«Балдәурен» ересек топ балаларына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің ашық сабақ



жүктеу 94.67 Kb.
Дата04.03.2018
өлшемі94.67 Kb.
түріСабақ

«Балдәурен» ересек топ балаларына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің ашық сабақ

технологиялық картасы
Күні: 26.11.2015 ж.

Білім беру саласы: «Таным,әлеуметтік орта,шығармашылық»

Кіріктірілген сабақ



Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру,көркем әдебиет,музыка

Тақырыбы: Әдептілік әліпессі,еліміздің салт-дәстүрі, әдет-ғұрпымен таныстыру.

Мақсаты:

Білімділік: Әдептілік-әдемілік әліпесі туралы мағұлмат беру,және оны балалар рөлде ойнау арқылы түсініктерін кеңейту. Туған елдің салт-дәстүрімен таныстырып оның ішінде бесікке салу салты жайлы ұғымдарын қалыптастыру. Қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпын балалардың бойына сіңіру, бала бойында әдептілік және алғырлық, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, жаман мен жақсыны ажырата білуге, ұлттық мақтаныш сезімдерін ояту.

Дамытушылық: Халқымыздың салт-дәстүрі туралы білімдерін дамыту.Бала әлдиін көркем сөздер арқылы дамытып жанр арқылы түсіндіру.

Тәрбиелілік: Салт-дәстүрге,әдептілікке деген қызығушылығын арттыру,құрметтеуге тәрбиелеу.Үлкенді сыйлау,кішіге қамқор бола білуге тәрбиелеу. Балаларды инабаттылыққа тәрбиелеп, ата-бабаларымыздың асыл мұраларын түсіндіру. Көрініс арқылы өнеге мен тәрбиені неден алу керектігін үйрету;

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап,әңгімелесу, ойындар,Сал-дәстүр слайд.

Көрнекіліктер: Ұлттық бұйымдар, ,ғажайып сәттер. 

Қостілділік компонент: Салт-дәстүр-традиция и обряд,ұрпақ-поколения,бесік жыры-колыбельная песня.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Топта жағымды ахуал туғызу.

Шаттық шеңбері: 

Тәрбиеші: Балалар, біз ең алдымен қоршаған ортамен және келген қонақтармен амандасып алайық, кане шеңберге тұрайық. 

-Өте жақсы балалар! 




Балалар шеңбер бойына тұрады.

Сәлем саған Алтын күн! 
Сәлем саған Көк аспан! 
Сәлем саған Жер ана! 
Сәлем саған Қоршаған орта! 
Сәлем бердік бәріңе! 


Ұйымдастыру-іздестіру

Балалар бізге бүгін апайлар қонаққа келіпті апайларға не деп айтамыз.

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?Бұл күздің нешінші айы?Сонымен біз күз айымен қоштасамыз келесі жылға дейін,келесі келетін жыл мезгілі қандай?Балалар бәріміз мында қарайықшы слайд көрсек қалай болады.
-Балалар біз слайдта не көрдік ?

Ия тағы не көрдік? Балалар кім кәне әдептілік жайлы тақпақтар біледі.



Архат.

Автокөлік ыңғайлы автобусқа мінемін.

Онда қалай отырып тұру мәнін білемін,

Кимелемей итермей,алға қарай өтемін.

Билет алып,жайғасып,аялдамамды күтемін,

Әдептілік әлібін әр кез сақтап жүремін

Егер кірсе қарт кісі тұрып орын беремін.

Исматулла.

Алдымыздан кезікке

Көп танысты көреміз

Бәрінеде ізетпен

Біздер сәлем береміз.Өте жақсы балалар жарайсыңдар.Балалар кәне енді тағы бір слайдтты көремізбе?Олай болса кәне көрелік.

Осы кезде топқа әже кіреді.

Әже:Сәлеметсіздер ме балалар. Мен ел аралап жүр едім. Осы үйде той болып жатқанға ұқсайды. Бұл не той?

Келін:Төрлетіңіз. Мына баламызға ата-салтымен ат қойғызып, бесікке салғалы жатырмыз. Атам қазақ қырықтың бірі қыдыр демекші, құдайы қонаққа да ат қойғызған. Сіз бізге тап келдіңіз.

Келін:Осы баламыздың атын сізге қойғызғалы отырмыз.

Әже:Бұл үлкен істі маған тапсырғандарыңызға үлкен рахмет. Баланың есімі Ұлы Абайдың атымен аталсын, аталарындай данышпан болсын. Ал ендеше кішкентай Абайжанды бесікке салайық.



Әже:Бесікте өскен бала таза болады. Мынау- баланың төсек көрпесі, жөргек,түбек,жастықша, асықты жіліктен жасалған шүмегі. Жастығының астына баламыз сымбатты азамат, жүзі айнадай жарық болсын деп айна, тарақ салып отырмын. Бала шошымасын деп пышақ қоямыз. Бәле-жаладан сақтасын деп отпен аластайын.

Аластау рәсімі

Алас-алас баладан алас,

Иесі келді пәледен көш.

Алас-алас пәледен алас,

Көзі жаманның көзінен сақта.

Тілі жаманның тілінен сақта.

Отыз омыртқасынана алас.



Келінжан: нәрестені әкеле ғой.

Осы баламыз дүниеге келгелі көршіме бесікке салдыру ойымда еді.

Ал,әже баламды бесікке салуды сізге тапсырамын

(Бесікке салу рәсімі өтеді)



  • Бала бөлеген бесіктің үстіне ұйқысы тыныш, қалың болсын деген мағынада жеті түрлі нәрсе жабады.

  • Әже біздің балалар бесік жырын біледі сіз тыңдаңыз олар сізге орындап береді.

  • Әже:жақсы кәне тыңдайық.Балалар кәне кім бесік жыры жайлы тақпақ біледі. Кәне Айсана аита ғой.

  • Ертегі айтып берейін,

  • Анашыңды тыңдай ғой.

Бесік жыры. Әлди, әлди, ақ бөпем,

Ақ бесікке жат бөпем.

Жылама, бөпем, жылама,

Жылағанмен бола ма.

Жілік шағып берейін,

Байқұтанның құйрығын,

Жіпке тағып берейін,

Әлди, әлди, әлди-ай.

Ұйықтай қойшы бөпем-ай.

Ой, бәрекелді, балалар,өнерлерің өссін. Біздің қазақ халқының салт-дәстүрлері тек бұл ғана емес,

бұдан да көп. Сол дәстүрлерді сақтай білейік Өте білгір, білімді балалар екенсіңдер.Енді мен қайтайын сендерге рахмет.

Әже : Сау болыңдар балалар.

Балалар сендер шаршаған боларсыңдар кәне бәріміз қазақтың ойынын ойнасақ қалайсыңдар.

Ойын «Орамал тастамақ»

Балалар мен сендерге қазір мынадай схема көрсетем бұл трех схемасы деп аталады.Сол схема бойынша біз қазір сендермен әдептілік жайлы мақал-мәтел құраймыз.

1.Әдепті бала- арлы бала,

Әдепсіз бала – сорлы бала.

2. «Сіз» деген – әдеп,

«Біз» деген – көмек

3. Әдептілік белгісі иіліп сәлем бергенің

4. Үлкенге құрмет-кішіге міндет

5. Ата балаға сыншы.

6. Әдепті бала ата-анасын мақтатар ,

Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар

Құрметті қонақтар біздің балаларымыздың сіздерге арналған сыйлығын қабыл алыңыздар.





әлеметсіздерме апайлар.

Қоңыр күз

Үшінші айы қараша

Күрең күз мезгілі.

Слайды қарайды.

әдепті ,әдепсіз бала жайлы көрдік.
Балалар тақпақтарын аитады.

Ия
Балалар слайдты көреді.

Бесікке салу

Балалар мұқият тыңдап өздеріде рөлдерін атқарады.




Балалар музыка ырғағымен «Бесік жырын»аитады.


Кәусар: Бұл бесік құтты бесік. Осы бала дүниеге келгенде нағашылары осы бесікті жасап жіберіпті.



Балалар ойынды қызыға ойнайды.




  • Айсана:

  • Бөпе-бөпе,бөпемай,

  • Айналайын көкемай-ай

  • Бесігіңе жата ғой.

Ән айтайын,ұйықтай ғой


  • ,


Кәусар:Әже мынау сізге сіздің жолыңыз.Рахмет
Сау болыңыз әжей

Балалар трех схемасымен қызыға жұмыс жасайды.


Қонақтарға сыйлығын табыс етеді.




Рефлексивті-түзетушілік

Тәрбиеші: 
- Балалар, біз әдептілік туралы не білдік? 
-
. Жарайсыңдар балалар рахмет сендерге сендер бүгін оқу іс-әрекетіне жақсы қатыстыңдар мен сендерге бүгін мынадай смайлктар берем.Балалар енді біз қонақтарымызға рахмет айта отырым мына жүрекшелерді апайларымызға сыйлаңыздар.


Балалар сұрақтарға жауап береді.

Олар әр түрлі болатынын.

Өсімдіктер, жануарлар, күн, аспан, ай, жер.




Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек:

- Әдептілік әліпесі жайлы қазақ салт дәстүрі жайлы.


Нені игеру керек:

Үлкенге құрмет көрсете білу.



Нені біледі:

- сұрақтар қоюды және оларға жауап беруді;



- Бесікке салу ережелерін
Каталог: uploads -> doc -> 0a7e
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет