Балапан ортаңғы тобының



жүктеу 58.25 Kb.
Дата26.02.2018
өлшемі58.25 Kb.

Тәрбиеші: Қожабергенова Кульпан Батыргалиевна


Білім беру саласы: «Коммуникация»

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Ойыншықтар

Мақсаты: Балаларды ойыншықтар жайлы шағын әңгімелерді баяндап айта білуге, жай және күрделі сөйлемді қолдану арқылы өз ойларын дұрыс жинақтап жеткізе білуге үйрету.

Балалардың тіл байлығын дамыту, сөздік қорын байыту.

Ойыншықпен ұқыпты ойнауға, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Шыны, пласмасса, мата, ағаш.

Колданылатын құрал-жабдықтар: Слайд суреттер, ойыншық түрлері.



Оқу іс-әрекетінің кезеңдері



Педагогтің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық қозғаушылық


Шаттық шеңбері:

Мен кішкентай баламын,

Айтқан тілді аламын.

Анам жұмысқа кеткенде,

Үйде ойнап қаламын.

Шкафтарды ашпаймын.

Кітаптарды шашпаймын.

Ойыншықтарды жинап-ап,

Қызық ойын бастаймын

Балалар жартылай шеңбер болып тұрады, өлең жолдарын қимыл-мен айтады.




Ұйымдастырушы-лық ізденістік


Кез келген бала ойыншықпен ойнағанды жақсы көреді. Ойыншықпен ойнау барысында бала ойланады, ойы ұштанады екен. Ойыншықтардың түріне, түсіне , көлеміне назар аударады.

Солай ма, балалар?

Ендеше, сендер сол ойыншықтардың қалай, неден жасалатынын білесіңдер ме?

Олай болса, біз бүгін сол ойыншықтардың жасалу жолдарымен танысамыз.

№ 1 слайд

Ағаштан жасалған ойыншықтар

Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдап, өз ойларымен бөліседі.




Рефлексиялық-

түзетушілік

Балалар, қараңдаршы мына ойыншықтар неден жасалған?

Иә, дұрыс айтасыңдар, ағаштан жасалған.

Ағаш қатты ма, әлде жұмсақ па?

Бұл ойыншықтың пішіні кандай геометриялық фигураға ұқсайды?

Ағаштан тағы қандай ойыншықтар жасауға болады екен?

Қалай ойлайсыңдар, ағашты біз қайдан аламыз?

Иә, ағашты біз табиғаттан аламыз. Адам мен табиғат тығыз байланысты. Сондықтан біз табиғатты қорғауымыз керек.


№ 2 слайд.

Пласмассадан жасалған ойыншықтармен таныстыру

Мына куыршақтар неден жасалған деп ойлайсыңдар?

Пласмасса жұмсақ па, әлде қатты ма?

Қуыршақпен ұлдар ойнай ма, жоқ қыздар ойнай ма?

Пласмассадан жасалған тағы қандай ойыншықтар көріп тұрсыңдар?

Ойыншықтармен біздер қалай ойнауымыз керек?
№3 слайд

Темірден жасалған ойыншықтар

Балалар, мына ойыншықтар темірден жасалған. Темір өте қатты.

Ондай ойыншықтармен ойнаған кезде өте абай болу керек.


№ 4 слайд

Матадан жасалған ойыншықтар

Ал, мына қонжыққа қараңдаршы, ол неден жасалған деп ойлайсыңдар?

Матадан жасалған ойыншықтар жұмсақ па, қатты ма?


Матадан тағы қандай ойыншықтар жасауға болады екен?

Матаны біздер мақтадан аламыз

Матадан сол сияқты қуыршақтарға арнап неше түрлі көйлектер тігуге болады.


№ 5 слайд

Шыныдан жасалған ойыншықтар.

Бұл ойыншықтарды әйнектен жасайды.

Шыныдан жасалған ойыншықтарға

қандай ойыншықтар жатады?

Иә, ойыншық ыдыс-аяқтар, әдемі сувенирлер жатады. Шыныдан жасалған ойыншықтармен ойнағанда өте сақ болу керек. Егер байқаусызда қолыңнан түсіп кетсе, ол сынып қалады. Сынық ойыншық қолыңды немесе басқа жерлеріңді жарақаттауы мүмкін.


«Не жоқ?» ойыны
Үлестірмелі материалмен жұмыс.

«Не артық?»


Сергіту сәті:

Саусақтар жаттығуы


Мазмұнды – рольді ойын:

«Ойыншықтар дүкені»



Мақсаты: Балаларды мамандыққа баулу, сыпайы сөйлеуге үйрету, ойыншықтарға ұкыптылықпен қарауға тәрбиелеу.

Ойын шарты: Балалар ішінен бір бала сатушы, қалған балалар сатып алушылар болады.
Дидактикалық ойын:

«Сиқырлы дорба»

Мақсаты:

Балалардың есте сақтау қабілеттерін арттыру, байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру.


Сонымен, балалар біздер бүгін қандай ойыншық түрлерімен таныстық?

Ойыншықтар неден жасалады екен?

Ойыншықтармен ойнаған кезде қандай қауіпсізлік ережесін сақтау керек?

Жақсы, ойыншықтарды қалай ұстау керек?

Топта ойыншықтар шашылып жатса не істейміз?

Топтағы ойыншықтарға таласамыз ба?

Өйткені, топтағы ойыншықтар бәрімізге ортақ.

Ойыншықпен ойнағанда тату-тәтті болуымыз керек.


Ән: «Ойыншықтар»


Ағаштан


Қатты
Тіктөртбұрышқа
Құрастырғыштар
Орманнан

Пласмассадан


Жұмсақ

Қыздар
Құрастырғыштар


Ұқыпты

Матадан
Жұмсақ


Қасқыр, қоян, түлкі

Әр түрлі аңдарды

Ыдыстар.

Балалар өлең жолдарына байланысты қимылдар жасайды.

«Дүкенші» ойыншықтың сапасын, оның неден жасалғанын сатып алушыға түсіндіреді.

Балалар ойынға қызығушылық танытады.

Балалар дорбадан кез-келген ойыншықты алып, оған сипаттама береді.



Ойыншықтар туралы білгендерін жаңғырта алады.



Ойыншықтардың жасалу жолын түсінеді .

Ойыншықтармен ұқыпты ойнауды қолданады .

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет