Қызылордада тұрғындарды құрылыс компаниясы алдап кеткен. Жұртшылық пәтерлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін келісілген соманың алғашқы жарнасы ретінде 50 пайызын берген. Енді миллиондап ақша берген 15 адамның баспана тергеудің созылып жатқанына наразылық білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото сюжет кадрларынан

Тұрғындардың айтуынша, құрылысшылар ақшаны алған соң жұмысты аяқсыз тастап кетіп қалған. Не ақшаларын қайтарып ала алмай, не компания өкілдерін таппай жүрген жұртшылық полицияға арыз берген.

Жәбірленушілердің бірі – Халида Барахатова келісім бойынша құрылысшыларға толықтай күрделі жөндеу жүргізу үшін 13 миллион теңгеге келісіп, соның жартысы 6 жарым миллион теңгені берген. Алайда бір айға жетпейтін уақытта пәтер ішін астаң-кестең еткен құрылысшылар жұмыстарын аяқсыз қалдырып кеткен. 

“Қай уақытта хабарлассақ та, Шымкенттен құрылысшыларымыз келеді деп алдап жүрді. Сөйтіп жүргенде қаншама уақыт өтті. Пәтерімнің қабырғаларын бұзып тастап кетті. Сосын амал жоқ басқа құрылысшыларды жалдап, жөндетуге мәжбүр болдым”, – деді Қызылорда қаласының тұрғыны Халида Барахатова. 

  • "Екі жылдан бері өлілер тізіміндемін": Ақтөбеде жетінші баласына жүкті әйел өзінің тірі екенін дәлелдей алмай жүр

  • "Кісі өлтірген азамат қоғамдық жұмысқа тарту жазасымен құтылып кеткен": Марқұмның туыстары сот шешіміне наразылығын білдірді

Осылай алданған15-ке жуық отбасының бірнешеуі полиция департаментіне ақшаларын қайтарып алуды талап етіп, арыз жазған. Алайда төрт айға созылған тергеу әлі аяқталмаған.

“Біріміз несие, біріміз қарыз алдық. Пайызға ақша алдық соның бәрін соларға беріп енді ала алмай отырмыз. Неше ай болды? Міне, ГОВД-ға келдік. Бұларға осымен10 шақты рет келген шығармыз. “Қарап жатырмыз, қарап жатырмыз” дейді. Жұмыс түкке де жүріп жатқан жоқ”, – деді Қызылорда қаласының тұрғыны Бибіпатыма Иманбаева.

Полиция департаментіндегілер алаяқтық бабымен қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын жеткізді.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.