Балдырған 2006ж



жүктеу 41.23 Kb.
Дата01.03.2018
өлшемі41.23 Kb.
түріСабақ


«Теректі негізгі мектебі» ММ
Аппликация

«Аққала»

Тәрбиеші: Ерденбаева Г.С


Сабақтың тақырыбы: «Аққала».
Сабақтың мақсаты: Балалардың қыс туралы түсініктерін кеңейту, қар аппақ, қар аяз күні сықырлайды деген жаңа сөздерді меңгерту, балалардың сөздік қорын дамыту, ауызша сөйлеу кезінде үйренген сөздерді қосып, сөйлем құрап айтуға дағдыландыру. Балаларға қағаздан аққаланы әдемі, ұқыпты етіп жапсыру үйрету.
Көрнекіліктер: Қыстың суреті, түрлі – түсті қағаз, қайшы, желім, қардан жасалған Аққала.
Әдіс-тәсілдер: Әңгімелеу, сұрақ жауап, көрсету.
Сабақтың жүрісі:
-Кәне, балалар біз сабақта қалай отырамыз? Міне, бүгінгі сабағымыз күндегі сабағымыздан ерекше. Ерекшке болатын себебі, бүгін біздің сабағымызға осы балабақшада жұмыс жасайтын апайларымыз қатысып отыр. Сондықтан, барлығымыз тыныш, әдемі болып отырып, сұраққа жауап беріп отырамыз.

Ал, апайлар сендердің сабақта қалай отырасыңдар, сұраққа қалай жауап беретіндеріңізді қарап отырады. Кәне, балалар барлығыңда маған қарап отырыңдар. Сендер жылдың төрт мезгілін білесіңдерме?
-Иә.

-Олай болса, қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс.

-Дұрыс айтасыңдар, қыс мезгілі.

-Қыс айларын білесіңдерме?

-Білеміз.

-Кәне, атап айтайық.

-Желтоқсан, қаңтар, ақпан.

-Дұрыс.

-Қыста күн қандай болады?

-Суық, аяз, боран болады.

Сонымен бірге жерде не болады?

-Қар.

-Қар болады. Қардың түсі қандай болады?

-Ақ.

-Қар аппақ болады екен. Қар аяз күні аяғыңмен басқанда сықырлайды.

-Не болады екен?

-Аяз күні қар сықырлайды.

-Балалар, сендер қыс туралы тақпақ білесіңдерме?

-Иә.

-Кәне барлығымыз бірге «Қыс» деген тақпақты айтып жіберейік.

Жасыл емес жайнаған

Ақ мамық қар айналаң

Сырғанақта ойнайсың

Қызыққа енді тоймайсың

Алақай-ау, алақай

Қыс келіп тұр, балақай!

- Өте жақсы. Тағыда қыс туралы тақпақ білесіңдерме?
-Иә.

-Онда жеке, жеке айтайық.
Лаура: Қыс келді, қыс келді

Ақтарып ақ қарды

Аралап қайтайық

Ақ күміс бақтарды.
Нурислам: Ақ қолғаппен құшақтап,

Сақылдайды қыс аппақ

Өзен теңіз, тау төбе

Киген аппақ сәукеле.
Ерболат: Біз батыл боламыз,

Жылы үй, қорамыз

Ақ ұлпа қарыңнан

Аққала соғамыз.

-Жарайсыңдар балалар. Ал, балалар қыста қандай ойындар ойнаймыз.

-Сырғанақ тебеміз, аққала соғамыз.

-Балалар, қыста сендер тоңасыңдарма?

-Тоңбаймыз.

- Дұрыс айтасыңдар, тоңбаймыз. Себебі біз жылы киім киеміз.

- Қыста қандай киімдер киеміз?

- Тон, құлақшын, қолғап, жылы етік.

- Енді балалар, Мен сендерге жұмбақ айтамын, сендер соның шешімін айтыңдар. Қыста ғана болады

Ұстасаң қолың тоңады (Қар).


Бар киімі аппақ

Үш ай ұйықтап жатпақ (Қыс).

- Дұрыс айтасыңдар. Балалар аязда тоңбау үшін не істеуміз керек?

- Жүгірімез, секіреміз, ойнаймыз, сырғанақ тебеміз.

- Балалар, сендер жақсы мен жаманды білесіңдерме?

- Білеміз.

- Олай болса қыста не жақсы?

- Қыста сырғанақ тебеміз

- Қыста аяз ата келеді

- Қыста қар ойнап, аққала соғамыз.

- Ал қыста не жаман?

- Қыста аяз болады. Суық болады.

- Қыста боран болады.

- Сендер шаршаған боларсыңдар?

Сергіту жаттығуын жасайық.

Орнымыздан тұрайық

Қолымызды созайық

Бойымызға күш жинап

Бір тынығып алайық. (2-рет).
- Отырыңдар. Енді балалар, бүгінгі сабағымызға келейік. Біз бүгін сабағымызда «Аққала» аппликация жасаймыз .
-Қазір, мен сендерге ең алдымен ақын Ғ.Ормановтың «Аққала» өлеңінен үзінді оқып беремін.Сендер мұқият тыңдап отырыңдар.

Ауыл алды ақша қар,

Ақша қарда балалар

Соғып жатыр Аққала.

Біреуі әйнек ойыпты,

Біреуі есік қойыты

Өздеріне шаққаны.
Осы кезде есік соғылып «Таңғажайып сәт» қардан жасалған аққаланы алып «Дымбілмес» келеді.

- Ой, балалар, бізге кім келіп тұр, сұрайықшы кім екенін білейік.

- Сәламатсың ба, сен кімсің?

- Мен Дымбілмеспін.

- Қолыңдағы не?

- Білмеймін, мен сендерден сұрайын деп келе жатырмын.

- Балалар, мына Дымбілместің қолындағы не?

- Аққала.

- Дұрыс айтасыңдар, бұл Аққала.

- Мұнау басы, кеудесі, аяғы.

- Аққала неше бөліктен тұрады?

- Үш.

- Дұрыс үш бөліктен тұрады.

-Мынау Аққаланың несі?

- Басы, кеудесі, аяғы.

- Аққаланың көзі, мұрны, аузы бар екен.

- Неше көзі, неше мұрны, неше аузы бар?

- Екі көзі, бір аузы, бір мұрны бар.

- Неден жасалған?

- Қардан.

- Дұрыс қардан. Енді қағаздан жасаймыз. Ең бірінші өзім жасап көрсетем. Әуелі шағын доңғалақ доп жасаймыз. Аяғы үлкен, кеудесі орташа, басы кішкентай. Міне, Аққала өте әдемі болып шықты. Енді барлығымыз жұмысымызға кірісейік. Қазір барлығыңның жұмыстарыңды қарап шығамын.

-Өте жақсы, барлығыңда жақсы жасадыңыздар.

-Балалар, барлығыңда сабаққа жақсы қатыстыңдар.

Сабақты қорытындылау.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет