қағидаларға 11, 12, 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сәйкесінше жәрдемақыларды тағайындаудан бас тарту туралы шешім жобасын қалыптастырады.

Егер ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган Заңның 5-бабының


4-тармағына сәйкес белгілеген мерзім ішінде мемлекеттік орган және (немесе) ұйым жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органға ақпараттық жүйелердегі жеке тұлғалар туралы мәліметтерді сәйкестікке келтіруден бас тартылған электрондық құжатты ұсынбаса, онда жәрдемақылар тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің маманы сканерлеген өтініш беруші ұсынған құжаттардың түпнұсқалары негізінде қабылданады.

30. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі жәрдемақыны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаны өтініш берушіні өзі жүгінген кезде тапсыру арқылы немесе өтініш берушінің ұялы телефонына sms-хабар жіберу арқылы жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган қабылдаған шешім туралы хабардар етеді. Хабарлама осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламалар журналында тіркеледі. Sms-хабарлар осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша sms-хабарлардың электрондық журналында тіркеледі.

Жәрдемақы алушы ісінің қағаз нұсқасын қалыптастыру үшін электрондық іс макеті басып шығарылады.

31. Жәрдемақылар төлемін Мемлекеттік корпорация өтініш берушінің таңдауы бойынша жәрдемақылар беру жөніндегі уәкілетті ұйымдар арқылы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

32. Жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган қабылдаған шешімнің негізінде жәрдемақы Мемлекеттік корпорация құрастырған жәрдемақы төлеу жөніндегі графикке сәйкес облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бөлігінде төленеді.

33. Бала күтімі жөнiндегi, көпбалалы аналарға берілетін және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы ағымдағы ай үшiн ай сайын төленеді.

Жәрдемақыны тағайындауға, қалпына келтіруге, өзгертуге және мөлшерін қайта қарауға және тұрғылықты жерін өзгертуіне байланысты төлем айының ағымдағы қажеттілігіне енгізілмеген жәрдемақы сомалары ағымдағы қажеттілікті қалыптастырғаннан кейін, бірінші бөлімнің сомалары ретінде, келесі айдың қажеттілігіне енгізілуге тиіс және бір рет төленеді.

Төлемді тағайындайтын немесе жүзеге асыратын органның кінәсінен уақытында алынбаған жәрдемақы сомалары бірінші бөлім ретінде өткен уақыт үшін мерзімі шектелмей бір уақытта төленеді.

34. Айлық есептiк көрсеткіш мөлшері және жалақының ең төмен мөлшерi өзгерген жағдайда Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі осы Қағидаларға 11, 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша шешімнің жобасын дайындайды және оны жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органға бекітуге жібереді.

35. Егер шешімнің қолданылу мерзімін ұзарту үшін негіздеме болып табылатын, қорғаншы немесе алушы ауысқан немесе жәрдемақының мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туындаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі шешім жобасын дайындайды және оны қайта ұсынылған құжаттармен (болған жағдайда) қоса электрондық іс макетін, осы Қағидалардың 23, 24-тармақтарымен көзделген тәртіп бойынша жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органға бекітуге жолдайды.

36. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі жәрдемақы төлеуді осы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жәрдемақы төлеу жөніндегі уәкілетті органның төлемді тоқтата тұру туралы шешімінің негізінде:

1) жәрдемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйым ұсынатын алушының банктік шоты бойынша үш және одан көп ай бойы шығыс операцияларының болмауы туралы;

2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесінен (бұдан әрі – «ЖТМД» АЖ) іздеуде жүрген адамдардың хабар-ошарсыз кету фактісінің анықталғаны туралы;

3) ата-ана құқықтарынан және қамқоршыны (қорғаншыларды) құқықтарынан айыру фактілерінің анықталғаны туралы (босатылған және шеттетілген қамқоршылар (қорғаншылар) туралы);

4) жәрдемақы алушылардың Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге тұрақты тұруға кету фактісінің, оның ішінде «ЖТМД» АЖ-дан анықталғаны туралы;

5) шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатының, азаматтығы жоқ адам куәлігінің қолданылу мерзімінің өтуі туралы;

6) жәрдемақы алушының сот тағайындаған бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаны өтеуі;

7) арнаулы әлеуметтік қызметтер ақылы негізде ұсынылатын адамдарды қоспағанда, Заңның 4-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларымен көзделген негіздер бойынша жәрдемақы алушылардың мемлекеттік медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) тұрған кезеңіне жәрдемақы төлеу тоқтатыла тұрады;

8) Заңның 4-бабы 1-тармағының 3)-тармағында көзделген негіз бойынша «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы № 2676 Заңының 40-бабымен бекітілген тәртіп бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларынан айырылуы туралы мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап төлемдерді тоқтата тұрады.

37. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі осы Қағидаларға 20-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органның төлемді тоқтату туралы шешімінің негізінде Заңның 11-бабымен көзделген негіздер бойынша, оның ішінде «ЖТМД» АЖ-дан мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап жәрдемақы төлеуді тоқтатады.

38. Төлемді қалпына келтіру үшін негіздеме болып табылатын мән-жайлар туындаған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесінің электрондық шешім жобасымен қоса, ұсынылған құжаттармен электрондық іс макетін дайындауы және оны жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органның бекітуі тоқтатыла тұрған күннен бастап не қалпына келтіруге құқық басталған сәттен бастап жүргізіледі.

39. Артық төленген сомалар ерікті түрде, ал бас тартылған жағдайда – сот шешімінің негізінде сот тәртібімен қайтарылуға жатады, бұл жөнінде Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі жәрдемақы алушыны хабардар ету үшiн хат дайындайды.

40. Жәрдемақыны алушылар құқығына және (немесе) олардың мөлшеріне әсер ететін мән-жайлардың өзгергендігі туралы Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесін күнтiзбелiк он күн ішінде хабардар етеді.

Алушы сәйкесінше жәрдемақының мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туралы уақытында хабарламаған жағдайларда, жәрдемақы мөлшері көрсетілген мән-жайлар туындаған сәттен бастап, бірақ оның тағайындалған сәтінен асырмай қайта қаралады.

41. Мемлекеттік корпорация жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган қабылдаған шешімдердің негізінде жәрдемақыларды төлеуге қаражат қажеттілігі туралы өтінім жасайды.

Мемлекеттік корпорация ай сайын 25-күнi уәкілетті мемлекеттік органға жәрдемақыларды төлеуге қаражат қажеттілігі туралы өтінім ұсынады.

42. Уәкілетті мемлекеттік орган қаражатты тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер мен төлемдер жөнiндегi қаржыландыру жоспарларына сәйкес бөлінген сомалар шегінде Мемлекеттік корпорацияның есеп айырысу шотына аударады.

43. Мемлекеттік корпорация бюджеттік қаражаттарды алғаннан кейін төлем кестесіне сәйкес сәйкесінше жәрдемақыларды төлеуге төлем тапсырмаларын қалыптастырады.

44. Бөлінген қаражат бойынша уәкілетті мемлекеттік орган мен Мемлекеттік корпорация арасында ай сайын салыстырып тексеру актісі жасалады.

45. Төленген сомалар бойынша Мемлекеттік корпорация мен жәрдемақыларды беру жөнiндегi уәкілетті ұйымдардың арасында ай сайын салыстырып тексеру актілері жасалады.

46. Жәрдемақыларды беру жөнiндегi қызметтерге ақы төлеу Мемлекеттік корпорация мен жәрдемақылар беру жөніндегі уәкілетті ұйым арасында заңнамада белгіленген тәртіппен жасалған шарт негізінде жүргiзiледi.

47. Бала қайтыс болған, кеткен және (немесе) алушы Қазақстан Республикасы шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен немесе оған басқа себептер бойынша төлем тоқтатылған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі істі жабуды жүргізеді және оны мұрағатқа жібереді.

48. Жәрдемақы төлемдері жүргізіліп жатқан істер (қолданыстағы істер) қолданыстағы іс мұрағатында сақталады.

49. Жәрдемақы төлеу тоқтатыла тұрған істер алушының өзі немесе отбасының мүшелері жүгінгенге дейін «Бақылауда» деген белгімен қолданыстағы істерден бөлек сақталады. Алты ай өткеннен кейін іс соңғы төлемінің күні мен сомасы көрсетіле отырып, есептен алынады және Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің мұрағатына өткізіледі. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшелерімен жәрдемақы төлеуді жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органның жәрдемақы тағайындау туралы шешімі бойынша қалпына келтіреді.

50. Заңның 4-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша мұрағаттық істер әліпби және істердің жабылу жылдары бойынша үш жыл бойы сақталады, ал Заңның 4-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша мұрағаттық істер әліпби және істердің жабылу жылдары бойынша бес жыл бойы сақталады, сақтау мерзімі өткеннен кейін акт бойынша жойылады, ал қолданыстағы істердің электрондық нұсқасы тұрақты сақталады.

____________________


Балалы отбасыларға берілетін
мемлекеттік жәрдемақыларды
тағайындау және төлеу
қағидаларына
1-қосымша
Нысан



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет