Балқаш қаласының 80-жылдығына орай, Наурыз мейрамына арналған ұзын бұрымды қыздар арасындағы «Бұрымды қыз» атты байқауының ережесі



жүктеу 25.83 Kb.
Дата07.03.2018
өлшемі25.83 Kb.

Балқаш қаласының 80-жылдығына орай,

Наурыз мейрамына арналған ұзын бұрымды қыздар арасындағы «Бұрымды қыз» атты байқауының

ЕРЕЖЕСІ


  1. Жалпы ереже




    1. Осы ереже «Бұрымды қыз» Наурыз мейрамына арналған ұзын бұрымды қыздар арасындағы байқауды өткізудің мақсаттарын және міндеттерін, тәртібін, өткізу шарттарын және қаржыландыруын белгілейді (бұдан әрі – Байқау);

    2. Байқау Наурыз мейрамы аясында және Балқаш қаласының 80 жылдығына орай өткізіледі

    3. Байқау үйлестірушісі: «Балқаш қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ

Байқау ұйымдастырушысы: «Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ


  1. Мақсаттары мен міндеттері

2.1. Бойжеткендердің әдемілігі мен нәзік сезімталдығын дәріптеу;

2.2. Жастардың әсемдікті қабылдау деңгейінің биік болуына әсер ету;

2.3. Байқау арқылы ұлттық құндылықтарды азаматтық ұстанымына негіз етіп алған тұлғаларды тәрбиелеу




  1. Байқаудың өткізу мерзімі және өтінімдерді қабылдау

3.1. Байқау 2017 жылдың 21 наурызында сағат 17.00-да өткізіледі.

3.2. Өтінімдер 2017 жылдың 10 наурызға дейін қабылданады


  1. Байқаудың шарттары

4.1. Байқауға шашының ұзындығы 60 см асатын кез келген ақылына көркі сай, қолаң шашты ару қатыса алады.

4.2. Қатысушылар өз өтінімдерін келесі нұсқада 10 наурызына дейін тапсыруы керек:






Тегі, аты-жөні

Туған күні

Оқу немесе жұмыс орны

Байланыс телефондары



















  1. Байқаудың өткізілу тәртібі

Байқау 4 кезеңнен тұрады:

- өзін-өзі таныстыру /қос бұрым өрген, ұлттық киімдегі арулар дефиле жасайды - 2 мин;

- қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына байланысты сұрақ-жауап – 5 мин;

- арулардың өздерінің шаштарын күту әдісін көрсетуі - 2 мин.

- өнер сайысы (ән, би, күй, қол өнер бұйымдары, т.б. өз қалауы бойынша өнер көрсетеді) - 3 мин.


6. Бағалау шарттары

– сахна мәдениеті мен сахналық киімі;



– әртістік шеберлігі.

  1. Байқаудың ұйымдастыру комитеті

    1. Байқаудың ұйымдастыру жұмысын әділқазылар міндеттері жүктелген Ұйымдастыру комитеті орындайды

    2. Ұйымдастыру комитеті талдайды, бағалайды, үзіктерді анықтайды және жеңімпаздардың марапатталуын ұйымдастырады



  1. Жеңімпаздарды марапаттау

Байқаудың жүлде қорын ұйымдастыру комитеті қамтамасыз етеді. Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Байқау қорытындысы БАҚ беттерінде жарияланады.


  1. Қатысушылардың өтініштері келесі мекен-жайы бойынша қабылданады:

Балқаш қаласы, Калмыков тұйық көшесі, 3, «Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ. Байланыс телефондары: 8(71036) 7-50-26, факс 4-31-51.
Каталог: files -> userfiles -> metodicheskaya sluzhba -> polozheniya -> kaz
metodicheskaya sluzhba -> «Қарттарым – асыл қазынам» атты аталар мен әжелер сайысының Өткіщілу сценарийі
metodicheskaya sluzhba -> Семинар-практикум ының бағдарламасы: 31 наурыз 2016 ж. 09-00
kaz -> «Бақытты балалық шақ» атты акварельмен сурет салу байқауының ережесі жалпы ережелер Осы ереже «Бақытты балалық шақ»
metodicheskaya sluzhba -> Сценарий 1 жүргізуші: Қош келдіңіздер, қала қонақтары, балқаштықтар!
kaz -> Балқаш қаласының 80 жылдығына орай «Салтыма тән думаным алтыбақан» Наурыз мейрамы аясында ұлттық ойындар байқауының ережесі


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет